Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысы
(2008.06.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 553 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д. К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 9 шiлдедегі
№ 751 қаулысымен
бекітілген
Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады.
2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Комиссияның мiндеттерi:
ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
ақпаратты және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау;
ақпараттық жүйелерді, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның ішінде олардың сәйкестігін растау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды;
ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды;
ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы барысы туралы мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады;
ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
3. Комиссия құқықтары
5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия:
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға;
заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзуге;
сараптамалар мен консультациялар өткізу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмi атқарады.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиiс.
Комиссия мәжілістерiн өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелерi қол қояды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 9 шілдедегi
№ 751 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 (бұр. ред. қара); 2007.25.07. № 627 (бұр.ред.қара); 2007.03.10. № 893 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.06.06. № 545 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға |
Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
Толымбеков Манат Исенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, төрағаның орынбасары |
Айткешұлы Бейбітқали | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы |
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Советский Вячеслав Крестьянович | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы |
Шәженова Дина Мэлсқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы |
Әлжанов Батырбек Асылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Күреңбеков Амантай Жәнкеұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Лукин Андрей Иванович | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Мырзадинов Ерғали Серікбайұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Тілеубеков Ғани Өтенұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Маханбетажиев Батыр Әпенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы |
Жасұзақов Сәкен Әділханұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары |
Хисамутдинов Ильдар Ибрагимович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Байәділов Ерғали Мұхаметжанұлы | - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі (келісім бойынша) |
Слободянюк Анатолий Ануфриевич | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары |