«Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар»
техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 тамыздағы
№ 803 қаулысымен
бекітілген
«Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары өндірістік және басқа да объектілердегі (бұдан әрі - объектілердегі) қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге арналған сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қолданылады.
3. Осы техникалық регламент мынадай өнім түрлеріне:
1) барлық көлік, көлік құралдары және жол қозғалысының түрлеріне жарықтық сигнал беру жабдықтарына қолданылатын түстерге;
2) баллондардың, құбырлардың, газдар мен сұйықтықтарды сақтауға әрі тасымалдауға арналған сыйымдылықтардың түстеріне, белгілеріне және таңбалау қалқандарына;
3) жол белгілері мен белгілеулер, темір жолдардың жол және сигналдық белгілері, барлық көлік құралдары (көтеру-көліктік механизмдердің, зауытішілік, жолаушылар және қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне арналған белгілерден басқа) қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған белгілерге;
4) тасымалдау мен сақтаудың арнайы талаптарын қажет ететін қауіпті жүктерді, жүк бірліктерінің белгілері мен таңбалауларға;
5) электртехниканың белгілеріне қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы техникалық регламентте Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» Заңдарында көрсетілген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
1) қалдық жарықтанудың ұзақтығы - жарық кездері ажыратылғаннан кейін қауіпсіздіктің фотолюминесцентті белгілерінің, сигналдық белгілеулер мен материалдардың сәулелену жарықтылығының көру мүшесінің сезімталдық шегінен 100 есе (0,3 мкд/м2) асатын белгіге дейін төмендейтін уақыты;
2) қосымша белгі (табличка) - қауіпсіздік белгісінің бірімен бірге қолданылатын және ішінде қосымша ақпараты бар белгі;
3) қауіпсіздік белгісі - адамдарды тікелей немесе ықтимал қауіп жөнінде ескеруге, белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға, кеңес беруге немесе рұқсат беруге арналған сигналдық және қарама-қарсы түстерді, графикалық символдарды және (немесе) түсіндіру жазуларын пайдалану арқылы, сондай-ақ пайдалануы қауіпті және (немесе) зиянды факторлардың әсерлерін болдырмайтын немесе төмендететін объектілер мен құралдардың орналасқан жері туралы ақпараттары бар белгілі бір геометриялық формадағы түстік графикалық бейне;
4) өрт қауіпсіздігі белгісі - өрттің туындауын болдырмау мақсатында адамдардың тәртібін реттеуге, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдарының орналасқан орындары, құлақтандыруды, ұйғарымды, рұқсат беруді немесе өрт туындаған жағдайда белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға арналған қауіпсіздік белгісі;
5) шығу осі - бір ұшы шығу ортасы болып табылатын және жарық қайтарғыш құрылғының көлбеу бұрышын анықтау үшін пайдаланылатын белгілі бір түзу кесінді;
6) қарама-қарсы түстер - көру қабылдауын күшейту және қоршаған фондағы қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді ерекшелеуге, графикалық символдар мен түсіндірме жазуларды орындауға арналған түс;
7) жарық қайтару коэффициенті, (R'), - жарық түсу бағытының қарама-қарсы бағытына, нормал бойынша Е | бетінің жарықтануына және А бетінің жарықтанған ауданына жарық қайтарғыш материал шағылыстырған І жарық күшінің қатынасы;
8) жарықтылық коэффициенті - элементінің бет жағының жарықтылығы мен жарықтанғандық пен бақылаудың бірдей жағдайларында мінсіз шағылысу немесе мінсіз шашырату жағдайындағы жарықтылығы арасындағы арақатынасы;
9) люминесценция - тепе-тең күйде тұрмаған (қозған) материалдың сыртқы әсерлер энергиясы есебінен (оптикалық, механикалық, электрлік және т.с.с.) немесе ішкі туындаған энергиялар әсерінен (химиялық және биохимиялық реакциялар мен айналулар) жарқырауы (сәуле шығаруы);
10) сәулеленбейтін материал - люминесценциялық қасиеті жоқ және оны құраушы кванттардың жиілігін өзгертпейтін, алайда оның спектрін ықтимал өзгерте алатын, өзіне түсетін немесе енетін табиғи немесе жасанды жарықты шағылыстыруға (шашыратуға) қабілетті материал;
11) сәулелену осі - шығу ортасын жарық көзімен қосатын тік кесінді;
12) бақылау осі - шығу ортасын фотометрлік бастиекпен қосатын тік кесінді;
13) жабысқақтық көрсеткіштері - материалдың жабысқақ қабатын 100 мм ұзындыққа жабыстыратын уақыт;
14) жарық қайтару - сәулеленетін жарықтың өзі шыққан бағыттарға жақын бағытқа қайтатын, сонымен қатар алғашқы сәулелену бағытының кең ауқымында сақталуға тиіс шағылысы;
15) сәулелену материалы - люминесценция қасиеттеріне ие материал;
16) жарық қайтарғыш материал - құрамында өзіне түскен сәулені сәуле түскен бағытқа жақын бағыттарға қайтаратын оптикалық элементтері бар (сфералық немесе жазықтық) материал;
17) жарық сүзгіш қабыршақтар - жарық өткізу құрылымы бар және түстік графикалық бейнені жасауға және оны табиғи және физикалық әсерлерден қорғауға арналған, өзі жабысатын типті мөлдір желім қабатымен жабдықталған, акрил негізіндегі түстердің стандартты гаммасындағы түссіз және түрлі-түсті қабыршақтар;
18) сигналдық түс - қауіпті және (немесе) зиянды факторлардың көздері болуы мүмкін өрт техникасына, өртке қарсы немесе басқа қорғаныш құралдарына, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерге, тікелей немесе ықтимал қауіптілікке, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің немесе құрылмалардың элементтерінің жұмыс түйіндеріне адамдардың назарын аударуға арналған түс;
19) сигналдық белгілеу - қауіптілікті, сондай-ақ нұсқаулар мен ақпаратты белгілеу мақсатында сигналдық және қарама-қарсы түстерді пайдаланып құрылмалардың, қабырғалардың, қоршаулардың, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің (немесе олардың элементтерінің), таспалардың, шынжырлардың, бағандардың, бөгеуші кедергілердің, қалқандардың бет жақтарында жазылған түстік графикалық бейне;
20) тұрақты бояулар - түстік графикалық бейнелерді салуға арналған стандартты түстері, сәйкес ұзақ мерзімге шыдамдылығы, түстік тұрақтылығы, беріктігі бар арнайы сия;
21) бақылау бұрышы, (а) - жарық беру осі мен бақылау осін жасайтын бұрыш;
22) жарықтану (түсу) бұрышы, (B) - жарықтану осі мен шығу осін жасайтын бұрыш;
23) фотолюминесценция - кванттар жиілігі мен қоздыру жарығының спектрімен салыстырғанда кванттар жиілігі мен сәулелену жарығының спектрі өзгеретін жарықтың сыртқы кванттарының әсерінен қозатын люминесценция;
24) фотолюминесцентті материал - қозу кезінде сондай-ақ табиғи және жасанды пайда болу жарығымен қозу аяқталғаннан кейін бірнеше уақыт бойы пайда бола алатын фотолюминесценция қасиеттеріне ие материал;
25) қалдық жарықтанудың түсі - жарық көздерін ажыратқаннан кейінгі қауіпсіздіктің фотолюминесцентті белгілерінің, сигналдық белгілеулер мен материалдардың түсі;
26) түс шекарасы (түс аймағының шекарасы) - рұқсат етілген (қолдануға) түсті рұқсат етілмегеннің аймағынан бөліп тұратын хроматикалық диаграммадағы тік сызық;
27) жарықтылық қарама-қарсылығы, (к) - жарықтылықтың қарама-қарсы түстерінің жарықтылықтың сигналдық түстеріне қатынасы.
3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығында айналым жағдайы
5. Сигналдық түстерді, белгілеулер және қауіпсіздік белгілерін қауіптілікте, қауіпті жағдайда, қауіпті жағдайдың алдын алуда, қауіпті жағдайды елемеген жағдайдың ықтимал нәтижесін хабарлауда, белгілі бір әрекеттердің ұйғарымы немесе талаптарында, сондай-ақ белгілі бір ақпаратты хабарлауда өндірістік объектілердегі адамдардың назарын аудару үшін қолданған жөн.
6. Түрін, өлшемдерін таңдау, қолданылу тәртібі, саны, сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін орнату орындары мен орналасуы осы техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стандарттардың, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің белгіленген тәртіпте бекітілген талаптарына сәйкес келуге тиіс.
7. Дайындаушы, уәкілетті (өкілетті), импорттаушы:
1) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізер алдында оларды зиян келтірудің және қабылдаудың ықтимал қатерлерін, қауіпсіздіктің тиісті шараларын бағалау үшін қажетті ілеспе құжаттамамен (пайдалану бойынша нұсқаулармен, сапа паспортымен, сәйкестік сертификатымен, сәйкестік туралы декларациямен, техникалық немесе нормативтік құжаттамамен және т. б.) қамтамасыз етуге;
2) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізген кезде ілеспе құжаттаманың құрамын өнімнің түріне немесе ол орналасатын объектінің түріне қарай анықтауға;
3) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді Қазақстан Республикасының нарығында шығарған кезде сатушыларды оларды өткізу кезіндегі әрекеттерінің тәртібі туралы ақпараттандыру, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
4) мемлекеттік бақылаудың тиісті органдарын олардың тұтынушыларды ескертуге арналған шаралар қабылдауы мақсатында өткізуден кейін анықталған тұрақты қауіптіліктер туралы ақпараттандыруға міндетті.
8. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізетін сатушы:
1) сақтаудың немесе жарамдылықтың өтіп кетпеген мерзімі, бұзылмаған қабы мен орауынсыз, сондай-ақ пайдалану құжаттамасының толық жинағымен тек қана қауіпсіз өнімдер мен құрылмаларды өткізуге;
2) дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан нақты материалдардың, өнімдердің және құрылмалардың техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат анықталған жағдайда, сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін өткізбеуге;
3) тұтынушыларға қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді пайдалану жөніндегі нұсқаулар көлемінде оларды пайдалану қауіпсіздігі ережесі туралы кеңесті қамтамасыз етуге міндетті.
9. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер олар адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиян келтірмеген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының нарығына шығарылуы және пайдалануға енгізілуі қажет.
10. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер ілеспе құжаттамада көрсетілген осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
11. Ілеспе құжаттардың құрамына мыналар:
1) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді дайындаушылар, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану бойынша, олардың дайындалған күні, пайдалану мерзімі, қосылыстардың электрлік сұлбасы (электрлік тармақтану) туралы мәліметтері бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
2) өнімнің типтік жинағына берілген сәйкестік сертификаттарының көшірмелері енуі қажет.
12. Ілеспе құжаттардың құрамы олар орналасатын өнімнің немесе объектінің түріне қарай өзгеруі мүмкін.
13. Жұмыс беруші немесе ұйымның әкімшілігі:
1) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларына сүйене отырып объектілердегі қауіптіліктің түрлері мен орындарын анықтауға;
2) қауіптіліктің түрлері мен орындарын, сондай-ақ сигналдық түстердің, белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің ықтимал қауіпті жағдайларын белгілеуге;
3) тиісті қауіпсіздік белгілерінің түрлерін анықтауға (қажет жағдайда қауіпсіздік белгілерінде түсіндірме белгілерді таңдап алуға);
4) сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерін, түрлерін, орындалуын, қорғаныш деңгейін және орналастыру орындарын анықтауға;
5) қауіпсіздік белгілерінің көмегімен жеке қауіпсіздік құралдары мен өрт, апат немесе басқа төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ықтимал материалдық шығынды азайтуға ықпал ететін құралдарды орналастыру орнын белгілеуге міндетті.
14. Қауіпсіздік белгілерінің өлшемдері мен жабдықтарда, машиналар мен механизмдерде орналастыру (орнату) орындары өнімге арналған техникалық құжаттамада қарастырылуы қажет.
15. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді жабдықтарда, машиналар мен механизмдерде орналастыруды (орнатуды) дайындаушы кәсіпорын орындайды.
Қосымша қауіпсіздік белгілерін пайдалану жабдықтарында, машиналары мен механизмдерінде орналастыруды (орнатуды) пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
Учаскелерде немесе объектінің уақытша қауіптіге жатқызылған орындарында оларды пайдалану мерзімі біткен соң алып тастайтын, тасымалданатын қауіпсіздік белгілері орнатылады.
16. Объектіні және (немесе) өндірістік процесті қайта құрғаннан кейін сигналдық түстер, белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4.1. Жалпы талаптар
17. Пайдаланған кезде сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері құлаған немесе басып қалған жағдайда адамдардың денсаулығына, жабдықтарға, зауытішілік көліктерге зиян келтірмеуі қажет.
18. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін жасау кезінде пайдаланылатын материалдар үшін (полимер қабыршақтар мен пластиктер үшін) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өрт қауіптілігі көрсеткіштері анықталуға тиіс.
19. Ішкі немесе сыртқы электр жарығы бар сигналдық белгілеулер және қауіпсіздік белгілері электр қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында электр жабдықтарын орнату ережелерін" (бұдан әрі - ЭОЕ) сақтай отырып орындалуы керек.
20. Жарылыстан қорғалған орындауда жасалған қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер ЭКОЕ 7.3-тарауының талаптарына, өрт қауіпсіз орындауда жасалғандар ЭКОЕ 7.4-тарауының талаптарына сәйкес келуі қажет.
21. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін жасау үшін пайдаланылатын материалдар тұтану немесе жарылыс кездері болуға қабілетті статикалық электрлік разрядтарының туындауын болдырмайтын немесе алдын алатын электрлік статикалық қасиеттерге ие болуы қажет.
22. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері пайдаланған кезде және орындарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтаған кезде қоршаған ортаға улы және адамдардың денсаулығына зиянды заттарды бөлмеуге тиіс.
23. Адамдардың денсаулығына зиянды элементтердің бөлінуі Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда келтірілген белгілерден аспауы қажет.
24. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін жасау үшін пайдаланылатын материалдар қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі керек.
25. Қауіпсіздік белгілерінің өндірісі кезіндегі жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялар бөлінуі Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарынан аспауы қажет.
26. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін өндіру үшін пайдаланылатын жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4.2. Сигналдық түстерге қойылатын талаптар
27. Осы техникалық регламент мынадай сигналдық түстерді белгілейді: қызыл, сары, жасыл, көк.
Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің түстік графикалық бейнелерін көзбен қабылдауды күшейту үшін қарама-қарсы - ақ немесе қара түстермен үйлестіріп қолданған жөн.
Қарама-қарсы түстерді графикалық символдар мен түсіндірме жазуларды орындау үшін пайдаланған жөн.
Сигналдық түстердің мағынасы, қолданылу саласы және оларға сәйкес контрасты түстер техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілді.
28. Сигналдық түстердің арналуы мен қолдану тәртібі
1) сигналдық түстер:
адамдар үшін қауіптілік көзі болуы мүмкін жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің жақтарын, құрылмаларын (немесе құрылма элементтерінің), бұйымдарын, түйіндері мен элементтерін, қоршаулар мен басқа да қорғаныш құрылғылары мен бұғаттау жүйелерінің жақтарын белгілеу;
өрт техникасын, инвентарьды, өртке қарсы және жеке қорғаныш құралдарын, олардың элементтерін, белгілеу, өрт автоматикасы қондырғыларының, түтінге қарсы қорғаныш жүйелері мен өзін қорғау құралдарының қолмен іске қосу түймелерін табу;
қауіпсіздік белгілері, сигналдық белгілеулер, эвакуация жоспарлары және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көзбен шолу құралдары;
жарық беретін (сәулелік) қауіпсіздік құралдарын (сигналдық шамдар, табло);
эвакуация жолдарын белгілеу үшін қолданылуға тиіс.
2) сигналдық қызыл түс:
механизмдер мен машиналардың ажырату, оның ішінде апатты құрылғыларын белгілеу;
жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің ашық тоқ жүргізу элементтері бар шкафтарының қақпақтарының (есіктерінің) ішкі жақтарын;
крандардың саптары, қысымды апатты (мәжбүрлеп) түсіру, түтін - және жылуды жою жүйелерінің түймелерін;
кернеу асты жұмыс күйінде тұрған май ажыратқыштардың тұрғын;
өрт техникасының алуан түрлерін, өртке қарсы қорғаныш құралдарын, жедел тануды талап ететін олардың элементтерін (өрт машиналары, гидрант-бағаналардың жер бөліктерін, от сөндіргіштер, баллондар, өрт автоматикасын қолмен іске қосу жүйелерінің (қондырғыларының) құрылғыларын, хабарландыру құралдары, өртке қарсы қызметпен тікелей байланыс телефондары, сорғылар, өрт стендтері, суға арналған бөшкелер, сондай-ақ шелектер, күректер мен балталар) белгілеу;
өрт саймандары мен от сөндіргіштерді бекітуге арналған ақ түсті өрт қалқандарының жиектері. Жиектерінің ені 30 мм бастап 100 мм шамасында болуға тиіс;
от сөндіргіштің, қолмен іске қосатын өрт сөндіру қондырғысының, өрт сигнал беру жабдығының түймешіктерін табу орындарын белгілеуге арналған жолақтардың көлденең орналасқан кесінділері түріндегі құрылыс құрылмаларының (қабырғалар, бағаналар) элементтерінің өрнектері;
Жолақтардың ені 150 мм бастап 300 мм шамасында болуы керек. Жолақтар жұмыс орындары мен өтпе жолдардан көзбен қабылдауға қолайлы биіктікте қабырғалар мен бағаналардың жоғарғы бөлігінде орналасуы қажет;
сигналдық шам және технологиялық процестің бұзылғаны немесе қауіпсіздік жағдайларының бұзылғаны туралы хабар беретін «Дабыл», «Ақаулылық» деген ақпараты бар табло;
қарпығыш құрылғыларды, өндірістік қондырғылар мен өнеркәсіптік роботтарды белгілеу;
уақытша қоршауларды немесе қауіпті аймақтардың, учаскелердің, аумақтардың, шұңқырлардың, котловандардың, химиялық, бактериологиялық және радиациялық ластану орындарының уақытша қоршауларының, сондай-ақ кіруге уақытша тыйым салынған басқа да орындардың, аймақтардың, учаскелердің шекараларында орнатылатын уақытша қоршаулардың элементтерін белгілеу;
тыйым салатын қауіпсіздік белгілері мен өрт сөндіру, өрт кезінде адамдарды құтқару құралдары орналасқан орындары, өрт автоматикасы, қол өрт хабарландырушылар және өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің қондырғыларын (жүйелерін) іске қосу туралы ақпараттары бар өрт қауіпсіздігі белгілері үшін қолданылады.
3) сигналдық қызыл түсті:
жедел тануды қажет етпейтін (өрт хабарландырушылары, өртке қарсы сумен жабдықтау желілерінің құбыржолдары, өрт сөндіру қондырғыларының суландырғыштары) өртке қарсы орнатылатын стационарлық қорғаныш құралдарын (олардың элементтерін) белгілеу үшін;
түсінбестік пен абыржудан аулақ болу үшін эвакуация жолдарына (тыйым салатын қауіпсіздік белгілері мен өрт қауіпсіздігі белгілерінен басқа) пайдалануға тыйым салынады.
