7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жөнінде 191 дана және ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөнінде 7 дана ақпарат алу. «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «УАЗ» микроавтобусымен - 1 бірлік, зертханалық жабдықпен - 9 бірлік, зертханалық жиһазбен - 2 бірлік, АА-6200 (хром, темір элементтеріне арналған атомдық-абсорбциондық спектрометр) арналған катодты шамдармен - 2 бірлік, жарақтау. Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы анық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен бірлесе отырып 20-30 мың бақылаулық топырақ үлгілерін алу және талдау, 1,8 миллион гектар жалпы алқапта жыртылатын топырақтың тиімді құнарлылығының мониторингін және топырақ-агрохимиялық жұмыстардың сапасына ғылыми-әдістемелік басшылық жүргізу. Агрохимиялық мәліметтер банкін 200,0 мың банк бірліктерімен және 4 000,0 мың гектар көлемдегі алқаптарға электрондық карталарын әзірлеу және басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін қазіргі заманғы ГИС-технологиялар негізінде топырақтың гумуспен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі жөніндегі 5,0 мың агрохимиялық картограммаларын дайындау. Жер пайдалану аумағының агроландшафттық жағдайын ескере отырып минералдық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми-өндірістік тәжірибелер, микротыңайтқыштардың жаңа түрлерін сынау жүргізу. 2 500 топырақ және 2 000 өсімдіктер үлгілерінде ауыр металлдардың түзілуіне химиялық талдау жүргізу. Минералдық тыңайтқыштарды тиімді қолдану жөніндегі ұсынымдар дайындау.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша келемін агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдерін, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін есептерін болжау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерін ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету, агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін агрохимиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: IRS спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 80,0 мың теңге, канадалық RADARSAT-1 барлық ауа-райылық спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 130,0 мың теңге.
Уақыттылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті және агрохимиялық мониторингті белгіленген мерзімдерде жүргізу.
Сапасы: агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85 % шынайылығы мен дәлдігін, егістік алқаптар мен егістіктердің жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамсыз ету. Агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және агроөнеркәсіп кешені ұйымдарын агрохимиялық ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
119-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 344289 мың теңге (үш жүз қырық төрт миллион екі жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46, 57, 59-баптары; «Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономика саласымен халықтың суға деген перспективалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; Өленті өзені бассейінің су қорын айқындау, экономика салаларын су ресурстары мен олардың пайдалануы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; 50 миллион куб метр көлемде су өткізу жолымен Шідерті өзенінің төменгі жайылмасының табиғи көктемгі гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану | | | |
2 | | 100 | Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы схемаларды, су шаруашылығы баланстарын және нормативтерін әзірлеу | Сырдария өзені ағысымен және Іле өзені ағысымен бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын әзірлеуді аяқтау: су ресурстарын пайдалануды реттеу және сумен қамтамасыз ету жөніндегі, су көздерін қорғау жөніндегі және сулардың зиянды әсер етуін жою жөніндегі перспективалы және шұғыл су шаруашылығы іс-шараларының кешенін әзірлеу. Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын әзірлеуді бастау: экономика саласы және меншік нысаны бойынша су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың құрылымдары, су ресурстарының және олардың сапасының көлемін нақтылау; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың бөліну су ресурстарын пайдалану деңгейінің қазіргі уақыттағы бағасы және олардың жақын арадағы және болашақтағы өзгеру болжамы; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан су ресурстарының сапалы жағдайына баға беру және олардың өзгеру болжамы. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас сызбасын әзірлеуді бастау: экономика саласы және меншік формасы бойынша су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың құрылымы, орналасқан су ресурстарының көлемі және олардың сапасын нақтылау; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың су ресурстарын пайдалану деңгейінің қазіргі уақыттағы бағасы және олардың болашақтағы өзгеру болжамы; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан су ресурстарының сапалы жағдайына баға беру және олардың өзгеру болжамы. Өленті өзенінің келешегі бар су шаруашылығы балансын әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | Мемлекеттік су кадастрын жасау | Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту, Мемлекеттік су кадастрын құрастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасы мен облыстарында, экономика салаларында, су шаруашылық учаскелерінде, теңіз және өзен кесінділе- ріндегі белгіленген су жинау лимиттері, нақты судың жиналуы, суды қайталап, өтеусіз пайдалану, жер үсті, жер асты, коллекторлық-дренаждық және теңіз суларын тастау бойынша ақпараттар базасына енгізу және жинау, өңдеу, жаңарту, сондай-ақ су пайдалану құрылымы мен көлемі бойынша материалдар әзірлеу; қорытынды су кадастрын құру әдістемесін әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
4 | | 102 | Табиғат қорғау су жіберу | Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін қамтамасыз ету: «Қаныш Сәтпаев» атындағы каналдан Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін жүргізу; табиғат қорғау су жіберу өтемақысының нәтижелерін тексеру үшін Шідерті өзенінің жайылмасын зерттеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Іле өзені және Сырдария өзені ағысы бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың екі сызбасын әзірлеуді аяқтау; Балқаш-Алакөл бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларының негізгі жағдайларын әзірлеуді бастау; су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбасын әзірлеуді бастау; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 миллион текше метр су жіберу.
Түпкілікті нәтиже: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сызбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 90% және Қазақстан Республикасы аумағында 33 % су ресурстарын кешенді пайдаланудың бас сызбаларын қамту; Өленті өзенінің перспективалық су шаруашылығы балансын әзірлеу; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, халықтың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; Шідерті өзенінің жайылмасын табиғи гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Іле өзені бассейнінде - 32 589 мың теңгені, Сырдария өзені - 32 189 мың теңге, Балқаш-Алакөл бассейні - 26 914 мың теңге, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбаның құны - 54 288 мың теңге; Өленті өзенінің су шаруашылығы балансын әзірлеу - 14 704 мың теңге; Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны - 1 050 мың теңгені құрайды; Шідерті өзенінің жайылмасындағы»Қаныш Сәтпаев атындағы арнадан берілетін судың бір текше метрі қосымша құн салу қоса алғанда - 3,42 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын құрастыру және Өленті өзені перспективалық су шаруашылық балансын әзірлеу; мемлекеттік су кадастрын құруды 2008 жылғы желтоқсанда аяқтау; Шідерті өзені жайылмасына су жіберу 2008 жылғы сәуір-мамыр айларына арналған жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сапасы: су ресурстарын-қорғау және кешенді пайдалану сызбаларын су шаруашылығы баланстары мен су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану бас және бассейндік пайдалану сызбаларын бекіту және әзірлеу Ережесіне сәйкес құру; су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу Ережелеріне сәйкес су кадастрын құру; табиғатты қорғау мақсатында су жіберу негіздемесіне сәйкес Шідерті өзені жайылмасының табиғи жағдайын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
120-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 325881 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион сегіз жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 кезең) жобасы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы;»«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1-кезең) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Қайта құру және Даму Банкін тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру, Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы Арал өңірінде орналасқан елді мекендерді су басу мүмкіндігін төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын орындау, оның ішінде келісім шарт бойынша: «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзенінің арнасын реттеу 003 «Шардара бөгеті»; «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзенінің арнасын реттеу 001 «Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі бөгет/Ақлақ имараты»; Балық тоғандарын салу және қайта жаңғырту, қосымша сорғыштар, электро өткізгіш желілерін орнату. Айырбастауына және төлемдер жүргізгеніне банктік комиссияларды төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар төлеу. Жобаны басқарушы топтың операциялық шығындарына төлеу. Кеңселік материалдар сатып алу. 2 автокөлікке жанар-жағар май сатып алу. Кезекті басылымға жазылу. Байланыс қызметтерін төлеу, соның ішінде: - қалалық телефон номерлерін қолданғаны үшін абоненттік төлемдер; - халықаралық және қалааралық байланыс, электронды пошта қызметтеріне, курьерлік қызмет көрсетуге арналған шығындар. Астана қаласында көлікті жалға алу (бензин және қосалқы бөлшектерді қоса алғанда). Ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсетуіне төлеу және автокөліктерге қосалқы бөлшектер сатып алу. Жобаны басқарушы топты ұстап тұру, оның ішінде: 8 жергілікті кеңесшілердің жалақысы; әлеуметтік аударымдар; іссапар шығындары; 2 жүргізушінің жалақысы; аудармашы; Құрылыс жұмыстарын бөлшекті жобалау және қадағалау үшін кеңесші компанияның қызметтеріне төлеу. Балық су тоғандарының құрылысын жобалауды және қадағалауды іске асыру үшін кеңесшілердің қызметтеріне төлеу. Конвертациялау және төлемдер жүргізгені үшін банк комиссиясын төлеу. Қосымша құнға салық төлеу. Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Солтүстік Арал теңізінің бөлігінде бөгет салу, Ақлақ гидроқұрылысын салу, Шардара бөгеттерін қайта жаңарту, балық тоғандары үшін сораптарды және электр өткізу желілерін орнату.
Түпкілікті нәтиже: Сырдария өзенінің өтімділік қабілетін жақсарту. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1 000 адамға шаққанда - 2 462 мың теңге.
Уақыттылығы жүргізілуі: құрылыс жұмыстарын 100% орындау.
Сапасы: жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың сапасына тұрғындардың 90% қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
121-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 74195 мың теңге (жетпіс төрт миллион бір жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізінің аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын сапасына кепілдігі бар және қажетті мөлшердегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерін жақсарту арқылы Арал ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау көлемін барынша ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Келісім шарт бойынша Арал қаласын сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын төлеу. Кеңестік техникалық қызметтер: келісім-шарты бойынша нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу. | Шілде- қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Құрылыс жұмыстары құнының жартысын төлеу. Құрылыс жұмыстарына келісім-шарт бойынша салықты төлеу. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: құрылыс жұмыстары бойынша төлем.
Түпкілікті нәтиже: ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін пайдалануды енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 адамға шаққанда бір ауыз сумен жабдықтау объектісін салу - 390 мың теңге тұрады.
Уақыттылығы: жұмыстар жоспар-график және келісім шарттарға сәйкес орындалады.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
122-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9230927 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз отыз миллион тоғыз жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасының Үкіметі арасындағы қаржы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қазақстандағы Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен жабдықтау және кәріз қызметтерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы таңдап алынған ауылдық елді мекендегі халықтың денсаулығы мен тұрмыс-жағдайларын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қажетті көлемде және сапасына кепілдік берілген ауыз сумен халықты қамтамасыз ету; ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын жақсарту; сумен жабдықтау жүйелерін жобалау, қалпына келтіру, жаңарту, салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | «Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрізді дамыту» жобасы бойынша: «Физикалық инфрақұрылым» құрылыс жұмыстарына. «Қарағанды облысын ауылдық сумен жабдықтау» жобасы бойынша: құрылыс жұмыстарын егжей-тегжейлі жобалау мен қадағалауды іске асыру үшін құжаттаманы әзірлеу бойынша консультациялық компанияның қызметтерін төлеу. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау объектілерінің құрылыс салу жұмыстарына төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 005 | Ішкі көздер есебінен | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша, мемлекеттік сараптамадан өткен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс шараларға, «2008 жылғы республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3 қосымшасына сәйкес тізбесі бойынша және сомасы шегінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге, ауыз сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
4 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | «Ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз етуді және кәрізді дамыту» жобасы бойынша: құрылыс жұмыстары; халықаралық консалтинг компания қызметтерін төлеу; жобаны басқаратын орталық топтың, жергілікті 5 консультанты (Астана қаласы) қызметіне, операциялық шығындар төлемін қоса төлеу; жобаны басқаратын үш облыстық топтың жергілікті 9 консультанты қызметіне, операциялық шығындар төлемін қоса төлеу; санитарлы-гигиеналық ағарту бағдарламасы; институционалды даму бағдарламасы; баж және салықтарды төлеу; газеттегі тауар сатып алу және қызмет көрсету хабарламасына төлеу «Қарағанды облысының ауылдық жерлерін сумен жабдықтау» жобасы бойынша: жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті 5 адамнан тұратын консультанттардың қызметіне, операциялық шығындарды қоса төлеу; жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; құрылыс жұмыстары бойынша салықтарды және бажды төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыс жоспары-кестесіне және жасалынған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
123-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Гидротехникалық құрылысты реконструкциялау»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1057587 мың теңге (бір миллиард елу жеті миллион бес жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығы; «Республика аумағында төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.