Ескерту: «Теңіз газтурбина қозғағыштары» термині корабльдік электрогенераторлық немесе қозғағыштық қондырғыларда қолдануға лайықталған өнеркәсіптік немесе авиациялық газтурбиналық қозғағыштарды білдіреді.
9А002 | 8411 82 600 1 8411 82 600 9 8411 82 800 0 |
9А003 Жасалуы кезінде 9Е003.а. тармағы бойынша бақыланатын «технологиялар» пайдаланылатын, газтурбина қозғағыштары үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен құрамдас бөліктер, олар мынадай:
а. 9А001 тармағы бойынша бақыланады;
b. Әзірленуінің немесе өндірілуінің не өндірушіге белгісіз болуы, не олардың келісімге «қатысушы мемлекеттер» болып табылмайтын мемлекеттерде әзірленуі мен өндірілу орны туралы.
9А004 Ракета тасығыштар мен «ғарыштық» аппараттар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А104-ті қараңыз.
1-ескерту: 9А004-тармағы бойынша пайдалы жүктелімдер бақыланбайды.
Ерекше ескерту: «Ғарыштық аппараттың» пайдалы жүктелімінің құрамына кіретін жабдықтың бақылау мәртебесін айқындау үшін тиісті санатқа қараңыз.
9А004 | 8802 60 100 0 8802 60 900 0 9306 90 |
9А005 9А006 тармағы бойынша бақыланатын жүйелердің немесе компоненттердің кез келгенінен тұратын сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғылар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А105 пен 9А119-ды қараңыз
9А006 Сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғыларға арналып арнайы әзірленген жүйелер мен компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А106 мен 9А108-ді қараңыз.
а. Криогендік рефрижераторлар, Дюардың борт ыдыстары, криогендік жылу бөлу құбырлары немесе ғарыштық аппараттарда пайдалануға арналып арнайы әзірленген және криогендік ортаның (хладоагент) шығынын жылына 30%-тен аз қысқартуға қабілетті криогендік жүйелер;
b. «Ұшу аппараттары» үшін 100 К (-173oС) немесе одан төмен температураны қамтамасыз етуге қабілетті, ракета тасушылардың немесе «ғарыштық аппараттардың» 3М-нан асатын ұшу жылдамдығын ұстап отыруға қабілетті тұйық циклды криогендік контейнерлер немесе рефрижераторлы жүйелер;
с. Сұйық сутегіне арналған қойма немесе қайта айдау жүйелері;
d. Жоғары қысымды (17,5 МПа-дан асатын) турбосораптар, сораптардың құрамдас бөліктері немесе оларға біріктірілген газгенераторлары немесе газды турбинаға беруді басқаратын жүйелер;
е. Жоғары қысымды (10,6 МПа-дан асатын) жану камералары және оларға арналған шүмектер;
f. Тамшыны ұстап тұру немесе дәл беру (яғни итергіш жұмсақ көпіршікті) принциптерін пайдаланатын отынды сақтау жүйелері;
g. 0,381 мм немесе одан аз диаметрлі бірен-саран ғана калибрленген саңылаулы сұйық отын бүріккіштері;
h. Монолитті жану камералары немесе тығыздығы 1,4 г/см3 және үзілу беріктігі 48 МПа-дан асатын көміртегі-көміртегі материалынан жасалған соплоның конустық монолитті шығару саптамасы.
9А006 а. 9А006 b. 9А006 с. 9A006 d. 9A006 e. 9A006 f. 9A006 g. 9A006 h. | 8412 90 800 0 8412 90 800 0 7311 00 8413 19 000 0 8419 60 000 0 8413 19 000 0 8412 90 200 0 8412 90 800 0 8479 89 980 0 8412 29 890 9 8411 99 009 0 9306 90 900 0 8412 90 009 0 3801 8412 90 9306 90 |
9А007 Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, қатты отынды ракеталық қозғағыштар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
а. 1,1 МН-дан асатын қосынды импульс;
b. Теңіз деңгейіндегі тиісті жағдайларға шығу жағдайлары кезіндегі 2,4 кНс/кг немесе одан көп үлес импульсі және жану камерасындағы қысым 7 МПа-ны құрайды;
с. Баспалдақ салмағындағы үлесі 88%-тен асып түседі және ракеталық қатты отынның жүктелімі баспалдақ салмағының 86%-нен көп;
d. 9А008-тармағы бойынша бақыланатын компоненттердің кез келгенін қамтиды; немесе
е. «Жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін қозғағышпен біртұтас ретінде немесе оқшаулау материалына қатты отынның химиялық өнімдерінің (компоненттер) өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретінде орындалған оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері.
Техникалық ескерту:
9А007.е тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
9А008 Қатты отын жағатын ракеталық қозғағыштар үшін арнайы әзірленген компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А108-ді қараңыз.
а. Оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері, «жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе оқшаулау материалына қатты отынның өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретіндегі жапсырмалар;
Техникалық ескерту:
9А007.е.-тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
b. диаметрі 0,61 м-ден астам немесе «үлестік беріктігі» (PV/W өлшемдегі) 25 км-ден астам «композициялық» талшықты мата материалдарынан жасалған қозғағыш отсектер;
Техникалық ескерту:
Үлестік беріктігі (PV/W) - бұл жарылыс кернеуі, бұл отсектің (V) көлеміне көбейтілген және жоғары қысым (W) отсегінің жалпы салмағына бөлінген үзілу қысымы (Р).
с. 45 кН-нен асатын немесе шүмек аузы маңындағы эрозия жылдамдығы 0,075 мм/с-ден кем тарту деңгейі бар қозғағыштар шүмектері;
d. Мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, айналмалы шүмек немесе қайталама сұйықтың инжекциясы негізіндегі тарту векторын басқару жүйелері:
1. Барлық осьтер бойынша +- 5 град.-тан жоғары диапазонда орын ауыстыру қабілеті;
2. Вектордың айналу жылдамдығы 20 град/с немесе одан жоғары; немесе
3. Вектордың айналу шапшаңдығы 40 град/с немесе одан жоғары.
9А008 а. 9А008 b. 9А008 с. 9A008 d. | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 4016 10 900 0 4016 99 880 9 4017 00 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 8412 90 200 0 9306 90 |
9А009 Мынадай сипаттамалары бар гибридті ракета қозғағыштары:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А109 бен 9А119-ды қараңыз.
а. Қосынды импульсі 1,1 МНс-тен асады; немесе
b. Тарту күшімен шығардағы вакуум жағдайларында 220 кН-нан жоғары.
9А009 | 8412 10 000 9 8412 90 200 0 |
9А010 Ракета тасығыштар, ракета тасығыштар мен космостық аппараттардың қозғағыштық құрылғылары үшін арнайы әзірленген компоненттер, жүйелер немесе құрылымдар, мыналар секілді:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А002 мен 9А110-ды қараңыз.
а. Әрқайсысының салмағы 10 кг-ден астам, ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010 тармақтары бойынша бақыланатын металл «матрицаларын», «композициялық материалдарды», органикалық «композициялық материалдарды», қыш «матрицаларын» немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасаған компоненттер мен құрылғылар;
Ескерту: Салмағы бойынша шектеудің сүйір ұшына қатысы жоқ.
b. 9А005-тен бастап 9А009-ды қоса алғандағы тармақтар бойынша бақыланатын ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010-тармақтары бойынша бақыланатын металл матрицаларын, композициялық материалдарды, органикалық композициялық материалдарды, қыш матрицаларын немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасалған компоненттер мен құрылымдар;
с. Динамикалық сезімталдықты немесе «ғарыштық аппараттардың» құрылымының деформацияларын белсенді басқару үшін арнайы әзірленген құрылымдық компоненттер мен оқшаулау жүйелері;
d. Қозғағыштың салмағына тарту күшінің арақатысы 1 кН/кг тепе-тең немесе көп және 30 мс-тан кем емес әсер ету уақыты болатын (қосылған сәттен бастап 90%-тік толық номиналдық тарту күшіне жету үшін қажет уақыт) импульстік сұйық ракета қозғағышы.
9А010 а 9A010 b. 9А010 c. 9A010 d. | 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 19 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 600 0 8108 90 500 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 19 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 500 0 8108 90 600 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8412 10 000 9 |
9А011 Тікелей дәлдіктегі әуе-ракеталық қозғағыштар, жұмыс үстіндегі әуе-ракеталық қозғағыштар немесе аралас цикл қозғағыштары және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А11 мен 9А118-ді қараңыз.
9A012 «Пилотсыз ұшу аппараттары» («ПҰА»), пилотсыз «ауадан да жеңіл ұшу аппараттары», оларға байланысты жүйелер, жабдық және құрамдауыштар, атап айтқанда:
a. Барлық мынадай сипаттамалары бар «ПҰА» немесе пилотсыз «ауадан да жеңіл ұшу аппараттары»:
1. Ұшуды автономдық басқару және навигацияның борттық құралдары (мысалы, инерциялық навигациялық жүйесі бар автопилот); немесе
2. Оператор үшін тура көріну шегінен тыс ұшуды басқару мүмкіндігі (мысалы, қашықтықтан телевизиялық басқару);
b. Өзара байланысты жүйелер, жабдық және құрамдауыштар, атап айтқанда:
1. 9A012 а тармағында көрсетілген «Пилотсыз ұшу аппараттарын» («ПҰА») немесе пилотсыз «ауадан да жеңіл ұшу аппараттарын» қашықтықтан басқару үшін арнайы әзірленген жабдық;
2. 7-санатта айқындалғандардан басқа жүргізудің, бағдарлаудың, дәлдеудің немесе басқарудың 9A012 a тармағы бойынша бақыланатын ПҰА немесе «ауадан да жеңіл пилотсыз ұшу аппараттарын» интеграциялау үшін арнайы арналған өзге жүйелер;
3. 9A012 a тармағы бойынша бақыланатын (ПҰА) немесе ұшқышсыз «ауадан да жеңіл ұшу аппараттарында» басқарылатын ұшу аппаратын қайта құру үшін арнайы әзірленген жабдық пен құрамдауыштар;
4. 50,000 футтан (15240 метр) астам биіктікте «Пилотсыз ұшу аппараттары» (ПҰА) немесе пилотсыз «ауадан да жеңіл ұшу аппараттары» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған әуе-реактивтік роторлы немесе поршеньді іштен жану қозғалтқыштары.
Ескертпе: 9A012-тармағы бойынша ұшу аппараттарының модельдеріне немесе «ауадан да жеңіл ұшу аппараттарының» модельдеріне қолданылмайды.
9A012 8802 20 000
8802 30 000
8802 40 00
9306 90
9А101 9А001 тармағы бойынша бақыланатындардан басқа, «ракеталарда» қолдану мүмкіндігі бар салмағы жеңілдетілген турбореактивті және турбожелдеткішті қозғағыштар, олар мынадай:
а. Төменде көрсетілген сипаттамалардың екеуіне де ие қозғағыштар:
1. Азаматтық қолдану үшін сертификатталған тарту күшінің ең үлкен маңызы 8890 Н-нан (сынақтар кезінде қол жеткен) жоғары қозғағыштарды қоспағанда,, тарту күшінің ең үлкен мәні 400 Н-нан (сынақтар кезінде қол жеткен) көп;
2. Отынды пайдалану үлесі 0,15 кг/Н/сағ.-тан аспайтын немесе аз (теңіз деңгейінің жағдайларына сәйкес және стандарттық жағдайлар кезінде);
b. 9А012. тармағы бойынша бақыланатын, «реактивтік снарядтарда» немесе пилотсыз ұшу аппараттарында қолдануға арналған арнайы құрастырылған немесе модификацияланған қозғалтқыштар.
9А101 а. 9А101 b. | 8411 11 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8411 11 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
9А102 9А012-тармақта айқындалған пилотсыз ұшатындар үшін арнайы әзірленген және олар үшін арнайы әзірленген, «ең жоғарғы қуаты» 10 кВт астам «Турбовинтті қозғалтқыштар»:
Ескертпе: 9А102-тармағы бойынша азаматтық қолдану үшін сертификатталған қозғалтқыштар бақылауға жатпайды.
Техникалық ескертпелер.
1. 9А102-тармақтың мақсаттары үшін «турбовинтті қозғалтқыш» мынадай сипаттамалардың барлығын қамтиды:
a. Газтурбиналы қозғалтқыш; және
b. Энергияны әуе винтіне беруге арналған трансмиссия.
2. 9А102-тармақтың мақсаттары үшін «ең жоғарғы қуатқа» теңіз деңгейіндегі стандартты жағдайлар кезінде стендте қол жеткізіледі.
9А104 Кем дегенде 300 км. ресурсы бар ракеталар-зондтар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А004-ті қараңыз.
9А104 | 8802 60 100 0 9306 90 8802 60 900 0 |
9А105 Сұйық отынмен жұмыс істейтін мыналар сияқты зымыран қозғалтқыштары:
а. «Реактивті снарядтарда» пайдаланылатын, 9А005 тармақта сипатталғаннан басқа, сұйық қозғалтқыш қондырғыға немесе гель тәрізді отынмен жұмыс істейтін қозғалтқыш қондырғыға қосылған немесе қосу үшін әзірленген немесе модификацияланған, 1,1 МНс немесе одан көп жиынтық тарту импульсi бар, сұйық отынмен жұмыс iстейтiн зымыран қозғалтқыштары немесе гель тәрізді отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштары;
b. Күрделi зымыран жүйелерінде немесе ұшу ұзақтығы 300 км болатын пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын, 9А005 немесе 9А105.а тармақтарында айқындалғаннан басқа, сұйық қозғалтқыш қондырғыға немесе гель тәрізді отынмен жұмыс істейтін қозғалтқыш қондырғыға қосылған немесе қосу үшін әзірленген немесе модификацияланған, 0,841 МНс немесе одан көп жиынтық тарту импульсi бар, сұйық отынмен жұмыс iстейтiн зымыран қозғалтқыштары немесе гель тәрізді отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштары.
9А106 9А006-тармағы бойынша бақыланатындардан ерекшеленетін, сұйық отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқыштарының жүйелері үшін арнайы әзірленген, мыналар сияқты жүйелер немесе құрамдастар:
а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын «реактивтік снарядтарда», ғарыш аппараттарының зымыран-тасымалдағыштарда немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда пайдаланылатын зымыран шүмектері және жану камералары;
b. «Реактивтік снарядтарда» пайдаланылатын тарту бағытын басқару кіші жүйелері.
Техникалық ескертпе:
9А106.c тармағына жататын тарту бағытын басқару әдістерінің мысалдары:
1. Иілмелі шүмек;
2. Қайталама сұйықтықтың немесе газдың инжекциясы;
3. Жылжымалы қозғалтқыш немесе шүмек;
4. Пайдаланылған газ (қалақтар немесе саптамалар) ағынының ауытқуы; немесе
5. Тартқыштың триммерлері.
d. Сұйық зымыран отынының және гидроқоспалардың (шламдардың) (тотықтырғыштарды қоса алғанда) сапасын бақылау жүйелерi және олар үшiн арнайы әзiрленген, 20 Гц-ден 2 кГц-ге дейiнгi диапазондағы 10 g (rms)-тен көп тербелiс жағдайларында жұмыс істеу үшiн белгіленген немесе модификацияланған «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын құрамдастар.
Ескертпе: 9А106.d тармағы мынадай сервоклапандар мен сорғыларды ғана бақылайды:
а. Жетекті позициялау уақыты 100 мс-дан аз, 7 МПа және одан көп абсолюттiк қысым кезiнде ағынның минутына 24 литр немесе одан асатын жылдамдығына арналған сервоклапандар;
b. Білік айналымының жылдамдығы минутына 8000 айналымнан асатын немесе босату қысымы 7 МПа немесе одан көп сұйық зымыран отынына арналған сорғылар.
9A106 a. | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 9306 90 |
9A106 b. | 9306 90 8803 90 900 0 |
9A106 c. | 8412 90 200 0 |
9A106 d, a | 8481 10 990 9026 90 000 9032 81 000 |
9A106 d, b | 8413 19 000 0 8413 30 200 8413 30 800 |
9А107 9А007 тармақта айқындалғаннан басқа, 0.841 МНс-қа тең немесе одан асатын жиынтық импульсті, 300 км ресурсті, күрделі ракеталық жүйелерде немесе ұшқыш басқармайтын ұшу аппараттарында пайданылатын, сұйық отынмен жұмыс істейтін ракета қозғағыштары.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
9А108 9А008-тармақта көрсетілгеннен басқа, қатты отындағы зымыран қондырғыларының қозғалтқыштары үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар, олар мынадай:
а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық ұшу аппараттарында немесе 9А104 тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтардағы «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын зымыран қозғалтқыштарының корпусы және оларға арналған «оқшаулағыш» элементтері;
b. 9А004-тармағы бойынша бақыланатын «реактивті снарядтарда» ғарыштық ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда пайдаланылатын зымыран шүмектері;
c. «Реактивті снарядтарда» пайдаланылатын тарту бағытын басқаратын кіші жүйелер.
Техникалық ескертпе:
9А106.c тармағына жататын тарту бағытын басқару әдістерінің мысалдары:
1. Иілмелі шүмек;
2. Қайталама сұйықтың немесе газдың инжекциясы;
3. Жылжымалы қозғалтқыш немесе шүмек;
4. Пайдаланылған газ ауытқуы (қалақтар немесе саптамалар) ағынының ауытқуы; немесе
5. Тартқыштың триммерлері.
9A108 a, b, c. 8412 90 200 0
8803 90 900 0
9306 90
8412 90 200 0
9А109 Гибридті зымыран қозғалтқыштары және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар, атап айтқанда:
a. Жиынтық импульсі 0,841 МНс және одан астам, 9А009-тармақта айқындалғандардан басқа, сондай-ақ олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар, қашықтығы 30 км болатын аяқталған зымыран жүйелерінде немесе пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын гибридтік зымыран қозғалтқышы;
b. 9A009-тармақта көрсетілген, «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын гибридті зымырандар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
Ерекше ескертпе: Сондай-ақ 9A009 және 9A119 қараңыз.
9A109 8412 10 000
8412 90 200 0
9А110 9А010-тармағында айқындалғаннан басқа, «реактивті снарядтарда» немесе оларға арналған 9А005, 9А007, 9А105.а, 9А106 с., 9А107, 9А108, 9А116 немесе 9А119-тармақтар бойынша бақыланатын кіші жүйелерде пайдалану үшін арналған белгіленген композиттік құрылымдар, қатпарлы құрылымның материалдары және олардан жасалған бұйымдар.
Ерекше ескертпе: сондай-ақ 1А002 қараңыз.
Техникалық ескертпе:
9А110-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтан асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді».
9A110 2804 50 100 0
2818 20 000 0
3801
3926 90 970 5
6815 99 000
6903 10 000 0
8108 90 600 (азаматтық авиацияда
пайдаланылатындардан басқа)
8102 95 000 0
8108 90 300
8108 90 600 (азаматтық авиацияда
пайдаланылатындардан басқа)
7019 39 000
9А111 9А012-тармақ бойынша бақыланатын «реактивті снарядтарда» немесе пилотсыз басқарылатын ұшу аппараттарында пайдаланылатын импульсті турбореактивті қозғалтқыштар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
Ерекше ескертпе: сондай-ақ 9А011 және 9А118 қараңыз.
9A111 8412 10 000 9
9А115 Ұшыру үшін ілеспе жабдық, ол мынадай:
a. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары, 9А012-тармағы бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттары немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтар үшін әзірленген және модификацияланған аппаратура немесе дайындауға, бақылауға, жандандыруға немесе ұшыруға арналған аспаптар;
b. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттары немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын зымыран-зондтар үшін әзірленген және модификацияланған тасымалдау, дайындауға, бақылауға, жандандыруға немесе ұшыруға арналған құралдар
9А115 а. 9А115 b. | 8479 89 970 9 9031 20 000 0 9031 80 980 0 9031 80 980 0 |
9А116 «Реактивті снарядтарда» пайдаланылатын түсіру аппаратты, олар үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған жабдық, олар мынадай:
а. Түсіру аппараттары;
b. Жылу сақтайтын экрандар және олар үшін қыштан немесе абляциялық материалдардан жасалған құрамдауыштар;
с. Радиаторлар және олар үшін жылу сыйымдылығы жоғары жеңіл материалдардан жасалған құрамдауыштар;
d. Қайтарылатын аппараттарына арнайы арналған электрондық жабдық.
9А116 а. 8803 90 900 0
9306 90
9A116 b. 8803 90 900 0
9306 90
9А116 с. 8803 90 900 0
9306 90
9A116 d. 9014 20 800
9306 90
8541 10 000 9
9А117 «Реактивті снарядтарда» пайдаланылатын баспалдақтарды біріктіруге, ажыратуға және өзара іс-қимыл жасауға арналған тетіктер.
9A117 8803 90 900 0
9306 90
9А118 «Реактивті снарядтарда» немесе 9А012, 9А011 немесе 9А111-тармақтары бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын қозғалтқыштардағы жану процесін реттейтін қондырғы».
9A118 8412 90 800 0
9А119 9А005, 9А007, 9А009, 9А105, 9А107 және 9А109-тармақтарында көрсетілгеннен басқа, арақашықтығы 300 км болатын толық зымыран жүйелерінде немесе пилотсыз ұшу аппараттарында пайдаланылатын зымыран сатылары.
9А119 8803 90
9306 90
9А120 1С111-тармақта айқындалған зымыранның сұйық отыны немесе салмағы кемінде 500 кг жүкті кемінде 300 шақырым қашықтыққа жеткізуге қабілетті зымыран жүйелерінде «Зымыранның сұйық отынына» арналған бактар.
Ескертпе. 9А120-тармақта «зымыран отынының басқа сұйықтығы» Әскери мақсаттағы өнім тізімінде көрсетілген отынның өзге де түрлерінің қатарына қосылады.»;
9В009-бөліктен кейін мынадай мазмұндағы 9В010-бөлікпен толықтырылсын:
«9B010 «ПҰА» және өзара байланысқан жүйелердің, 9A012-тармақта айқындалған жабдықтың және құрамдауыштардың өндірісі үшін арнайы әзірленген жабдық.»;
9В105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9В105 «Реактивті снарядтар» және олардың кіші жүйелері үшін қолданылатын ағын жылдамдығы 0,9 М және одан жоғары аэродинамикалық құбырлар.
Ерекше ескертпе: сондай-ақ 9В005 қараңыз.
Техникалық ескертпе.
9В105-тармақта «реактивті снаряд» қашықтығы 300 км астам зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
9В105 9031 20 000 0
9В Сынау, бақылау және өндіріс құралдары
9В001 Газ турбиналары күректерін, қалақ тақтайшаларын немесе жылу сақтау қақпақтары құймаларын жасау немесе олардың өлшемдерін өлшеу үшін арнайы әзірленген, төменде аталған жабдықтар, құрал-саймандар немесе бейім жабдықтар:
а. Бағытталған кристалдандыруға немесе монокристал өндіруге арналған жабдық;
b. Қыш өзекшелері немесе корпусы;
9В001 а. 9В001 b. | 8411 99 009 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8479 89 600 6903 90 900 0 |
9В002 9Е003.а тармағы бойынша бақыланатын «технологияны» қоса алғанда, газ турбиналық қозғағыштар, тораптар мен компоненттер үшін әдейі арналған, ақпарат жинауға және оны өңдеуге арналған уақыттың нақты шамасында жұмыс жасайтын бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу аспаптары (бергішті қоса алғанда) немесе автоматты жабдық.
9B002 | 9031 80 910 0 8537 10 100 0 8537 10 910 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
9В003 Күректің ұшындағы жылдамдық 335 м/с-дан асқан және 773 К (500oС)-тен жоғары жағдайда жұмыс істеу үшін әзірленген, газ турбиналарының шеткілерін бекіткіштерді «жасау» немесе сынақтан өткізуге арнайы әзірленген жабдық және оларға арнап арнайы әзірленген компоненттер немесе бейім жабдықтар.
9B003 | 8459 61 8459 69 9024 10 9031 20 000 0 |
9В004 Суперқұймаларды, титан құймаларын немесе 9Е003.а.3 немесе 9Е003.а.6 тармақтарда көрсетілген газ турбиналарына арналған күрек-дискінің интерметалдық комбинацияларын біріктіруге арналған құралдар, штамптар немесе бейім жабдықтар.
9B004 | 8515 80 110 0 8515 90 000 0 8515 80 190 0 8466 |
9B005 Келесі аэродинамикалық құбырлардың немесе құрылғылардың кез келгенімен пайдалануға әдейі арналған, ақпарат жинауға және оны өңдеуге арналған уақыттың нақты шамасында жұмыс жасайтын бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу аспаптары (бергішті қоса алғанда) немесе автоматты жабдық.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В105-ті қараңыз.
а. Сынау мақсаттары үшін арнайы әзірленген және көлемі 250 мм-ден аз сынау камерасы (ұзына бойы өлшенген) бар аэродинамикалық құбырларды қоспағанда, 1,2 М немесе одан көп жылдамдыққа арнап әзірленген аэродинамикалық құбырлар;
Техникалық ескерту:
«Сынау камерасының көлемі» 9В005.а тармақта шеңбердің диаметрі, ең үлкен кесіндімен бірге өлшенген шаршы жағы немесе ең үлкен тік бұрыш жағы бойынша айқындалады.
b. 5 М-нан асатын жылдамдықтағы орау жағдайларын, жылу, плазмалық-доға тәрізді, импульсті және екпінді аэродинамикалық құбырларды қоса алғанда, үлгілеуге арналған құрылғылар, сондай-ақ аэродинамикалық қондырғылар мен газ зеңбіректері; немесе
с. 25 х 106-дан асатын тасқынды Рейнольдстың санымен иммитациялау мүмкіндігіне ие, қос өлшемнен айырмашылығы бар аэродинамикалық құбырлар немесе қондырғылар.
9В005 а. 9В005 b. 9В005 с. | 9031 20 000 0 9031 20 000 0 9031 20 000 0 |
9В006 160 дБ және одан көп дыбыстық қысым деңгейі(20 ТПа кезінде), 4 кВт немесе одан көп есептік қуаты, камерада 1273 К (1 000oС) жұмыс температурасы бар тербелмелі-акустикалық сынақтарға арнап арнайы әзірленген жабдық және ол үшін арнайы әзірленген кварцты жылытқыштар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В106-ны қараңыз.
9B007 Бақылауды бұзбайтын техникаларды (ББТ) пайдалана отырып, жазық рентгендік сәуледен немесе стандартты физикалық немесе химиялық талдаудан ерекшеленетін, ракета қозғағыштарының тұтастығын тексеру үшін арнайы әзірленген жабдық.
9B008 Тежеу температурасы 833 К (560oС)-тен жоғары ағындағы қабырға үстіндегі үйкелісті тікелей өлшеу үшін арнайы әзірленген беру құралдары.
9B008 | 9025 19 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9027 80 970 0 |
9В009 Шекті беріктігі 60% деңгейде немесе одан көп қысым кезінде созуға арналған, металл температурасы 873 К (600oС) немесе одан көп кезде жұмыс істеуге қабілетті қозғағыштар турбинасы роторларының элементтерін ұнтақ металлургия әдісімен өндіруге арналған жарақтау жабдықтары.
9B105 «Ракеталар» және олардың қосымша жүйелері үшін пайдаланылатын 0,9 немесе одан жоғары жылдамдықты аэродинамикалық құбырлар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9В005-ті қараңыз.
9В106 Қоршаған ортаны модельдеу камералары және сурдокамералар, олар мыналар сияқты:
а. Ұшудың мынадай жағдайларын модельдеуге қабілетті қоршаған ортаны модельдеу камералары:
1. Мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:
а. Биіктігі 15 км және одан астам; немесе
b. Температура диапазоны 223 К (-50oС) - ден 398 К (+125oС) - ге дейін
2. 5 кН немесе одан көп күш түсіретін 20 Гцден 2 Гц - ге дейінгі диапазонда «таза үстел режимінде» 10 g КҚС - ге тең немесе одан астам вибрациялық жағдайларды жасау үшін виброқабырғамен немесе басқа вибрациялық сынақ жабдығымен жарықтандыру үшін жарақтандырылған немесе «әзірленген немесе модификацияланған».