3. 10 мм/мкс-ден астам жылдамдыққа механикалық немесе электрондық фотохронографтар;
4. 1000000 кадр/с астам жылдамдыққа ие кадрлық синхронизациялайтын электрондық беруші камералар;
5. Келесі барлық сипаттамаларға ие электронды бейне беруші камералар:
а. Электронды тиектің жылдамдығы (стробирлеу қабілетті) толық кадр үшін 1 мкс-тен кем; және
b. Секундына 125-тен астам толық кадрлы кадрлау жылдамдығын қамтамасыз ететін есептеу уақыты.
6. Келесі сипаттамалардың бәріне ие, қосымша бағдарламалық модульдер:
а. Модульдік құрылымы бар, 6А003.а. тармағымен бақыланатын, тіркеу кинотүсіру аппараттары үшін арнайы әзірленген; және
b. Мұндай камераларға өндірушінің ерекшеліктеріне сәйкес 6А003.а.3., 6А003.а.4. және 6А005.а.5. тармақтарымен бақыланатын сипаттамаларға қойылатын талаптарды қанағаттандыру мүмкіндігін береді.
b. Мыналар секілді бейнекамералар:
Ескерту: 6А003.b. тармақ бойынша теледидарлық хабар тарату үшін арнайы әзірленген теледидарлық немесе бейнекамералар бақыланбайды.
1. Қатты денелі бергіштерді қамтитын, толқындар диапазонында ең жоғары сезімталдығы 10 нм-нан жоғары, бірақ 30000 нм-нан аспайтын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие бейнекамералар:
а. Мыналар секілді:
1. Монохромды (қара-ақ) камералар үшін қатты денелі торға 4 х 106-нан астам «белсенді пикселдер»;
2. Үш қатты денелі торды қамтитын түрлі-түсті камералар үшін қатты денелі торға 4 х 106-нан астам «белсенді пикселдер»;
3. Бір қатты денелі тордың негізінде түрлі-түсті камералар үшін 12 х 106-нан астам «белсенді пикселдер»;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. 6А004.а. тармағы бақылайтын оптикалық айналар;
2. 6А004.d. тармағы бақылайтын басқарудың оптикалық айналары;
3. Камера алатын бақылау мәліметтеріне қолданулар қосу мүмкіндігі.
Техникалық ескерту:
1. Аталған ескертулерде цифрлық бейнекамералар қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін пайдаланылатын «бейненің белсенді элементтерінің» ең жоғары санымен (пискалдармен) бағаланады.
2. Аталған тармақта камера бақылауынан алынған мәліметтер камераның шолу сызығының жерге қатысты орналасуын айқындау үшін қажет ақпаратты білдіреді, олар мыналардан тұрады: 1) жердің магниттік жүйесі бағытына қатысты, және 2) камераның шолу сызығы мен жер көкжиегі арасындағы тік бұрыш.
3. Барлық келесі сипаттамаларға ие, сканирлейтін камералардың негізіндегі сканирлейтін камералар немесе жүйелер:
а. Толқындар диапазонында ең жоғары сезімталдық 10 нм-нан астам, бірақ 30000 нм-нан аспайтын;
b. Торға 8192 элементтен астам мөлшердегі сызықтық детекторлық торлар; және
с. Бір бағыттағы механикалық сканирлеу;
4. Электронды-оптикалық түрлендіргіштері бар, 6А002.а.2.а. тармақта көрсетілген сипаттамаларға ие бейнелерді қалыптастыру камералары;
5. «фокалды тегістік торларымен» жарақталған, 6А002.а.3. тармақта көрсетілген сипаттамаларға ие бейнелерді қалыптастыру камералары.
Ескерту: 6А003.b.4. тармақ бойынша сызықтық «фокалды тегістік торларымен» жарақталған, 12 немесе одан аз элементке ие, уақытша кідіртілген және кіріктірілген элементтерді пайдаланбайтын және келесі қолданулардың қандай да болмасын бірі үшін әзірленген бейне қалыптастыру камералары бақыланбайды:
а. Сигнализацияның өнеркәсіптік немесе азаматтық жүйелері, көше немесе өнеркәсіптік қозғалысын бақылау немесе есепке алу жүйелері;
b. құрылыстарда, жабдықтарда немесе өнеркәсіп процестерінде жылу ағындарын бақылауға және көрсетуге арналған өнеркәсіптік жабдық.
с. Материалдардың қасиетін бақылауға, жіктеуге немесе талдауға арналған өнеркәсіптік жабдық;
d. Лабораториялық пайдалану үшін арнайы әзірленген жабдық; немесе
е. Медициналық жабдық.
6A003 а. 1. 6А003 а. 2. 6А003 а. 3. 6А003 а. 4 6A003 а. 5. 6А003 а. 6. 6А003 b. 1. 6А003 b. 2. 6А003 b. 3. 6А003 b. 4. | 9007 11 000 0 9007 19 000 0 9007 19 000 0 9007 19 000 0 9007 19 000 0 9007 19 000 0 9007 19 000 0 9007 91 000 0 8525 80 8521 90 000 9 8525 80 8521 90 000 9 8525 80 8521 90 000 9 8525 80 8521 90 000 9 |
6А004 Оптика
а. Мыналар секілді оптикалық айналар (рефлекторлар):
1. 100 Гц-дан астам жылдамдық кезінде айнаның үстіңгі бет бөліктерінің қалпын қайта реттеуді серпінді түрде жүзеге асыруға қабілетті, тұтастай немесе көп элементті үстіңгі беті бар «деформациялайтын айналар» және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер;
2. Орташа «баламдық тығыздығы» 30 кг/шаршы м-ден кем және жалпы массасы 10 кг-ден астам жеңіл тұтастай құйылған айналар;
3. Орташа «баламдық тығыздығы» 30 кг/шаршы м-ден кем және жалпы массасы 2 кг-ден астам, жеңіл «композициялық» немесе көбік тәрізді материалдардан жасалған айналар;
4. Негізгі білігінің диаметрі немесе ұзындығы 100 мм-нен астам, толқын ұзындығының тегістігі 1/2 немесе одан жақсы (толқынның ұзындығы 633 нм-ге тең) және басқару белдеуінің ені 100 Гц-ден астам сәулені басқаруға арналған айналар.
b. Өткізу спектрі 3000 нм-нен 25000 нм-ге дейін, мырыштың селенидінен (ZnSе) немесе мырыштың сульфидінен (ZnS) дайындалған, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие оптикалық компоненттер:
1. Көлемі 100 текше см-ден астам; немесе
2. Негізгі білігінің диаметрі немесе ұзындығы 80 мм-нен астам және қалыңдығы (тереңдігі) 20 мм-нен астам.
с. Мыналар секілді «ғарышта қолдануға жарамды» оптикалық жүйелерге арналған компоненттер:
1. Дәл осы апертурадағы және қалыңдықтағы қатты денелі пластиндермен салыстырғанда 20% кем «баламды тығыздықтағы» жеңілдетілген үлгідегі оптикалық элементтер;
2. Төсемдер, жоғарғы беті қапталған төсемдер (бір қабатты немесе көп қабатты, металл немесе диэлектрлі, өткізетін, жартылай өткізетін немесе оқшаулайтын) немесе қорғаныш таспалары бар төсемдер;
3. Диаметрінде бір оптикалық метрге тең немесе одан астам қабылдау апертурасымен ғарышта оптикалық жүйеге жинауға арналған айналардың сегменттері немесе түйіндері;
4. «Композициялық» материалдардан дайындалған, координаттардың кез келген бағытында 5 х 10-6 тең немесе одан кем сызықтық термикалық кеңею коэффициенті бар;
d. Мына секілді оптикалық бақылау жабдығы:
