Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
Жалпы бөлім
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Сот жүйесін қаржыландыру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттеледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Кодекстің ережелері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттелмеген бөлігінде сот жүйесін қаржыландыруға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-бап. Блоктық бюджет
1. Блоктық бюджет - әкімшіге шығыстар лимиттеріне сәйкес белгіленген блок шегінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын дербес бекітуге, қайта бөлуге және толық пайдалануға өкілеттік берілетін бюджет процесін басқару тәсілі.
2. Блоктық бюджетті енгізу және оның жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Осы баптың ережелері пилоттық жоба шеңберінде 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдік кепілдік оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;
3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
4) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;
5) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) банк кепiлдiгi - қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарыз шарты бойынша соманы төлемеген жағдайда, банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегі мiндеттемесi;
7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік - бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған, есепке жазу әдісі бойынша таза активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қаржылық жағдайы, қозғалысы және нәтижелері туралы ақпарат;
8) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;
9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
11) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-1) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
12-1) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
12-2) бюджет қаражаты - мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
12-3) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-4) тармақша жаңа редакцияда
12-4) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану - бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды; 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-5) тармақша жаңа редакцияда; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 12-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 12-5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-5) бюджет қаражатының игерілмеуі - бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің бөлінбеген қалдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасын қоспағанда, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кету сомасы;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 12-6) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-6) бюджет процесi - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-7) бюджет процесі саласындағы интегратор - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелетін, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 132-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14-1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз атқару - бюджеттік жүйенің мынадай: нәтижелілік, негізділік, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипаты қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуы;
15) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда
16) бюджеттік инвестициялар - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 17) тармақша өзгертілді
17) бюджеттік инвестициялық жоба - жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін бағытталған, бюджет қаражаты есебінен тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипатты бар іс-шаралар жиынтығы;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне экономикалық сараптама - техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн, жобаның жүзеге асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан кешендi бағалау;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны;
19) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
22) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
23) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
25) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
26) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, одан жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының соңына) нақты борышы аспауға тиiс;
27) жергілікті атқарушы органның борышы - жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
28) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды
29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - іс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды
29-3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар - заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда; 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30) инвестициялық ұсыныс - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-1) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы - салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да қорытындылары негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды
30-2) институционалдық жоба - саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипатқа ие және қарыз шартын жасасу жолымен мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
32) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
33) келісімшарт жасасушы агент - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды
33-1) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
34) 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35) кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында кіріс түрлерін бөлудің пайыздық арақатынасы;
36) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) қазынашылық қолдап отыру - құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысушылардың - бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;
38) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40) қаржылық есептілік - егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) қарыз алу - тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыз алуын қоспағанда, мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;
42) қарыз беруші - мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 42-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-1) қарызға қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражатының пайдаланылуын және қарыз алушының сыйақы төлемдерiн, комиссиялық төлемдерді және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруын есепке алу жөнiндегi қызметi;
42-2) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың қарыз шарты бойынша мiндеттемелерді орындауының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын олардың келiсiмi бойынша өзгерту;
43) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
43-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі - Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бағытталатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақыдан түсетін кірістердің үлесі;