он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
381-бап. Қызметке селқос қарау
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулi түрде зиян келтiрсе -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
1. Құрып бара жатқан әскери кеменi өзiнiң әскери мiндеттерiн ақырына дейiн орындамаған кеме командирiнiң, сол сияқты командирдiң оған тиiстi өкімінсiз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
383-бап. Жауға соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету
Бастықтың өзiне сенiп тапсырылған әскери күштердi жауға беруi, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекiнiстердi, әскери техниканы және соғыс жүргiзудiң басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
384-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
Қорқақтық немесе жiгерсiздiк салдарынан өз еркiмен тұтқынға берiлу -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
385-бап. Тонаушылық
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) -
үш жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 386-баптың атауы өзгертілді
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери
сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
1. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметi бойынша сенiп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдары болып табылса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе қызметi бойынша белгiлi болған адамның жария етуi -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
387-бап. Әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру
1. Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана құрту немесе бүлдiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру
Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты,
сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу
1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 391-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу
1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев