Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 4-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 наурыздағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); ведомстволардың басшыларына, олардың орынбасарларына; департаменттердің басшыларына, олардың орынбасарларына; басқармалардың бастықтарына, олардың орынбасарларына (заңнамаға сәйкес осындай лауазым болғанда) - республика ішінде қалааралық байланысты;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға), ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерімен халықаралық байланысты;
Үкімет мүшелеріне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты пайдалану құқығы берілсін.».
2. «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережеде:
12-тармақта «мен оның орынбасарларына,» деген сөздерден кейін «орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғасына)» деген сөздермен толықтырылсын.
3. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацында «қызметкердің» деген сөзден кейін «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«көрсете отырып,» деген сөздерден кейін «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
«басшы» деген сөз «орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «мерзімін», «мерзімі» деген сөздерден кейін тиісінше «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -», «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың үшінші абзацында «Мемлекеттік мекеменің басшысы» деген сөздер «Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың екінші абзацында «жұмыс істейтін» деген сөздерден кейін «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
2-тармақта «және мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың тоғызыншы абзацында «мемлекеттік органның бірінші басшысына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға)» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың үшінші абзацында «мемлекеттік орган басшысының» деген сөздерден кейін «немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның)» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта «заңнамасына сәйкес» деген сөздерден кейін «орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1081 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдерінде:
6-тармақтың 2) тармақшасында «мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздер «орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
12-тармақта «жобаларына,» деген сөзден кейін «орталық атқарушы орган басшысының келісімінен кейін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақта:
төртінші абзацта «бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы» деген сөздер «орталық атқарушы орган басшысының келісімінен кейін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «немесе ол өкілеттік берген тұлға» деген сөздерден кейін «, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға)» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтың бесінші абзацында «өтініміне» деген сөзден кейін «орталық атқарушы орган басшысының келісімінен кейін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
101-тармақтың жиырма екінші абзацында, 103, 128-тармақтарында, 136-тармақтың елу үшінші және елу төртінші абзацтарында, 146 және 168-тармақтардың екінші абзацтарында «мемлекеттік мекеме басшысының» деген сөздер «орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
121-тармақтың бірінші абзацында, 135-тармақтың бірінші абзацында, 151-тармақта «ақша алушыға», «құрылымдық бөлімшелері басшыларының,», «және» деген сөздерден кейін «орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -» деген сөздермен толықтырылсын;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 20, 21, 22, 23, 25-1, 25-2, 30, 33, 34, 37, 42, 48, 51, 52, 53, 54-қосымшаларында:
«Мемлекеттік мекеменің басшысы», «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы» деген сөздер «Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы», «Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 31, 36, 50-қосымшаларда:
«басшысының», «Басшының» деген сөздер «орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 49-қосымшада:
«Басшы» деген сөз «Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы» деген сөздермен ауыстырылсын.