65. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*I/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген
қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100;
мұнда,
I1, І2, І3,..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, І мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 66-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
67. Егер еткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 68-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-тарау. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер
69. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
70. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
71. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме» (МЕУЖКАМ) деп аталады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 72-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтер мен міндеттемелерін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға берген күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында орналастырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінің екіден бір бөлігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелердің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на беру күніне дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу еркін негізде жүзеге асырылады.
73. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бес-жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
74. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
75. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
76. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
77. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір он екі толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
78. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
79. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұнда,
І1 І2, І3,...,Іn - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, І мәні үтірден кейін үш санға дейін (қоса алғанда) дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
80. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
81. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
82. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 10-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-тарау. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
83. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
84. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 10 АҚШ долларына баламалы теңгедегі сома.
85. «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» деген атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МАОКАМ) деп аталады.
86. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер екі және үш жыл айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
87. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру агент арқылы жазылуды жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары арасында ғана жүзеге асырылады.
Агентті тарту туралы шешімді эмитент қабылдайды. Агенттерді іріктеу әлеуетті агенттердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін, әлеуетті агенттер ұсынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі шарттардың қолайлылығын бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша эмитент агентпен агенттік келісім жасасады.
88. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегі депоненттердің дербес шоттары бойынша және депоненттердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 89-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының қосалқы шотынан не атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының дербес есеп шотынан үзінді көшірме беру жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент орталық депозитарийге арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
91. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің шығарылымына жазылу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей эмитент бұқаралық ақпарат құралдары және агент арқылы арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы жариялайды. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы хабарландыру мыналарды: арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу және сатып алу, оларды айналысқа қосу тәртібін, шығарылған күнін және нөмірін, айналым мерзімін, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу және өтеу күнін, сыйақы сомасын есептеу әдісін, өтінімдерді қабылдау орнын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 92-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу 10 (он) жұмыс күні ішінде жалғастырылады. Эмитент жазылу мерзімін 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Жазылу мерзімін ұзартқан жағдайда, эмитент жазылу мерзімін ұзарту басталған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы агентті және орталық депозитарийді хабардар етеді және қажет болған кезде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
93. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылуды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінімді агентке береді және өтінімде көрсетілген арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің санына сәйкес келетін сомада сатып алынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер үшін ақы төлеуді жүргізеді. Өтінімдер бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтінімдер берілетін күнге белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша қолма-қол да және сол сияқты қолма-қол емес нысанда да теңгемен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Жеке тұлғаның агенттің атаулы ұстауының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда, өтінімді берумен бір мезгілде жеке тұлға шотты ашуға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін қоса бере отырып, брокерлік қызмет көрсету және атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттың негізінде агенттің ішкі құжаттарына сәйкес дербес шот ашады. Агент орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде тиісті қосалқы шот ашуы тиіс.
95. Жазылу жүргізу кезеңінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға жеке тұлғалар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.
96. Жазылу жүргізу кезеңінде агент операциялық шығыстар үшін жеке тұлғалардан төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақының сомасына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 97-тармақ жаңа редакцияда
97. Жазылу жүргізілетін кезеңде агент өтінімдерді жұмыс күні қабылдайды. Агент келесі күні сағат 11.00-ге дейін қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырып, эмитентке және бастапқы орналастыруға арналған бұйрықтарды орталық депозитарийге жібереді.
Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есепке жазады және сол күнгі сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Агент орталық депозитарийдің есебін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастырудан түсетін қаражатты эмитентке аударады.
99. Жазылу аяқталған күнінен бастап екінші күні эмитент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру нәтижелерін агентке жібереді.
100. Агенттің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеу тәртібі агенттік келісіммен анықталады. Комиссиялық сыйақы мөлшері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
101. Жазылу аяқталған күнінен кейінгі келесі күн арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу осы міндеттемелерді өтегенге дейін екі жұмыс күні бұрын аяқталады.
102. Қазақстан Республикасының резидент жеке және заңды тұлғалары қайталама нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
103. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы болып табылатын жеке тұлға бағалы қағаздардың қайталама нарығында арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар операциялар жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда мәміле жеке тұлға мен агент арасындағы брокерлік қызмет көрсету мен атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалған шарттың негізінде жасалады.
