"Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi
кәсіптiк зейнетақы жарнала рының есебiнен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесін және
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру
әдiстемесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4
шілдедегі № 661 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.11.06 № 580 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 21 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi;
2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi
зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы
жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан төленетiн зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру
ережесі
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн
жүзеге асырудың тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара);(01.01.05. қолданысқа енді)
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның 23-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, 23-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аудару жолымен жүзеге асырады.
Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады.
5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) облыс, Астана, Алматы қалаларының Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды) тұрақты тұратын жерiне кетуi туралы "ТТВ" (тұрғын тұрақты визасы) сериясындағы Қазақстан Республикасының визасы бар азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының немесе куәлiгiнiң көшiрмесiн және көз жеткiзу үшiн түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) азаматтығы жоқ адамның нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңдастырылған төлқұжатының не куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары):
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған және заңдастырылған көшiрмелерiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар:
1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін:
осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады.
11. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi почта байланысы құралдары немесе сенім жүктелген адам арқылы берген жағдайда, алушының жеке басын куәландыратын, осы Ереженiң 5-10-тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылады.
Егер алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiшiн сенім жүктелген адам арқылы берсе, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiн деректемелерi төлемдердi тағайындауға арналған өтiнiште көрсетiлетiн алушының банктiк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөнiндегі банктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша
зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi
жүзеге асырудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
14. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады.
I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады
Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерiн почта байланысы құралдары немесе сенім жүктелген адам арқылы жүзеге асыруға өтiнiш бергенде, алушының жеке басын куәландыратын құжат нотариалды куәландырылады.
Алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi сенім жүктелген адам арқылы берген жағдайда, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
15. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ең төменгi зейнетақы мөлшерiн белгiлейтiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiнгi бiр ай iшiнде Орталықтан жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынатын алушылардың зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерi туралы деректердiң негiзiнде кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын қайта есептейдi.
16. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімiмен белгiленедi.
17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келісімдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан
мiндетті зейнетақы жарналарының,
epікті кәсiптік зейнетақы
жарналарының есебiнен қалыптасқан
зейнетақы жинақтарынан төленетін
зейнетақы төлемдерін жүзеге
асыру ережесіне
қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 №580 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
Назар аударыңыз! Өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады
Кiмге:________________________
(Қордың атауы)
Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы
Өтініш
Мен,______________________________________________________________
тегi______________________________________________________________
аты_______________________________________________________________
әкесiнiң аты______________________________________________________
Жылы Айы Күнi
Туған күнi _____________________
Құжаттың түрi:_______ Жеке басының куәлiгi_______ Төлқұжаты_______
Жылы Айы Күнi
Сериясы_____________ Нөмірі_______________ ______________________
_________________________________________________________ берілдi
(кім берді)
Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК)________________________________________
N________________________________________
CTH_______________________________________________________________
Жеке зейнетақы шоты_______________________________________________
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа
толуына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер
аймағында тұруына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне;
__Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне
егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi
белгiлене отырып;
__алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне);
__алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты
200___ жылғы "___"________ N________ зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк (керегiнiң астын сызу керек)
зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан
__бiржолғы;
__ай сайын;
__тоқсан сайын;
__жыл сайын
ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы
төлемдерiн жүргізудi сұраймын:
__________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының
__________________________________________________________________
нөмiрi, БСК-i, CTH-i)
Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс_________________________
____________________________________________________________облысы
_______________________________________________қ-сы (кенті, ауылы)
_________________________к-ci үй N___ пәтер N_____________________
байланыс телефоны_________________________________________________
Алушы:_____________________
(қолы)
Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"_________
Өтiнiштi қабылдап алды:______ж. "___"__________
__________________________________________________________________
(Қордың жауапты қызметкерінің ТАӘ, лауазымы, қолы)
Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" _______ N________
-------------------------------------------------------кесу сызығы
Алушыға __________________________________________________________
(ТАӘ)
Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" ________ N_________ тіркелді
Өтініш қабылдап алды: ________ ж. "___" __________
__________________________________________________________________
(Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысымен
Бекiтiлген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру
әдістемесі
Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.11.06 № 580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); (01.01.05. қолданысқа енді)
2. Орталықтан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiне тең немесе одан көп мөлшерде зейнетақы алатын адамдарға сондай-ақ, егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектерге мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан:
1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының он eкі еселенген мөлшерiнен;
2) жүз мың теңгеден;
3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақыдан аз мөлшерде Орталықтан зейнетақы алатын адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерi мен Орталықтан алушыға тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының айырмасына тең шамадан кем емес, бiрақ осы Әдiстеменiң 2-тармағының 3) тармақшасында белгiленген шамадан жоғары емес мөлшерде есептеледi.
4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы жүз мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.
Кесте бойынша зейнетақы
төлемдерінің мөлшерін
есептеуді жүзеге
асыру әдістемесіне
қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің
жылдық мөлшерін есептеуге арналған
кесте
Алушының жасы | Ағымдағы құнның коэффицинті |
45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 | 0,04910 0,04965 0,05023 0,05085 0,05152 0,05223 0,05298 0,05380 0,05467 0,05561 0,05662 0,05770 0,05888 0,06016 0,06155 0,06306 0,06472 0,06654 0,06854 0,07075 0,07321 0,07596 0,07904 0,08252 0,08648 0,09103 0,09679 0,10245 0,10976 0,11855 0,12932 0,14282 0,16020 0,18342 0,21599 0,26489 0,34649 0,50980 1,00000 |