С, теңге - тіркелген купон сомасы,
бұл ретте C=N*K/2,
мұнда:
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
137. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі - қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін TONIA композиттік индексі.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі Т, % қағаз айналысы мерзімі ішінде күн сайын өзгеріп отырады және мынадай формуламен есептеледі:
Т=(TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d
мұнда:
TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне - есеп айырысатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;
TCI (TONIA Compounded Index) басына - алдыңғы купон төленетін күнге немесе қазынашылық міндеттемелердің айналысы басталатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күн бойынша TONIA композиттік индексінің мәні.
138. Егер өткен купондық кезең үшін TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігі теріс мәнге тең болса, онда ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
139. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.13.12. № 832 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға
№ ________ ӨТІНІМ
Осы арқылы өтінім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін («ISIN»___________) (бұдан әрі - облигациялар) сатып алу ниеті туралы хабарлайды.
1. Өтінімді толтыру күні ____________
2. Өтінімді толтыру уақыты ____________
3. Өтінім берушінің аты-жөні _______________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)
4. Өтінім берушінің туған жылы ___________
5. Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________ _______________________
(құжаттың атауы) (нөмірі)
_________________________ _______________________
(құжат берілген күн) (құжатты кім берген)
6. Өтінім берушінің ЖСН |____________________|
7. Тұрақты тұратын мекен-жайы ___________________________________
8. Сатып алынатын облигациялар саны (дана) ___________________
9. Өтінім сомасы (теңге) ___________________
10. Сатушы: агент арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
11. Өтінім берушінің қолы _________________
____________________________________________________________________
Өтінімді қабылдаған
қызметкердің қолы _____________________ / ______________________
(қолы) (Аты-жөні)
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
2-қосымша
Агентке төленетін комиссиялық сыйақы
| Орналастыру көлемі, теңгемен | Комиссиялық сыйақы |
| бастап | дейін | % |
| 50 000 000 | 700 000 000 | 6,50 |
| 700 000 000 | 1 000 000 000 | 1,90 |
| 1 000 000 000 | 5 000 000 000 | 1,80 |
| 5 000 000 000 | 10 000 000 000 | 1,70 |
| 10 000 000 000 бастап және одан жоғары | 1,60 |