Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысы
(2006.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
атауындағы және мәтіндегі "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 2-тармақтардағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
атауындағы және 1-тармақтағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті" деген сөздер алынып тасталсын;
мәтіндегі ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі", ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi болып табылады.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 9 шiлдедегі
№ 751 қаулысымен
бекітілген
Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады.
2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Комиссияның мiндеттерi:
ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
ақпаратты және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау;
ақпараттық жүйелерді, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның ішінде олардың сәйкестігін растау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды;
ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды;
ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы барысы туралы мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды;
елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады;
ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
3. Комиссия құқықтары
5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия:
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға;
заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзуге;
сараптамалар мен консультациялар өткізу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмi атқарады.
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиiс.
Комиссия мәжілістерiн өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелерi қол қояды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 9 шілдедегi
№ 751 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ақпараттық қауiпсіздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары, төрағаның орынбасары
(келісім бойынша)
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттік
құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмiнiң
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Айткешұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бейбітқали Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік
құпияларды қорғау бөлімі меңгерушісінің
орынбасары, хатшы
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Әлжанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы Төрағасының орынбасары
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Байәділов - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік
Ерғали Мұхамеджанұлы Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісi
Есекеев - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттiгi төрағасының
орынбасары
Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович істер министрiнiң орынбасары
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы коммуникация вице-министрi
Лукин - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрi
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Мажренов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жомарт Рахымбекұлы қауiпсiздiк комитетiнің қызмет
директоры (келісім бойынша)
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Әділет вице-
Серік Пикұлы министрi
Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич министрiнің орынбасары
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбілқасымұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Слободянюк - Қазақстан Республикасының Премьер-
Анатолий Ануфриевич Министрі Кеңсесінің Бақылау және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімi
меңгерушісінің орынбасары
Темірболатов - Қазақстан Республикасы Бас
Серік Ғабдоллаұлы прокуратурасының Аппарат басшысы
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы министрлігінің Қазынашылық комитетi
төрағасының орынбасары