Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендіру комитетiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1127 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1119 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкiмшiлiк орталығын көшiру туралы" 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 585 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Жетiсу мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Алматы мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi" мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Талдықорған мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттік мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мекеменiң штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнiң шегiнде анықтасын.
4. Көрсетiлген мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1119 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара )
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi" осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бекітілсiн;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комитеттiң өзiнiң мынадай аумақтық органдары бар:
мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерi;
мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру аймақтық комитеттерi.".
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы
15 қазандағы
№ 1127 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы
5 шiлдедегi
№ 930 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетінiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
1. Астана қаласы мемлекеттік Mүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
2. Ақмола мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
3. Алматы қаласы мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
4. Алматы мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
5. Ақтөбе мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
6. Атырау мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
7. Байқоңыр мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
8. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
9. Жамбыл мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
10. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
11. Қарағанды мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
12. Қызылорда мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
13. Қостанай мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
14. Маңғыстау мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
15. Павлодар мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
16. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
17. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
18. Арқалық мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
19. Жезқазған мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
20. Жетiсу мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеті
21. Семей мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi.