Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және
iздестiру жүмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым
ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерiн бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 сәуірдегі № 443 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.08.02 ж. № 935 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1328 Қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерi - тәулiгiне 2 айлық есептiк көрсеткiш болып бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 21.08.02 ж. № 935 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. "Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеудiң мөлшерi туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 қарашадағы № 674 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеу туралы ережеде:
1) 1-тармақтың екiншi "Қызметкерлерiне далалық жабдықталым төленетiн дала ұйымдарының тiзiмдерiн жоғары тұрған ұйымдар жыл сайын, жылдық жұмыс жоспарларын бекітумен бір мезгiлде бекiтедi". және үшiншi "Тiзiмдердi бекіту тиiстi кәсiподақ комитетiмен келісім бойынша жүргiзiледi. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру ұйымдарының (кәсіпорындардың) тізімге енгізілмеген, бірақ дала жұмыстарының орындайтын қызметкерлеріне далалық жабдықталым ақы осы Ережеде көзделген тәртіппен төленеді". абзацтары алынып тасталсын;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық салынуға жатпайтын далалық жабдықталым ақшасының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.";
3) 7-тармақтағы "қызмет бабындағы командировканы төлеу туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4) 8-тармақ алынып тасталсын.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |