Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 Қаулысы
(2024.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі бекітілсін.
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтінен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 451-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 тамыздағы № 813 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 434-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі
№ 466 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің
ережесі
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (бұдан әрі - қазынашылық міндеттемелер) шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің тәртібін анықтайды.
2. Қазынашылық міндеттемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 832 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) эмитент - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
2) қаржы агенті - эмитентпен жасалған қазынашылық міндеттемелерді орналастыру туралы агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) орталық депозитарий - «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
4) қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесі - оның негізінде қаржы агенті қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын қаржы агентінің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі - оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
6) бастапқы дилер - белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге, атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен айналысуға арналған лицензиясы бар, эмитентпен жасалған агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;
4. Эмитенттің бас қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады, ол эмитентпен жасалған бас агенттік келісімнің негізінде ішкі қаржы нарығында қарыз алу мәселелері бойынша эмитенттің қаржылық кеңесшісінің функцияларын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары
5. Қазынашылық міндеттемелер құжатталмаған нысанда шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 832 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Әрбір шығарылымның орталық депозитарий Заңға сәйкес беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазынашылық міндеттемелер жазылу, аукцион (қайталама аукцион) өткізу арқылы және қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидаларында белгіленген басқа да сауда тәсілдерімен орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттар және орталық депозитарийдің депоненттерін номиналды ұстауды есепке алу жүйелеріндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша және (немесе) орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын және Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген, номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың есепке алу жүйелеріндегі шоттар бойынша жүзеге асырылады. Орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оған, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, бастапқы нарықта орналастыру кезінде қайталама нарықта қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу және өтеу кезінде қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету (сыйақы есептеу және төлеу) кіреді.
Агент төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оларға бастапқы нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру кезінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу кіреді.
9. Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымының көлемі мен шарттарын Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген үкіметтік борыш пен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар лимитінің шегінде эмитент белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қазынашылық міндеттемелерді орналастыру, қызмет корсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесімен және тиісінше қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу ережесімен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалары бастапқы дилерлер арқылы қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.08.07. № 469 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:
1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;
7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Орталық депозитарий орналастырылған қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған күн, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелерді өтеген күннің алдындағы соңғы күн өткенде аяқталады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Осы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн болып оларды айналысқа қосу басталған күн, ал соңғы күн болып - оларды өтеген күннің алдындағы соңғы күн есептеледі.
Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу қазынашылық міндеттемелердің жекелеген түрлерін шығарудың шарттарымен белгіленген күндерде жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, соңғы сыйақыны төлеу қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс күніне келмесе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Қазынашылық міндеттемелерді өтеу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, оларды айналысқа қосу мерзімі аяқталғаннан кейінгі бірінші күні атаулы күн бойынша жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, эмитент қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның бүкіл немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.
Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент эмитенттің қазынашылық міндеттемелерінің айналысы кезеңі ішінде жүзеге асырады.
Сатып алынған қазынашылық міндеттемелерді сақтау орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады, онда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында кері сатып алуды жүргізу үшін қажетті тәртіп қамтылады.
Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе бүкіл көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына жеткізіледі. Орталық депозитарий және қаржы агенті осы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға хабарлайды.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алу қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымын кері сатып алудың көлемі мен шарттарын эмитент қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылармен келісу арқылы айқындайды.
Қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Эмитенттің қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу туралы шешімі эмитенттің және қаржы агентінің ресми сайтында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.13.12. № 832 Қаулысымен 16-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 16-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым(-дар-)ын эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелердің барлық ұстаушыларының келісімі бойынша нарықтық немесе өзге құны бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыруды жүзеге асыра алады. Қазынашылық міндеттемелерді алмастыру оған тілек білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.
Айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын қазынашылық міндеттердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.
17. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
18. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер дисконтталған эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
19. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 100 теңге.
20. «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕККАМ) деп аталады.
21. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер үш, алты, тоғыз және он екі ай айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
22. Сыйақыны есептеу үшін қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінде күндердің іс жүзіндегі саны пайдаланылады.
23. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру дисконтталған баға (атаулы құннан төмен баға) бойынша өтеу - атаулы күн бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.15.05. № 380 Қаулысымен (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-тармақ жаңа редакцияда
24. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
25. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
26. Орта мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
27. «Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕОКАМ) деп аталады.
28. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
29. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы күн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімінің ішінде орналастырған кезде белгіленген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
30. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
31. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
32. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С* 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
34. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
35. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
36. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕУКАМ) деп аталады.
37. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады.
38. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде орналастыру кезінде анықталған купон деп аталатын сыйақы төленеді.
39. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
40. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына бір рет эмитент белгіленген күндерде жүзеге асырылады.
41. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
43. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
44. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
45. «Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» (МОИКАМ) деп аталады.
46. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және алты ай еселігі болуы тиіс.
47. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
48. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
49. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
50. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына екі рет эмитент белгілеген күндерде орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
51. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
52. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купон кезеңі үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұнда,
І1, I2, І3,...,Іn - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, І мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте,
С=N*К* 180/360,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
54. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
ҚР Үкіметінің 2024.15.05. № 380 Қаулысымен 55-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді индекстелген міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2022.30.03. № 177 Қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
56. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
57. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
58. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» (МУИКАМ) деп аталады.
59. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
60. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
61. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
62. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
63. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
64. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.