7. Келісім-шарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік органдарға;
2) оларға сәйкес мемлекеттік заттай грант берілген келісім-шарттар бойынша - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
8. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының келісім-шарттың қолданысы барысында:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүліктің нысаналы бағытын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлікті оқшаулауға құқығы жоқ.
22-бап. Келісім-шартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы келісім-шарттың қолданылу мерзімі біткен сон тоқтатылады не осы бапта белгіленген тәртіппен осындай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
2. Келісім-шарттың қолданылуы:
1) тараптардын келісімі бойынша;
2) бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) өтініш беруші табыс еткен мәліметтердін бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған және бұл инвестициялық преференциялар беру жөніндегі шешімге ықпал еткен жағдайда;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы келісім-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда, бұл туралы Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасына жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап үш ай өткен соң келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Бұл жағдайларда аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, аталған заңды тұлға келісім-шарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
5. Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Келісім-шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы өзіне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлікті заттай, не келісім-шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
23-бап. Келісім-шарттардың тұрақтылығы
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер осы келісім-шарттарда белгіленген мерзім біткенге дейін өзінін қолданылуын сақтап қалады.
24-бап. Қазақстан Республиканын кейбір заң актілерінің күші жойылды деп танылсын
1) «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазакстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 17-18, 218-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; 2000 ж" № 10, 244-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Шетелдік инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 281-кұжат; 1995 ж., № 1-2, 15-құжат);
3) «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Кэзақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат).
Қазақстан Республикасының