Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 12 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1278 қаулысымен құрылым алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесi.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1107 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық геология және
жер қойнауын пайдалану басқармаларының тiзбесi
1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстiк Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы
5. "Оңтүстiкқазжерқойнауы" Оңтүстiк Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану басқармасы