1. «Ғарышта қолдануға жарамды» оптикалық компоненттердің үстіңгі бетінің бейінін қолдау немесе бағдарлау үшін әдейі арналған, 6А004.c.1 немесе 6А004 с.3 тармақтары бойынша бақыланатындар;
2. 100 Гц-ге тең немесе одан астам және ақаулығы 10 мкрд (микрорадиан) немесе кем жиіліктер белдеуіндегі резонаторды басқару, қадағалау, тұрақтандыру немесе реттеу;
3. Барлық келесі сипаттамаларға ие кардандық ішкі аспалар:
а. Бұрылуының ең жоғары бұрышы 5o астам;
b. Белдеуінің ені 100 Гц-ге тең немесе артық;
с. Бұрыштық келтіру қателігі 200 мкрд-қа (микрорадиан) тең немесе кем; және
d. Келесі сипаттамалардың кез келгені бар:
1. Негізгі білігінің диаметрі немесе ұзындығы 0,15 м-нен астам, бірақ 1 м-нен артық емес және бұрыштық жеделделуі 2 рад (радиан) /с2-тен астам; немесе
2. Негізгі білігінің диаметрі немесе ұзындығы 1 м-нен артық және бұрыштық жеделделуі 0,5 рад (радиан)/с2-тен астам;
4. Сегменттің диаметріндей немесе негізгі біліктің ұзындығы 1 м немесе одан астам айналары бар фазаланған тордың реттелуін қолдау немесе фазаланған сегменттерімен айналар жүйесі үшін арнайы әзірленген.
е. Келесі сипаттамалардың бәріне ие «сфералық емес оптикалық элементтер»:
1. Оптикалық апертураның ең үлкен мөлшері 400 мм-ден астам;
2. Үстіңгі бет тазалығы 1 мм-нен аз үлгі ұзындықтары үшін 1 нм-нен жақсы (аз); және
3. Сызықтық термикалық кеңеюдің абсолютті шама коэффициенті 25oС жағдайында 3 х 10-6/К-ден кем;
Техникалық ескерту:
1. «Сфералық емес оптикалық элементтер» - бейне қалыптастыру жазығы бар оптикалық жүйеде пайдаланылатын, жобаға сәйкес идеалды саладан үздік кез келген элементтер;
2. Оптикалық элемент аталған бақылау өлшемін қанағаттандыратындай немесе одан асып түсетіндей етіп арнайы әзірленген немесе жасалған жағдайларда өндірушіден 6А004.е.2. тармақта көрсетілген жиілік жазығын өлшеу жүргізу талап етілмейді.
Ескерту: 6А004.е. тармағы келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, «сфералық емес оптикалық элементтерді» бақыламайды:
а. Оптикалық апертураның ең үлкен мөлшері 1 м-ден кем және апертураға фокустық ұзындығының қатынасы 4,5:1-ге тең және одан асатын;
b. Оптикалық апертураның ең үлкен мөлшері 1 м.-ден кем емес және апертураға фокустық ұзындығының қатынасы 7:1-ге тең және одан асатын;
с. Френелевтік, торлық, жолақты, призма тәрізді немесе дифракциялық оптикалық элементтер ретінде әзірленген;
d. Сызықтық жылу кеңеюі 25oС кезінде 2,5 х 10-6/К -ден жоғары коэффициентті боросиликатты шыныдан жасалған; немесе
е. Ішкі сәуле шағылыстыру қабілеті бар (мысалы, турба тектес айналар) рентгендік оптикалық элементтер болып табылады.
Ерекше ескерту: литографиялық жабдық үшін арнайы әзірленген сфералы емес оптикалық элементтерге қатысты 3В001 тармақты қараңыз.
6А004 а. 1. 6А004 а. 2. 6А004 а. 3 6А004 а. 4. 6А004 b. 6А004 с. 1. 6А004 с. 2. 6А004 с. 3. 6А004 с. 4. 6A004 d. 1. 6A004 d. 2. 6A004 d. 3. 6А004 d. 4. 6А004 е. | 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 900 0(азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0(азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0(азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0(азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 7014 00 000 0 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9003 90 000 0 9031 49 9032 89 000 0 9031 49 9032 89 000 0 8412 21 800 9 8412 31 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8479 89 970 9 9032 81 900 0 9032 89 000 0 9032 89 000 0 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
6А005 0В001.g.5 немесе 0В001.h.6 тармақтар бойынша бақыланатындардан ерекшелігі бар, мыналар секілді лазерлер, компоненттер мен оптикалық жабдық:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 6А205-ті қараңыз
1-ескерту: Импульстік «лазерлер» импульстік бөгеп тастаумен өшпейтін режимде жұмыс істейтін «лазерлерді» қамтиды;
2-ескерту: Толтырылған импульсті «лазерлер» импульстік толтыру кезінде үздіксіз режимде жұмыс істейтін «лазерлерді» қамтиды;
3-ескерту: Раман «лазерлерінің» бақылау мәртебесі толтырудың «лазерлік» көзі өлшемдерімен айқындалады. Төменде қарастырылатын кез келген «лазер» толтырудың «лазерлік» көзі бола алады.
а. Мыналар секілді газ «лазерлері»:
1. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие эксимерлі «лазерлер»:
а. Толқындардың шығу ұзындығы 150 нм-нен аспайды және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 1 Вт-ден астам;
b. 150 нм-нен 190 нм-ге дейінгі диапазондағы толқындардың шығу ұзындығы және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 1,5 Дж-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 120 Вт-ден астам;
с. 190 нм-нен 360 нм-ге дейінгі диапазондағы толқындардың шығу ұзындығы және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 10 Дж-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 500 Вт-ден астам; немесе
d. 360 нм-нен астам диапазондағы толқындардың шығу ұзындығы және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 1,5 Дж-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 30 Вт-ден астам;
Ерекше ескерту: Литографиялық жабдық үшін арналған эксимерлік лазерлерге қатысты сондай-ақ 3В001 тармақты қараңыз.
2. Мыналар секілді металл буындағы «лазерлер»:
а. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 20 Вт-дан астам мыс (Сu) «лазерлер»; 9013 20 000 0
b. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 5 Вт-дан астам алтын (Аu) «лазерлер»; 9013 20 000 0
с. Шығу қуаты 5 Вт-дан астам натрийлі (Na) «лазерлер»; 9013 20 000 0
d. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 2 Вт-дан астам барийлі (Ва) «лазерлер»; 9013 20 000 0
3. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие көміртегінің тотығындағы (СО) «лазерлер»:
а. Импульстегі шығу энергиясы 2 Дж-дан астам және ең жоғары қуаты 5 кВт-дан астам; немесе
b. Үздіксіз режимдегі орташа қуаты немесе шығу қуаты 5 кВт-дан астам;
4. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие көміртегінің қос тотығындағы (СО2), лазерлер:
а. Үздіксіз режимдегі шығу қуаты 15 кВт-дан астам;
b. Импульстік режимдегі «импульстерінің ұзақтығы» 10 мкм-нен астам және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Орташа шығу қуаты 10 Вт-дан астам; немесе
2. «Қуат шыңы» 100 кВт-дан астам; немесе
с. Импульстік режимдегі «импульстердің ұзақтығы» 10 мкм-ге тең немесе кем және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстік энергиясы 5 Дж-ден астам; немесе
2. Орташа шығу қуаты 2,5 кВт-дан астам;
5. Мыналар секілді «химиялық лазерлер»:
а. Сутегі-фторлы (НF) «лазерлер»; 9013 20 000 0
b. Дейтерий-фторлы (DF)»лазерлер»; 9013 20 000 0
с. Мыналар секілді «өтпелі лазерлер»:
1. Йод тотығындағы (О2-І) «лазерлер»;
2. Дейтерий-фторлы-қос тотықты-көміртегілік (DF-СO2) «лазерлер»;
6. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие аргон немесе криптон иондарындағы «лазерлер»:
а. Импульстен шығу энергиясы 1,5 Дж-ден астам және ең жоғары қуаты 50 Вт-ден астам; немесе
b. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 50 Вт-ден астам;
7. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие басқа да газды «лазерлер»:
Ескерту: 6А005а7. тармақ бойынша азотты «лазерлер» бақыланбайды.
а. Толқындардың шығу ұзындығы 150 нм-нен астам және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден астам және ең жоғары қуаты 1 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 1 Вт-ден астам;
b. Диапазондағы толқындардың шығу ұзындығы 150 нм-нен 800 нм-ге дейін және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 1,5 Дж-ден астам және ең жоғары қуаты 30 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 30 Вт-ден астам;
с. Толқындардың шығу ұзындығы 800 нм-нен 1400 нм-ге дейін және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 0,25 Дж-ден астам және ең жоғары қуаты 10 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 10 Вт-ден астам; немесе
d. Толқынның шығу ұзындығы 1400 нм-нен астам және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимдегі Вт-ден астам.
b. Мыналар секілді жартылай өткізгіш «лазерлер»:
1. Көлденең модоның (неаддитивтік кедергілі бірмодолық) көпмодолық сәулеленуіне және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жекелеген жартылай өткізгіш «лазерлер»:
а. Толқынның ұзындығы 1510 нм-ге тең немесе одан кем және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 1,5 Вт-тан жоғары; немесе
b. Толқынның ұзындығы 1510 нм-нен жоғары және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 500 мВт-тан жоғары;
2. Көлденең модоның көпмодолық сәулеленуіне және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жекелеген жартылай өткізгіш «лазерлер»:
а. Толқынның ұзындығы 1400 нм-ден кем және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 10 Вт-тан жоғары:
b. Толқынның шығу ұзындығы 1400 нм-ге тең немесе 1900-ден кем және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 2,5 Вт-тан жоғары; немесе
с. Толқынның шығу ұзындығы 1900 нм-ға тең немесе одан жоғары және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 1 Вт-тан жоғары;
3. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жекелеген жартылай өткізгіш «лазерлер» торлары:
а. Толқынның шығу ұзындығы 1400 нм-ден кем және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 80 Вт-тан жоғары;
b. Толқынның шығу ұзындығы 1400 нм-ге тең немесе 1900-ден кем және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 25 Вт-тан жоғары; немесе
с. Толқынның ұзындығы 1900 нм-ға тең немесе одан жоғары және орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 10 Вт-тан жоғары;
4. Жартылай өткізгіш лазердің 6А005.b.3. тармақ бақылайтын кем дегенде бір торының «матрицалық стегі» (немесе торлар стегі).
Техникалық ескерту:
1. Жартылай өткізгіш «лазерлерді» әдетте «лазерлік» диодтар деп атайды.
2. «Матрица» («тор») түсетін жарық сәулелерінің орталықтарына параллель траектория бойынша өтуге мүмкіндік беретін бір микросхема ретінде дайындалған бірнеше лазерлік сәулелегіштерден тұрады.
3. «Матрицалық стек» «матрицаларды» жарық сәулелерінің орталықтарына параллель траектория бойынша өтуге мүмкіндік беретіндей етіп қою немесе жинау арқылы дайындалады.
1-ескерту: 6А005.b. тармақ оптикалық шығу қосылыстары бар жартылай өткізгіш «лазерлерді» (мысалы, талшықты-оптикалық икемді өткізгіштер) қамтиды.
2-ескерту: Басқа жабдық үшін арнайы арналған жартылай өткізгіш «лазерлердің» бақылау мәртебесі осындай басқа жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады.
с. Мыналар секілді қатты денелі «лазерлер»:
1. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие «қайта құрылатын» «лазерлер»:
Ескерту: 6А005с1 тармақ титанды-сапфирлы (Ті: А12О3), тулий - ҮАG (Тm:ҮАG), тулий - ҮSGG (Тm: ҮSGG) «лазерлерді», александриттегі (Сr: ВеАl2O4) «лазерлерді» және бояулардағы «лазерлерді» қамтиды.
