Қаржы-экономикалық нәтиже: жаңа мұнай-химия өнімін өткізу, ұлттық мұнай-химия кешені дамуы мұнай-химия өнімін экспортқа шығару арқылы.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарына сәйкес.
Сапасы: Қазақстанда мұнай-химия өнімінің тиімді нарығын қалыптастыру, шикізат емес сектордың дамуына бағытталған өндіріс көлемдерінің ұлғаюымен ел экономикасы құрылымының жан-жақты дамуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
12-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-2-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Бейнеу-Шымкент магистралді газқұбырының желілерін дамыту»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: »Қазақстанның 2030 жылға дейін Стратегиялық даму жөніндегі іс шаралардың жүзеге асырылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 жарлығы; «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 669 қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның оңтүстік өңірінің табиғи газ мұқтаждығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: »Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистралды газ құбыры құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуінің басталуын қамтамасыз ету, «Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистралды газ құбырының құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін инженерлік іздеулерді өткізу, инженерлік желілерді қосу және қиылысындағы техникалық жағдайды алу және бөлінген жерді таңдау және рәсімдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны орындау жөніндегі іс шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламалардың атауы | Бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | 054 | «Бейнеу-Шымкент магистралді газ құбырының желілерін дамыту | «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастау | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Бейнеу-Бозой-Самсоновка» («Бейнеу-Шымкент») магистральдық газ құбырын салу жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастау.
Соңғы нәтиже: 2011 жылы объекттің І-ші кезегі пайдалануға берілгеннен соң 5 млрд. текше метр көлемде Қазақстанның оңтүстік өңірінің табиғи газ мұқтаждығын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстанның оңтүстік өңірінің тұрғындарының тұрмысының деңгейін жоғарлату, арзан экологиялық таза жанармайды пайдалану арқасында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру. Табиғи газ жеткізуді диверсификациялау.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарына сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының ҚНМЕ-не сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
13-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-3-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге кіші қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз
етуге берілетін ағымды нысаналы трансферттері»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейін Стратегиялық даму жөніндегі іс шаралардың жүзеге асырылуы туралы» жарлығы; «Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 Қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жамбыл облысының Қаратау және Жаңатас қалалардың тұтынушыларын үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге. Бу қазандығын сатып алуға және үшінші көтерім жинау сыйымдылығын ауыстыру сапалы жылу энергиясының тасымалдауын қамтамасыз етеді. Газ-мазуттық жанарғыларды қайта құру отын май шығыстары қысқарады, жылу жоғалтуды азайтып және котельнидің ПӘК-тін ұлғайтады.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Қазақстанда электрэнергетикалық саланың дамуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны орындау жөніндегі іс шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламалардың атауы | Бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | 056 | Облыстық бюджеттерге кіші қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге берілетін ағымды нысаналы трансферттері | Жамбыл облысының облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттерді беру: - отын сатып алу; - бу қазандығын сатып алу, - жинақтау сыйымдылығын ауыстыру; - газ-мазут шілтерлерін жаңғырту; - қазандықты күрделі жөндеу. | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын жылумен қамтамасыз ету үшін отынды сатып алу;
- Жамбыл облысының Қаратау қаласының орталық қазандығындағы бу қазанын жөндеу, жинақтау сыйымдылығын ауыстыру, газ-мазут шілтерін жаңғырту, Жаңатас қаласының орталық қазандығының бу қазанын күрделі жөндеу.
Соңғы нәтиже: Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларында тиімді жұмыс істеу және жылумен жабдықтау қызметтерін үзіксіз ұсынуы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділікке жылумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мен жылу шығынын және отын шығынын төмендету арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстың жоспар-кестесіне сай.
Сапасы: тұтынушыларға жылу энергиясын үздіксіз және сапалы жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
14-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-4-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Экономика салаларын энерготиімділігінің деңгейін ұлғайту»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 25 желтоқсандағы 7, 11-баптары, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9 шілдедегі 2004 жылғы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның салаларында (ұйымдарда) энерго тиімділігін зерттеу мен анықтау, өнімнің энергосыйымдылығын белгілеу кейіннен кәсіпорындардың энергетикалық төлқұжаттарын дайындау мақсатында жүргізу».
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- лар- лама коды | Бағда- рлама коды | Бағдарламала- рдың атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 057 | | Экономика салаларының энерготиімділігінің деңгейін ұлғайту | 1. Қазақстан Республикасының салаларын (ұйымдарын) энергия тиімділігін зерттеу. 2. Қолайлы іс-шаралардың кешені салалар кесігі, ұйымдардың және жалпы елдің талдау моделін әзірлеу. 3. 2030 жылға дейін сандық көрсеткіштерге нұсқап энергетикалық төлқұжаттарын дайындау және оларды қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар. | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:
Тікелей нәтиже: Ұйымның салаларына энергетикалық тиімділігіне энергетикалық зерттеу қорытындысын талдау. Тұтас еліміз бойынша өнімнің және ІВӨ энергосыйымдылығын кезең-кезеңімен төмендеткен энерготиімді энергетикалық төлқұжаттардың бары.
Соңғы нәтиже: Салалардың энерготиімділігі шынайы деңгейін ерекшелеу. Өнімнің меншікті энергосыйымдылық параметрлерін төмендеуін анықтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Электрэнергетикалық және мұнай-газ кешендерінің, мұнай химия, құрылыс пен құрылыс индустриясының, тау өндіруші мен металлургия кешендерінің, экономиканың басқа да салаларында өнімнің меншікті энергосыйымдылығын анықтауды зерттеумен қамту.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: Халықаралық талаптарға сәйкес отын-энергетикалық кешені өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ғылыми-техникалығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
15-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
314-5-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электронды үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 58250 мың теңге (елу сегіз миллион екі жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы; «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 293 тармағы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік басқару жүйесіне қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- лар- лама коды | Кіші бағда- рлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электронды үкімет құру | 1. ҚР ЖҚП ББМЖ басқару жүйесіне ORACLE тұғырнамасын енгізу үшін жобалау алдындағы зерттеулерді жүргізу. 2. ORACLE тұғырнамасына талаптар ерекшеліктерін дайындау. 3. ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйесінің ORACLE тұғырнамасына көшу үшін техно-жұмыстық жобасын дайындау. 4. ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйесінің ORACLE тұғырнамасында макеті дайындалады және тестік сынақтар жүргізу | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйесінің ORACLE тұғырнамасында макеті дайындалады.
Соңғы нәтиже: жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін жедел бақылау негізінде экономиканың өндіруші салаларының экономикалық тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің Қазақстан Республикасы ақпараттық технологияларының стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік ISO 17799:2005 және ISO 27001:2005 жаңа халықаралық стандарттарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
16 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
327-1 ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
2008 жылға арналған
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытуға Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімдігіне дамуға берілетін мақсатты трансферттер»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1992936 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша шұғыл іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 Қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 279 Қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 439 Қаулысы; «2007-2015 жылдарға арналған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 895 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тоқыма өнеркәсібін дамыту, Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін белсендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жіп иіру, тоқыма және тігін өндірістерінің, дайын өнім өндірістерінің 15 жаңа кәсіпорындарының құрылысы үшін тоқыма секторына инвесторларды тарту бойынша қолайлы инвестициялық жағдай мен инфрақұрылымды құру; дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту; тиімділігі жоғары өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасы мен ассортиментін жақсарту.
6. Бюджеттік багдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
п/п № | Бағдар- лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама атауы (кіші бағдарлама) | Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар (кіші бағдарлама) | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытуға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне дамуға берілетін мақсатты трансферттер | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының дамуына нысаналы трансферттердің аударылуы - ішкі инженерлік желілердің құрылысы (су жабдықтау, канализация, электрлендіру, телефондандыру, газдандыру); ОҚО «Оңтүстік» АЭА» на әкелінетін инженерлік коммуникациялық желілер құрылысының аяқталуы (су құбыры және канализация); 220/10 кВ кіші станциясының және кіріс-шығыс Вл-220 кВ құрылысының аяқталуы; 220/10 кВ кіші станциясындағы алғашқы іске қосу жұмыстарын өткізу; ОҚО «Оңтүстік» АЭА-на» апаратын темір жолдардың, автомобиль жолының және Бадам өзенінен өтетін көпір құрылысының аяқталуы; ОҚО «Оңтүстік» АЭА-ын» электрлендіру үшін 6 кВ ЖвЛ құрылысы. | Мамыр- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кіргізілетін инженерлік-коммуникациялық желілердің (сумен қамтамасыз ету және канализация, энергиямен қамтамасыз ету), келу темір жолдарының, автомобиль жолдары мен Бадам өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылыстарын аяқтау.
Соңғы нәтиже: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту, заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындарын соғу, отандық экономиканың тоқыма және тігін өнімдерінің импортына тәуелділігін жеңу, қосымша жұмыс орындарын құру, дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту, сапа мен ассортиментті жақсарту арқылы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндіріс шығындарын төмендету, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және оны әлемдік экономикаға интеграциялау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, отандық мақта талшықтарын қосымша құны жоғары дайын өнімге дейін өңдеу;
- өңірге инвестицияларды, жаңа технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, әлемдік нарықтың дәстүрлі сегменттерін бекіту және жаңа сегменттерін игеру арқылы соңғы өнімнің есесіне қарай экспорттың құрылымын өзгерту үшін ғылыми және өнеркәсіптік-технологиялық негіздерді құру;
- сапасын, ассортиментін жақсарту және өндіріс шығындарын төмендету есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Уақтылығы: орнатылған келісімдерге сәйкес.
Сапасы: арнайы экономикалық аймақты құру жоғары технологиялық өндірістер мен технологияларды дамытуға, республиканың ғылыми және техникалық потенциалын пайдалануды кеңейтуге, тоқыма өнеркәсібі саласында бәсекеге қабілетті өнімдердің жаңа буындарын әзірлеу және өндіру үшін технологиялық негізді жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
17-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
338-1-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Әкімшілік бюджеттік бағдарламалар
2008 жылға арналған
«Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға Қарағанды облысының
облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 661200 мың теңге (алты жүз алпыс бір миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласының халқы үшін өмір сүрушілік жағдайын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Приозерск қаласын жылумен қамту жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған жөндеу-қалпына келтіру орындау;
- мазут, техникалық тұз, катионит сатып алу, электр энергиясын сатып алу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер, № 1 қазандықты ағымдағы жөндеу;
- коммуналдық меншікте тұрған жылу желілерінің жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру бойынша іс-шаралар | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Приозерск каласының инфрақұрылымын қолдауға Қарағанды облысының облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер | - Приозерск қаласының қазандығын ұстау және 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау, оның ішінде 1 қазандықты жөндеу, № 1 қазандықты ұстау; - инженерлік (отындық) желілерді күрделі жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Приозерск қаласының қазандығын 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау, оның ішінде № 1 қазандықты жөндеу, коммуналдық меншікте тұрған жылу желілерінің жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Приозерск қаласы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және халықтың өмір сүруі сапасын жақсарту.
Уақтылығы: Приозерск қаласының қазандығын 2008-2009 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау, оның ішінде № 1 қазандықты және жылу желілерін жөндеу.
Сапасы: жылу беру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жылу беру бойынша сапалы қызметтермен халықты үздіксіз қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 маусымдағы
№ 581 қаулысына
18-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
338-2-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту»
деген 060 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 48257 мың теңге (қырық сегіз миллион екі жүз елу жеті).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз және қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: »Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- лар- лама коды | Кіші бағда- рлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 060 | | «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту | 1) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау жұмыстарын жүргізу; 2) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу. | Маусым- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;