Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 1384 және
2002 жылғы 17 сәуiрдегі № 443 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 тамыздағы № 935 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрілетін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiнде:
2-тармақ мынадай он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"- фармацевтика және медицина өнеркәсібі.";
2) "Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 117-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасында:
"екіншi" деген сөзден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қызметкерлерiне далалық жабдықталым төленетiн дала ұйымдарының тiзiмдерiн жоғары тұрған ұйымдар жыл сайын, жылдық жұмыс жоспарларын бекітумен бір мезгiлде бекiтедi.";
"үшiншi" деген сөзден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Тiзiмдердi бекіту тиiстi кәсiподақ комитетiмен келісім бойынша жүргiзiледi. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру ұйымдарының (кәсіпорындардың) тізімге енгізілмеген, бірақ дала жұмыстарының орындайтын қызметкерлеріне далалық жабдықталым ақы осы Ережеде көзделген тәртіппен төленеді".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |