Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 Қаулысы
(2008.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекет қаржысын үнемдеу режимін күшейту және қызмет телефондарын пайдалануды ретке келтіру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған қолда бар өндірістік үй-жайлар қорын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); ведомстволардың басшыларына, олардың орынбасарларына; департаменттердің басшыларына, олардың орынбасарларына; басқармалардың бастықтарына, олардың орынбасарларына (заңнамаға сәйкес осындай лауазым болғанда) - республика ішінде қалааралық байланысты;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға), ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерімен халықаралық байланысты;
Үкімет мүшелеріне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты пайдалану құқығы берілсін.
2. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың әкімдеріне республика ішінде қалааралық байланысты пайдалану құқығымен (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз) пәтерлерінде қызмет телефонын орнату құқығы берілсін.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкімдері қызмет телефондары жөнінде тиісті шешімдер қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қызмет телефондарына түгендеу жүргізіп, оларды осы қаулыда белгіленген нормаларға сәйкестендірсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне атқарылған жұмыс туралы 1997 жылдың 1 қаңтарына дейін ақпарат берсін.
5. Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормалары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Аталған нормативтер мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті бір ай мерзімде қызметтік үй-жайларға түгендеу жүргізсін және жекелеген министрліктер мемлекеттік комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды олардың штат кестесіне қарай қайта орналастыру жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізсін.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі министрліктер мемлекеттік комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстарды осы қаулыда белгіленген қызмет телефондарына арналған нормалар мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормативтеріне сәйкес қарастырсын.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитеті мемлекеттік органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1996 жылғы 3 қазандағы
№ 1217 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың
Уақытша нормалары
___________________________________________________________________
Үй-жайдың атауы | Адам саны
|_______________________________
| 100 адам | 150 адам
___________________________________________________________________1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
Басқармалар үйi
1. Қызметкерлердің бөлмелері, 7,5 ш.м./адам 6,8 ш.м./адам
кабинеттері 750 ш.м. 1020 ш.м.
2. Конференц зал (акт залы және 0,7 ш.м./адам 0,7 ш.м./адам
т.б.) 70 ш.м. 105 ш.м.
Алқалардың мәжіліс залы 30 ш.м. 45 ш.м.
Төралқа бөлмесі 12 ш.м. 12 ш.м.
Кониаппарат бөлмесі 36 ш.м. 36 ш.м.
Мүкәммал мен жиhаз үй-жайы 8 ш.м. 8 ш.м.
2-тармақ бойынша жиынтығы: 192 ш.м. 206 ш.м.
3. Бірінші басшының кабинеті 54 ш.м. 54 ш.м.
Орынбасардың кабинеті 36 ш.м. 36 ш.м.
4. Келушілерді қабылдау және
олармен келіссөз жүргізу
бөлмесі 12 ш.м. 12 ш.м.
5. Архив және техникалық
әдебиеттер кітапханасы 54 ш.м. 54 ш.м.
6. Архивке келушілерге арналған
жұмыс орны (3 адам х 3 ш.м.) 9 ш.м. 9 ш.м.
7. Буфет 36 ш.м. 36 ш.м.
8. Вестибюль 0,17 ш.м./адам 17 ш.м. 22,5 ш.м.
Гардероб / 0,08 ш.м. х
қызметкерлердің 80%-і 8 ш.м. 12 ш.м.
9. Қызмет көрсетуші құрамның 8 ш.м. 8 ш.м.
үй-жайлары
10.Құжаттарды жою және макулатура
жинауға арналған үй-жайлар 6 ш.м. 6 ш.м.
11.Үй жинайтын мүкәммал
қоймасы (3 ш.м. х 2 дана) 6 ш.м. 6 ш.м.
12.Өрттен қорғау посты және
сигнализация 20 ш.м. 20 ш.м.
13.Көшіру-көбейту қызметі 18 ш.м.+ 12 ш.м. 18 ш.м.+ 20 ш.м.
14.Жөндеу шеберханалары 36 ш.м. 36 ш.м.
15.Құрал-жабдық пен мүкәммал
қоймасы 12 ш.м. 12 ш.м.
16.Кеңсе керек-жарақтарының
қоймасы 12 ш.м. 12 ш.м.
17.Құпия құжаттармен жұмыс
істеуге арналған үй-жай
(жекешелеген министрліктер
үшін)
- архив немесе сақтауға
арналған үй-жай 18 ш.м. 18 ш.м.
- жұмыс үй-жайы 18 ш.м. 18 ш.м.
18.Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, Жиынтығының Жиынтығының
желдеткіш, дәретханалар және 25 %-і 20 %-i
т.б.)
Ескерту: Мемлекеттік басқару органдарын ғимараттарға орналастыру кезінде жоғарыда көрсетілген нормативтерден ауытқу болған жағдайда орналастырудың немесе объектілердің жоспарлануын өзгертудің және қайта жаңартудың орындылығын Меммүліккомы мен Құрылысминінің жұмыс комиссиясы техникалық-экономикалық есептеулер негізінде айқындайды.