Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 және 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 389 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 285-құжат):
2-тармақтағы «студенттерге берілген кредиттер» деген сөздер «білім беру кредиттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат):
тақырыбында және 1-тармақта:
«кредиттеріне» деген сөз «білім беру кредиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«студенттерге» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
тақырыбында және 1-тармақта:
«кредиттеріне» деген сөз «білім беру кредиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«студенттерге» деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақтағы «жоғары білімге» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшада «тәртіппен» деген сөз «тәртіппен және шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) білім беру кредиті - жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық шарттарында кредитор қарыз алушыға беретін ақшалай қаражат»;
«8) кепілдік беру жоспары - Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру шарттары.»;
23-тармақтағы «және 95 пайызынан артық» деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақ алынып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кепілдік беру жоспары қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепілдік берілетін кредиттерге қолданылады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |