Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.02.09. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 981 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.04. № 418 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкiметiнiң 2013.16.04. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына
1-қосымша
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады:
1) елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын «озыңқы» өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру;
2) экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы елдің ұтымды игерілген аудандарымен үйлестіріп шоғырландыру;
3) нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін өңірлік деңгейде енгізу;
4) қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу бойынша ішінара қолдау көрсету;
5) өңірлердің даму перспективалары мен әлеуетін ескере отырып, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері, кредиттері есебінен қаржыландыру үшін (Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі жеткізген лимиттер шегінде) салалық мемлекеттік органдар ұсынған инвестициялық жобалардың тізбесі;
6) халықты ауыз сумен қамтамасыз ету;
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері;
8) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын тиімді іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады:
1) мемлекеттік өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру;
2) елдің және оның өңірлерінің өңірлік және әлемдік экономикада орын алуының тиімді стратегиясын іске асыру;
3) ел өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
4) өңірлік даму саласындағы бағдарламаны, республикалық бюджеттен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестицияларды тиімді іске асыру;
5) өңірлерді дамыту перспективалары мен әлеуетін ескере отырып, республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері, кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған инвестициялық жобалардың тізбесі;
6) ауылдық және қалалық елді мекендер бойынша одан әрі қаржыландыру үшін сумен жабдықтау жобаларының тізбесі.
3. Комиссияның құқықтары
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
4) Қазақстан Республикасының ауыз сумен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
5) Қалалық және ауылдық жергілікті жерлерде ауыз сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкiметiнiң 2013.16.04. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету үшін отырыстар селекторлық режимде өткізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссияның мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1209 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 412-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қазандағы № 1061 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 129 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 және 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 156 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 84-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 668 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 441-құжат).