Соңғы нәтиже:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 853 теңгені құрайды.
Уақтылығы:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақытылы төлеу.
Сапасы:
барлық оқушылардың 70 пайызын стипендиямен қамтамасыз ету.
* Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
262-2-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мннистрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу»
деген 080 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70000 мың теңге (жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2001 жылғы 9 шілдедегі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ету. Білім саласын және оның тиімді дамуын, өзекті зерттеулер жолы және бәсекелестікті жоғарылату механизмі негізінде анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 080 | | Білім саласын- дағы өзекті мәселелерді зерттеу | Білім секторын дамыту мәселе- лері бойынша өзекті зерттеулер жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша аналитикалық зерттеу;
есептер жасалады және методикалық ұсыныстар құрылады.
Соңғы нәтиже:
Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының және Қазақстан Республикасы азаматтарының ақпаратқа қол жетімділігін жоғарылату. Білімнің тиімді дамуын қамтамасыз етуге ұсыныстар мен әдістерін дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге - 70 000,0 мың теңге.
Уақтылығы:
белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
Тапсырыс берушінің талабына сәйкес зерттеудің сапа деңгейін қамтамасыз ету. Білім саласындағы аса маңызды жеке мәселелерді қамту және оны тиімді шешуге әсер ететін ұсыныстарды жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
281-1-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1026440 мың теңге (бір миллиард жиырма алты миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімді стратегиялық қажеттілігін қанағаттандыруға, халық денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған тиімді қолданылып жүрген кәсіптік білім және медициналық ғылым жүйесін құру үшін медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласында мамандарды даярлауға жағдай жасау және жақсарту үшін білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту арқылы инфрақұрылымды құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
р/с № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Білім беру объектілерін салу және қайта жаңар- ту | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сома шегінде Астана қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейтуді және қайта жаңартуды аяқтау, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында бұрын бөлінген жер учаскесінде спорт және дәріс залын салу және Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында өзінің аумағында 4 қабатты оқу корпусын салу жөніндегі іс-шараларға бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру. | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейтуді және қайта жаңартуды аяқтау, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында бұрын бөлінген жер учаскесінде спорт және дәріс залын салу және Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында өзінің аумағында 4 қабатты оқу корпусын салу жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
7-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-1-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың жарғылық капиталын құру»
деген 062 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 223 900 мың теңге (екі жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік қүқықтык негізі: «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ұлттық медициналық холдинг құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: »Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 062 | | «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың жарғылық капиталын құру | «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ұлтық ғылыми орталығы» АҚ жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ құрылған жарғылық капиталдары және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Соңғы нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарлықшы капиталдары мөлшері - 223900 мың теңге.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
8-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-2-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия
төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 063 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32439 мың теңге (отыз екі миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы; «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту кезеңінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: стипендияны нормативке дейін жеткізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 063 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендия төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиясын 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу үшін республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиялары мөлшерінің айырмашылығын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету. | Қыркүй- ек-жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау министрлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімде- рі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде білім алушылардың стипендияларының мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу.
Облыстар бойынша стипендиаттардың орташа жылдық контингенті 7783, соның ішінде: Ақмола облысы - 286, Ақтөбе облысы - 432, Алматы облысы - 244, Атырау облысы - 345, Шығыс Қазақстан облысы - 640, Жамбыл облысы - 738, Батыс Қазақстан облысы - 521, Қарағанды облысы - 560, Қостанай облысы - 306, Қызылорда облысы - 448, Маңғыстау облысы - 233, Павлодар облысы - 371, Солтүстік Қазақстан облысы - 199, Оңтүстік Қазақстан облысы - 1272, сондай-ақ Алматы қаласы - 435 және Астана қаласы - 753.
Соңғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімінің сапалы көрсеткішін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 оқушының стипендиясын төлеудің ай сайынғы айырмашылығы орташа есеппен 853 теңгені құрайтын болады.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиялары мөлшерінің айырмашылығын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: білім алушылардың жалпы контингенті ішінен стипендиямен қамтамасыз етілуі орта есеппен 81 пайыз.
Ескертпе:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
9-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-3-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер»
деген 064 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 998-35қ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өзекті зерттеу негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті және оларды тиімді дамытуды арттырудың жолдары мен тетіктерін анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 064 | | Денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер | Медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулер жүргізу бойынша қызметке төлеу | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есептер қалыптастырылатын болады, әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады, медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасы әзірленетін болады және денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулердің нәтижелері енгізілетін болады.
Соңғы нәтиже: Денсаулық сақтау ұйымдары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулер - 37000,0 мың теңге;
медициналық холдингті құру және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу - 43000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттар сәйкес.
Сапасы: Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес зерттеулердің сапасы деңгейін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген барынша өзекті мәселелерді қамту, өзекті зерттеулер мен оларды шешуге ықпал ететін ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
10-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
309-1-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен
жабдықтауды қамтамасыз ету»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5159945 мың теңге (бес миллиард жүз елу тоғыз миллион тоғыз жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын (бұдан әрі - ЖМАЭС) қосу және оңтүстік өңірлерде туындаған электр энергиясының жетіспеушілігін жабу мақсатында оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары үшін отын жеткізілімі бойынша шығындардың өтемақы жолымен электр энергиясына тұрақты тарифтерді сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны орындау жөніндегі іс шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | 026 | Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету | «ЖМАЭС» АҚ қаражаттарын аудару: 1) отын жеткізілімі үшін шығындарды өтеу; 2) 2008 жылғы электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтауға қажетті отынның құны мен тасымалдау шығыстарын ескеріп, Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар үшін отын сатып алу бағасының арасындағы айырманы жабу. | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республика- сының Энерге- тика және минералдық ресурстар минист- рлігі, «ЖМАЭС» АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ҚҚС табиғи газды бағалау кезінде 4175 млн. кВтс-қа дейінгі көлемде (15 ақпаннан 31 желтоқсанға дейін) ЖМАЭС шиналармен бірге электр энергиясын жіберу ($ есептеу курсы бойынша 121,5 теңге) 85 $ мың.н.м.куб. және/немесе резервтік отынды (мазут) пайдалану.
Соңғы нәтиже: күтілетін «ең жоғары» Оңтүстік Қазақстанды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өндірілген электр энергиясына белгіленген тарифтерді сақтау.
Уақтылығы: шартқа сәйкес.
Сапасы: Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының тұрғындарын электр энергиясымен жабдықтау қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
11-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-1-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
053 «Атырау облысында бірінші интеграцияланған мұнай-химия
кешенін салуға «Қазына» орнықты даму қоры АҚ-на кредиттік
ресурстарды беру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10000000 мың теңге (он миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «2030 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі әрі қарай қолдану іс-шаралары туралы» 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 Жарлығы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы; «2008-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін қалыптастыру және алғашқы қазақстандық мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қосылған құн тізбегі бойынша әлемдік жетістіктерге сәйкес тауарлық мұнай-химия өнімін шығарып, көмірсутек шикізатты терең тазалау және кешенді өңдеу бойынша инновациялық технологияларды және жұмыс істейтін өндірістерді құрумен, Қазақстанның мұнай-химия саласының жедел дамуы, мұнай-химия өнімдерінің өндірісі мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне бірігуі, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық өнімді құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- алғашқы біріккен мұнай-химия кешені үшін инфрақұрылымды құру;
- жетекші әлемдік инвесторлардың қатысуымен мұнай-химия кәсіпорындары үшін шикізат қорларының отандық базасын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Рет- тік № | Бағдарла- маның коды | Кіші бағдар- ламаның коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаның) іске асыру жөніндегі іс-шаралары | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | Атырау облысында бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін салуға «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-на кредиттік ресурстарды беру | Атырау облысында бірінші интеграцияланған мұнайхимия кешенін салуға «Қазына» тұрақты дамыту қоры» АҚ арқылы «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ды несиелеу | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «Қазына» ТДҚ», «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді бастау;
- мұнай-химия кешеніндегі су құбырының құрылысы;
- пайдалану кезеңіне вахталық қалашықтың құрылысы;
- мұнай-химия кешеніне жүріп-өту асфальт төселген жолдардың (теміржол, автожол) құрылысы;
- мұнай кешенінде сұрыптау т/ж станциясының құрылысы;
- турбиналық газ электр станциясының құрылысы;
- УСГ-ға құбырларды есепке алумен газды сепарациялау алаңынан Қарабатан ст. зауытқа дейін этан, пропан магистральдық құбырының құрылысы;
- МХЗ-дағы отын газы құбырының құрылысы;
- трасса бойындағы ВЛ 10 кВ құрылысы.
Соңғы нәтиже:
Өндірістік қуаты жылына 1,25 млн.тоннаны құрайтын бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін іске кіргізу. Жобаның шеңберінде түйіршектелген полиэтилен (жылына 800000 тонна) және полипропилен (жылына 450 000 тонна) өндірісі жоспарлануда;
- мұнай-химия кәсіпорындары үшін құрылыстың нысанды инвестициялық жобасын іске асыру есебінен, жаңа мұнай-химия кешендерін құрып, республикадағы мұнай- және газ өңдеу қуаттылығы бар үлгілендіру және технологиялық жаңарту негізінде шикізат қорларының отандық негізін құру;
- қазіргі уақытта өртенетін алаулардағы атмосфералық ауаға зиянды заттардың нормадан тыс тастамасы, ілеспелі газдың маңызды көлемін өңдеу.