"Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi
кәсіптiк зейнетақы жарнала рының есебiнен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесін және
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру
әдiстемесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4
шілдедегі № 661 қаулысы
(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi;
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi
зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы
жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан төленетiн зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру
ережесі
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн
жүзеге асырудың тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара);(01.01.05. қолданысқа енді)
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның 23-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аудару жолымен жүзеге асырады.
Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады.
5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) облыс, Астана, Алматы қалаларының Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды) тұрақты тұратын жерiне кетуi туралы "ТТВ" (тұрғын тұрақты визасы) сериясындағы Қазақстан Республикасының визасы бар азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының немесе куәлiгiнiң көшiрмесiн және көз жеткiзу үшiн түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) почта байланысы құралдары немесе сенімді адам арқылы жіберген кезде:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған көшірмесін;
алушы өзі өтініш берген кезде:
паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің түпнұсқасын көру үшін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көші-қон карточкаларын беру жүргізілмейтін адамдарды қоспағанда, көші-қон карточкасының көшірмесі және көші-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті;
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi)
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары):
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi)
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi)
3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе) және заңдастырылған көшiрмелерiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1397 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар:
1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұра мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi); ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1397 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген кезде).
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1397 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1. Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін оның түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылған болса) ұсынады.
Сенім білдірілген адамның салымшының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтінішін беруі сенім білдірілген адам жеке өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.
12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiн деректемелерi төлемдердi тағайындауға арналған өтiнiште көрсетiлетiн алушының банктiк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөнiндегі банктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша
зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi
жүзеге асырудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді); ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1397 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін түпнұсқаны;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесі көрсетілген зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және шолу үшін түпнұсқасын ұсынады.
Зейнетақы жинақтарын алушы 58 жасқа толған әйелдер мен 63 жасқа толған еркектер болып табылған жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін почта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.
Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен шолу үшін соңғысының түпнұсқасын ұсынады.
15. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi)
16. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімiмен белгiленедi.
17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келісімдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен 18-тармақпен толықтырылды (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi)
18. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосымша келісім мен зейнетақы төлемдерінің кестесiне өзгерістер енгiзе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінiң жылдық мөлшерiне қайта есептеу жүргізеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан
мiндетті зейнетақы жарналарының,
epікті кәсiптік зейнетақы
жарналарының есебiнен қалыптасқан
зейнетақы жинақтарынан төленетін
зейнетақы төлемдерін жүзеге
асыру ережесіне
қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 (01.01.05. қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1397 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен қосымша өзгертілді
Назар аударыңыз! Өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады
Кiмге:________________________
(Қордың атауы)
Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы
Өтініш
Мен,______________________________________________________________
тегi______________________________________________________________
аты_______________________________________________________________
әкесiнiң аты______________________________________________________
Жылы Айы Күнi
Туған күнi _____________________
Құжаттың түрi:_______ Жеке басының куәлiгi_______ Төлқұжаты_______
Жылы Айы Күнi
Сериясы_____________ Нөмірі_______________ ______________________
_________________________________________________________ берілдi
(кім берді)
Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК)________________________________________
N________________________________________
CTH_______________________________________________________________
Жеке зейнетақы шоты_______________________________________________
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа
толуына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер
аймағында тұруына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне;
__Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне
егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi
белгiлене отырып;
__алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне);
__алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты
200___ жылғы "___"________ N________ зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк (керегiнiң астын сызу керек)
зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан
__бiржолғы;
__ай сайын;
__тоқсан сайын;
__жыл сайын
ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы
төлемдерiн жүргізудi сұраймын:
__________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының
__________________________________________________________________
нөмiрi, БСК-i, CTH-i)
Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс_________________________
____________________________________________________________облысы
_______________________________________________қ-сы (кенті, ауылы)
_________________________к-ci үй N___ пәтер N_____________________
байланыс телефоны_________________________________________________
Алушы:_____________________
(қолы)
Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"_________
Өтiнiштi қабылдап алды:______ж. "___"__________
__________________________________________________________________
(Қордың жауапты қызметкерінің тегі, аты, болса - әкесінің аты, лауазымы, қолы)
Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" _______ N________
-------------------------------------------------------кесу сызығы
Алушыға __________________________________________________________
(ТАӘ)
Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" ________ N_________ тіркелді
Өтініш қабылдап алды: ________ ж. "___" __________
__________________________________________________________________
(Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысымен
бекітілген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру
әдістемесі
Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06. № 580 (01.01.05. қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2005.21.10. № 1059 (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi); 2007.29.12. № 1397 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан:
1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен;
2) екі жүз елу мың теңгеден;
3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.
3. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 қаулысымен алып тасталды (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1397 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы екі жүз елу мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.
Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақының айлық мөлшерінен кем соманы құраған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.
ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1059 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi) (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1397 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша жаңа редакцияда
Кесте бойынша зейнетақы
төлемдерінің мөлшерін есептеуді
жүзеге асыру әдістемесіне
қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық
мөлшерін есептеуге арналған кесте
Жасы | Алып қою коэффициенті |
18 | 0,07917 |
19 | 0,07922 |
20 | 0,07926 |
21 | 0,07931 |
22 | 0,07937 |
23 | 0,07942 |
24 | 0,07949 |
25 | 0,07956 |
26 | 0,07963 |
27 | 0,7972 |
28 | 0,07981 |
29 | 0,07990 |
30 | 0,08001 |
31 | 0,08013 |
32 | 0,08025 |
33 | 0,08039 |
34 | 0,08054 |
35 | 0,08070 |
36 | 0,08088 |
37 | 0,08107 |
38 | 0,08128 |
39 | 0,08151 |
40 | 0,08176 |
41 | 0,08204 |
42 | 0,08234 |
43 | 0,08267 |
44 | 0,08303 |
45 | 0,08342 |
46 | 0,08385 |
47 | 0,08432 |
48 | 0,08484 |
49 | 0,08541 |
50 | 0,08604 |
51 | 0,08674 |
52 | 0,08750 |
53 | 0,08835 |
54 | 0,08928 |
55 | 0,09032 |
56 | 0,09148 |
57 | 0,09277 |
58 | 0,09421 |
59 | 0,09582 |
60 | 0,09764 |
61 | 0,09969 |
62 | 0,10202 |
63 | 0,10467 |
64 | 0,10771 |
65 | 0,11121 |
66 | 0,11528 |
67 | 0,12005 |
68 | 0,12570 |
69 | 0,13246 |
70 | 0,14067 |
71 | 0,15081 |
72 | 0,16362 |
73 | 0,18024 |
74 | 0,20257 |
75 | 0,23404 |
76 | 0,28152 |
77 | 0,36099 |
78 | 0,52048 |
79 | 1,00000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күші жойылған кейбір шешімдерiнiң
тізбесі
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 396-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 306-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1936 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 622-құжат).