Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
15 ақпандағы № 232 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1107 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорны" республикалық мемлекеттік кәсiпорны Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 13 тамыздағы № 1158 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 355-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 245 қаулысының 2 және 3-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 91-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 793 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 278-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
№ 232 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi
туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi (бұдан әрi Комитет) Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі құзыретiнiң шегiнде жер қойнауын геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер қойнауын қорғау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң мынадай аумақтық органдары бар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары.
2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiсi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға қабылданады.
Комитеттiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөйлеуге, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
475000 Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесi, 1.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнi ретiнде комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыратын құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi:
1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану жөнiндегі қатынастарды мемлекеттік реттеу;
3) жер қойнауының жай-күйiн тұрақты жақсартуды және қорғауды және оларды пайдаланудың теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
4) минералдық ресурстарды және жер қойнауын қорғауды геологиялық зерделеу, ұтымды және кешендi пайдалану бағдарламаларының негiзгi бағыттары жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
5) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асырады және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетігiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды енгізедi;
3) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған құқықты беру үшiн кен орындары мен аумақтардың тiзбесiн белгiлейдi;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге, жер асты суларын өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi;
5) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушыларымен жасасатын келісім-шарттарды келiсудi жүргізедi;
6) жер қойнауын пайдалану мониторингiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) жер асты суларының және қауiптi геологиялық процестердiң мониторингін қоса алғанда, жер қойнауының мемлекеттік мониторингiн жүзеге асырады, жер қойнауының жай-күйi мониторингiнiң бiрыңғай ақпараттық компьютерлiк жүйесiн жасайды;
8) жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
9) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
10) республикалық және аумақтық геологиялық бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және орындалу барысын бақылайды;
11) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қоса
алғанда, мемлекеттік мұқтаждық үшiн геологиялық-зерттеулердiң жүргiзуге
арналған мемлекеттік тапсырыстың функцияларын жүзеге асырады;
12) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi, жер қойнауы мониторингiн, жер қойнауын қорғауды және басқа да мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қажеттi мемлекеттік бюджеттік қаржылардың көлемiн негіздейдi;
13) геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық ұстаудың мемлекеттік карталарын құрастыру, шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
14) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингi жөнiндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы пайдалы қазбалардың қорларын, геологиялық және экономикалық ақпаратты мемлекеттік сараптауды ұйымдастырады, пайдалы қазбалардың қорын бекiтедi;
15) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерiмiн, кен орындарының мемлекеттік кадастрын және пайдалы қазбалардың көрiнiсiн, жер қойнауына зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтар мен сарқынды сулар қашыртқысын көмудi, қауiптi геологиялық процестердi құрастыруды ұйымдастырады және жүргізедi;
16) жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты алудың тәртібін және шарттарын айқындайды;
17) пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуына байланысты мәселелердi қарайды;
18) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану практикасын талдайды және жинақтайды, оны жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi, өзiнiң құзыретi шегiнде заңнамалық жобаларды және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi дайындауға қатысады;
19) өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi, халықаралық шарттардың (келісімдердiң) жобаларын дайындауға қатысады;
20) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен негiзгi мiндеттердi iске асыруы және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруы үшiн:
1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге, жер асты суларын өндiруге, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге;
3) жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау тәртібін бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауға;
4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларының жер қойнауы туралы заңнаманың талаптарын және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) өзiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жаза қолдануға;
6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, сондай-ақ азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәлiметтердi, қажеттi материалдар мен ақпаратты сұрауға және алуға;
7) өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасуға;
10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
11) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау үшiн мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тартуға, мемлекеттік геологиялық сараптаманы жүргізу үшiн сарапшыларды тартуға;
12) жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімдердiң шарттарын орындау жөніндегі есеп-қисапты тұрақты және iрiктеп сұрауға және олардың орындалуына тексеру жүргiзудi жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитет оқшауландырылған мүлiктi жедел басқару құқығына ие.
14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитет өзiне бекітілген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иеленуге құқылы емес.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның үш орынбасары, оның iшiнде Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр бiрiншi орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауға және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершiлік алады.
18. Осы мақсаттармен Төраға:
1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленгеннен басқа жағдайларда, Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына заңнамада белгiленген тәртiппен тәртiптiк жаза қолданады.
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғылары туралы ереженi бекiтедi;
6) Комитеттiң Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен штаттық сан лимитi шегiнде құрылымын белгiлейдi;
7) аумақтық органдардың штаттық кестесiн және ұстау сметасын бекiтедi;
8) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан сөйлейдi;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Жер қойнауын геологиялық зерделеу, сақтау және пайдалану мәселелерiнiң проблемаларын қарау мақсатында Комитет консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде ғылыми-техникалық алқаны құрады. Төраға алқа және оның дербес құрамы туралы ереженi бекiтедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
№ 232 қаулысымен
бекітілсін
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің
иелігіндегі ұйымдардың
Тізбесі
1. "Қазгеоақпарат" геологиялық ақпарат республикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 15 ақпандағы
№ 232 қаулысына
қосымша
Қайта құрылатын мемлекеттік мекемелердің
Тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Табиғи !Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны !ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Геология және жер !қорғау министрлігі Геология және жер
қойнауын қорғау комитетінің қайта !қойнауын қорғау комитетінің
ұйымдастырылатын мемлекеттік !мемлекеттік мекемелерінің атауы
мекемелерінің атауы !
---------------------------------------------------------------------------
"Батқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан !"Батқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан
жер қойнауын қорғау және пайдалану !жер қойнауын қорғау және пайдалану
аумақтық басқармасы !аумақтық басқармасы
"Солтқазжерқойнауы" Солтүстік !"Солтқазжерқойнауы" Солтүстік
Қазақстан жер қойнауын қорғау және !Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы !пайдалану аумақтық басқармасы
"Ортқазжерқойнауы" Орталық Қазақстан !"Ортқазжерқойнауы" Орталық Қазақстан
жер қойнауын қорғау және пайдалану !жер қойнауын қорғау және пайдалану
аумақтық басқармасы !аумақтық басқармасы
"Шығқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан !"Шығқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан
жер қойнауын қорғау және пайдалану !жер қойнауын қорғау және пайдалану
аумақтық басқармасы !аумақтық басқармасы
"Оңтүсқазжерқойнауы" Оңтүстік !"Оңтүсқазжерқойнауы" Оңтүстік
Қазақстан жер қойнауын қорғау және !Қазақстан жер қойнауын қорғау және
пайдалану аумақтық басқармасы !пайдалану аумақтық басқармасы
---------------------------------------------------------------------------