Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 және 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 389 Қаулысы
(2012.21.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 285-құжат):
2-тармақтағы «студенттерге берілген кредиттер» деген сөздер «білім беру кредиттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2012.21.02. № 248 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |