«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау бойынша келісім-шарт жасау.
Соңғы нәтиже:
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжатын бекіту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, аймаққа инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру.
Уақтылығы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту бағдарламасын орындау.
Сапасы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар тарапынан арыздардың болмауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
19-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
338-3-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
062 «Астана қаласының бюджетіне коммуналдық техниканы сатып
алуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығы, «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы, «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы, «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы, «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қала көшелерін, парктерін, скверлері мен қала ішілік абаттандырудағы үздіксіз ағымдағы ұстап тұруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қысқы-жазғы уақытта қаланы тиісті түрде уақтылы қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 062 | | Астана қаласының бюджетіне коммуналдық техниканы сатып алуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер | Астана қаласы үшін коммуналдық техниканы сатып алуға бағытталған Астана қаласының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі. |
7. Бюджеттік бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: коммуналдық техниканы сатып алу.
Соңғы нәтиже: астанадағы заңсыз қоқыстарды уақтылы әкетуді қамтамасыз ету, Астана қаласының көшелерін, сондай-ақ, жаңа әкімшілік орталығын тазарту жөніндегі жұмыстар.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орындалатын жұмыстардың өнімділігі артады.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу мен жасалған шарттардың кестесіне сәйкес орындау.
Сапасы: қысқы және жазғы уақытта қаланы тазартудың деңгейі мен сапасы артады, сөйтіп, халық үшін экологиялық таза қала ортасын құруға жәрдемдесеміз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
20-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
363-1-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 697505 мың теңге (алты жүз тоқсан жеті миллион бес жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері: «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымындағы Заңы; «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.5-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қаржы сауаттылығын арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықтың барлық деңгейлерінде өз бюджеттерін жоспарлауда және қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануда білім деңгейін көтеру, қор, сақтандыру, зейнетақы, банк нарықтары мәселелерін кең түсіндіру, ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру | Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Жарнамалық және түсіндірмелік іс-шараларды жүргізу және аймақтарда трансферагенттік желіні қолдану арқылы қалың бұқара топтарының қатысуын қамтамасыз ету. Қаржылық сауаттылықты арттыруға және инвестициялық мәдениетті көтеруге бағытталған мәселелер бойынша аудио- және телероликтер, бағдарламалар мен фильмдерді орыс және қазақ тілдерінде әзірлеу және орналастыру. Ақпараттық-білім беру орталықтарының қызмет етуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Сыртқы жарнаманы орналастыру және шығару. Жарнамалық және оқыту полиграфиялық өнімдерін (кітапшалар, буклеттер) өндіру және тарату. Семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Қор нарығының сұрақтары бойынша арнайы электрондық порталды, жалпыұлттық call-центрді ашу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру - банк жүйесінің тұрақтылығын көтеру;
жеке зейнетақы жинақтарын ынталандыру;
қор нарығында инвестициялау механизмдерін қолданатын халық үлесін көтеру;
экономикалық дамытуды жеделдету мақсатында экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту.
Соңғы нәтиже: халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту.
Уақтылығы: белгіленген кестелерге сәйкес іс-шараларды өз уақтылы орындау.
Сапасы: халықтың өз қаржы құралдарына және жалпы мемлекеттің қаржы жүйесіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға қол жеткізу.