b. Ұшудың мынадай жағдайларын модельдеуге қабілетті қоршаған ортаны модельдеу камералары:
1. Дыбыс қысымының жиынтық деңгейіне 140 децибел немесе одан асатын (20 ТПа-ға қатысты) немесе жалпы есептік акустикалық қуаты 4 кW немесе одан жоғары акустикалық қорғау; және
2. Биіктікті 15 км және одан астам; немесе
3. Температура диапазоны - 223 К (-50oС) - дан 398 К (+125oС) - ге дейін.
Техникалық ескертпелер.
1. 9В106.а. 2) тармақшасында бір толқынмен вибрация талаптарын генерациялауға қабілетті жүйелер (мысалы, гармоникалық толқын) және кең жолақты кездейсоқ вибрацияны (мысалы, қуат спектрі) генерациялауға қабілетті жүйелер сипатталған.
2. 9В106.а. 2) тармақшасында «белгіленген немесе модификацияланған» қоршаған ортаны модельдеу камералары 2В116 - тармақта көрсетілгендей вибростендпен немесе өзге де вибрациялық жабдықпен жабдықтау үшін тиісті біріктіруші құралдармен (мысалы, арматурамен) жабдықталғанын білдіреді.
3. 9В106.а. 2-тармағына қатысты «таза үстел» жалпақ үстелді немесе бекіткіш немесе жігі жоқ үстіңгі қабатты білдіреді.
9B106 a. 9031 20 000 0
9B106 b. 9031 20 000 0
9В115 9А005 - 9А009, 9А011, 9А101, 9А102, 9А105 - 9А109, 9А111, 9А116 - 9А120-тармақтар бойынша бақыланатын жүйелер, кіші жүйелер және бөлшектер үшін арнайы жобаланған «өндірістік жабдық».
9B115 9031 20 000 0
9В116 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары үшін немесе 9А005 - 9А009, 9А011, 9А101, 9А104 - 9А109, 9А111, немесе 9А116 - 9А120-тармақтары бойынша бақыланатын жүйелер, кіші жүйелер және құрамдауыштар үшін немесе «реактивті снарядтар» үшін арнайы жобаланған «өндірістік қуаттар».
Техникалық ескертпе:
9В116-тармақта «реактивті снаряд» қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
9B116 8805 10
9В117 Қатты отынды немесе сұйық отын пайдаланатын ракета қозғағыштарына арналған сынау станоктары мен стендтері, мынадай сипаттамалардың біреуін иеленеді:
а. 68 кН-нан жоғары тарту күші бар сынауға қабілетті қозғалтқыштар; немесе
b. Бір мезгілде үш тәуелсіз ось бойынша тарту күшінің векторын өлшеуге қабілетті.
9С Материалдар
9С108 «Реактивті снарядтар» үшін пайдаланылатын зымыран қозғалтқыштарының корпустарына арналған немесе 9А007 немесе 9А107 тармақшалары бойынша бақыланатын қатты отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштары үшін арнайы әзірленген, 9А008-тармақта сипатталғаннан басқа үйінді «оқшаулағыш» материалдар және «ішкі қаптама».
Техникалық ескертпе:
9С108 бөлігіндегі «реактивті снаряд» ұшу қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
Органикалық матрицалармен, не металл матрицалармен жасалған, 7,62 х 104-тен жоғары «созуға үлесті беріктігі» және 3,18 х 106 м-ден жоғары серпімділіктің «үлес модулі» бар талшықты немесе жіп тәрізді материалдармен бекемдендірілген, 9А110 тармақта көрсетілген композициялық құрылымдарға, ламинаттарға және бұйымдарға арналған, шайырмен импрегнирленген талшықты препрегтер және оларға арналған металпрокатты талшықты брикеттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 1С010-ды және 1С210-ды қараңыз.
Ескерту: 9С110 тармағы бойынша тек ASTM D4065-мен немесе сол тәрізді стандарттармен айқындалғандай шыныға ауысу (Тg) температурасы 418 К (145oС)-тан асатын шайырды пайдаланатын, шайырмен импрегнирленген талшықты препрегтер бақыланады.
9С110 | 3921 90 190 9 3921 90 300 0 3921 90 550 0 3926 90 980 9 6815 10 100 0 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 8101 96 000 0 8101 99 8104 90 000 0 8108 90 900 0 |
9D Бағдарламалық қамтамасыз ету
9D001 9А, 9В немесе 9Е003 тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе «технологияны» «әзірлеу» үшін қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D001
9D002 9А немесе 9В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «өндіру» үшін қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D002
9D003 9А тармағы бойынша бақыланатын (ФАДЕК) қозғағыштарды басқарудың өз алдына электрондық-сандық жүйелерін немесе 9В тармағы бойынша бақыланатын жабдықтарды толық «пайдалану» кезінде қажет «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мыналар секілді:
а. Қозғағыш жүйелерді, аэроғарыштық сынақ қондырғыларын немесе авиациялық қозғағыштарды сынауға арналған ауа үрлегіш қондырғыларды электронды-сандық бақылаушыларға арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. «ФАДЕК»-те пайдаланылатын істен шығудан төзімді «бағдарламалық қамтамасыз ету» және тиісті тест қондырғылары.
9D003
9D004 Басқа «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мынадай:
а. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» аэродинамикалық құбырлардағы екі немесе үш өлшемді байлам ағысын моделдендіруге арналған немесе қозғаушы ішіндегі тасқынды жете моделдендіруге мүмкіндік беретін ұшу сынақтарының деректерін өңдеуге арналған;
b. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» әуе газ турбиналық қозғағыштарды, құрастырмаларды немесе құрамдас бөліктерді сынақтан өткізуге арналған, уақыттың нақты шамасындағы деректерді қорыту, қайта жасау және талдау үшін арнайы әзірленген және сыналып отырған бұйымдарды немесе сынақ барысындағы сынақтардың талаптарын динамикалық құруды қоса, кері байланысты қамтамасыз етуге қабілетті;
d. Ротор қалақтарының клиренсін бақылауға арналған белсенді компенсациялық жүйелерді пайдалану үшін талап етілетін «Бағдарламалық тест», «объектінің коды» немесе машина коды түріндегі «Бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескерту: 9D004-тармағы бойынша бақыланбайтын немесе клиренстің белсенді компенсациясымен басқарылатын жүйелерді калибрлеу, жөндеу немесе жаңартуға байланысты техникалық қызмет көрсету үшін талап етілетін жабдықтардың құрамына кіретін «бағдарламалық қамтамасыз ету» бақыланбайды.
e. 9A012-тармақта айқындалған «пилотсыз ұшу аппараттарын» және өзара байланысқан жүйелерді, жабдықты және құрамдауыштарды пайдалану үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
f. Қалақтардағы, қанаттардағы немесе газ турбина қозғалтқышының «бандажындағы» ішкі салқындату арналарын әзірлеу үшін арнайы белгіленген «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
g. Мынадай барлық сипаттамалары бар «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. Авиациялық газ турбина қозғалтқыштарындағы аэротермиялық, аэромеханикалық сипаттамаларын және жану шарттарын болжау үшін арнайы әзірленген; және
2. Шынайы газ турбина қозғалтқыштарының (эксперименттік немесе сериялық) пайдалану сипаттамалары бойынша теориялық, модельдік, тестіленген негізде аэротермиялық, газ динамикалық сипаттамаларды және жану шарттарын болжау мүмкіндігі бар.
9D004
9D101 9В105, 9B106, 9B116 немесе 9B117-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету.
9D101
9D103 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарды немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарды немесе 9А005, 9А007, 9А105.а., 9А106, 9А108, 9А116 немесе 9А119 тармақтары бойынша бақыланатын кіші жүйелерді үлгілеу, жобалау немесе интеграциялау үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескерту: 9D103 тармағында сипатталған «бағдарламалық қамтамасыз ету» олар 4А102 тармағында сипатталған арнайы әзірленген аппараттық құралдармен біріккен жағдайда да бақыланатын болып қала береді.
9D103
9D104 9А001, 9A005, 9A006.d., 9A006.g., 9A007.a, 9A008.d., 9A009.а, 9A010.d., 9A011, 9A101, 9A102, 9A105, 9A106.с., 9A106.d., 9A107, 9A108.C., 9A109, 9A111, 9A115.a, 9A116.d., 9A117 немесе 9A118-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды «қолдану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету.
9D104
9D103 9А004 тармағында сипатталатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104 тармағы бойынша сипатталатын ракета-зондтарда «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе үлгіленген кем дегенде бір кіші жүйенің функциясын үйлестіруге арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D105 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондттарда «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған бір кіші жүйеден астам функцияларды үйлестіруге арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
9D 8523
9Е Технология
Ескерту: 9Е001-ден 9Е003-ке дейінгі тармақтарда көрсетілген газ турбиналық қозғағыштарға арналған «технология», «әзірлемелер» немесе «өндірістер», егер олар жөндеуге, қалпына келтіруге немесе күрделі жөндеуге «қолданылатын» «технология» ретінде пайдаланылса, бақыланатын болып қала береді. Қозғағыштарды тұтастай немесе олардың модулдерін ауыстыруды қоса алғанда, ақаулы немесе зақымданған блоктарды калибрлеумен, ақауын табумен немесе ауыстырумен тікелей байланысты іске қосу қызметіне арналған техникалық деректер, чертеждар немесе құжаттамалар бақыланбайды.
9Е001 9А001.с, 9А004-тен 9А011-ге дейінгі, 9В немесе 9D тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес «технологиялар».
9Е001
9Е002 9А001.c, 9А004-тен 9А011-ге дейінгі, немесе 9В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «өндіруге» арналған жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес «технологиялар».
Ерекше ескерту: Бақыланатын құрылымдарды, ламинаттарды немесе материалдарды жөндеуге арналған «технологияларды» 1Е002.f. тармақтан қараңыз.
9Е002
9Е003 Басқа «технологиялар», мыналар секілді:
а. Төменде аталған газ турбиналық қозғағыштар құрамдас бөліктерінің немесе жүйелерінің кез келгенін «әзірлеуге» немесе «өндіруге» «қажет болатын» «технологиялар»:
1. 1273 К (1000oС) температура және 200 МПа қысымда 400 б. астам сынуға қарсы тұратын уақыты бар, материалдар қасиеттерінің орташа көрсеткіштерін негізге ала отырып, кристалдандырылған немесе монокристалды құймалардан алынған газ турбинасының күректері, қалақтар немесе жылу сақтайтын қаптамалар;
2. Камерадан шығуында 1813 К (1540oС)-тан астам орташа температурада жұмыс жасайтын көп куполды жану камералары немесе құрамында термикалық бөлінген жылу сақтайтын элементтер, металл емес жылу сақтайтын элементтер немесе металл емес корпус бар жану камералары;
3. Келесі материалдардың кез келгенінен жасалатын компоненттер:
а. 588 К (315oС)-тан жоғары температура кезінде қолдануға арналған органикалық «композициялық» материалдар;
b. 1С007 тармағы бойынша бақыланатын металдан жасалған «матрициялық», «композициялық», қыштан жасалған «матрициялық», интерметалдық немесе армирленген интерметалдық материалдар; немесе
с. 1С008 тармақта сипатталған шайырларды пайдаланып жасалған 1С010 тармақта сипатталған «композициялық» материалдар;
4. 1323 К (1050oС) және одан көп температурадағы газ ағынында жұмыс істеу үшін жобаланған суытылмаған турбина күректері, қалақтар, жылу сақтайтын қаптамалар немесе басқа да компоненттер;
5. 1643 К (1370oС) және одан көп температура кезіндегі газ ағынында жұмыс істейтін, 9Е003.а.1 тармағында көрсетілгендерден басқа, суытылған турбина күректері, қалақтар, жылу сақтайтын қаптамалар;
6. Қатты қосылысты пайдаланылатын қанат пішінді қалақ - турбина дискі комбинациялары;
7. 2Е003.b. тармағы бойынша бақыланатын, «диффузиялық дәнекер» «технологиясын» пайдаланатын газ турбиналық қозғағыштар компоненттері;
8. 1С002.b. тармағы бойынша бақыланатын ұнтақ металлургия әдісімен жасалған материалдарды пайдаланылатын газ турбиналық қозғағыштардың жоғары ресурсты айналмалы компоненттері;
9. Газ турбиналық қозғағыштар мен аралас циклдармен жұмыс істейтін қозғағыштарға және оларға қатысты диагностикаларға, беру құралдары мен арнайы жобаланған компоненттерге арналған «ФАДЕК»;
10. Газ тасқынының геометриясын реттеу жүйелері және тиісті бақылау жүйелері:
а. Газ генераторлы турбиналар;
b. Желдеткішті немесе күш беретін турбиналар;
с Жылжымалы шүмектер;
1-ескерту: 9Е003.а. тармағындағы газ тасқынының геометриясын реттеу жүйелері және тиісті бақылау жүйелері кіретін бағыттаушы қалақтарды, айналу мөлшері өзгермелі желдеткіштерді, бұрылмалы статорларды немесе компрессорларға арналған дренажды қақпақтарды қамтымайды.
2-ескерту: 9Е003.а.10 тармағы бойынша тарту күшінің реверсіне арналған газ ағынының геометриясын басқару жүйелерінің «технологиялары» «әзірлемелері» немесе «өндірістері» бақылауға жатпайды.
11. Өткінаралық бекітусіз кең хордалы қуыс күректер;
b. Мынадай жабдықтардың кез келгенін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар»:
1. Контактісіз беру құралымен жабдықталған, деректерді ағашты сенсордан бастап ақпарат жинау жүйесіне беруге қабілетті аэродинамикалық құбырда сынақ өткізуге арналған аэродинамикалық моделдер; немесе
2. «Композициялық» материалдардан жасалған күректер немесе олардың 0,55 М-нан жоғары ұшу жылдамдығы кезінде 2000-ден астам кВт-ке төзуге қабілетті бекітпелері;
с. «Лазерді», су ағындыларын, электрохимиялық өңдеудің (ЭХӨ) немесе саңлаулар жасауға арналған электрұшқынды өңдеу станоктарын (ЭҰС) пайдаланатын газ турбиналық қозғағыштардың құрамдас бөліктерін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар», олар келесі сипаттамалар жиынтығының кез келгенін ие:
1. Төменде көрсетілген барлық өлшемдер:
а. Тереңдігі олардың диаметрінен 4 еседен астам көп;
b. Диаметрі 0,76 мм-ден кем; және
с. Көлбеу бұрыштары 25 град.-қа тең немесе кем; немесе
2. Төменде көрсетілген барлық өлшемдер:
а. Тереңдігі олардың диаметрінен 5 еседен астам көп;
b. Диаметрі 0,4 мм-ден кем; және
с. Көлбеу бұрыштары 25 град.-тан асады.
Техникалық ескерту:
9Е003.c. тармағына қатысты көлбеу бұрышы аэродинамикалық үстіңгі қабатқа қатысты нүктеде өлшенеді, саңылаудың осі осы үстіңгі қабатты қиып өтеді.
d. Мыналар үшін «талап етілетін» «технология»:
қуат беретін тікұшақ жүйелерін немесе тікұшақ қалақтарының конус завалының немесе «ұшу аппараты» қанаты завалының қуат беру жүйелерін «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар»;
е. Жердегі объектілердің қозғағыш қондырғыларының поршеньді дизельді қозғағыштарын «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар», олар төменде аталған сипаттамалардың барлығына ие:
1. «Бокстің көлемі» 1,2 куб.м немесе одан кем;
2. Толық шығу қуаты 80/1269/ЕЕС, ISO 2534 стандарттарының немесе олардың ұлттық эквиваленттерінің негізінде 750 кВт-тан астам; және
3. Қуатының тығыздығы бокс көлемінің 700 кВт-дан астам;
Техникалық ескерту:
9Е003.е тармағы бойынша «бокстің көлемі» - үш тік өлшемнің қосындысы, олар былайша өлшенеді:
Ұзындығы: иінді біліктің ұзындығы алдыңғы фланцтан маховиктің беткі жазықтығына дейін;
Ені: мынадай өлшемдердің ең жоғары мәні:
а. Клапанның бір соңғы қақпағынан екіншісіне дейінгі сыртқы арақашықтық;
b. Цилиндрлер бастары шеттерінің арасындағы арақашықтық;
с. Маховик қапшығының диаметрі;
Биіктігі: мынадай өлшемдердің барынша үлкені:
а. иінді біліктің осінен клапан қақпағының (немесе цилиндрдің бастиектері) жоғарғы жазықтығына дейінгі арақашықтық қосу поршень жүрісінің екі еселенген ұзындығы; немесе
b. маховик қапшығының диаметрі.
f. Шығу қуаты жоғары дизельдік қозғағыштар үшін арнайы жобаланған компоненттерді «өндіру» үшін «талап етілетін» мыналар секілді «технологиялар»:
1. 1С007 тармағы бойынша бақыланатын, қыш материалдарды пайдаланушы, төменде аталған құрамдас бөліктердің барлығы бар қозғағыш жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін» «технология»:
а. Цилиндрлер гильзалары;
b. Поршеньдар;
с. Цилиндрлердің бастары; және
d. Басқа компоненттердің біреуі немесе одан көп (түтін шығаратын тесік, турбоүрлегіштің элементтері, бағыттаушы клапандар, клапанды жинауды немесе оқшауланған отын инжекторларын қоса алғанда);
2. Бір баспалдақты компрессорлармен жұмыс жасайтын турбоүрлегіш жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар», келесі сипаттамалардың барлығына ие:
а. 4:1 немесе одан жоғары қысымдардың арақатынасында жұмыс жасайды;
b. 30-дан 130 кг/мин-ға дейінгі диапазондағы шығын; және
с. Ішкі компрессордың немесе турбиналар секцияларының ішіндегі ағын қиылысын өзгертуге қабілетті;
3. Дизель отынынан (310,8 К (37,8oС кезінде 2,5 сантистокс) бензинге дейінгі (310,8 К (37,8oС кезінде 0,5 сантистокс) диапазонда отынның тұтқырлығын өзгертуге қабілетті арнайы жобаланған көп отынды (мысалы, дизельді немесе қарапайым отын) отын инжекциясының жүйелерін «өндіру» үшін «талап етілетін», төменде аталатын екі сипаттамаға да ие «технологиялар»:
а. Бір цилиндрге бір мәрте бүркуге арналған 230 куб.мм-ден астам инжектирленген сан; және
b. Тиісті беру құралын пайдалана отырып, айналу сәтінің белгілі бір мәнін қамтамасыз ету үшін отын сипаттамасын ауыстыру және автоматты түрде өлшеу реттегіші үшін арнайы жобаланған электрондық басқару бөлшектері;
g. 723 К (450oС)-тан асатын температураға шыдауға мүмкіндік беретін, поршень сақинасына тиетін жоғарғы шекті нүктеде цилиндрдің қабырғасында өлшенетін қатты, газ түріндегі немесе сұйық үлдірлі (немесе олардың комбинацияларымен) жанармаймен жұмыс жасайтын цилиндрлер қабырғаларының жоғары қуатпен шығатын дизельдік қозғағыштарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «талап етілетін» «технологиялар».
Техникалық ескерту:
Шығу қуаты жоғары дизельдік қозғағыштар - бұл 1,8 МПа-дағы тежеудің тиімді қысымының нақтылы мәні бар немесе 2300 айналу/мин барынша айналу жылдамдығы кезінде, 2300 айналу/мин немесе одан көп айналу жылдамдығын қамтамасыз ететін қозғағыш.
h. Газтурбиналық қозғалтқыштардың «FADEC жүйелеріне» арналған «технология», атап айтқанда:
1. Қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін «FADEC жүйелері» үшін қажетті құрамдауыштарға функционалдық талаптарды белгілеу үшін «әзірлеу» «технологиясы» (мысалы, уақытша константалар және кері байланысы бар бергіштің дәлдігі, отын арнасының қалпын түзету жылдамдығы);
2. «FADEC жүйелерінде» ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын бақылау және диагностикалау құрамдауыштарын «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологиялары»;
3. «FADEC жүйелерінде» ғана қолданылатын және қозғалтқыштың тартысын немесе біліктегі қуатты реттеу үшін пайдаланылатын «бастапқы кодты» қоса алғанда, басқару алгоритмдерін «әзірлеу» «технологиялары»;
Ескертпе: 9E003.h тармағы авиажелілерді көпшілік пайдалану үшін жариялануы тиіс азаматтық авиация саласындағы сертификаттау органдарының талаптарына сәйкес ұшаққа қозғалтқышты орнатуға жататын техникалық мәліметтерге (мысалы, орнату жөніндегі нұсқаулық, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі нұсқаулық) немесе интерфейс функцияларына (мысалы, кіріс/шығыс деректерді өңдеу, қорапқа немесе білік қуатына түсетін осьтік жүктемеге қойылатын талаптар, планердің тартуының немесе біліктегі қуаттың тапсырмасы) қолданылмайды.
і. Газ генераторлық турбиналардың, желдеткіштер турбиналарының, тарту турбиналарының немесе реактивтік шүмектердің қозғалтқыштарының жұмысының тұрақтылығын қолдау үшін арналған ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерге арналған «технологиялар», атап айтқанда:
1. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты құрамдауыштарға функционалдық талаптар қоюды «әзірлеу» «технологиялары»;
2. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын қозғалтқыштарды «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологиялары»;
3. Қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне жауапты және ағындардың реттелетін бағыттары бар жүйелерде ғана пайдаланылатын «бастапқы кодты» қоса алғанда, басқару алгоритмдерін «әзірлеу» «технологиялары».
Ескертпе: 9E003і-тармағы мына атаулардың кез келгенін:
a. Кіріс бағыттауыш аппараттың қалақтарын;
b. Өзгермелі адымы бар желдеткіштерді немесе бұрама желдеткіштерді;
c. Компрессордың реттелетін кіріс бағыттауыш аппаратының қалақтарын;
d. Компрессордың қайта қосу клапандарын; немесе
e. Кері тарту үшін ағынның реттелетін бағыты бар арналар геометриясын «әзірлеу» немесе «өндіру» «технологияларына» қолданылмайды
9Е003
9Е101
a. 9А101, 9А104 - тен 9А111-ге дейінгі немесе 9А115 - тен 9А119 - ға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар».
b. 9А012-тармақ бойынша бақыланатын «ПҰА» немесе 9A101, 9A102, 9A104 - 9A111 немесе 9A115 - 9A119-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды «өндіру» үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар.
Техникалық ескертпе:
9Е101.b тармағында «ПҰА» - қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.
9Е101
9Е102 9А004-тармағы бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарын немесе 9А005 - 9А011-тармақтар бойынша бақыланатын тауарларды, 9А012-тармағы бойынша бақыланатын «ПҰА» немесе 9А101, 9А102, 9А104 - 9А111, 9А115 - 9А119, 9B105, 9B106, 9B115, 9B116, 9B117, 9D101 немесе 9D103-тармақтары бойынша бақыланатын тауарларды «қолдану» үшін қажетті жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «технологиялар».
Техникалық ескертпе.
9Е102-тармақта «ПҰА» - қашықтығы 300 км астам пилотсыз ұшу аппараттары.»;
«Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
«жалпы химиялық ескерту» деген кіші бөлімде:
ML1-тармағы мынадай мазмұндағы (c) тармақшасымен толықтырылсын:
«(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери атыс қарулары;
9Е102
Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар (бұдан әрі - Әскери тізім)
Технология бойынша ескерту
Әскери тізіммен бақыланатын бұйымдарды «жасау», «өндіру» немесе «қолдану» үшін «қажет» «технологиялар» экспорты Әскери Тізімнің қосымшасына сәйкес бақыланады. Бұл «технология» тіптен бақыланбайтын бұйымдарға қолдану кезінде бақылауда қалады.
Бақылау инсталляция, жұмыс, бақыланбайтын және экспорты рұқсат етілген бұйымдарға қызмет көрсету (тексеру) және оларды жөндеу үшін қажет ең аз болып табылатын «технологияларға» қатысты болмайды.
Бақылау «қоғамдық салада», «іргелі ғылыми зерттеулерге» немесе патентке арналған өтінімдерді ресімдеуге қажет ең аз ақпаратқа қолданылатын «технологияға» қатысты болмайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жалпы химиялық ескерту
Химиялық заттар Химия бойынша реферативтік қызметтің (САS) атауы және сілтеме нөмірі бойынша көрсетілген. Құрылымдық формуласы бірдей химиялық заттар (гидранттарды қоса алғанда) сілтеме нөмір мен (САS нөмірі) атауына қарай бақыланады. Сілтеме нөмірлер берілген номенклатураға қарай заттардың бақыланатын санын айқындауға көмек үшін ұсынылады, яғни бір химиялық зат немесе тұтастай қоспа бақыланады. Сілтеме нөмірлер бірегей сәйкестендіруші ретінде қолданылмауы тиіс, өйткені сипатталған химиялық заттардың кейбір нысандарының әртүрлі сілтеме нөмірлері бар, ал сипатталған заттардағы қоспалардың да әртүрлі нөмірлері болуы мүмкін.
МL1. 20 мм-нен кем калибрдегі тегіс ұңғылы қару, басқа да қару-жарақ және 12,7 мм калибрдегі (калибрі 0,50 дюйм) немесе одан аз автоматты қару, сондай-ақ зеңбірек керек-жарақтары мен бұл үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Винтовкалар, карабиндер, револьверлер, пистолеттер, автоматты пистолеттер мен пулеметтер:
Ескерту: МL1(а) мыналарды бақыламайды:
1. 1938 жылға дейін дайындалған мушкеттер, винтовкалар мен карабиндер
2. Түпнұсқалары 1890 дейін дайындалған мушкеттердің, винтовкалардың және карабиндердің кескіндері
3. 1890 жылға дейін дайындалған револьверлер, пистолеттер мен пулеметтер және олардың кескіндері
(b) Мынадай тегіс ұңғылы қарулар:
1. Әскери қолдану үшін арнайы жасалған тегіс сүмбілі қару;
2. Мынадай түрдегі басқа да тегіс ұңғылы қару:
(а) толықтай автоматты;
(b) жартылай автоматты немесе қайтармалы-итермелі қозғалыс түріндегі;
(с) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қолданатын әскери қол атыс қарулары;
(d) МL1(а), МL1(b) немесе МL1(с) тармақшаларымен бақыланатын қару-жарақтарға арналған өшіргіштер, арнайы қондырмалар, қысқыштар, нысаналар мен от өшіргіштер.
1-ескерту: МL1 аңшылық және спорттық мақсаттарға арналған тегіс сүңгілі қаруды бақыламайды. Мұндай қару әскери қару үшін арнайы құрастырылған түрде болмауы тиіс және қарудың автоматты типіне жатпауы тиіс.
2-ескерту: МL1 бос оқ-дәріні пайдалану үшін және бақыланатын оқ-дәрілермен атуға қабілетсіз арнайы құрастырылған атыс қаруын бақыламайды.
3-ескерту: МL1 орталықтандырылмайтын әскери гильзасыз оқ-дәрілер пайдаланылатын қаруды, сондай-ақ автоматтық қару санатына жатпайтын қаруды бақыламайды.
ML1. | 9303 9305 9301 9302 00 000 0 9013 10 000 0 |
МL2. 20 мм немесе одан астам калибрлі тегіс ұңғылы қару, 12,7 мм үлкен калибрлі (0,50 дюмді калибр) қару-жарақ, лақтыру қондырғылары мен қондырмалар, сондай-ақ оларға арнайы құрастырылған мынадай бұйымдар:
(а) Пушкалар, гаубицалар, артиллерия пушкалары, минометтер, танкке қарсы қару, лақтырғыш қосу қондырғылары, әскери от шашқылар, кері теппейтін винтовкалар, оларға арналған бүркеме жарақтар;
Ескерту: МL2 (а) инжекторларды, өлшеу құрылғыларын, қойма резервуарларын және олар үшін арнайы құрастырылған, МL2 (а) тармағы бақыламайтын жабдықтарға май құю мақсатында сұйық зымыран отынын пайдалануға арналған басқа компоненттер.
(b) Әскери түтінді, газды немесе пиротехникалық лақтыру қондырғылары немесе генераторлар;
Ескерту: МL2 (b) дабыл пистолеттерін бақыламайды
(с) қаруларға арналған қарауылдар