3. Растровтық үлгідегі бастиектік проекциялық дисплейлер немесе «ұшу аппараттарына» арналған үш өлшемді дисплейлер;
4. 7А001 немесе 7А002 тармақтары бойынша бақыланатын, құрамында акселерометраттар немесе гироскоптар бар инерциялық навигациялық жүйелер немесе гирастрокомпастар;
5. «Ұшуды тікелей басқару» үшін арнайы әзірленген электрлі атқарушы тетіктер (яғни электромеханикалық, электрогидростатистикалық және интеграциялық атқарушы блоктар);
6. «Ұшуды басқарудың белсенді жүйелерінде» қолдану үшін арнайы әзірленген «ұшуды басқару жүйелерінің оптикалық берушілерінің тобы»;
b. «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін» «әзірлеу» «технологиялары» (сымдар немесе сигнал беру белгісі бойынша басқарылатын ұшу қамтылады):
1. «Уақыттың нақты шамасындағы» басқару заңдарын іске асыруға мүмкіндік беретін микроэлектрондық көптеген есептеу элементтерінің байланыстыру үшін конфигурацияны жобалау;
2. Басқарудың өлшегіш бергішінің немесе ұшу аппараты каркасының динамикалық жүктелімінің орналасуына байланысты өтем, мысалы, бергіштің тербеліс фонының немесе салмақ орталығына қатысты бергіштер орналасуы ауытқуының өтемі;
3. Қателерді айқындау, істен шығуға бекемділікті қамтамасыз ету, қателерді жою немесе оны қайта конфигурациялау үшін шамадан тыс мәліметтерді немесе жүйелер резервін электронды басқару;
Ескерту: 7Е004.b.3. тармағы бойынша табиғи шамадан тысты жобалау «технологиясы» бақыланбайды.
4. Уақыттың нақты шамасындағы ұшуда күш құрылымын және сәттерін дербес өзгертуге мүмкіндік беретін ұшу аппараттарын басқару;
5. Ұшуды басқарудың сандық жүйелерін, навигация жүйелерін және «ұшуды жалпы басқарудың» сандық жүйесіндегі қозғағыштарды басқару жүйелерінің деректерін интеграциялау;
Ескерту: 7Е004.b.5. тармағы бойынша:
а. «Ұшудың траекториясын оңтайландыруға» арналған ұшуды басқарудың цифрлық жүйесіне біріктірілген ұшуды, навигацияны басқарудың және қозғағыштың деректерін бақылаудың интеграцияланған цифрлық жүйесін «әзірлеу» «технологиялары»;
b. Тек қана СВЧ-диапазонды барлық бағыттағы радиомаякқа, алысты өлшеу аппаратураларына, «керместен» қондыру жүйесіне, СВЧ-диапазонының қондыру жүйесіне немесе қонуға төмендеу жүйесіне арналған навигацияның «авиациялық» құралдарын «әзірлеу» «технологиялары»;
6. Ұшуды цифрлық басқарудың толық жүйесі немесе «сараптық жүйелерді» пайдаланушы жүйелерді басқарушылардың жұмысын ұйымдастырудың көпжақты бергіштік жүйесі;
Айрықша ескерту: Қозғағыштарды басқарудың толық автономды электрондық-сандық жүйелері (ФАДЕК) үшін 9Е003.а.9 тармағын қараңыз.
с. Мынадай тікұшақ жүйелерін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. Мынадай функциялардың ең болмағанда екеуін бір басқарушы элементке біріктіретін сымдар немесе жарық беру белгісі бойынша басқарудың көпкоординатты құралдары:
а. Жетекші винтпен басқару;
b. Айналдыммен басқару;
с. Алмастырумен басқару;
2. «Бағытталған қозғалыс кезінде айналдыру сәтімен және бұрау күшімен басқару жүйелері»;
3. Қалақтармен басқарылатын жүйелерге арналған «аэродинамикалық бейіндердің ауыспалы геометриясымен» айналатын қалақтар.
7Е104
7Е101 7А001-7А006, 7А101-7А106, 7А115-7А117, 7В001, 7В002, 7В003, 7В102, 7В103, 7D101-7D103-тармақтарға сәйкес бақыланатын жабдықтарды «қолдану» үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес «технологиялар
7Е101
7Е102 Авиациялық электроникаларды және электрлік кіші жүйелерді электромагниттік импульстар мен сыртқы көздердің электромагниттік кедергілерінен қорғауға арналған «технологиялар»
а. Қорғау жүйелерін жобалау «технологиясы»;
b. Электр схемалары мен кіші жүйеден қорғалған конфигурацияларды жобалау «технологиясы»;
с. 7Е102.а. және 7Е102.b. тармақтарында пайдаланылған қорғау өлшемдерін айқындау «технологиясы».
7Е102
7Е104 Зымырандық жүйенің траекториясын оңтайландыру үшін ұшуды, жүргізуді, бақылаудың деректерін және ұшуды басқару жүйесіндегі мәліметтер қозғалысы туралы мәліметтерді интеграциялау «технологиялары;
7Е104
ҚР Үкіметінің 2018.14.05. № 266 Қаулысымен 8-санат өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-Санат
Теңіз ісі
8А Жүйелер, жабдық және компоненттер
8А001 Мыналар секілді су асты аппараттары және су беті кемелері:
Ескерту:
Су асты аппараттары жабдықтарының бақылау мәртебесін бағалау үшін қараңыз:
5-санат, 2-бөлім «Ақпаратты қорғау» - шифрланған ақпаратты беру құралдарына арналған;
6-санат - беру құралына арналған;
7 және 8-санаттар - навигациялық жабдықтарға арналған;
8А-санаты - су асты жабдықтарына арналған.
а. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзеге арналып жобаланған, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылатын су асты аппараттары;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгенін ие, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылмайтын су асты аппараттары;
1. «автономиялы жүзу» үшін жобаланған және жүк көтергіштігі бар:
а. 10% немесе олардың өз салмағынан (ауадағы салмағы) көп; және
b. 15 кН немесе одан көп;
2. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған; немесе
3. Мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. Төрт адамнан немесе одан көп адамнан тұратын экипаждар үшін жобаланған;
b. 10 сағат бойы немесе одан да көп уақыт ішінде автономиялы жүзу үшін жобаланған;
с. Іс-қимыл радиусы 25 теңіз милі немесе одан көп;
d. Ұзындығы 21 м немесе одан аз;
Техникалық ескерту:
1. 8А001.b. тармағына қатысты «автономиялы жүзу» аппараттардың шнорхелсіз толық тереңдегенін, олардың барлық жүйелері жұмыс істейтінін және ең аз жылдамдықпен жүзуді қамтамасыз ететінін білдіреді, мұнда бату тереңдігі бойынша қажетті динамикаларды ескере отырып, су бетіндегі кеменің қатысуынсыз немесе су бетіне көтерілуі кезінде базалық қолдаусыз, тек тереңдік рулін пайдаланумен теңіз түбінде немесе теңіз жағалауында тереңдеуді қауіпсіз басқаруға болады. Аппараттардың су астындағы және су бетіндегі жағдайда жүру үшін қозғаушы жүйесі болады.
2. 8А001.b. тармағына қатысты «іс-қимыл радиусі» су асты аппараты алатын ең ұзақ арақашықтықтың жартысын құрайды.
с. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған, адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылатын, мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие су асты аппараттары:
1. 8А002.а.2. тармағына сәйкес бақыланатын, қозғағыштарды немесе тарту қондырғысын пайдалана отырып өздігінен жүретін маневр жасау үшін әзірленген; немесе
2. Деректерді берудің талшық-оптикалық желісі бар;
d. Адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылмайтын, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты аппараттары:
1. Адамның қатысуынсыз уақыттың нақты шамасындағы кез келген географиялық бағдардың бағытын салуға қол жеткізу міндеттерін шешу үшін әзірленген;
2. Акустикалық деректерді немесе нұсқауларды беру арнасы бар; немесе
3. 1000 метрден астам ұзындық бойынша деректер берудің талшықты-оптикалық желісі немесе нұсқауларды беру желісі;
е. 250 метрден асатын тереңдіктегі объектілерді құтқаруға арналған және мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, көтеру күші 5 МН-дан астам мұхиттағы құтқару жүйесі:
1. Навигациялық жүйе белгілейтін берілген нүктеге қатысты 20 м шегінде тұрақтандыруға қабілетті жағдайларды динамикалық басқару жүйелері; немесе
2. Берілген нүктеге қатысты 10 м шегіндегі қалыпты қабылдау дәлдігімен 1000 метрден асатын тереңдікке арналған су түбіндегі навигациялар мен навигациялық интеграция жүйелері;
f. Әуе көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген), мынадай сипаттамалардың барлығына ие амфибиялық кемелер:
1. Жүк толық тиелген кездегі 30 тораптан астам толқынның биіктігі 1,25 м (теңіздің 3-жағдайы) немесе одан көп жағдайдағы ең көп жобалы жылдамдық;
2. 3830 Па-дан астам амортизациялық қысым; және
3. Жүк тиелмеген және жүк толық тиелген кеменің су ығыстыруының арақатынасы 0,70-тен кем;
g. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын ауа көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы өзгермейтін) амфибиялық кемелер;
h. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын, қанатын автоматты басқаруға арналған белсенді жүйелері бар су асты қанаттары бар кеме;
і. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, «ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кемелер»:
1. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 35 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 500 тоннадан асатын; немесе
2. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 4 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 25 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 1500 тоннадан асатын;
Техникалық ескерту:
«Ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кеме» мына формула бойынша анықталады: су ығыстыруының операциялық жобалы батуы кезінде 2 х-ден кем болатындай белгілі жағдайдағы ватерлинии жазықтығының алаңы (су ығыстыруының операциялық жобалы батуы)
8А001 а. 8А001 b. 1. 8А001 b. 2. 8А001 b. 3. 8А001 с. 1. 8А001 с. 2. 8А001 d. 1. 8А001 d. 2. 8А001 d. 3. 8А001 е. 8А001 f. 8А001 g. 8A001 h. 8A001 і. | 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8905 90 900 0 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 |
8А002 Мыналар сияқты жүйелер немесе жабдық:
«Ескертпе: суасты байланыс жүйелеріне қатысты 5-санаттың Телекоммуникациялар деген 1-бөлігін қараңыз.
а. 1000 метрден асатын тереңдікке жүзу үшін жобаланған, суасты аппараттары үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған, мынадай:
1. Камерасының ең үлкен ішкі диаметрі 1,5 метрден асатын, жоғары қысымға төтеп беруге қабілетті үй-жайлар немесе корпустар;
2. Тұрақты ток электр қозғалтқыштары немесе тарту қондырғылары;
3. Оптикалық талшық пайдаланылатын және синтетикалық материалдардан жасалған күш элементтері бар кабельдік ажырағыштар мен оларға арналған жалғағыштар сияқты жүйелер мен жабдық;
b. 8А001-тармақта сипатталған суасты аппараттарының қозғалысын автоматты түрде бақылау үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған, навигациялық деректерді пайдаланатын және тұйық контурлы серво-басқару құралдары бар:
1. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегінде аппараттың қозғалысын басқаруға қабілетті;
2. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегінде аппараттың қалыпты жағдайын ұстап тұратын; немесе
3. Теңіздің түбімен немесе теңіз түбінің астымен жүргізілген тросты (кабельді) бойлай жүру кезінде 10 м шегінде аппараттың қалыпты жағдайын ұстап тұратын жүйелер;
с. Талшықты-оптикалық корпустық ажыратқыштар немесе жалғағыштар;
d. Суасты кемесін қашықтықтан басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған, қашықтық мәндерінің белгілі бір диапазонында сигналды өткізе отырып сәулелендіруді қоса алғанда, кері шашырау әсерін барынша азайту тәсілдерін пайдаланатын суасты бақылау жүйелері немесе «лазерлік» жүйелер.
Техникалық ескертпе:
Телевизиядағы шекті айыру көлденең (жолдық) айырумен өлшенеді және әдетте, Электр-техника және радиоэлектроника жөніндегі инженерлер институтының ЭРИИ (АҚШ) 1ЕЕЕ 208/1960 стандартын немесе осы стандарттың кез келген баламасын пайдаланатын тест кестесінде ажыратылатын кескін биіктігі бойынша сызықтардың ең көп санымен көрсетіледі.
2. Суасты кемесін қашықтықтан басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған, қашықтық мәндерінің белгілі бір диапазонында сигналды өткізе отырып сәулелендіруді қоса алғанда, кері шашырау әсерін барынша азайту тәсілдерін пайдаланатын жүйелер немесе «лазерлік» жүйелер;
e. Су астында қолдану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған жарық түсіру жүйелері;
1. Бір жарық шашқанда 300 Дж-дан асатын жарық беретін және секундына 5-тен астам жарық шашу жылдамдығы бар стробоскопиялық жарық жүйелері;
2. 1000 метрден асатын тереңдікке пайдалану үшін арнайы әзірленген аргон-доғалық жарық жүйелері;
f. Су астында қолдану үшін арнайы әзірленген, «кіріктірілген бағдарламамен басқарылатын» мамандандырылған ЭЕМ-ді пайдалана отырып, басқарылатын және мынадай құрауыш бөліктердің кез келгеніне ие «роботтар»:
1. Сыртқы объектіге түсетін күшті немесе айналу мезетін, сыртқы объектіге дейінгі қашықтықты немесе «робот» пен сыртқы объектінің арасындағы жанаспалы (тактильдік) өзара іс-қимылды өлшейтін датчиктерден алынған ақпаратты пайдалана отырып, «роботты» басқаратын жүйелер; немесе
2. 250 Н немесе одан асатын күш туғызуға қабілетті немесе айналу мезеті 250 Нм немесе одан асатын және конструкция элементтерінде титан негізіндегі құймаларды немесе «талшықты немесе жіп тәрізді» «композициялық» материалдарды пайдаланатын жүйелер;
g. Суасты кемелерімен бірге пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған, мынадай құрауыш бөліктердің кез келгеніне ие, қашықтықтан басқарылатын топсалы манипуляторлар:
1. Айналу мезетін немесе сыртқы объектіге түсетін күшті, манипулятор мен сыртқы объектінің арасындағы жанаспалы (тактильдік) өзара іс-қимылды өлшейтін датчиктерден алынған ақпаратты пайдаланатын, манипуляторды басқару жүйелері; немесе
2. Жетекші-ілесушінің пропорционалды басқаруы немесе «кіріктірілген бағдарламамен басқарылатын» және қозғалыс еркіндігінің бес немесе одан да көп дәрежесі бар мамандандырылған ЭЕМ-ді қолдана отырып басқару;
Ескертпе: қозғалыс еркіндігі дәрежелерінің санын айқындау кезінде позициялық кері байланыс немесе «кіріктірілген бағдарламамен басқарылатын», мамандандырылған ЭЕМ қолданылатын пропорционалды басқаруы бар функциялар ғана есепке алынады.
һ. Су астында қолдану үшін арнайы әзірленген, атмосферадан оқшауланған мыналар сияқты энергетикалық қондырғылар:
1. Брайтон немесе Ренкин циклдарының қозғалтқыштары бар, атмoсферадан оқшауланған, мынадай құрауыш бөліктердің кез келгеніне ие күштер жүйесі:
а. Қозғалтқыштың қайта циркуляцияланатын түтінінен шығатын көміртегінің қос тотығын, көміртегі тотығын және бөлшектерді жою үшін арнайы әзірленген химиялық скрубберлер немесе абсорберлер;
b. Біратомды газды қолдану үшін арнайы әзірленген жүйелер;
с. Су астында 10 кГц-ден төмен жиіліктердегі шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе сөндіргіштер немесе шығарудың (соққының) дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар; және
d. Мыналар:
1. Реакция өнімдерін тығыздау немесе отынға айналдыру;
2. Реакция өнімдерін сақтау; және
3. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде реакция өнімдерінің шығуы үшін арнайы әзірленген жүйелер;
2. Дизельді қозғалтқыштары бар, атмосферадан оқшауланған, мынадай сипаттамалардың барлығына ие жүйелер:
а. Қозғалтқыштың рециркуляцияланатын түтінінен шығатын көміртегінің қос тотығын, көміртегі тотығын және бөлшектерді жою үшін арнайы әзірленген химиялық скрубберлер немесе абсорберлер;
b. Біратомды газды қолдану үшін арнайы әзірленген жүйелер;
с. Су астында 10 кГц-ден төмен жиіліктердегі шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе сөндіргіштер немесе шығарудың дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар; және
d. Жану өнімдердің шығуын кідіртетін, арнайы әзірленген түтін шығару жүйелері;
3. 2 кВт-дан асатын шығу қуаты бар отын элементтеріндегі, атмосферадан оқшауланған, мынадай құрауыш бөліктердің кез келгеніне ие энергетикалық қондырғылар:
а. Су астында 10 кГц-ден төмен жиіліктердегі шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе сөндіргіштер немесе шығарудың дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар; және
b. Мыналар:
1. Реакция өнімдерін тығыздау немесе отынға айналдыру;
2. Реакция өнімдерін сақтау; және
3. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде реакция өнімдерінің шығуы үшін арнайы әзірленген жүйелер;
4. Стирлинг циклінің қозғалтқыштары бар, атмосферадан оқшауланған, мынадай құрауыш бөліктердің барлығына ие энергетикалық қондырғылар:
а. Су астында 10 кГц-ден төмен жиіліктердегі шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе сөндіргіштер немесе шығарудың дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар; және
b. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде жану өнімдерін шығаратын, арнайы әзірленген түтін шығару жүйелері;
і. Мынадай құрауыш бөліктердің кез келгеніне ие корпустың жиегі, тығыздауыштар және жылжымалы элементтер:
1. Толқын биіктігінің мәні 1,25 м (теңіз жағдайында 3) немесе одан жоғары болған кезде жұмыс істейтін, ауа көпшігіндегі 3830 Па немесе одан жоғары қысым үшін әзірленген және 8А001.f. тармағы бойынша бақыланатын ауа көпшікті (үстіңгі конфигурациясы толық өзгертілетін) амфибиялық кемелер үшін арнайы әзірленген; немесе
2. Толқын биіктігінің мәні 3,25 м (теңіз жағдайында 5) немесе одан жоғары болған кезде жұмыс істейтін, 6 224 Па немесе одан жоғары қысым үшін әзірленген немесе 8А001.g. тармағы бойынша бақыланатын ауа көпшікті (үстіңгі конфигурациясы өзгертілмейтін) амфибиялық кемелер үшін арнайы әзірленген;
1. 8А001.f. немесе 8А001.g. тармақтары бойынша бақыланатын ауа көпшікті амфибиялық кемелер үшін арнайы әзірленген, қуаты 400 кВт-дан асатын көтергіш желдеткіштер;
j. 8А001.h. тармағы бойынша бақыланатын кемелер үшін арнайы әзірленген, толық батырылатын жарты кавитациялық немесе суперкавитациялық гидроқанаттар;
k. 8А001.f., 8А001.g., 8А001.h. және 8А001.i. тармақтары бойынша бақыланатын суасты аппараттарының немесе кемелерінің қозғалысын автоматты түрде басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған белсенді жүйелер;
m. Мынадай винттер, қуат беру жүйелері, энергия алу жүйелері және шубасу жүйелері:
1. 8А001.f., 8А001.g., 8А001.h. немесе 8А001.i. тармақтары бойынша бақыланатын ауа көпшікті амфибиялық кемелер (үстіңгі конфигурациясы толық өзгертілетін немесе өзгертілмейтін), гидроқанатты кемелер және ватерсызық алаңы шағын кемелер үшін арнайы әзірленген мынадай су винтті қозғалту жүйелері немесе қуат беру жүйелері:
а. Суперкавитациялық, супержелдеткіш, ішінара батырылатын немесе төмен түсірілетін (үстіңгі жағы арқылы өтетін), қуаты 7,5 МВт-ден астам қозғалтқыштар;
b. Қуаты 15 МВт-ден астам кері айналдыратын қозғалтқыш жүйелер;
с. Ағын құйынын пайда болғанына дейін және одан кейін жою әдісін пайдалана отырып, қозғалтқышқа соғылатын ағынды бәсеңдетуге қызмет ететін жүйелер;
d. Салмағы жеңіл, жоғары қуатты редуктор (К- факторы 300 шамасынан асады);
е. «Композициялық» материалдардан тұратын құрамдастарды қамтитын және 1 МВт-дан астам қуат беруге қабілетті трансмиссиялық білігі бар қуат беру жүйелері;
2. Мынадай кемелерде қолдану үшін әзірленген, су винтті қозғалтқыштар, энергия алу және беру жүйелері:
а. Қуаты 30 МВт-дан асатын реттемелі қадамы бар еспе винттер және күпшектерді жинағыш;
b. Ішкі су суытқышы және 2,5 МВТ-ден асатын шығу қуаты бар электр қозғалтқыштар;
с. тұрақты магнитті, 0,1 МВт-дан асатын шығу қуаты бар «алып жүруі жоғары» қозғалтқыштар немесе электр қозғалтқыштар;
d. Композициялық материалдардан тұратын құрамдастарды қамтитын және 2 МВт-дан астам қуат беруді іске асыруға қабілетті трансмиссиялық білігі бар қуат беру жүйелері;
е. Қуаты 2,5 МВТ-ден асатын, желдетілетін немесе желдетілу негізіндегі қозғалтқыштар;
3. Су ығыстырғыштығы 1000 тонна немесе одан жоғары кемелерде қолдану үшін әзірленген шу басу жүйелері, оған қоса:
а. Дизельдік қозғалтқыштарды, дизельдік-генераторлық қондырғыларды, газ турбиналарын, газ-турбиналық генераторлық қондырғыларды, дизелдік қондырғыларды немесе редукторларды акустикалық оқшаулауға арналған компаундтық акустикалық жинақталымдардан тұратын, монтаждалатын жабдық массасының 30%-ынан асатын орташа массасы бар, дыбысты немесе тербелісті оқшаулау үшін арнайы жобаланған, су астындағы 500 Гц-дан төмен жиіліктердегі шуды азайту жүйелері;
b. Жабдық тербелісін оның тікелей көзінде шуылға қарсы немесе тербеліске қарсы сигналдар генерациясымен белсенді түрде азайтуға қабілетті электрондық басқару жүйелерін қамтитын, қуатты трансмиссиялық жүйелер үшін арнайы әзірленген шуды азайтудың немесе оны өшірудің белсенді жүйелері немесе магнит аспалы подшипниктер;
n. Қозғалтқыштың тиімділігін арттыру немесе су астында жинақталатын және таралатын шуылдарды азайту мақсатында ауытқушы шүмекті және ағынды күрекпен (қалақпен) реттейтін техниканы пайдаланатын, шығу қуаты 2,5 МВт-ден асатын ағыншалы қозғалтқышты қондырғылар;
o. Су астына түсірілетін немесе су астында жүзетін автономды, жабық немесе жартылай жабық аппараттар (өзінің ауамен қамтамасыз етушісі бар);
Ескертпе: 8А002.q. пайдаланушы алып жүретін, жеке пайдалану аппаратын бақыламайды.
8А002 а. 1. | 8906 90 990 0 8526 91 800 0 8905 90 100 |
8А002 а. 2. | 8501 33 000 9 8501 34 8501 |
8А002 а. 3. | 8536 90 100 0 8536 90 850 0 9013 90 900 0 7326 90 980 1 8544 70 000 0 9001 10 |
8А002 b. | 9014 20 800 1 (азаматтық авиациядан басқа) 9014 20 800 9 |
8А002 с. | 9013 90 900 0 7326 90 980 8544 70 000 0 9001 10 |
8A002 d. 1. a | 8525 80 190 0 |
8A002 d. 1. b | 8525 80 300 0 |
8A002 d. 1. c | 8525 80 300 0 |
8A002 d. 2. | 8526 92 000 (азаматтық авиациядан басқа) 8526 91 (азаматтық авиациядан басқа) 9031 80 910 0 |
8A002 e. | 9006 53 9006 59 000 |
8A002 f. | 9030 84 000 9 8525 50 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
8A002 g. 1. | 9029 20 900 0 9405 40 990 9405 40 100 9 9405 40 390 9 |
8A002 g. 2. | 9405 40 990 9405 40 390 9 9405 40 100 9 |
8A002 h | 8479 89 970 8 8486 10 000 8486 20 8486 30 8486 40 000 8479 90 8479 |
8А002 i. | 8479 89 970 8 8479 90 8479 50 000 0 |
8A002 j. 1. | 8408 10 (тек әскери мақсаттағы) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) |
8A002 j. 2. | 8408 10 (тек әскери мақсаттағы) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) |
8A002 j. 3. | 8408 10 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) |
8A002 j. 4. | 8408 10 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) |
8A002 k. | 8479 90 960 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 |
8A002 l. | 8412 39 000 8412 80 800 1 8487 10 900 0 8414 59 200 0 |
8A002 m. | 8479 90 7325 99 900 1 7326 90 980 7616 99 8108 90 900 1 |
8A002 n. | 8526 10 9014 80 000 0 |
8A002 o. 1. a. | 8408 10 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) 8487 10 900 0 |
8A002 o. 1. b. | 8412 29 200 9 8412 29 890 9 8487 10 900 0 |
8A002 o. 1. c. | 8412 29 200 9 |
8A002 o. 1. d. | 8483 40 300 1 |
8A002 o. 1. e. | 8483 10 950 0 |
8A002 o. 2. a | 8487 10 900 0 |
8A002 o. 2. b. | 8501 |
8A002 o. 2. с. | 8501 20 000 9 |
8A002 о. 2. d. | 8483 10 950 0 |
8А002 о. 2. е. | 8487 10 900 0 |
8А002 о. 3. а. | 8409 99 000 9 (тек әскери мақсаттарда пайдаланылатындар) 8412 29 200 9 4016 10 000 1 (азаматтық авиация үшін пайдаланылатындардан басқасы) 4016 99 4017 00 |
8А002 о. 3. b. | 8412 29 200 9 8479 89 970 8 8543 20 000 0 8543 70 900 |
8В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
8В001 0-ден 500 Гц-ге дейінгі жиілік диапазонындағы 100 дБ-дан кем (эталон - 1мкПа, 1 Гц) шуылды фоны бар, қозғағыш қондырғылар моделдеріне жақын гидроағынмен жинақталатын акустикалық өрісті өлшеу үшін әзірленген гидроканалдар.
8С Материалдар
8С001 Су астында қолдану үшін әзірленген «синтакттік көбік», мынадай сипаттамалардың бәріне ие:
а. 1000 метрден асатын теңіз тереңдігіне арналған; және
b. Тығыздығы 561 кг/куб.м.-ден кем.
Техникалық ескерту:
«Синтакттік көбік» резина матрициясымен құйылған пластиктен немесе шыныдан тұратын бос өрістерден тұрады.
8D Бағдарламалық қамтамасыз ету
8D001 8А, 8В немесе 8С тармақтары бойынша бақыланатын, жабдықтар мен материалдарды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
8D001
8D002 Винттердің үстіңгі бетін «әзірлеу», «өндіру», ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу немесе оның тазалығын қалпына келтіру (ремашинизация) үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған, олардың су астындағы шуылдарын азайту үшін арнайы жобаланған арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету».
8D002
8D | 8523 40 8523 29 8523 51 8523 59 8523 80 |
8Е Технологиялар
8Е001 8А, 8В немесе 8С тармақтары бойынша бақыланатын, Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар».
8Е001
8Е002 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Винттерді «әзірлеу», «өндіру», ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу немесе қалпына келтіру (ремашинизация) үшін, олардың су астындағы шуылын бәсеңдету үшін арнайы жобаланған «технологиялар»;
b. 8А001., 8А002.b., 8А002.j., 8А002.o. немесе 8А002.р. тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды күрделі жөндеу немесе қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
8Е002
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.14.05. № 266 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-санат өзгертілді
9-Санат
Қозғағыш қондырғылар, ғарыштық аппараттар және тиісті жабдық
9А Жүйелер, жабдық және компоненттер
Айрықша ескерту: Нейтрондық немесе қысқа мерзімді ионизацияланған сәуле шығаруға қарсы жұмыс үшін әзірленген немесе жобаланған қозғаушы қондырғыларға қатысты Әскери тізімді қараңыз.
9А001 Жасалуы кезінде 9Е003.а тармағы бойынша бақыланатын «технологиялардың» кез келгені пайдаланылатын газтурбиналық авиациялық қозғағыштар, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А101-ді қараңыз.
а. Олар арналған белгілі бір «азаматтық ұшу аппараттары» үшін сертификатталмаған;
b. «қатысушы-мемлекеттердің» авиациялық ведомствосы азаматтық қолдану үшін сертификатталмаған;
с. М санымен отыз минуттан асатын уақыт ішінде кем дегенде 1.2 жылдамдықпен ұшуға арналған.
9А001 | 8411 11 000 0 8411 81 000 8411 82 |
9А002 ISO бойынша стандартты 24245 кВт немесе одан астам және 0,219 кг-кВтч-ден аспайтын отынның үлестік шығысы бар, 35-тен 100%-ке дейінгі қуат диапазонындағы қуаты бар және «теңіз газтурбина қозғағыштары» және мұндай қозғағыштар үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен компоненттер.