Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 Қаулысы
(2011.12.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 қаңтардағы
№ 99 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен мәтіндегі «Сенімді», «сенімді» деген сөздер «Сенімгерлік», «сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру
қағидасы
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Қағида мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Қағидада пайдаланылған ұғымдар:
1) Сенімгерлік басқару - сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруға арналған шартпен белгіленген өкілеттіктің шегінде мемлекеттік қызметшінің мүддесінде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесінде жүзеге асыратын, оның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін өз атынан басқару жөніндегі қызметі;
2) сенімгерлік басқару объектілері - осы тұлғаларға заңды түрде тиесілі ақшадан, сондай-ақ мүліктік жалға берілген өзге де мүліктен басқа пайдалану кірістер алуға әкелетін, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығымен тиесілі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары, қатысу үлестері, сондай-ақ өзге де мүлкі;
3) сенімгерлік басқарушы - тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез-келген адам.
2. Мемлекеттік қызметшi заңдардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенiмдi басқарушыға берiлетiн құқықтық күштiң көлемiн айқындайды.
3. Мемлекеттік қызметшiнiң сенімгерлік басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.
2. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға берудiң
негiздемесi мен тәртібі
4. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқару:
1) мәмiлелердiң;
2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде пайда болады (құрылады).
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр айдың iшiнде мемлекеттік қызметтi атқару уақытына осы Қағиданың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сенiмдi басқаруға береді.
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін нотариалды куәландырылған күнінен бастап он күн мерзімде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне береді.
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шартты бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметіне бір ай мерзімде хабарлайды, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін бір ай мерзімде осы Қағидада белгіленген тәртіппен шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне беріп, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.12.05. № 508 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарт мерзiмiнiң аяқталуы, оның қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасасу туралы одан кейiнгi кез-келген ақпаратты мемлекеттік қызметші көрсетілген оқиғалар орын алғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне ұсынады.
Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Қағидада белгіленген тәртіппен жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне беріледі.
3. Мүлкiн сенiмдi басқаруға беретiн мемлекеттік қызметшi құқықтарының кепiлдiктерi
ҚР Үкіметінің 2000.27.06. № 958 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беруiне қатысты мәлiмет жариялауға жатпайды және мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратын құрайды.
10. Осы мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайда болады.
4. Қорытынды ережелер
11. Мемлекеттік қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға арналған шарттың көшiрмесi оның жеке басының iсiнде сақталады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Мемлекеттік қызметшiнiң жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттік органның кадр қызметi ұсынылған құжаттардың сақталуы мен алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Мұндай тұрғыдағы ақпаратқа кiруге мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарларына, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғасына) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен құқық қорғау органдарына рұқсат етiледi.
13. Мүлiктiң сенімгерлік басқаруға берiлгенi туралы ақпарат ұсынбау немесе жалған ақпарат ұсыну тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылуы мүмкiн.