Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 958 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға беру ережелеріндегі:
9-тармақтағы «құпиясын» деген сөз «ақпаратын» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Токаев |