Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 587 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбденов Серік Сақбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппарат басшысы (келісім бойынша) |
Шаймерденова Гүлвира Балташқызы | - Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы кеңесі төрағасының құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысында:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Асқаров Бақытжан Бекзатханұлы | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігін жүргізу комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Темірбеков Әлібек Ақылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппараты басшысы, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша); |
мына:
«Ешімова Дана Ақылбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ешімова Дана Ақылбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң департаментінің директоры». |
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбденов Серік Сақбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппарат басшысы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы шығарылсын.