Орман мекемелерінде камералдық орман орналастыру жұмыстары атқарылды: Алматы облысында - 706,8 мың гектар, соның ішінде Алакөл - 168,1 мың гектар, Жаркент: тауларда - 58,9 мың гектар, шөлде - 156,5 мың гектар, Талдықорған: тауларда - 185,8 мың гектар, Үйгентау: тауларда - 137,5 мың гектар, Маңғыстау облысы 242,4 мың гектар, соның ішінде мемлекеттік мекемелер бойынша: Бейнеу шөлінде - 47,1 мың гектар, Сам шөлінде - 195,3 мың гектар.
Павлодар облысы бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы жасалды. ЛУГИС Win PLP-V4 жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: 2007 жылғы іздестіру бойынша камералдық жобалау жұмыстары: Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жоспары - 30 гектар, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 15 гектар; Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 50 гектар. Орман питомниктерінің ұйымдық-жұмыс жоспары мен суландырудың жұмыс жобасының мемлекеттік сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету - 6 дана жұмыс жобасы, оның ішінде Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана, Алматы облысындағы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдық-шаруашылық жоспары мен суландыру жұмыс жобасы - 2 дана. 1 784,5 гектар «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының өртеңдерінде ормандарды молықтырудың жұмыс жобаларына, 277,9 мың гектар «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобасына авторлық қадағалау;
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Қарағанды облысы Қарағанды орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 40 гектар, Алматы облысы Кеген мемлекеттік мекемесі Жалаңаш орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 54 гектар, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 199,7 гектар.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, орман қорын кезеңдік есепке алу есептілігі (2003-2008 жж.). Қарқаралы, Шарын, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парктері және «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты (2 филиал) аумағында туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары жасалды - 4 дана. Ертіс өңірінің жалды ормандарындағы қылқан жапырақты ағаштардың кеміргіш зиянкестерімен күрес жөнінде шаралар әзірлеу.
Биологиялық негіздемелер: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін спорттық және әуесқойлық балық аулауды өткізу үшін Марқакөл көлінің майқан балығы мен хариус балығын аулаудың жалпы жол берілетін мөлшеріне биологиялық негіздеме. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы көлдерінің Теңіз-Қорғалжын жүйесінде балық шаруашылығы мелиорациясын өткізудің биологиялық негіздемесін әзірлеу. Ұсыныс: фитосанитариялық тәуекелдің талдауын анықтап, ерекше қауіпті орман зиянкестерінің зияндылығының экономикалық деңгейін айқындау.
Жануарлар дүниесі нысандарын алудың биологиялық негіздемесін дайындау, Қызыл кітаптың 1 томы 1 бөлігі «Омыртқалылар» макетін дайындау, киіктер санын есепке алу, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан тұяқты жабайы жануарларды есепке алу мен мониторинг жүргізу.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8 000 гектар; 8,3 миллион дана отырғызу материалы өсірілді; 71,74 гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; ағаш тұқымдарын аудандастыру өткізілді - 9 тұқым; отырғызар алдында топырақ өңделіп, ағаш тұқымдары отырғызылды - 5 000 гектар; екпелерді толықтыру - 5 100 гектар, 2,7 миллион дана отырғызу материалы сатып алынды; 7 700 гектар екпелерге күтім жасалды; 45 910 гектар орман екпелері қорғалды; 2009-2010 жылдары отырғызу үшін 15000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім және күтіп-баптау үшін кесу жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді.
2007 жылғы іздестірулер бойынша камералдық жобалау жұмыстары жүргізілді: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде қорғаныштық және ландшафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 15 000 гектар; Астана қаласының қала шетіндегі аймағында 2015 жылға дейінгі кезеңде 155,0 мың гектар алқапта орман екпелерін құрудың техника-экономикалық негіздемесі жасалды. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобасын табиғи жағдайға алып шығу - 15 000 гектар. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобаларының техника-экономикалық негіздемесі және мемлекеттік сәулет-құрылыс сараптамасын қамтамасыз ету. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде орман екпелер құрудың жұмыс жобаларын авторлық қадағалау - 4 дана жұмыс жобасы; қала шетіндегі аймағы шегінде орман екпелерін құрудың жұмыс жобаларын авторлық қадағалау - 2 дана жұмыс жобасы; жаңа жобалау-іздестіру жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде 16 000 гектар алқапта қорғаныштық және ландшафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - Шығыс бағыты (Сарыоба орманшылығы - 6 000 гектар), Солтүстік-Шығыс бағыты (Ерейментау орманшылығы) - 1-кезек 10 000 гектар.
«Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы техникасымен, соның ішінде 6 бірлік трактормен (МТЗ-82) - 5 бірлік, (К-701) - 1 бірлік, 6 бірлік (БДТ-7) соқасымен, 12 бірлік (КПН-4) культиваторымен жарақтандырылды.
«Қазақ орманды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қорғау және аэрокөрілімдік, орман-патологиялық бақылау бойынша, сонымен қатар орман өрттерін сөндіру бойынша 6 180 ұшу сағаты жүргізілді. Ұшу құрамында үш адамды оқыту. Өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік УАЗ типті автокөлік сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: орман питомнигінде стандартты отырғызу материалы алынды, орман қорының сақталуы қамтамасыз етілді, ормандарды молықтыру және орман өсіру алқаптары кеңейтілді, орман орналастыру жобалары, жобалық іздестірулер мен техника-экономикалық негіздемелер алынды, орман өрттері қамтыған алқаптар азайды, орман қорының бір жану алқабы 1 гектарға дейін қысқарды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 гектар уақытша орман тұқымдары учаскелерін құру 619 теңгені құрайды, 1 артықшылығы бар ағаш іріктеу - 9 200 теңге тұрады, 1 га орман орналастыру жұмыстары 107,7 мың теңге, 1 га жобалық іздестіру 6 897 теңге, 1 га жасыл аймақ құру бойынша жобалық іздестіру 1 477 теңге, 1 га орман отырғызу 17 647 теңге, 1 га орманды авиациямен күзету және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау 145,6 теңге құрады, (1 ұшу сағаты: МИ-8 МТВ - 227 мың теңге, МИ-8Т - 192 мың теңге, АН-2, А-22 - 58 мың теңге, ЯК-18 - 53 мың теңге, МИ-2-61 - 94 мың теңге).
Уақтылығы: өртке қарсы және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын, орман өрттерін сөндіру, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыру, орман тұқымы плантацияларында тұқым жинау және перспективалы нысандағы отырғызу материалын өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды өртке қарсы жабдықтау жобаларын және республиканың мемлекеттік орман иелері бойынша орман орналастыру жобаларын әзірлеу, жобаларға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, орман қорын күзету бойынша авиациялық жұмыстар туралы ережеге және ұшу жоспарына сәйкес авиациямен орман күзету жұмыстарын орындау.
Сапасы: келіп түскен бүкіл тұқым қорының тұқымын анализбен жүз пайыз қамту және оны сертификаттау, питомниктер мен орман дақылдарында отырғызу материалының шығымы нормативтеріне сәйкес тұқымның өсіп-өну пайызы, тұқым қуалаушылық сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу, геоақпараттық жүйесін қолданып және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіріп орман орналастыру жұмыстарының құнын төмендету, орман орналастыру жұмыстарының кезеңділігін нормативті мөлшерге дейін жеткізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағын өртке қарсы жабдықтау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу, орман дақылдарының жерсінуін пайызын ұлғайту, бір өрттің орташа алқабының көп жылғы деректермен салыстырғанда артып кетуіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
127-ҚОСЫМША
212 ң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 126670 мың теңге (бір жүз жиырма алты миллион алты жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 137, 142, 146, 150-баптары; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 47-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры | Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде биологиялық ресурстардың жай-күйін бағалау бойынша кешендік теңіз зерттеулері. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандары резервтік қорының балық ресурстары мен басқа су жануарларының жай-күйін бағалау. Балық шаруашылығы су тоғандарының және/немесе олардың учаскелерінің балық өнімділігін анықтау, алудың жол берілетін шекті көлемі мен халықаралық және республикалық маңызы бар су тоғандарда балық аулауды реттеу және режимі бойынша биологиялық негіздеме әзірлеу. Орал-Каспий бассейніндегі бекіре түрлес балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлерін анықтау және оларды қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: балықтар мен басқа су жануарларын аулауға квоталар мен лимиттерді анықтау үшін жергілікті, республикалық және халықаралық маңызы бар су тоғандарында кәсіпшілік учаскелердің балық өнімділігі мен берілетін шектеулі аулаулар көлемін анықтау бойынша биологиялық негіздеме; бекіре түрлес балықтар үшін табиғи уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру; Каспий теңізінің балық қорын зерттеу бойынша есеп.
Түпкі нәтиже: жергілікті, республикалық және халықаралық маңызы бар су тоғандарда биологиялық су ресурстарын сақтау және оңтайлы пайдалану бойынша басқармалық шешімдер, ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясы, балық аулау режимін оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: балық шаруашылығы су тоғандарының және/немесе олардың учаскелерінің балық өнімділігін анықтау, алудың жол берілетін шекті көлемі мен халықаралық және республикалық маңызы бар су тоғандарда балық аулауды реттеу және режимі бойынша биологиялық негіздеме әзірлеу есебінің құны 65 508,0 мың теңге, Каспий теңізінің қазақстандағы бөлігінде биологиялық ресурстардың жай-күйін бағалау бойынша кешендік теңіз зерттеулері есебінің құны 28 667,0 мың теңге, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандары резервтік қорының балық ресурстары мен басқа су жануарларының жай-күйін бағалаудың құны 25 325,0 мың теңге, Орал-Каспий бассейніндегі бекіре тәріздес балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлерін анықтау және оларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беру есебінің құны 7 170,0 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ұтымды пайдалану үшін, Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі халықаралық Комиссиясының жыл сайынғы отырысына каспий жанындағы мемлекеттер арасындағы ауланған су биоресурстарының квоталары мен лимиттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланушылар арасындағы ауланған су биоресурстарының квоталарын бөлу үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау.
Сапасы: мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақұлдаған қорытындысының болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
128-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Балық ресурстарын молайту»
деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 723112 мың теңге (жеті жүз жиырма үш миллион бір жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы су айдындарында кәсіпшілік балық қорларын толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жас балықтарды жасанды жолмен молайту; балықтардың мекендеуіне және табиғи өсіп өнуіне оңтайлы жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Балық ресурстарын молайту | Құнды жас балық түрлерін өсіру (бекіре, тұқы, ақсаха және жылға дейінгі тұқы, жылдық тұқы, екі жылдық тұқы). Орал-Каспий бассейні Орал және Қиғаш өзендерінің балық жүру-арналарында мелиоративтік (түп тереңдету) жұмыстарын жүргізу, жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеу. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 35 су қоймаларына балық жіберу; құнды жас балық түрлерін су қоймаларына жіберу: бекіре 7,0 миллион дана, тұқы құрты 75 миллион дана, ақсақа құрты 50 миллион дана, тұқы шабақтары 32,7 миллион дана, жылдық тұқы 0,9 миллион дана, екі жылдық тұқы 1,92 миллион дана; Орал-Каспий бассейнінде Орал және Қиғаш өзендерінің балық жүру-арналарында мелиоративтік (түп тереңдету) жұмыстарын жүргізу арқылы 932,11 мың текше метр тұнба шығару жолымен түбін тереңдету нәтижесінде балықтардың уылдырық шашу мен жайып семірту жерлеріне көшіп-қонуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қалпына келтіру мен тұрақты пайдалану.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 дана жас бекірені өсірудің құны - 16,672 теңге, жылға дейінгі тұқы - 7,165 теңге, жылдық тұқы - 22,04 теңге, екі жылдық тұқы - 18,23 теңге, ақсаха құрты - 0,18 теңге, тұқы құрты - 0,11 теңге; Орал-Каспий бассейнінде Орал және Қиғаш өзендерінің 1 текше метр тұнба шығару құны - 318,78 теңге; жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеу 2,862 миллион теңге.
Уақтылығы: өсіру биотехникасының талаптарына сәйкес су қоймаларына құнды жас балық түрлерін жіберу; уылдырық шашу мен қайту уақыты есебін қоса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: 1 дана жас бекіренің салмағы - 3 грамм, жылға дейінгі тұқы - 25 грамм, жылдық тұқы - 30 грамм, екі жылдық тұқы - 150 грамм; Орал-Каспий бассейні Орал және Қиғаш өзендерінің балық жүру-арналарында техникалық параметрлерінің жобамен сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
129-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне су шаруашылығы
құрылыстарын салу және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Су кодексінің 2003 жылғы 9 шілдедегі 123-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тасқын суларды су шаруашылық имараттарынан апатсыз өткізу, су шаруашылық имараттарында техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындау қаупінің алдын алу, ирригациялық имараттарды пайдалану бойынша салалардың және ауыл шаруашылығы су пайдаланушылары жүйелерінің тиімді дамуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су шаруашылық имараттарының құрылысы және қайта жаңартылуы бойынша кешенді іс-шараларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 039 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконс- трукциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес (17.08.2007 жылғы № 2-473/07 мемлекеттік сараптама), «Сырдария өзенінің жағаларын нығайту және Қызылорда қаласының қорғаныс бөгеттерін қайта жаңартуға» нысандардың құрлысына және қайта жаңартуға арналған Қызылорда облысын дамытуға нысаналы трансферттер. | Қантар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бірінші кезеңдегі құрылыс жұмыстарының көлемін аяқтау.
Түпкілікті нәтиже: су шаруашылық имараттардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету.
Уақыттылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
130-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3537953 мың теңге (үш миллиард бес жүз отыз жеті миллион тоғыз жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 12, 15-баптары; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 34-бабы; «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін, биологиялық сан алуандықты сақтау, қалпына келтіру және кеңейту, Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларының түрлері мен киіктерінің санын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін қорғау, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін табиғи еркіндік жағдайында таралымдарын сақтау және биологиялық жағынан негіздей отырып жыл сайынғы өсімін ұлғайту, киіктердің санын өсіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | Жалпы штат саны 2962 бірлік болатын 22 мемлекеттік мекемені: «Ертіс орманы», «Семей орманы» 2 мемлекеттік табиғи орман резерватын және Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын; Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт: 10 мемлекеттік табиғи қорықтарын; Алтын-Емел, Көкшетау, Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Көлсай көлдері 9 мемлекеттік ұлттық табиғи паркті ұстау. Мемлекеттік табиғи қаумалдар мен табиғат ескерткіштерін қорғау үшін 63 мемлекеттік инспектор ұстау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік мекемелері кадрларының біліктілігін арттыру. Өртке қарсы іс-шаралар, ормандарды молықтыру және орман қорғау іс-шараларын жүргізу. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына үй-жайлар мен құрылыстар сатып алу. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына өрт-химиялық станциясының екі қабатты ғимаратын және өрт-бақылау мұнарасын сатып алу. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының «Визит-орталық» табиғат мұражайын күрделі жөндеуді аяқтау (18.03.2006 жылғы № 2-133/06 мемлекеттік сараптама). Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғимаратын күрделі жөндеу (01.06.2007 жылғы № 20-312/2007 мемлекеттік сараптама). Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы кеңсесінің алдыңғы жағы мен шатырын күрделі жөндеу (15.05.2006 жылғы № 14-98/06 мемлекеттік сараптама). «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты филиалдарының өрт-химиялық бекеттерін күрделі жөндеу (23.08.2005 жылғы N№ 9с-219/04, 9с-220/04, 22-203/05, 17.04.2006 жылғы № 22-179/06 мемлекеттік сараптамалар). Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына материалдық емес активтер сатып алу. 22 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік инспекторларына жазғы және қысқы нысанды киім сатып алу. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 101 | Киіктерді, тұяқты жабайы жануарлардың құрып бара жатқан түрлерін сақтау және олардың санын қалпына келтіру | Республика аумағында төлдеу және басқа да маусымдық топталу орындарында киіктерді қорғау. Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды жүзеге асыру. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлардың және киіктердің таралу ареалдары шегінде жыртқыштардың санын реттеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |