Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қыркүйектегі № 1297 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |
Біртанов Елжан Амантайұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Бөрібаев Асқар Ысмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Сәдуақасова Елдана Мәкінқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
мына:
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға» |
көрсетілген құрамнан Ахметжанова Гүлнәр Тұрдыбекқызы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы, Мыңбай Дархан Қамзабекүлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |