тыйым салатын және кеңес беретін белгілер үшін d шеңберінің диаметріне;
ескерту белгілері үшін b үшбұрышының қабырғасына тең болуы қажет.
Сонымен катар түстік графикалық бейненің негізі мен қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 1, 2 және 3-қосымшасындағы суреттеріне сәйкес келуге тиіс.
44. Негізгі қауіпсіздік белгілерінің өлшемдері
1) Н қауіпсіздік белгісінің биіктігін мына формула бойынша есептейді:
(1)
мұндағы L - белгіні тану арақашықтығы;
Z - арақашықтық фактор.
Z арақашықтық факторы қауіпсіздік белгісі бетінің сәулеленуіне байланысты болады және мына мәндерге:
40 - 150 лк бастап 300 лк дейінгі табиғи немесе жасанды жарық беру кезіндегі жағдайлардағы қалыпты жарықтандырылған қауіпсіздік белгілері үшін;
65 - 300 лк бастап 500 лк дейінгі жарық беру кезіндегі қауіпсіздік белгілері үшін;
25 - 30 лк бастап 150 лк дейінгі жарық беру кезіндегі қауіпсіздік белгілері үшін сәйкес келуге тиіс.
Қалыпты табиғи немесе жасанды жарық беру кезіндегі (Z = 40 кезіндегі) негізгі қауіпсіздік белгілерінің және L, 25 м дейінгі танудың қажетті арақашықтығына арналған орташаланған өлшемдер техникалық регламенттің 15-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген.
2) қосымша қауіпсіздік белгілерінің өлшемдері олар толықтыратын негізгі қауіпсіздік белгілерінің өлшемдеріне сәйкес келуге тиіс.
Қосымша белгілердің биіктігін жазу жолдарының санына қарай арттыруға рұқсат етіледі.
3) жарық қайтарғыш және фотолюминецентті қауіпсіздік белгілерінің өлшемдері техникалық регламенттің 15-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген қалыпты сәулеленген қауіпсіздік белгілерінің орташаланған өлшемінен 125% кем болмауы керек.
4) беті 500 лк астам ең төменгі жарықтандырылуы (немесе жарықтылығы) бар сыртқы немесе ішкі электрлік жарықтануы бар қауіпсіздік белгілерінің қалыпты жарықтандырылған белгілермен салыстырғанда қосарланған арақашықтық факторы, сондай-ақ техникалық регламенттің 15-қосымшасындағы 1-кестеде келтірілген мәндермен салыстырғанда қосарланған тану арақашықтығы болуға тиіс. Аталған қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерін қалыпты жарықтандырылған белгілердің өлшемдерімен салыстырғанда екі есе төмендетуге рұқсат етіледі.
5) үлкен өлшемді қауіпсіздік белгілерін қолдануға рұқсат етіледі. Белгілердің өлшемдері бұндай жағдайларда Z арақашықтық факторлар мен L тану арақашықтығын есепке ала отыра (1) формуласы бойынша анықталуға тиіс.
6) жабдықтарға, машиналар мен механизмдерге арналған тыйым салатын және ескертетін қауіпсіздік белгілерінің нөмірлері мен өлшемдері техникалық регламенттің 15-қосымшасындағы 2-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келуі қажет.
7) қауіпсіздік белгілерінің барлық өлшемдерінің шектік ауытқулары + 2% аспауға тиіс.
8) қауіпсіздік белгілерінің бұрыштарын дөңгелектеуге рұқсат етіледі.
Дөңгелектеу радиустары:
үш бұрышты формалы белгілерде - 0,05b;
мұндағы, b - үшбұрыштың жағы;
шаршы формалы белгілерде - 0,04а;
мұндағы, а - шаршының қабырғасы;
тік бұрыш формалы белгілерде - 0,02а аспауға тиіс;
мұндағы, а - тік бұрыштың кішкентай қабырғасы.
45. Құрама және топтық қауіпсіздік белгілері
1) құрама қауіпсіздік белгілерінің тік бұрышты формасы болуы керек және ішінде негізгі қауіпсіздік белгісі мен түсіндірме жазуы бар қосымша белгісі бірдей болуы қажет.
Құрама белгінің тік бұрышты блогының түсі - ақ.
Түсіндірме жазу фонының түсі - ақ немесе негізгі қауіпсіздік белгісінің түсі.
Түсіндірме жазудың түсі - ақ немесе сары түс үшін қара; ақ фон үшін - қызыл; қызыл, көк немесе жасыл фон үшін - ақ.
Жиегінің түсі - қара немесе қызыл.
Көмкермесінің түсі - ақ.
2) бір тік бұрышты блокта ішінде сәйкес түсіндірме жазулары бар екі немесе одан да көп негізгі қауіпсіздік белгілері бар топтық белгілерді кешенді талаптар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды мазмұндау үшін қолданған дұрыс.
Топтық белгілердің тік бұрышты блоктары беттерінің түсі - ақ.
Жазу фонының түсі - ақ немесе негізгі қауіпсіздік белгісінің түсі.
Жазудың түсі - қара немесе негізгі қауіпсіздік белгісінің түсі.
Жиегінің түсі - қара немесе қызыл.
Көмкермесінің түсі - ақ.
3) топтық және құрама қауіпсіздік белгілерінің жиектері мен көмкермелерінің өлшемдері техникалық регламенттің 8-қосымшасының 7-суретіне сәйкес қосымша қауіпсіздік белгілеріндей болуы қажет.
Жиексіз топтық және құрама белгілерді пайдалануға рұқсат етіледі.
4) қозғалыс бағытын көрсетуге арналған құрама белгілер негізгі қауіпсіздік белгісі мен бағыттаушы меңзердің белгісінен (немесе түсіндірме жазуы бар бағыттаушы меңзер белгісінен) тұруы керек.
Негізгі қауіпсіздік белгісі бұндай жағдайда:
эвакуациялық шығуға қозғалыс бағытын көрсетуге арналған эвакуациялық белгілері;
адамдарды эвакуациялауға арналған алғашқы медициналық көмек қобдишаларының, өрт қауіпсіздігі құралдарының, медициналық кабинеттердің орналасқан орындарына қозғалыс бағыттарын көрсетуге арналған медициналық және санитарлық мәнді белгілер;
өртке қарсы қорғаныш құралдарының, оның элементтерінің орналасқан орындарын көрсетуге арналған өрт қауіпсіздігі белгілері;
нұсқау белгілері ұсынылуы мүмкін.
5) эвакуация шығуларына, өртке қарсы қорғаныш құралдарына, жиналу орындары мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарына қозғалыс бағытын көрсетуге арналған белгілердің мағыналық құрамалары техникалық регламенттің 16-қосымшасының суретінде келтірілген. Белгілерді қозғалыс бағытына сәйкес келетін қалыпта орнатқан жөн.
46. Қауіпсіздік белгілерінің графикалық символдарының бейнелеріне қойылатын талаптар
1) қауіпсіздік белгілерінің графикалық символдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнелеу құралдарының көмегімен ақпаратты бейнелеуі және қажет жағдайда қауіптілікті белгілеуге немесе белгіні қолдану саласын кеңейтуге арналған тетіктермен толықтырылуға тиіс.
Графикалық символдар түрлі объектілердің сипатты танымдық белгілерін, қауіпті және зиянды факторларды шартты бейнелеуі керек.
2) қауіпсіздік белгілерінің графикалық символдарының бейнелері қарапайым әрі түсінікті болуы қажет.
3) графикалық символдар мына принциптерді басшылыққа алу қажет болатын жедел және өзінің мағыналық мәні мен қауіпсіздік белгілерінің мағыналық мәнін жоғары дәлдікпен табуды қамтамасыз етуі қажет:
символдың белгілі бір мағыналық мәніне бір ғана графикалық бейне сәйкес келуі керек, түсінбеушілікті болдырмау үшін ұқсас бейнелері бар символдардың нұсқаларын бір символға келтіру қажет;
түрлі мағыналық мәндері бар символдар ұқсамауы қажет;
графикалық бейнелердің табиғи пропорцияларын бұзуға жол берілмейді;
объект немесе фактор белгісінің кескіні контурлық бейнеден артығырақ болуға тиіс;
авторлық бейнелері, сауда белгілері мен логотиптері бар нұсқалар болмауы қажет;
қанның суретін салуға жол берілмейді.
4) адам бейнесі немесе адам денесінің жекелеген бөліктері бар графикалық символдарды пайдаланған кезде қауіпсіздік белгісінде дененің қауіп төніп тұрған бөлігін бейнелеу керек.
5) символдар мен қауіпсіздік белгілерінің түстік графикалық бейнелерін ұлғайтуды компьютер техникасының көмегімен, фотографиялық тәсілмен немесе квадрат модульді тордың көмегімен жүргізуге болады. Шаршының қабырғасы 10 модульге сәйкес келуге тиіс.
Шаршы модульді торда символдар мен қауіпсіздік белгілерінің түстік графикалық бейнелерін белгілеу техникалық регламенттің 17-қосымшасында келтірілген.
6) графикалық символдар элементтерінің ең төменгі өлшемін техникалық регламенттің 40-тармағы мен 18-қосымшасының талаптарына сәйкес түсіндірме жазулардың шрифтерінің параметрлеріндей қабылдау ұсынылады.
47. Түсіндірме жазуларға қойылатын талаптар
1) түсіндірме жазулардың мәтіні мемлекеттік немесе орыс тілдерінде орындалуы қажет (мысалы, «ШЫҒУ» немесе «ВЫХОД»). Қауіпсіздік белгісінде жазудың осындай мәтінді ағылшын тілінде орындауға рұқсат етіледі (мысалы, "ЕХІТ").
2) қауіпсіздік белгісінің осы техникалық регламентте айтылмаған түсіндірме жазулары мемлекеттік, мемлекетаралық, сондай-ақ халықаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген нормативтік құжаттарда белгіленуге тиіс.
3) түсіндірме жазулардың шрифтері техникалық регламенттің 18-қосымшасында келтірілген.
4) қарама-қарсы қара түспен орындалған H' шрифтінің ең төменгі биіктігін мына формула бойынша анықтайды:
(2)
мұндағы L' - жазудың оқылуына қажетті арақашықтық;
Z' - арақашықтық фактор.
Z' арақашықтық фактор қауіпсіздік белгісінің немесе сигналдық белгілеулердің беттерінің жарықтану жағдайлары мен көргіштікке байланысты болады. Арақашықтық фактор көрудің 0,7 деңгейінен төмен болмаған кезде:
300 - 300 лк бастап 500 лк дейінгі жарықтылық мәндерінде жақсы көру жағдайларында;
230 - 150 лк бастап 300 лк дейінгі жарықтылық мәндерінде жеткілікті көру жағдайларында;
120 - 30 лк бастап 150 лк дейінгі жарықтылық мәндерінде қолайсыз көру жағдайларында кем болмауы қажет.
5) қарама-қарсы ақ түспен (немесе топтық қауіпсіздік белгілерінде көк, қызыл, жасыл түстермен) орындалған жазудың шрифтінің ең төменгі биіктігі техникалық регламенттің (2) формуласы бойынша алынған Н' қара түсті жазу шрифтінің ең төменгі биіктігінен 25% үлкен болуы керек.
6) жолдың негізгі сызықтарының арасындағы аралықты, әріптер мен шрифттердің өлшемдерін, түсіндірме жазулардың әріптері мен сөздерінің арасындағы аралықты техникалық регламенттің 18-қосымшасының талаптарына сәйкес орындау ұсынылады.
4.5. Құрылмалар мен материалдарға қойылатын талаптар
48. Құралма материалдары қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді орындау түрін, орналастыру шарттарының ерекшелігін ескеріп таңдалуға тиіс.
49. Қауіпсіздіктің көлемді белгілері мен сигналдық белгілеулердің құрылмалары барлық қосылу тұрқыларының тығыздығы мен беріктігін, бекітпелердің сенімділігін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде жинақтау мен бөлшектеудің жеңілдігін қамтамасыз етуге тиіс; электрлік қосылыстар орындарына оңай қолжетімділігі болуы керек.
50. Сыртқы немесе ішкі электрлік жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің құрылмаларын ЭОЕ 6-бөлімінің талаптарын есепке ала отыра орындау керек.
51. Ішкі жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері электрмен жабдықтаудың апатты көзіне, ал өрт гидранттарының белгі-көрсеткіштері - сыртқы жарық беру желісіне қосылған болуы және жарық бейненің барлық өрісі бойынша біркелкі таралатын болуы керек.
Тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе жақсы көрінбейтін жағдайларда пайдаланылатын қауіпсіздік белгілері жарықтандырылуы керек немесе жарық қайтаратын беті болуы қажет. Тәуліктің қараңғы мезгілінде қауіпсіздік белгілерінің, қосымша белгілердің көрінуін қамтамасыз ететін барлық құрылғылар олардың түстерін өзгертпеуге және тәуліктің жарық мезгілінде көрінуін нашарлатпауға тиіс.
52. Түсі, формасы өзгерген, бұзылған және (немесе) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкессіздігі кезінде объектілердің белгіленуін сигналдық түстерге және қауіпсіздік белгілерінің түстік өңдеуіне жаңарту немесе жаңасына ауыстыру қажет.
53. Жоғарғы ылғалдылық жағдайларында пайдаланылатын қауіпсіздік белгілерінің барлық бөлшектері мен жинақтау бірліктері жегідеге тұрақты материалдардан жасалуы немесе қорғаныш қабаты болуы қажет.
54. Түстік графикалық бейнелер мен түсіндірме жазулар тасымалдаушы-материалдың бетіне тұрақты бояулардың, өздігінен желімделетін, жарық сүзгіш қабыршақтардың көмегімен түрлі технологияларды қолдану жолымен салынуға тиіс.
Қауіпсіздік белгілерінің түстік графикалық бейнелерін трафареттердің көмегімен салған кезде жиегінің жалпы ауданының 4% астам ауданын немесе қауіпсіздік белгісінің жалпы ауданының 1,5% астам далдашаларын боямай қалдыруға жол берілмейді.
55. Өздігінен желімденетін материалдар мен желім қабатының типтерін таңдау орналастыру жағдайларына байланысты жүргізу қажет, сонымен қатар жабысқақтық көрсеткіші:
1) 0,3 кг желім қабатын жабыстыру жүктемесі кезінде ішкі орналастыру материалдары үшін - 200 с;
2) 0,6 кг желім қабатын жабыстыру жүктемесі кезінде сыртқы орналастыру материалдары үшін - 1000 с кем болмауға тиіс.
56. Желім қабатының қорғаныш негізін алғаннан және материалды желім қабатымен жоғары ұстаудан кейін өздігінен желімденетін материалдардың ашуы бөлме температурасында:
10 мин бойы 0,5%;
1440 мин бойы 1,5% аспауы керек.
57. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер судың, қышқылдар мен сілтілердің су ерітіндісінің, жуу құралдарының су ерітінділерінің, майлардың, бензиндердің әсеріне тұрақты болуы қажет.
4.6. Белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерді өндіруде қолданылатын лак-бояу материалдарына, жабындарға және сигналдық және қарама-қарсы түстердің басқа материалдарына қойылатын талаптар
58. Лак-бояу материалдары және жабындары сигналдық және қарама-қарсы түстердің қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің түріне және орындалуына, оларды орналастыру шарттарына сәйкес келуге тиіс.
59. Жабын мен материалдың беттері тегіс, біртекті болуы керек, құрамында бөтен қосылыстар мен ластанулары болмауы керек. Көпіршіктердің, қопсулардың, сызаттардың, кратерлер мен үзілулердің болуына жол берілмейді, жабынның қабаттануына жол берілмейді.
60. Жабын созымтал болуы және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тасымалдаушы-материалдың бетіне 2 баллдан аспайтын тұтасуы болуға тиіс.
61. Лак-бояу жабынының тасымалдаушы-материалдың бетінде кебу деңгейі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін реттеп салу мүмкіндігі болатындай болуы керек.
62. Колометрлік сипаттамалары техникалық регламенттің 2 және 3-қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар мен жабындарды сигналдық және қарама-қарсы түстерді салу мен сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін жасау үшін пайдалануға тыйым салынады.
63. Жарық қайтарғыш материалдар мен жабындардың сыртқы ортаның әсерінен қорғалған элементтерінің жабық жүйесі болуы керек.
64. Фотолюминесцентті материалдар мен жабындар мөлдір полимер қабаттың көмегімен ылғалдың әсерінен қорғалуы қажет.
65. Сигналдық және қарама-қарсы түстердің лак-бояу материалдары мен жабындарының жарыққа жақсы тұрақтылығы болуға тиіс.
4.7. Климаттық факторлардың әсеріне тұрақтылығы бойынша белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
66. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері мына температура аумағында:
минус (40 + 2) 0С бастап плюс (60 + 2) 0С дейін - сыртқы орналастыру үшін (1 санат);
плюс (5 + 2) 0С бастап плюс (60 + 2) 0С дейін - ішкі орналастыру үшін (4 санат) және ауаның 98% салыстырмалы ылғалдылығында УХЛ климаттық орындауында орындалуы қажет.
67. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ауа атмосферасының жегіделік агенттерінің ықпалына шыдауы қажет.
68. Сыртқы орналастыруға арналған сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері атмосфералық жауын-шашынның (қар, шық, жаңбыр), күн сәулесінің, сор тұманының, шаңның әсеріне тұрақты болуға тиіс.
4.8. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін таңбалау мен орауға қойылатын талаптар
69. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін таңбалау және орау Қазақстан Республикасының «Орауға, таңбалауға, этикеткілеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
70. Орналастыру орындарында жинақтаған кезде (орнатқан) қауіпсіздік белгілерін бағдарлау үшін оның жоғарғы қалпына тік жазықтықта таңбалауды орындау ұсынылады.
Жоғарғы қалпын таңбалауға Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес «Жоғары» деген манипуляциялық белгіні қауіпсіздік белгісінің кері бетіне салу жолымен орындауға рұқсат етіледі.
71. Ішкі және сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қосымша таңбалаулары болуы қажет.
72. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері жалпы салмағымен 25 кг-нан аспайтын тақтай, картон немесе фанер жәшіктерге салынуы керек.
Орауда сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің өзара орын ауыстыруы және беттерінің қажалуы болмауы керек.
Сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін жәшікте тек қана тік орналастыру қажет.
73. Өздігінен желімденетін материалдар негізіндегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері желім қабатының кеуіп қалуынан аулақ болу үшін полиэтилен орауларға салынуға тиіс.
74. Сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін орау беткі жағын балауыз жағылған қағазбен және пенопласт қалқандардан жасалған төсемдермен орай отыра орындалады.
75. Ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін орау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес орындалуы қажет.
76. Тасымалдау ыдысын таңбалау, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес «Ылғалдан сақтаңыз» және «Жоғары» деген манипуляциялық белгілермен орындалуға тиіс.
4.9. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар
77. Орап-буылған күйдегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері көліктің барлық түрлерімен жабық вагондарда, кемелердің трюмдерінде немесе жабық палубаларында, жабық автомашиналарда тасымалдануы керек.
78. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін тиеген және түсірген кезде ықтимал соққылар мен бүлінулерден қорғалуы қамтамасыз етілуі қажет.
79. Тасымалдаған және сақтаған кезде сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің су болуына жол берілмейді.
80. Орап-буылған күйдегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері минус 5 0С бастап плюс 30 0С дейінгі температурада және ауаның 45% бастап 60% дейінгі салыстырмалы ылғалдылығында жабық қойма орындарында сақталуы қажет.
81. Ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін тасымалдау мен сақтау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5. Сәйкестік презумпциясы
82. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектілерде орнатылған сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
83. Талаптары осы техникалық регламентте аталған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттар бойынша жасалуы мүмкін.
6. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
84. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері оларды Қазақстан Республикасының нарығына жеткізгенге дейін сәйкестікті растау процедураларынан өтуі қажет.
85. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін анықтау тәртібі «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
86. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін бірдейлендіру олардың сәйкестігі расталған және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргізіледі.
87. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін бірдейлендіруді:
сынақ зертханалары;
сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
өз құзыретінің шегінде бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
7. Үйлес стандарттардың тізбесі
88. Үйлес стандарттардың тізбесі:
1) ҚР СТ ГОСТ Р 12.026-2002 «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер»;
2) ГОСТ 14202-69 «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыржолдары. Таным бояуы, ескерту белгілері мен таңба қалқаншалары»;
3) ГОСТ 17925-72 «Радиациялық қауіп белгісі»;
4) ISO 17398:2004 «Қауіпсіздік түстері мен белгілері. Қауіпсіздік белгілерінің жіктелуі, пайдаланылуы сақталу ұзақтығы»;
5) ISO 7010:2003 «Графикалық символдар. Қауіпсіздік түстері мен белгілері. Жұмыс және қоғамдық орындарда пайдаланылатын қауіпсіздік белгілері».
8. Қолданысқа енгізу мерзімдері және шарттары
89. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
90. Қазақстан Республикасының аумағында ережелері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қатысты бөлігінде сақталады.
91. Осы техникалық регламенттің қолданысқа енгізілуіне байланысты осы техникалық регламенттің талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың ережелері белгіленген тәртіпте түзетілуге немесе жойылуға жатады.
Техникалық регламентке
1-қосымша
Мағыналық мәні, сигналдық түстердің қолданылу
аясы және оларға сәйкес қарама-қарсы түстер
Сигналдық түс | Мағыналық мәні | Қолданылу аясы | Қарама-қарсы түс |
Қызыл | Тікелей қауіп | Қауіпті тәртіптің немесе әрекеттің тыйым салынуы | Ақ |
Тікелей қауіптің белгісі |
Апатты немесе қауіпті жағдай | Жабдықтың (технологиялық процестің) апатты ажыратылуы немесе апатты жағдайы туралы хабар |
Өрт техникасы, өртке қарсы қорғаныш құралдары, оның элементтері | Өрт техникасы, өртке қарсы қорғаныш құралдары, оның элементтерінің белгіленуі және орналасқан жерін анықтау |
Сары | Ықтимал қауіптілік | Ықтимал қауіптіліктің, қауіпті жағдайдың белгіленуі | Қара |
Ықтимал қауіптілік туралы ескеру, сақтандыру |
Жасыл | Қауіпсіздік, қауіпсіз жағдайлар | Жабдықтың қалыпты жұмысы, технологиялық процестің қалыпты жай-күйі туралы хабар | Ақ |
Көмек, құтқару | Эвакуация жолының, қобдишалардың, кабинеттердің, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының белгіленуі |
Көк | Қауіптен аулақ болуға ұйғарым | Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында міндетті әрекеттердің талаптары |
Нұсқау | Белгілі бір әрекеттерге рұқсат беру |
Техникалық регламентке
2-қосымша
Жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерінің колориметрлік
және фотометрлік сипаттамалары
Жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерінің колориметрлік сипаттамалары
1. Материалдардың, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің х, у сигналдық және қарама-қарсы түстілігінің координаттары бұрыштық нүктелерінің мәндері 1-кестеде келтірілген стандартты графигінің рұқсат етілген түстік аудандарының х, у түстілігінің координаттарына (1-сурет) сәйкес келуге тиіс.
2. Материалдардың, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің B сигналдық және қарама-қарсы түстерінің жарықтылық коэффициенттері 1-кестеде айтылған мәндерден төмен болмауы керек.
3. Олардың негізінде жасалған сигналдық және қарама-қарсы түстердің, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдары үшін 2-кесте бойынша шағын түстік аудандардың х, у түстілігінің координат белгілеріне сәйкес шағын түстік аудандар белгіленген.
Артығырақ шағын түстік аудандар сигналдық және қарама-қарсы түстердің колориметрлік сипаттамаларына қойылатын талаптарды арттыру, олардың көзбен қабылдануын жақсарту және пайдалану жағдайларында түсті көзбен қабылдау сәйкестігін сақтау мақсаттарында белгіленген.
4. х, у түстілігінің координаттарын өлшеуді және жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің B жарықтылығының коэффициенттерін анықтауды спектрфотометрмен немесе колориметрмен жүргізген дұрыс.
5. Ішкі электрлік жарықтануы бар қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің түстерінің х, у түстілігінің координаттары бұрыштық нүктелерінің мәндері 1-кестеде келтірілген стандартты графигінің рұқсат етілген түстік аудандарының х, у түстілігінің координаттарына (1-сурет) сәйкес келуге тиіс.
6. Ішкі электрлік жарықтануы бар қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің B жарықтылығының коэффициенттері жарқырамайтын материалдарға арналған 1-кестеде келтірілген мәндерден төмен болмауға тиіс.