2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 180-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
164-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2122098 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма екі миллион тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысы; «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың және қоғамның көлік және коммуникация қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді әрі технологиялық жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-коммуникация кешенін дамытудың мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзірлеу; заңнамалық кесімдерді, заңнаманың қолданысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша көлік-коммуникация кешені саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, техникалық шарттарды және өзге де нормативтерді әзірлеу және қабылдау; болжамдар әзірлеу және мемлекеттік мұқтаждардың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға деген қажеттіліктерін уақтылы сапалы қамтамасыз ету; Үкіметтің шешімі бойынша көлік-коммуникация кешенінің заңды тұлғаларының акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және үлестеріне иелік етумен және пайдаланумен байланысты қызметтерді жүзеге асыру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес-кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/ с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Көлік және коммуникация саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын салааралық үйлестіру; өз құзыретінің шегінде көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, сондай-ақ халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғау; қызмет рыногын қалыптастыру және көлік және коммуникация саласында бәсекелестік ортаны дамытуға қолдау көрсету; өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; еуропалық авиациялық талаптарды енгізу; әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау, автомобиль, темір жол және су көліктерінің қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және олардың қызметін мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде көлік қызметтерін көрсету саласындағы қызметті мемлекетті реттеуді жүзеге асыру. | жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Әуе көлігінен басқа көліктердің барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді және олардың қызметін мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде көлік қызметтерін көрсету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; автомобиль жолдары желісін дамыту мен магистральдық темір жол құрылысы саласында мемлекеттік саясат пен бақылауды іске асыру, сондай-ақ қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарды және олардағы құрылыстарды көлік құралдарының үзіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ететін жай-күйде ұстау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді төмендегі 11 тақырып бойынша сатып алу: 1) автомобиль жолдарын іздестірудің және жобалаудың қазіргі заманғы әдістері; 2) автомобиль жолдарын пайдала- нудың ерекшелік- тері туралы; 3) құрылыста баға белгілеу және сметалық іс. АВС-4РС сметалық құжаттаманы жасау; 4) жол өлшеу вагондарымен жолдың техникалық жай-күйін бағалау; 5) темір жол техникасын сынау және сертификаттаудың жалпы қағидаттары; 6) ІР телефониясы; 7) Microsoft Windows Server 2003 Network Services желілік инфрақұрылымын енгізу, басқару және қолдау; 8) Microsoft Win- dows Fundamentals of Network Securi- ty платформасындағы желілік қауіпсіздігінің негіздері; 9) жергілікті мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес. ҚР аумағында автокөлікпен жолаушыларды және жүкті халықаралық тасымалдау. Қауіпті жүктерді тасымалдау; 10) бағдарламалық өнімдер бойынша оқыту; 11) басқару және қаржылық есепке алу. Салықтар және құқық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Мемлекеттік қызметшілерге қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің комитеттері аумақтық бөлімшелерінің және «Облжолзертханасы» мемлекеттің мекемелері ғимараттарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту бойынша жобалық құжатын әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық -техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі комитеттерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдарды сатып алу және материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелері үшін телекоммуникациялық қызметтерді (соның ішінде көліктік деректер базасы ақпараттық- талдамалы жүйесі мен тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі үшін), шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, жинақталымды, техникалық және бағдарлама-аппараттық құралдарды, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді және вирусқа қарсы қорғану құралдарын сатып алу. Жүйелік-есептеу техникасына жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Жергілікті-есептеу жүйесіне, бағдарламалық өнімдердің ақпараттық жүйесіне әкімшілік ету, сүйемелдеу. Көліктік деректер базасының ақпараттық-талдамалы жүйесінің серверлеріне әкімшілік ету және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қызмет ететін көліктік-коммуникация саласын нығайту және дамытуға байланысты бірқатар іс-шараларды мониторингілеу, болжау және орындау; 107 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру; 175 адамды мемлекеттік тілге оқыту, оның ішінде аумақтық органдардан 124 адам; 15 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Түпкі нәтиже: көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау және оңтайландыру;
бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілікті арттыруға - 34,62 мың теңге, мемлекеттік тілді оқытуға - 30,04 мың теңге және ағылшын тілін оқытуға 103,5 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жоспарлармен, жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату; көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесінің (құру) жұмыс істеуі, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
165-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 86494846 мың теңге (сексен алты миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион сегіз жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы Келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы« Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш бекіту туралы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз, үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.06. № 579 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/ с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Төмендегі іс-шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес сомалардың шегінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Ақтау-Атырау автожолын қайта жаңарту, соның ішінде «Қарабатан- Бейнеу» учаскесінде (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылға 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 192 ЖІЖ, бұйрық- тары, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-1/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-2/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-3/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-4/06 сараптама қорытындысы): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес Ақтау- Атырау автожолын салу, қайта жаңарту барысын қадағалау. 2. Автожол саласын дамытуға (Алматы- Бішкек) (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 373 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйек- тегі № 372 ЖІЖ, 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 361 ЖІЖ, 2006 жылғы 28 маусымдағы № 7-332/06, 2006 жылғы 2 қарашадағы № 7-570/06 мемлекеттік сараптама қорытындысы): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолдарды қалпына келтіру, консалтингілік қызметтер, құрылыс барысын қадағалау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
3 | | 005 | Ішкі көздер есебінен | Төмендегі іс-шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы __________№____ қаулысына 3-қосымшаға сай сомалар шегінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға)- Шымкент «автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу, соның ішінде Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы «Ресей Федерациясы шекарасы-Орал-Ақ- төбе» учаскесі және Ақтөбе қаласын айналып өтуді салу (2003 жылғы 27 мамырдағы № 7-229/2003, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 14 225/04, 2006 жылғы 15 қарашадағы № 11-806/06, 2006 жылғы 12 желтоқ- сандағы № 11-862 /06, 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 11 863/06, 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-689/06 сараптамалар қорытындылары). 2. Астана-Қостанай-Челябі автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу, Қостанай қаласын айналып өтуді және көлік айырымын салу (2005 жылғы 28 қарашадағы № 7-599/05, 2005 жылғы 1 желтоқсан- дағы № 7-604/05, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-837/05, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-838/05, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-839/05, 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-884 /05, 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 2-931/05, 2005 жылғы 29 желтоқ- сандағы № 2-961 /05, 2006 жылғы 27 қарашадағы № 7-642/06, 2006 жылғы 28 қараша- дағы № 7-647/06 сараптамалар қорытындылары). 3. «Ресей Федерациясы шекарасы (Омске)- Майқапшағай» (Қытай Халық Республикасына шығу) автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу Павлодар, Семей қалалары арқылы және Павлодар қаласын айналып өтуді салу (2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2-10/06, 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-54/06, 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-53/06, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 2-64/06, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 2-65/06, 2006 жылғы 23 қазандағы № 16-605/06, 2006 жылғы 23 қазандағы № 16-570/06, 2006 жылғы 30 қазандағы № 16-640/06, 2006 жылғы 25 қарашадағы № 16-613/06, 2006 жылғы 24 қарашадағы № 16-607/06, 2006 жылғы 27 қарашадағы № 16-622/06, 2006 жылғы 28 қарашадағы № 16-631/06, 2006 жылғы 29 қарашадағы № 16-637/06, 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 16-660 /06, 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 16-25/07, 2007 жылғы 31 қаңтар- дағы № 16-45/07 сараптамалар қорытындылары). 4. Астана-Петропавл автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу, соның ішінде Көкшетау қаласы арқылы «Астана-Щучин» учаскесі. Шарт сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық төлем (сарапта- ма қорытындылары: 2007 жылғы 31 шілдедегі № 2-440/07, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-733/06, 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-741/06, 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-751/07, 2007 жылғы 1 маусымдағы № 2-305/07). 5. Астана-Петропавл автожолын қайта жаңарту және жобалы-ізденіс жұмыстар жүргізу, соның ішінде Көкшетау қаласы арқылы «Шучин- Көкшетау-Петропавл -Ресей Федерациясы шекарасы» учаскесі (сараптама қорытындылары: 2007 жылғы 14 мамырдағы № 12-118/07, 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12-138/07, 2007 жылғы 9 шілдедегі № 12-169/07). 6. Ақсай-Шоңжа- Көлжат-Қытай Халық Республикасының шекарасы автожолын қайта жаңарту және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, соның ішінде «Шоңжа-Көлжат» (Қытай Халық Республикасының шекарасы) учаскесінде (2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-627/05, 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-658/05 сараптамалар қорытындылары). 7. Таскескен-Бақты (Қытай Халық Республикасының шекарасы) автожолын қайта жаңарту және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 9-891/05, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 9- 892/05, 2006 жылғы 18 мамырдағы № 9-498/06, 2006 жылғы 14 желтоқ- сандағы № 22-426 /06 сараптама қорытындылары). 8. Астана қаласының Оңтүстік айналымы айналма жолын салу (2006 жылғы 26 сәуірдегі № 2-203/06 сараптама қорытындысы). 9. «Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға)-Шымкент», соның ішінде Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы Қарабұтақ-Ырғыз- Қызылорда облысы учаскесінде автожолын қайта жаңарту және жобалау іздестіру жұмыстарын жүргізу (2006 жылғы 1 қарашадағы № 2-582/06 2006 жылғы 30 қарашада- ғы № 2-630/06, 2007 жылғы 28 ақпандағы № 2-82 /07, 2007 жылғы 26 наурыздағы № 2-126/07, 2007 жылғы 14 сәуірдегі № 2-194/07 сараптама қорытындылары). 10. «Қорғас-Алматы-Георгиевка- Тараз-Шымкент- Өзбекстан шекарасы« автожолының «Қордай-Тараз- Шымкент-Өзбекстан шекарасы» учаскесінде қайта жаңарту және жобалау-іздестіру жұмыстары (2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 7-559-1/ 2004, 2005 жылғы 29 наурыздағы № 7-151/05 сараптама қорытындылары). 11. - «Үшарал- Достық»; - «Қорғас-Алматы» учаскесінде «Қорғас-Алматы- Георгиевка-Тараз- Шымкент-Өзбекстан шекарасы»; - «Алматы-Өскемен»; - «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға)-Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы «Ақтөбе облысының шекарасы Қызылорда-Шымкент»; - «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы« Ақтөбе облысының шекарасы-Қызылорда -Шымкент«; - «Ресей Федерациясы шекарасы (Астраханға) - Атырау; -«Ақтөбе - Мәртөк - Ресей Федерациясының шекарасы Ағымдағы жылы мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: қолданыстағы жол жамылғысын бұзу, жер жұмыстары, жер төсемінің топырағын бекіту, төсеу қабаты, коммуникацияларды қайта жайғастыру, жасанды құрылыстарды, жол негізін, асфальт-бетон және цемент-бетон жамылғыны, жол жиегін жайғастыру және қайта жайғастыру, таңбалау жөніндегі жұмыстар, жол жағдайы және жолды жайғастыру жөніндегі жұмыстар, соның ішінде интеллектуалды-көлік жүйесі, айналма жолдарды жайғастыру және күтіп ұстау, электрмен қамтамасыз ету және жарықтандыру, бағдаршам сигнализациясы, қар тоқтатқыш қоршаулар және орман қорғау жолағын отырғызу, бұзылған құрылыстар үшін төлем, жер бөлуді ресімдеу, орларды әзірлеуге арналған құжаттаманы дайын- дау, жабдықталған жол полициясы бекеті, жобалық- сметалық құжатта- маны әзірлеу және есептеу, орларды, кесінділерді және айналма жолдарды рекультивациялау, жер бөлу, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің зияндары мен шығындарын толықтыру, салу, қайта жаңарту барысын технологиялық қамтамасыз етуді, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыру, жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама, белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға сәйкес басқа да жұмыстар. Жұмыстар көлемі ведомостерін және конкурстық құжаттамаларды тарамдау және автомобиль жолдарын салуға жаңадан бөлінген жер учаскелерін паспорттау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
4 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Төмендегі іс- шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сай сомалар шеңберінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Батыс Қазақстандағы жол желісін қайта жаңарту (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 257-ЖІЖ, 2003 жылғы 27 маусымда- ғы № 252-ЖІЖ бұйрықтары): жолдарды қайта жаңартуға қатысты салықтарды төлеу, белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес Батыс Қазақстанның автожолдарын қайта жаңарту; құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметіне ақы төлеу, құрылысты қадағалауға байланысты салықтар төлеу; техникалық аудармашыларға төлем жүргізу. 2. Ақтау-Атырау автожолын қайта жаңарту, соның ішінде «Қарабатан- Бейнеу» учаскесінде (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 192 ЖІЖ, бұйрықтары, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-1/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-2/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-3/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-4/06 сараптамалар қорытындысы): белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарт- тарға сәйкес Ақтау-Атырау автожолын қайта жаңарту, салу барысын қадағалауға байланысты салықтарды төлеу, жолды қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу, техникалық аудармашыларға төлем жүргізу. 3. Автожол саласын дамытуға (Алматы-Бішкек) (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 373 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 372 ЖІЖ, 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 361 ЖІЖ, 2006 жылғы 28 маусымдағы № 7-332/06, 2006 жылғы 2 қарашадағы № 7-570/06 мемле- кеттік сараптама қорытындысы): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолдарды қалпына келтіру, жолдарды қалпына келтіруге байланысты салықтар төлеу, құрылыс барысын қадағалауға байланысты салықтарды төлеу. 4. Алматы-Астана автожолын қалпына келтіру, соның ішінде»Алматы- Гүлшат және Ақшатау-Қарағанды учаскесінде-жолдарды қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу, құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметіне ақы төлеу, егжей-тегжейлі жобаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолды қайта жаңарту, жабдықтарды сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында пайдалануға енгізу арқылы жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу.