Жолақтардың ені табиғи (әдеттегі) және бос көру қабылдауы жағдайларына қарай белгіленеді.
5) сигналдық көк түс:
жарқырайтын (жарықтық) сигналдық индикаторларды және нұсқаулық немесе рұқсат беруге арналған басқа сигналдық құрылғыларды бояу үшін;
ұйғарымдық және нұсқау беретін қауіпсіздік белгілері үшін қолданылуы қажет.
6) сигналдық жасыл түс:
қауіпсіздікті (қауіпсіз орындарды, аймақтарды, қауіпсіз жағдайды);
жабдықтардың қалыпты жұмыс режімі мен технологиялық процестердің жай-күйі туралы хабар беретін декомпрессорлық камераларды, сигналдық шамдардың орналасқан жерлерін;
эвакуация жолдарын;
«ШЫҒУ», «ЕХІТ», «ВЫХОД» деген ақ жазулары бар жарық таблоларға немесе шырақтарға шығуларды;
медициналық және санитарлық мәнді эвакуациялық қауіпсіздік белгілері мен қауіпсіздік белгілерін белгілеу үшін қолданылады.
29. Сигналдық және қарама-қарсы түстердің сипаттамалары
1) сигналдық және қарама-қарсы түстер жарқырамайтын, жарық қайтарғыш және фотолюминесцентті материалдарда, сондай-ақ жарқырайтын (сәулелік) объектілерде (жарықтың сигналдық көздерінде) көзбен қабылданады және суреттеледі.
2) жарқырамайтын, жарық қайтарғыш материалдар мен жарқырайтын объектілердің сигналдық және қарама-қарсы түстерінің колориметрлік және фотометрлік сипаттамалары техникалық регламенттің 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келуі қажет.
3) фотолюминесцентті материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерінің колориметрлік және фотометрлік сипаттамалары техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген талаптарға сәйкес келуі керек.
4) техникалық регламенттің 29-тармағы бойынша беттерді, түйіндер мен элементтерді бояу үшін немесе қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді дайындау үшін пайдаланылатын сигналдық және қарама-қарсы түстердің материалының әрбір түріне техникалық регламенттің 2 және 3-қосымшаларының талаптарына сәйкес осы материалдың бақылау (эталондық) үлгілерін әзірлеу керек және жылтырын, бетінің фактурасы мен материалдың химиялық құрамын ескере отыра рұқсат етілетін түстен ауытқуын белгілеу қажет.
5) бақылау (эталондық) үлгілерін әзірлеген және материалдарда сигналдық және қарама-қарсы түстерді шығарған (өткізген) кезде техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген нұсқауларды пайдаланған жөн.
Сигналдық және қарама-қарсы материалдардың бақылау (эталондық) үлгілері келісілуге және белгіленген тәртіпте бекітілуге тиіс.
4.3. Сигналдық белгілеулерге қойылатын талаптар
30. Сигналдық белгілеулердің түрлері мен орындалуы
1) сигналдық белгілеулер қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ сигналдық және қарама-қарсы түстердің кезектесетін жолақтары түрінде орындалады.
2) сигналдық белгілеуді құрылыс құрылмаларының, ғимараттар мен құрылыстардың элементтерінің, көлік құралдарының, машиналардың, жабдықтардың, механизмдердің беттеріне, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бұйымдар мен заттардың, оның ішінде электрмен жабдықтаудың автономдық немесе апат көздерінен сыртқы немесе ішкі электрлік жарық беруі бар бұйымдардың беттеріне салады.
3) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайлар үшін ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер тиісінше өрт қауіпсіз және жарылыстан қорғалған, ал жарылыс өрт қауіпті үй-жайлар үшін - жарылыстан қорғалған түрде орындалуға тиіс.
4) сигналдық белгілеулерді фотолюминесцентті, жарық қайтарғыш және жарқырамайтын материалдар немесе олардың комбинацияларын қолданып орындайды.
5) сигналдық белгілеулерді жасауға арналған материалдарды пайдалану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
6) ішінде агрессивті химиялық орталары бар өндірістік жағдайларда орналастыруға арналған сигналдық белгілеулер газ тәрізді, бу тәрізді және аэрозольды химиялық орталардың әсеріне шыдамды болуға тиіс.
31. Сигналдық белгілеулердің арналуы және қолдану тәртібі
1) қызыл-ақ және сары-қара сигналдық белгілеулерді:
кедергілерге тап келу қауіптерін, сүріну және құлап қалу қауіптерін;
жүктің, заттардың құлауы, құрылмалар мен олардың элементтерінің бұзылуы мүмкін болатын аумақтарда қалу қауіптерін;
аумақтардың (учаскелердің) химиялық, бактериологиялық, радиациялық немесе басқа да ластану аймақтарында қалу қаупін;
қауіпті өндірістің бақылау-өткізу пункттерін және бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған басқа да орындарды;
өрт қауіпті, апатты, апатты-құтқару, жөндеу, құрылыс және басқа да арнайы жұмыстарды жүргізу орындарын;
түйіндердің құрылыс және сәулет элементтерін (бағаналарды, бұрыштарды және шығыңқы жерлерді) және жұмыс аймағына шығыңқы жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің, арқаулардың элементтерін немесе адамдардың болуы мүмкін кеңістікті;
қозғалыс жолақтарының шекараларын (мысалы құрылыс жұмыстарын жүргізу аймағында жұмыс істейтіндерге арналған өтулер, жол жұмыстарын жүргізу аймағындағы көлік құралдарының қозғалыстары);
алаңдарды, құрылмаларды, аймақтарды және техникалық регламенттің 29-тармағының талаптарына сәйкес келуін;
техникалық регламенттің 29-тармағының талаптарына сәйкес жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің түйіндері мен элементтерін;
спорттық жарыстарды (велотректерді, автомобиль және шаңғы трассаларын) немесе қызықты шараларды өткізу орындарының шекараларын белгілеу мақсатында қолданған жөн.
2) егер кедергілер мен қауіптілік орындары тұрақты болатын болса, олар кезектесетін сары-қара жолақтары бар сигналдық белгілеулермен, егер кедергілер мен қауіптілік орындары уақытша сипатта, мысалы жол, құрылыс және апатты-құтқару жұмыстары болса, қауіптілік кезектесіп келетін қызыл-ақ жолақтары бар сигналдық белгілеулермен белгіленуге тиіс.
3) эвакуация жолында кезектесетін қызыл-ақ жолақтары бар сигналдық белгілеулерді қолдануға тыйым салынады.
4) радиациялық және шартты радиациялық ластанулары бар қауіпті аймақтарды осы техникалық регламенттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгілеу және қоршау қажет.
5) жасыл-ақ сигналдық белгілеулерді қауіпсіз қозғалыс жолақтарының шекараларын белгілеу және эвакуация жолдары бойынша қозғалыс бағытын нұсқау үшін (мысалы «шырша» түріндегі сызықты бағыттайтын) қолданған жөн.
32. Түстік графикалық бейнелеу және сигналдық белгілеулердің өлшемдері
1) сигналдық және қарама-қарсы түстердің жолақтары сигналдық белгілеулерде түзу (тік немесе көлденең), 450 бұрышта көлбеу немесе «шырша» түрінде ирек орналасуы мүмкін.
2) сигналдық белгілеулерде сигналдық және қарама-қарсы түстердің кезектесіп орналасу үлгілері техникалық регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.
3) қызыл, сары немесе жасыл сигналдық түстердің үлесі жолақтардың жалпы ауданынан 50% кем болмауы керек. Қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ түстердің жолақтарының енінің қатынасы тиісінше 1:1 бастап 1,5:1 дейін құрауы керек.
4) s сигналдық түстің жолақтарының ені 20 мм бастап 500 мм шамасында болуға тиіс.
5) f сигналдық белгілеулердің көлденең өлшемі (ені немесе диаметрі) - 20 мм кем болмауы керек.
6) s сигналдық түсі жолағының ені мен f сигналдық белгілеудің көлденең өлшемін:
сигналдық белгілеулердің түрі мен орындалуын;
объектінің өлшемдерін немесе орналасу орнын;
сигналдық белгілеу жеткілікті көрінетін және өзінің мағыналық мәні бойынша танылатын арақашықтықты ескере отыра таңдалуға тиіс.
7) s және f өлшемдерінің шектік ауытқулары ± 3 % аспауы керек.
4.4. Қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
33. Қауіпсіздік белгілері негізгі, қосымша, құрама және топтық болып бөлінеді.
Негізгі қауіпсіздік белгілерінің ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың бір мағыналық мәні болады. Негізгі белгілерді жекелеп немесе құрама немесе топтық қауіпсіздік белгілерінің құрамында пайдаланады.
Қосымша қауіпсіздік белгілерінің ішінде түсіндірме жазуы болады, оларды негізгі белгілермен үйлестіріп қолданады.
Құрама және топтық қауіпсіздік белгілері негізгі және қосымша белгілерден тұрады және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді талаптардың тасымалдаушысы болып табылады.
34. Қауіпсіздік белгілерінің түрлері мен орындалуы.
1) қауіпсіздік белгілері қолданылатын материалдардың түрлері бойынша фотолюминесцентті, жарық қайтаратын, оларды орнату жағдайларына қарай: қауіптілік түріне, ықтимал қауіпті жағдайларға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларына: белгіні орнату орнына, тәулік ішінде жарық беру деңгейі, қауіпсіздік белгісінің түріне қарай ішкі жарық беруі бар немесе жарқырамайтын болуы керек.
2) қауіпсіздік белгілерін жасауға арналған материалдарды қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
3) фотолюминесцентті қауіпсіздік белгілері фотолюминесцентті материалдардан (немесе бір мезгілде фотолюминесцентті және жарқырамайтын материалдарды пайдаланып) жасалуы қажет, табиғи немесе жасанды жарықтың күші қайтқаннан кейін қараңғыда көзге көрінуі және шашыраған жарық кезінде жарқырамауы қажет.
4) фотолюминесцентті қауіпсіздік белгілері табиғи жарық беру және электрлік шамдармен сыртқы жарық берудің көмегімен белгі бетінің 25 лк жарық берудің ең төменгі деңгейінің тәулік бойы қамтамасыз етуі кезінде жарық көздерінің апатты өшуі мүмкін орындарда, сондай-ақ апат, өрт немесе басқа төтенше жағдайлар кезінде қауіпті аймақтан адамдардың өздігінен шығуын қамтамасыз ету үшін фотолюминесцентті эвакуациялық жүйелердің элементтері ретінде қолданылуға тиіс.
5) ішкі жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері жарық болмаған немесе жеткіліксіз болғанда, көру залдарынан және жарық беруі жоқ басқа орындардан эвакуациялық шығуды белгілеу жағдайларында пайдаланылуы керек.
Ішкі жарық беруі бар қауіпсіздік белгілері апатты немесе электрмен қамтамасыз етудің автономды көздеріне қосылуы қажет.
6) эвакуация жолдарында орнатылған өрт қауіпсіздігі белгілері (техникалық регламенттің 12-қосымшасы), эвакуациялық қауіпсіздік белгілері (техникалық регламенттің 13-қосымшасы), сондай-ақ медициналық және санитарлық мәнді қауіпсіздік белгілері (техникалық регламенттің 13-қосымшасы И.2-01 коды) фотолюминесцентті материалдарды қолданып немесе жарық қайтарғыш материалдарда фотолюминесцентті символдар мен түсіндірме жазуларды пайдаланып электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздеріне қосылған сыртқы немесе ішкі жарықтандыру беттеріне орындалуы қажет.
Эвакуация жолдарының бағытын көрсету үшін фосфоресценттеуші материалдардан жасалған меңзерді қолдануға рұқсат етіледі.
7) жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін жарық қайтарғыш материалдардан орындайды (бір мезгілде жарық қайтаратын және жарқырамайтын материалдарды пайдаланып), олар бақылаушы жағынан бағытталған олардың беттерін жарық будасымен (сәулесімен) жарықтандырған кезде көзге сәулеленіп, олардың беттерін бақылаушы жағынан жарық бағытталмаған жарықтандыру кезінде сәулеленбеген болып көрінеді (мысалы жалпы жарықтандыру кезінде).
8) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді жасауға арналған жарық қайтарғыш материалдар мына типтерден болуға тиіс:
1 тип - сыртқы тегіс беті бар жабық мөлдір полимер қабатпен жабылған сфералық линзалардан (микрошынышариктерден) жасалған оптикалық жүйелері бар орташа қарқынды жарық қайтару қабыршықтары;
2 тип - капсулаға жабылған және сыртқы тегіс беті бар жабық мөлдір полимер қабатпен жабылған сфералық линзалардан (микрошынышариктерден) жасалған оптикалық жүйелері бар жоғары қарқынды жарық қайтару қабыршықтары;
3 тип - сыртқы тегіс беті бар жабық мөлдір полимер қабатпен жабылған жалпақ жақты призматикалық линзалар түріндегі оптикалық жүйелері бар қабыршықтар. 3 типті материалдар жарық қайтарудың жоғарғы коэффициенттерімен сипатталуы қажет.
9) 2 және 3 типті жабындардың сыртқы түрінің көрінісі техникалық регламенттің 7-қосымшасында келтірілген.
10) жарық қайтарғыш материалдар:
жарықты ықтимал апатты ажырату бар болғанда, электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздері болмағанда қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер үшін;
тәулік бойы көрудің қолайсыз жағдайлары кезінде қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер үшін (150 лк аспайтын жарықтану кезінде);
сыртқы орналастырудың қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер үшін;
қауіпті аймақтардың, шұңқырлардың, котловандардың, химиялық, бактериологиялық және радиациялық ластанулар орындарының, сондай-ақ кіруге уақытша тыйым салынған басқа да учаскелердің шекараларында орнатылатын уақытша қоршаулардың элементтерінің өндірісі үшін;
ескертетін қауіпсіздік белгілері мен өрт қауіпсіздігі белгілері үшін;
бағаналар, тіреулер, тіректер сияқты құрылыс құрылмаларын, зауыттық ішкі, тиеу немесе басқа көліктердің қозғалысы орындарындағы өтулерді белгілеу үшін;
көлік құралдарының пайдалану кезіндегі қауіпті элементтерін белгілеу үшін;
жол-құрылыс машиналары мен көліктік-көтеру жабдықтары үшін;
жеке жарық көздерін (туннельдер, шахталар мен метролар) пайдаланып жұмыстар жүргізу орындарында;
аэропорттардағы қауіпсіздік белгілері, қосымша белгілер және сигналдық белгілеулер үшін қолданылуға тиіс.
11) жарық қайтармайтын қауіпсіздік белгілерін жарық қайтармайтын материалдардан жасайды, олар өздеріне түсетін табиғи немесе жасанды жарықтарды шашырату есебінен көзбен қабылданады.
12) жарық қайтармайтын материалдарды пайдаланып жасалған қауіпсіздік белгілерін тәулік бойы жақсы әрі жеткілікті жарықтану жағдайларында ғана қолданған жөн (жарықтану деңгейі 150 лк астам).
35. Қауіпсіздік белгілері құрылмалық орындалуы бойынша жалпақ немесе көлемді болуға тиіс.
Жалпақ қауіпсіздік белгілері бір жағынан (бір жақты), сонымен қатар екі жағынан да (екі жақты) бейнелеумен жасалуы керек.
Көлемді белгілердің тиісті, көп жақты жағынан екі және одан да көп түстік графикалық бейнесі болуы қажет (мысалы тетраэдр, пирамида, текше, октаэдр, призма немесе параллелепипед жақтарында).
Көлемді белгілердің түстік графикалық бейнесі екі және одан да көп түрлі бағыттарда бақылануға тиіс.
Көлемді қауіпсіздік белгілерінің беттерінің сыртқы немесе ішкі электрлік жарықтануы (жарық беруі) болуы қажет.
Сыртқы немесе ішкі жарықтануы бар қауіпсіздік белгілері электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздеріне қосылған болуы керек.
Сыртқы орналастырудың жалпақ және көлемді қауіпсіздік белгілері сыртқы электр жабдықтау желісінен жарықтануы қажет.
36. Бетіне қауіпсіздік белгісінің түстік графикалық бейнесін салатын тасымалдаушы-материал ретінде металдарды, пластиктерді, силикат немесе органикалық шыныларды немесе басқа материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
37. Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайларға арналған сыртқы немесе ішкі электрлік жарықтануы бар белгілер тиісінше өрт қауіпсіз және жарылыс қауіпсіз орындауда, ал жарылыс өртқауіпті үй-жайлар үшін - жарылыстан қорғалған орындауда орындалуы керек.
38. Қауіпсіздік белгілерінің қорғаныш деңгейі ЭКОЕ талаптарына сәйкес жарылыс - және өрт қауіптілік бойынша оларды орнату орындарының санаттарына сәйкес келуге тиіс.
39. Ішінде агрессивті химиялық орталары бар өндірістік жағдайларда орнатуға арналған қауіпсіздік белгілері газ тәрізді, бу тәрізді және аэрозолды химиялық ортаның әсерлеріне шыдамды болуы қажет.
40. Түсіндірме жазулар мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылуға тиіс.
41. Қауіпсіздік белгілерін қолдану ережелері
1) қауіпсіздік белгілері мына талаптарды сақтай отыра орналасуы керек:
қоршаған ортаны көзбен табиғи және еркін қабылдау жағдайларында олар арналған адамдардың көру шегінде орналасуы;
табиғи және (немесе) жасанды жарық беру кезінде оны қоршаған фонда жақсы көрінуі;
назарды аудармауы және адамдардың өзінің кәсіби немесе басқа қызметтерін орындаған кезінде қолайсыздықтар тудырмауы;
өту жолдарын, өтпелерді бөгемеуі, жүктерді тасымалдауға кедергі келтірмеуі;
өзі жататын объектіге тікелей жақын орналасуы;
бөтен заттармен бөгелмеуі және қауіп тудырмауы;
эвакуациялық шығуларды, өрт техникасының және (немесе) автоматикасының орналасқан жерін көрсететін аттас қауіпсіздік белгілерінің арасындағы арақашықтық 60 м аспауға тиіс.
2) қақпаларда және үй-жайлардың кіру есіктерінде орналасқан қауіпсіздік белгілері осы белгілердің күшінің аймағы барлық аумаққа және қақпалар мен есіктердің алаңына таралатынын білдіреді.
Қауіпсіздік белгілерін қақпалар мен есіктерде орналастыру кақпалардың немесе есіктердің қалпына байланысты болмайтын (ашық, жабық) белгіні қабылдауды ескере отыра орындалуы қажет. «Шығу» және «Қосымша шығу» деген эвакуациялық қауіпсіздік белгілері шығуға апаратын есіктердің үстінде ғана орналасуы керек.
Объектіден (учаскеден) кіруде (шығуда) орналасқан қауіпсіздік белгілері олардың күші объектіге (учаскеге) тұтастай таралатынын білдіруі тиіс.
Жекелеген учаскелердегі және (немесе) үй-жайлардағы қауіпсіздік ережелері мен талаптарын сақтаған жағдайда олар үшін кәсіпорын (объекті, учаске, үй) үшін тұтастай тыйым салынған белгілі бір жұмыстарды (әрекеттерді, қызметтерді) орындауға рұқсат беретін қауіпсіздік белгілерін орнатуға рұқсат беріледі.
Қажет жағдайда қауіпсіздік белгілерінің қолданылу аймағын шектеу керек, сәйкес нұсқауды қосымша белгіде түсіндірме жазуда келтірген жөн.
3) орналастыру орындарында жинақтаған (орнатқан) кезде тік жазықтықта қауіпсіздік белгілерін бағдарлау белгінің жоғарғы қалпын таңбалау бойынша келтіреді.
4) қауіпсіздік белгілерін оларды орнатқан орындарда бекіту үй-жайлар мен жабдықтарды механикалық жинау уақытында оларды сенімді ұстап тұруды, сондай-ақ ықтимал ұрлап кетуден қорғауды қамтамасыз ету үшін бұрандалар, тойтарма шегелер, желім немесе басқа тәсілдер мен бекіту тетіктерінің көмегімен жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Жарық қайтарғыш материалдарды қолданып жасалған қауіпсіздік белгілерін бекіту элементтері олардың беттерін бүлдірмеуі және осы техникалық регламентте белгіленген сипаттамаларды нашарлатпауы қажет. Айналып тұрған бекіту элементтерінің бастиектерін жарық қайтару беттерінен бөліп тұруға арналған нейлон тығырықтарды қолдануға рұқсат етіледі.
42. Негізгі және қосымша қауіпсіздік белгілері
1) негізгі қауіпсіздік белгілер мынадай топтарға бөлінеді:
тыйым салатын белгілер;
ескерту белгілері;
өрт қауіпсіздігі белгілері;
ұйғарым белгілері;
эвакуациялық белгілер және медициналық және санитарлық мәнді белгілер;
нұсқау белгілері.
2) қауіпсіздік белгілерінің геометриялық формасы, сигналдық түсі, мағыналық мәні техникалық регламенттің 8-қосымшасында келтірілген кестеге сәйкес келуге тиіс.
43. Негізгі және қосымша қауіпсіздік белгілерінің түстік графикалық бейнелері мен өлшемдері
1) қауіпсіздік белгілерінің ауданы сары немесе ақ жиектермен шектеледі. Жиек белгілерді орнату орындарында қоршаған фоннан қарама-қарсы бөліп тұру үшін қолданылады.
2) түстік графикалық бейнелердің негізі мен тыйым салатын қауіпсіздік белгілерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасының 1-суретіне сәйкес келуі керек.
Сигналдық қызыл түсінің үлесі тыйым салатын белгілердің жалпы ауданынан 35% кем болмауға тиіс.
Көлденең қызыл жолақ көлденеңге 450 бұрышта төменнен оң жақ үстінен көлбеу орындалады.
Көлденең қызыл жолақ белгінің графикалық символымен үзілмеуі керек.
Графикалық символ қара түсті болуы қажет.
Белгінің ортасында түсіндірме жазуы бар тыйым салатын белгілерді қолдануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар көлденең қызыл жолақты салмайды. Жазу қара немесе қызыл түспен орындалуы қажет.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және тыйым салатын қауіпсіздік белгілерін қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 9-қосымшасында белгіленген.
3) түстік графикалық бейнелердің негізі мен ескертетін қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 2-суретке сәйкес келуі керек.
Белгінің жалпы ауданынан сигналдық сары түстің үлесі 50 %-нан кем болмауға тиіс.
Графикалық символ қара түсті болуы қажет.
Жиектің түсі сары немесе ақ болуы қажет.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және ескертетін қауіпсіздік белгілерін қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 10-қосымшасында белгіленген.
4) түстік графикалық бейнелердің негізі мен кеңес беретін қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 3-суретке сәйкес келуі керек.
Сигналдық көк түс белгінің жалпы ауданының 50% кем болмауға тиіс.
Кеңес беретін қауіпсіздік белгілерінің графикалық символы ақ түсті болуы керек.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және кеңес беретін қауіпсіздік белгілерін қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 11-қосымшасында белгіленген.
5) түстік графикалық бейнелердің негізі мен өрт қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 4-суретке сәйкес келуі керек.
Сигналдық қызыл түс белгінің жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиіс.
Өрт қауіпсіздігі белгілерінің графикалық символы ақ түсті болуы керек.
Өрт қауіпсіздігі белгілерінде түсіндірме жазу салуға рұқсат етіледі. Жазу қызыл фонда ақ түспен немесе ақ фонда қызыл түспен орындалуы мүкін.
Тік бұрыш формасындағы өрт қауіпсіздігі белгісінің сол жақ бөлігіне өртке қарсы қорғаныш құралдарын (оның элементтерін) бейнелейтін графикалық символды, ал оң жақ бөлігінде - түсіндірме жазуды жазу қажет.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және өрт қауіпсіздік белгілерін қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 12-қосымшасында белгіленген.
6) түстік графикалық бейнелердің негізі мен эвакуациялық қауіпсіздік белгілері мен медициналық және санитарлық мәнді қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 5-суретке сәйкес келуі керек.
Сигналдық жасыл түс белгінің жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиіс.
Кеңес беретін қауіпсіздік белгілерінің графикалық символы мен эвакуациялық қауіпсіздік белгілері мен медициналық және санитарлық мәнді қауіпсіздік белгілерінің түсіндірме жазуы ақ түсті болуы керек.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және эвакуациялық қауіпсіздік белгілері мен медициналық және санитарлық мәнді белгілерді қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 13-қосымшасында белгіленген.
7) түстік графикалық бейнелердің негізі мен нұсқау қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 6-суретке сәйкес келуі керек.
Сигналдық көк түс белгінің жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиіс.
Кеңес беретін қауіпсіздік белгілерінің графикалық символы ақ түсті болуы керек.
Нұсқау қауіпсіздік белгілерінің графикалық символы мен түсіндірме жазуы ақ түсті болуы керек.
Кодтары, түстік графикалық бейнелері, мағыналық мәндері, орналастыру (орнату) орындары және нұсқау қауіпсіздік белгілерін қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 14-қосымшасында белгіленген.
8) түстік графикалық бейнелердің негізі мен қосымша қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерінің қатынасы техникалық регламенттің 8-қосымшасындағы 7-суретке сәйкес келуі керек.
Қосымша қауіпсіздік белгілерін негізгі қауіпсіздік белгілерімен үйлестіріп қолданған және негізі қауіпсіздік белгілерінің күшін нақтылау, шектеу немесе күшейту қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ақпарат үшін қолданған жөн.
Қосымша қауіпсіздік белгілерін негізі қауіпсіздік белгілерінен төмен немесе оң жағынан немесе сол жағынан орналастыруға рұқсат етіледі.
Қосымша белгінің ұзындығы диаметрінен немесе қауіпсіздік белгісінің сәйкес жақтарының ұзындықтарынан аспауға тиіс, сонымен катар олардың арасында ені 0,02 диаметр саңылау немесе белгінің жақтары қалуға тиіс.
Қосымша қауіпсіздік белгілерінің формасы - тік бұрыш; негізгі бетінің түсі - техникалық регламенттің 8-қосымшасының кестесінде келтірілген негізі қауіпсіздік белгісінің түсіне сәйкес немесе ақ; жиегінің түсі - қара немесе қызыл; көмкермесінің түсі - ақ немесе сары (сары түстің негізі беті үшін).
Қызыл, көк немесе жасыл негізгі беттері бар қосымша белгілерге көмкерме салмайды.
Ақ немесе сары негізгі беттері бар қосымша белгілерді көмкермесіз орындауға рұқсат етіледі.
Түсіндірме жазба мен меңзерлер қара (ақ немесе сары негізгі беттер үшін) және ақ (қызыл, көк немесе жасыл негізгі беттер үшін) болуға тиіс.
9) тік бұрышты қауіпсіздік белгілерінде графикалық символдар мен түсіндірме жазуларды b жағына қатысты тік, сондай-ақ көлденең орналастыруға рұқсат етіледі.
10) тыйым салатын белгілерді, ескертетін, кеңес беретін қауіпсіздік белгілерін шаршы формалы материал - тасымалдаушының бетіне салуға рұқсат етіледі. Шаршының қабырғасы үлкен немесе: