Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендіру комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1127 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алматы облысының әкiмшiлiк орталығын көшiру туралы" 2001 жылғы 14 сәуiрдегi N 585 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Жетiсу мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi" мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Талдықорған мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мекеменiң штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнiң шегiнде анықтасын.
4. Көрсетiлген мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңдарға сәйкес мемлекеттiк мекеме болып қайта ұйымдастыруға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы мекемелердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 52, 53-жолдар алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi" осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бекiтiлсiн;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комитеттiң өзiнiң мынадай аумақтық органдары бар:
мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерi;
мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру аймақтық комитеттерi.".
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы
15 қазандағы
N 1127 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы
5 шiлдедегi
N 930 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетінiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
1. Астана қаласы мемлекеттiк Mүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
2. Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
3. Алматы қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
4. Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
5. Ақтөбе мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
6. Атырау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
7. Байқоңыр мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
8. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
9. Жамбыл мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
10. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
11. Қарағанды мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
12. Қызылорда мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
13. Қостанай мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
14. Маңғыстау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
15. Павлодар мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
16. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
17. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
18. Арқалық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
19. Жезқазған мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
20. Жетiсу мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеті
21. Семей мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi.