3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық құрылыстарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаудың қаупін алдын алу, ирригациялық құрылыстарды пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы су пайдаланудың және құрылымының тиімді жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту, ерекше апатты гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі кешенді іс-шараларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Гидротехникалық құрылысты реконструкциялау | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес іс-шараларға және «2008 жылғы республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша және белгіленген сомалар шегінде гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 7 объектіні аяқтау.
Түпкілікті нәтиже: гидротехникалық құрылыстардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету.
Уақыттылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
124-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіп ағындыларын тазарту объектілерін дамыту»
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 194462 мың теңге (бір жүз тоқсан төрт миллион төрт жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Өскемен, Семей, Павлодар қалалары тұрғындарының және Ертіс өзені маңында орналасқан елді мекендердің өмір сүру деңгейін көтеру және денсаулығын жақсарту, Ертіс өзеніне және жерасты суларына уытты заттардың түсуінің алдын алу жолымен, өңірдің экологиясын жақсарту және қоршаған ортаны қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Өскемен, Семей, Павлодар қалалары тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер үсті суларының сапасын жақсарту. Жер асты суларының ластануының және Өскемен қаласының және Ертіс өзенінің ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріне, тұрғылықты аудандарға уытты қалдықтар шлейфінің көшуінің алдын алу. Жергілікті және өнеркәсіптік көздерінен су сапасы мониторингі үшін институционалды механизмдерді күшейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 | | Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіп ағындыларын тазарту объектілерін дамыту | | | |
2 | | 006 | Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен | Судың ағысын бақылауын басқару және институционалдық күшею, моделдеу мен мониторингтеу бойынша кеңесшілік қызметтерге келісім-шарт бойынша бірлесіп қаржыландырудың бөлігін төлеу. Сатып алынатын бақылау-өлшеу құрал-жабдықтары және желілерден су ағысын табу үшін сатып алынатын құрал-жабдықтар бойынша бірлесіп қаржыландырудың бөлігін төлеу. Моделдеу және мониторингтеу бойынша кеңесшілік қызметтерге салық және бажды төлеу. Сатып алынатын құрал-жабдықтарға салық және бажды төлеу. | Сәуір-қазан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы көздерден бірлесіп қаржыландыру есебінен | Кеңсе тауарларын және офистық материалдарын сатып алу. Интернет аймағын қолдану, халықаралық сөйлесулер, электрондық пошта. Автокөлікті жалға алу. Ұйымдастыру техникасын толтыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Бөлмелерді жалға алу. Жалақыны және іссапар шығындарын аудару жүргізгені үшін екінші деңгейлі банкке комиссия төлеу. 6 адамнан тұратын жобаны басқарушы топты ұстап тұру, оның ішінде: кеңесшілердің жалақысы; әлеуметтік аударымдар; іс сапар шығындары; аудармашының қызметтеріне төлеу. Жер асты суларының ластану ошақтарын оқшаулау бойынша жұмыстарды бөлшекті жобалау келісім шарттары бойынша кеңесшілердің қызметін төлеу. Жоба шеңберінде жер асты суын қалпына келтіруге арналған мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша кеңесшілердің қызметін төлеу. Жарнамалық-ақпараттық қызметтерге төлеу. Берілген бағдарлама шеңберінде кеңесшілік қызметтерге келісім шарт жасау бойынша ҚҚС төлеу. Жер асты суларының ластану ошақтарын оқшаулау бойынша жұмыстарды бөлшекті жобалау келісім шарты бойынша кеңесшілік қызметтер; Жер асты суларын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бөлшекті жобалау және мониторингі бойынша консультациялық қызметтер. | Шілде- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
4 | | 018 | Грант есебінен | Моделдеу және мониторинг бойынша консультациялық қызметтердің келісім шартын төлеу. Судың ағысын бақылауды басқару бойынша консультациялық қызметтердің келісім шартын төлеу. Мониторинг бағдарламаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтердің келісім шартын төлеу. Бақылау-өлшеу құрал-жабдығын сатып алу бойынша аванс төлеу. Желіден судың ағысын табу үшін құрал-жабдық сатып алуға аванс төлеу. | Сәуір-қазан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қалалық су каналының зертханасы және бақылау-қадағалау қызметтері үшін су сапасын бақылау және су құбырлары желілерінен су ағысын табу үшін құрал-жабдықтарды сатып алу. Мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша қызметтерді жүзеге асыруға келісім-шарт жасасу.
Түпкілікті нәтиже: су сапасын бақылауды жақсарту, желілердегі ағыстарды төмендету. Жобалық-сметалық және тендерлі құжаттама.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 зертханаға сатып алынатын құрал-жабдықтың құны - 14 850 мың теңге. 50 зертхана маманын оқыту құны - 50 030,0 мың теңге. 1 м3 тазартылған суға - 27,1 теңге/м3 үлестік шығындар.
Уақыттылығы: қызмет пен жұмысты бекітілген кесте бойынша сәйкес ұсыну.
Сапасы: су сапасының «Ауыз су» ГОСТ 2874-82 сәйкестігі, ҚР ҚН және Е № 4.01-02-2001 және ҚН және Е № 3.05.04-85 дейін су құбырлары желілерінде ағыстар санын төмендету. Судағы ауыр металдардың құрамын ЖСҚ дейін төмендету, соның ішінде мырыш (1 мг/м3), қорғасын (0,03 мг/м3), бериллий (0,0002 мг/м3).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
125-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін
пайдалану» деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1980141 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз сексен миллион бір жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шекаралас мемлекеттермен бірлесіп пайдаланатын объектілерін қоса алғанда су берумен байланысты емес су шаруашылығы объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су берумен байланысты емес, республикалық меншіктегі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың функцияларын қамтамасыз ету; трансшекаралық өзендерде орналасқан су шаруашылығы объектілерін бірлесіп пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 034 | | Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалану | 130 республикалық су шаруашылығы объектілерін және имараттарын пайдалану іс-шараларын жүргізу: су астын зерттеу, ақаулар ведомостін және сметаларын құрастырып, техникалық жағдайын анықтау; линия жұмысшыларын ұстау; имараттардың электрокүшті, механикалық, көтерме-көлік жабдықтарға, су торабтардың металл жапқыштарын, электролиниялар мен байланыс жүйелерін, сондай-ақ өндіріс орындары мен су шаруашылығы объектілерінің техникаларын жөндеу және пайдалану, имараттардың гидротехникалық беткейлерін және төменгі, жоғарғы бьефтерін нығайту, беткейлерді нығайту, бөгеттер мен арналардың бөгетшелерін күшейту және су шаруашылық объектілердегі басқада жөндеу жұмыстарын жүргізу, арналарды тазалау; реттеу, тасқынға қарсы және су қорғау іс-шараларын жүргізу, су қоймаларының параметрлерін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу; гидротехникалық имараттарды қорғау; республикалық су шаруашылық имараттарды жерді пайдалану құқығындағы актілерді дайындау және мемлекеттік тіркеуден өткізу; су шаруашылығы объектілерін қауіпсіздік жүйесімен және инженерлік-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету. Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық өзендерінде орналасқан 10 мемлекетаралық су шаруашылығы объектілерін бірлесіп ұстауда үлестік қатыс, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының депрессивті аудандары үшін Ресей Федерациясынан берілетін еділ суы бойынша (Саратов және Палас жүйелері); су шаруашылығы жүйелерінің Зах-Келес Басқармасын ұстау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық меншіктегі 130 су шаруашылығы объектілері мен 10 мемлекетаралық объектілерінде пайдалану іс-шаралары жүргізіледі.
Түпкілікті нәтиже: 130 республикалық және 10 мемлекетаралық объектілердің техникалық жағдайы жақсарады және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы су қажетті көлемде уақытылы беріледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 республикалық су шаруашылығы объектісіне пайдалану іс-шараларын жүргізуге орта есеппен 6,4 миллион теңге және 1 мемлекетаралық объектіге орта есеппен 89,6 миллион теңге жұмсалады.
Уақыттылығы: республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерінде және мемлекетаралық объектілерде пайдалану іс-шаралары бекітілген жұмыс пен қызмет көрсету жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына және су шаруашылығы объектілерін пайдалану Ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
126-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2963532 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз алпыс үш миллион бес жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 110-бабы; «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 43-бабы; «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқып тауыспай пайдалану, оларды күзету, қорғау және молықтыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орман дақылдары тұқымдарының егістік сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану деңгейін айқындау; орман шаруашылығы саласындағы студенттер үшін оқу практикаларын өткізу; орман дақылдары тұқымының тұрақты базасын қалыптастыру және мұрагерлік қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу; орман орналастыру ұйымдастыру жұмыстарын және орман шаруашылығын жобалауды өткізу; ормандардың мемлекеттік есебін жүргізу; орман және аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдістемелік талдамалармен қамтамасыз ету; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру. Ормандарды авиациямен күзетуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Қазақ мемлекеттік республикалық орман дақылдарының тұқымын дайындайтын мекеме | Тұқымды егістік қасиеттеріне, энтомологиялық және фитопатологиялық залалдануына сараптамадан өткізуді қамтамасыз ету, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын болжау бойынша мәліметтер жинау және ақпарат әзірлеу үшін штат саны 28 адамнан тұратын Қазақ мемлекеттік республикалық орман дақылдарының тұқымы мекемесі мемлекеттік мекемесін ұстау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
3 | | 101 | Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы | Орман өрттерінің алдын алу, оларды байқау және жою, ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, орман өсіру жұмыстарын жүргізу, ормандарды заңсыз кесуден қорғау, табиғат пайдаланушылардың орман пайдалану тәртібі мен аң аулау ережелерін сақтауын қамтамасыз ету үшін штат саны 39 адамнан тұратын Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесін ұстау. Оқу практикаларын ұйымдастыру және өткізу. Жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ағымдық жөндеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
4 | | 102 | Тұрақты орман дақылдарының тұқымын дайын- дайтын базасын қалыптастыру | Орман дақылдарының тұқым базасын қалыптастыру солтүстік өңір бойынша: уақытша орман дақылдарының тұқымы учаскелерін іріктеу (қарағай, қайың, жерсіндірме түрлер), тұрақты орман дақылдарының тұқымы учаскелерін іріктеу, оларды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар (қарағай, қайың, жерсіндірме түрлер), тұрақты орман дақылдарының плантацияларын егу (қарағай), артықшылығы бар екпелер іріктеу (қарағай, қайың), артықшылығы бар ағаштар іріктеу (қарағай, қайың), Көкшетау орман селекциялық орталығының тұрақты орман тұқымы базасы объектілерін және «Оңтүстік» орманшылығын қорғау және ұстау, микроклонды отырғызу материалын өндіру (қарағай, карел қайыңы, көгілдір шырша, пирамидалы терек, арша), жақсартылған селекциялық сападағы отырғызу материалын өсіру. Орман дақылдарының тұқым базасын қалыптастыру оңтүстік аймақ бойынша: орман тұқымы плантациясын қоршап Шренк шыршасын егу; 2006 жылғы сексеуіл екпесінің орман тұқымы плантациясын толықтыру; жергілікті және жерсіндірме тұқымдардың перспективалық түрлерімен гибридтерінің отырғызу материалдарын өсіру (Шренк шыршасы, жиде, терек), теректердің клонды архивін құру (Лавар), теректердің сынақ дақылдарын құру (Лавар), жапырақты тұқымдардың питомнигін құру (Лавар), өндірістік объектілерді, соның ішінде «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жерінде орналасқан тұрақты орман тұқымы объектілерін қорғау және ұстау. «Алматы орман селекциялық орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Орман» учаскесі кеңсесіне ағымдық жөндеу жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
5 | | 103 | Орман-аң аулауды орналастыру және орман шаруашылығын жобалау, орман және жануарлар дүниесі саласындағы есепке алу және биологиялық негіздеме | 2009 жылғы орман орналастыруға дайындық жұмыстары, соның ішінде: аэрофототүсіріліммен қамтамасыз ету. Далалық орман орналастыру жұмыстары. Ақмола облысында далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларын өндіріске енгізуге авторлық қадағалаулар мен тексерулер жасау. Камералдық орман орналастыру жұмыстары. Алматы және Маңғыстау облыстарының орман мекемелерінде камеральдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу, Павлодар облысы бойынша жиынтық орман орналастыру жобаларын жасау, камеральдық жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру. Жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу: 2007 жылғы іздестіру бойынша камералдық жұмыстар, соның ішінде: Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы; Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы, Жамбыл облысы Байзақ орман питомнигінің, Алматы облысы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің орман питомнигінің, Қостанай облысы Затобол орман питомнигінің сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасымен және ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобаларымен және суландыруды қамтамасыз ету, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өртеңдерінде орман молықтыру жұмыс жобасын авторлық қадағалау, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ормандарының өртке қарсы құрылғысы. Жаңа далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу: Қарағанды облысы Қарағанды орман питомнигінің, Алматы облысы Кеген мемлекеттік мекемесі Жалаңаш орман питомниктерінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы. Орман және жануарлар дүниесі саласында есепке алу мен биологиялық негіздемелер жүргізу. «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны баланстарына берілген ғимаратты күрделі жөндеуді аяқтау (2007 жылы басталған). | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
6 | | 104 | Астана қаласының жасыл желекті санитарлық-қорғау аймағы | Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру, соның ішінде: жер пайдаланушыларға шығындарды өтеу, жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу, көшет материалдарын өсіру, орман тұқымы плантацияларын құру, ағаш тұқымдарын аудандастыру, отырғызу материалдарын сатып алу, орман екпелерін қорғау, отырғызар алдында топырақ өңдеп отырғызу, екпелерге күтім жасау, екпелермен толықтыру, екпе ағаштарға орманшылық күтім жасау және күтіп-баптау үшін кесу, техника жөндеу. 2007 жылдың ізденістері бойынша камералдық жобалау жұмыстарын жүргізу, соның ішінде: Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекре- ациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасы; Астана қаласының қала шетіндегі аймағында екпе ағаштар құрудың техника-экономикалық негіздемесі; Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекре- ациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасын табиғи жағдайға алып шығу; Жұмыс жобаларын сәулет-құрылыс мемлекеттік сараптамасымен қамтамасыз ету және Астана қаласының қала шетіндегі аймағында екпе ағаштар құрудың техника-экономикалық негіздемесі; Астана қаласының жасыл аймағын құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау; Жаңа далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу, соның ішінде: Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық және ландшафты-рекреациялық екпе ағаштар құрудың жұмыс жобасы Шығыс бағыт (Сарыоба орманшылығы), Солтүстік-Шығыс бағыт (Ерейментау орманшылығы). Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7 | | 105 | Орманды әуеден қорғау | 6180 сағат ұшып мемлекеттік орман қорын авиациялық қарауылдауды қамтамасыз ету. Ұшу құрамының ұшқыштарын оқыту. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Қазақ орманды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды; Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының орман қорын орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік практикадан өтуі жүзеге асырылды.
Солтүстік өңір бойынша орман тұқымы базасын қалыптастыру: 650 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды (қарағай, қайың, жерсіндірме түрлер); 120 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін іріктеліп алынды; 5,1 гектар тұрақты орман тұқымы плантациялары егілді (қарағай); 85 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды (қарағай, қайың); 50 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды (қарағай, қайың); 192 гектар тұрақты орман тұқымы базасының нысандары және 1294 гектар «Оңтүстік» орманшылығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Микроклонды отырғызу материалы өндірілді (қарағай, карел қайыңы, көгілдір шырша, пирамидалы терек, арша), 500 000 дана жақсартылған селекциялық сападағы көшет материалдары өсірілді;
оңтүстік аймақ бойынша орман тұқымы базасын қалыптастыру: 2,1 гектар орман тұқымы плантациясын қоршап Шренк шыршасы егілді; 27 гектар 2006 жылғы сексеуіл екпесінің орман тұқымы плантациясы толықтырылды; 245 000 дана жергілікті және жерсіндірме тұқымдардың перспективалық түрлері мен гибридтерінің отырғызу материалдарын өсірілді (Шренк шыршасы, жиде, терек); 2,1 гектар теректердің клонды архиві құрылды (Лавар); 7 гектар теректердің сынақ дақылдары құрылды (Лавар), 3 гектар жапырақты тұқымдардың питомнигі құрылды (Лавар), 149 гектар өндірістік объектілер, соның ішінде «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жерінде орналасқан тұрақты орман тұқымы объектілері қорғалды және ұсталды; «Алматы орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Орман» учаскесі кеңсесіне ағымдық жөндеу жүргізілді.
2008 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді - 407,4 мың гектар, Шығыс-Қазақстан облысы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде 2009 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары - 199,7 мың гектар алқабында, топокарталар, шаруашылықаралық жерге орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны баланстарына берілген ғимаратты 2007 жылы басталған күрделі жөндеуді аяқтау, Қарағанды облысы бойынша негізгі ережелерді әзірлеу. Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Ақмола облысы мекемелерінде - 407,4 мың гектар, соның ішінде: Ақкөл, Барап, Үлкен Тоқты, Ерейментау, Кеңес, Краснобор, Отрадное, Степногор, Маралды, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Көкшетау орман селекциялық орталығы, «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, темір жол және автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман желектері; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.