4) сигналдық сары түсті:
жұмыс істейтіндердің жарақат алуына себеп болуы мүмкін құрылыс элементтері мен олардың құрылмаларын: төмен бөренелерді, еден жазықтығының шығыңқы жері мен төмен түсіп кетуін, аса көрінбейтін баспалдақтарды, пандустарды, құлау қаупі бар орындарды (тиеу платформалары, жүк түп асты, қоршалмаған алаңқайлардың, люктердің, ойықтардың жиектері және т.б.), өтулердің тарылуын, аса көрінбейтін тірек таяныштарды, түйіндерді, бағаналарды, зауытішілік көліктерінің қарқынды қозғалыс орындарындағы тіректер мен тіреулерді белгілеу;
адамдардың абайсыз жұмыс істеуі кезінде қауіптілік төндіретін жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің түйіндері мен элементтерін: қозғалмалы ашық түйіндерді, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ үнемі төбеге ілінген немесе жұмыс кеңістігіне шығыңқы технологиялық арқаулар мен механизмдердің алаңдардың қоршау құрылмаларының қозғалмалы элементтерінің (тегістеу шеңберлерінің, жоңғыштардың, тісті дөңгелектердің, жетекті белдіктер мен шынжырлардың) толық жабылмайтын қоршауларының қоршау құрылғыларының жиектерін белгілеу;
пайдаланған кезде көлік құралдарының, көтергіш-көлік жабдықтарының және жол-құрылыс машиналарының элементтерінің, жүк көтергіштердің алаңшаларының, электрокар бамперлері мен бүйір беттерінің, экскаватор тиеуіштерінің, арбаларының, бұру платформалары мен жебелерінің бүйір беттерінің, автотиеуіштердің қарпығыштары мен алаңшаларының, ауыл шаруашылығы машиналарының жұмыс мәрімдерінің, жүк көтеру крандарының элементтері мен жүк ілгектерінің құрсамаларының қауіпті элементтерін белгілеу;
жылжымалы жинақтау құрылғыларының, олардың элементтері мен жүк қарпығыш айлабұйым элементтерінің, аударғыштардың, маңдайшалардың, көтергіштердің қозғалмалы бөліктерін, жинақтау мұнаралары мен сатыларының қозғалмалы бөліктері;
қақпақтардың, есіктердің, қаптамалар мен бақылау, жөндеу және реттеу үшін мерзімді қолжетімділікті қажет ететін жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің қозғалмалы түйіндері мен элементтерінің орналасқан жерін жауып тұратын басқа да қоршаулардың ішкі жақтары;
тұрақты немесе уақытша қоршаулардың немесе қауіпті аймақтардың, учаскелердің, аумақтардың: ойықтарда, шұңқырларда, котловандарда, шығару алаңдарында, сатылардың, балкондардың, аражабындардың және биіктен құлау мүмкін болатын тұрақты қоршаулардың шекараларында орнатылатын қоршаулардың элементтері;
сыйымдылық және құрамында қауіпті немесе зиянды заттары бар технологиялық жабдықтарды белгілеу;
эвакуациялаған жағдайда үнемі бос тұруға тиісті алаңшаларды (өрт дабылын беру орнының жанындағы, өртке қарсы қорғаныш, хабарлау, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сатылары құралдарына келу орнының жанындағы эвакуациялық шығу мен кіру алаңшаларын) белгілеу;
ескертетін қауіпсіздік белгілері үшін қолданылуға тиіс.
Өту жолында болуы мүмкін жол-құрылыс машиналары мен көтеру-көлік жабдықтары үшін көлбеу 450 бұрышта 1:1 бастап 1,5:1 дейінгі қатынасында сигналдық қызыл және сары түстердің, сигналдық сары және қара түстердің кезектесетін жолақтары түріндегі ескерту бояуларын қолдануға рұқсат етіледі.
Олар тәуліктің қараңғы мезгілінде өту жолында болған жағдайда көлбеу 450 бұрышта 1:1 бастап 1,5:1 дейінгі қатынасында сигналдық қызыл және сары түстердің, сигналдық сары және қара түстердің кезектесетін жолақтары түріндегі жарық қайтарғыш материалдардың көмегімен ескерту белгісін қолдану қажет.