104. Агент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардан брокерлік қызмет көрсеткені үшін төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақы сомасына енгізіледі.
105. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі - жарты жылдық. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен төлем күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады және сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні өткен соң қайта басталады.
106. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
107. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S = № * С * 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
№, теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
108. Сыйақы төлеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий сыйақы алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және сыйақы төлеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 109-тармақ жаңа редакцияда
109. Сыйақы төлейтін күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны сыйақы төлеу күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 110-тармақ жаңа редакцияда
110. Сыйақы төлейтін күні сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий эмитенттен түскен ақшаны осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге аударады.
111. Депонент сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
112. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен атаулы құн бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнінен бастап, екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
113. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар мәмілелерді тіркеу арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Өтеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий өтеу кезінде ақша алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және өтеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 115-тармақ жаңа редакцияда
115. Өтеу күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 116-тармақ жаңа редакцияда
116. Өтеу күні 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес ақшаны депоненттерге аударады және сонымен бір уақытта ұстаушылардың қосалқы шоттарынан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.
117. Депонент өтеу күнінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеуге ақша аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2022.08.07. № 469 Қаулысымен 11-тараумен толықтырылды
11-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер
118. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
119. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны - 1000 теңге.
120. «TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер» (МЕТИКАМ) атауы орыс тілінде «Казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA» деп аталады.
121. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.
122. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
123. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
124. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі қазынашылық міндеттемелер айналысының тиісті жылы екі рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.
Купон төленетін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын айқындалады, бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
125. Индекстелген купонның сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S=N*T/2+C,
мұнда
S, теңге − кезекті төлеуге жататын, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге − кезекті төлеуге жататын TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті санының номиналдық құнының сомасы;
T, % − төлеуге жататын өткен купондық кезең үшін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M), T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді;
С, теңге - тіркелген купон сомасы,
бұл ретте, C=N*K*180/360,
мұнда
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
126. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
Алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, TONIA мөлшерлемесінің мәндері негізінде алты ай мерзімге әрбір күнтізбелік күні есептелетін TONIA құраушы мөлшерлемесі.
Алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі (Т, % − алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) қағаз айналысы мерзімі ішінде күн сайын өзгеріп отырады, бұл мөлшерлеме қаржы агенті есептеген соңғы TCR_6M мәніне тең болады.
127. Егер өткен купондық кезең үшін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) теріс мәнге тең болса, онда алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесінің (TCR_6M) мәні нөлге тең деп қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 128-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
128. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.13.12. № 832 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға
№ ________ ӨТІНІМ
Осы арқылы өтінім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін («ISIN»___________) (бұдан әрі - облигациялар) сатып алу ниеті туралы хабарлайды.
1. Өтінімді толтыру күні ____________
2. Өтінімді толтыру уақыты ____________
3. Өтінім берушінің аты-жөні _______________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)
4. Өтінім берушінің туған жылы ___________
5. Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________ _______________________
(құжаттың атауы) (нөмірі)
_________________________ _______________________
(құжат берілген күн) (құжатты кім берген)
6. Өтінім берушінің ЖСН |____________________|
7. Тұрақты тұратын мекен-жайы ___________________________________
8. Сатып алынатын облигациялар саны (дана) ___________________
9. Өтінім сомасы (теңге) ___________________
10. Сатушы: агент арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
11. Өтінім берушінің қолы _________________
____________________________________________________________________
Өтінімді қабылдаған
қызметкердің қолы _____________________ / ______________________
(қолы) (Аты-жөні)
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет
көрсетудің және өтеудің ережесіне
2-қосымша
Агентке төленетін комиссиялық сыйақы
Орналастыру көлемі, теңгемен | Комиссиялық сыйақы |
бастап | дейін | % |
50 000 000 | 700 000 000 | 6,50 |
700 000 000 | 1 000 000 000 | 1,90 |
1 000 000 000 | 5 000 000 000 | 1,80 |
5 000 000 000 | 10 000 000 000 | 1,70 |
10 000 000 000 бастап және одан жоғары | 1,60 |