а. Толқынның шығу ұзындығы 600 нм-нен кем және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден астам және импульстік «қуат шыңы» 1 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 1 Вт-ден астам;
b. Толқынның шығу ұзындығы 600 нм немесе одан астам, бірақ 1400 нм-нен артық емес және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 1 Дж-ден астам және импульстік «қуат шыңы» 20 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 20 Вт-ден астам; немесе
с. Толқынның шығу ұзындығы 1400 нм-нен астам және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден астам және импульстік «қуат шыңы» 1 Вт-ден астам; немесе
2. Үздіксіз режимдегі орташа немесе шығу қуаты 1 Вт-ден астам;
2. Мыналар секілді «қайта құрылмайтын» «лазерлер»:
Ескерту: 6А005с2 тармақ атомдық ауысудағы қатты денелі «лазерлерді» қамтиды.
а. Мыналар секілді неодийлі шыныдағы «лазерлер»:
1. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие беріктік модуляциясы бар «лазерлер»:
а. Импульстегі шығу энергиясы 20Дж-ден астам, бірақ 50 Дж-ден артық емес және орташа шығу қуаты 10 Вт-ден астам; немесе
b. Импульстегі шығу энергиясы 50 Дж-ден астам;
2. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие беріктік модуляциясынсыз «лазерлер»:
с. Импульстегі шығу энергиясы 50 Дж-ден астам, бірақ 100 Дж-ден артық емес және орташа шығу қуаты 20 Вт-ден астам; немесе
d. Импульстегі шығу энергиясы 100 Дж-ден астам;
b. Толқындардың шығу ұзындығы 1000 нм-нен астам, бірақ 1100 нм-нен артық емес неодиймен (шыныдағыға қарағанда басқа) араласқан «лазерлер»:
Ерекше ескерту: Толқындардың шығу ұзындығы 1000 нм-нен астам, бірақ 1100 нм-нен артық емес неодиймен (шыныдағыға қарағанда басқа) араласқан «лазерлер» үшін 6А005с.2.с тармақты қараңыз.
1. Импульстік қозғышты және модолар синхронды, импульсінің ұзындығы 1 нс-ке тең немесе артық және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие «төзімді модуляциялы лазерлер»:
а. «Қуат шыңы» 5 ГВт-ден астам;
b. Орташа шығу қуаты 10 Вт-ден артық; немесе
с. Импульстік энергиясы 0,1 Дж-ден артық;
2. «Импульстер ұзақтығымен» импульстік қозғышты 1 нс-ке тең немесе артық және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие модуляцияланатын «лазерлер»:
а. Көлденең модоның бір модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуат шыңы» 100 МВт-ден астам;
2. Орташа шығу қуаты 20 Вт-ден артық; немесе
3. Импульстік энергиясы 2 Дж-ден артық;
b. Көлденең модоның көп модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуат шыңы» 400 МВт-ден астам;
2. Орташа шығу қуаты 2 кВт-ден артық; немесе
3. Импульстік энергиясы 2 Дж-ден артық;
3. Импульстік қозғышты «беріктік модуляциясынсыз» «лазерлер», мыналарға ие:
а. Көлденең модоның бір модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуатшыңы» 500 кВт-ден астам; немесе
2. Орташа шығу қуаты 150 Вт-ден артық; немесе
b. Көлденең модоның көп модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуат шыңы» 1 МВт-ден астам;
2. Орташа шығу қуаты 2 кВт-ден артық; немесе
4. Үздіксіз қозатын «лазерлер» мыналарға ие:
а. Көлденең модоның бір модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуат шыңы» 500 кВт-ден астам;
2. Орташа қуаты немесе орташа шығу қуаты үздіксіз режимде 150 Вт-ден артық; немесе
b. Көлденең модоның көп модолы сәулеленуі, мыналарға ие:
1. «Қуат шыңы» 1 МВт-ден астам; немесе
2. Орташа қуаты немесе орташа шығу қуаты 2 кВт-ден артық;
с. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие басқа да «қайта құрылмайтын лазерлер»:
1. Толқынның ұзындығы 150 нм-нен кем және кез келген келесі сипаттамалар:
а. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден артық немесе импульстік «қуат шыңы» 1 Вт-ден артық; немесе
b. Үздіксіз режимдегі орташа қуаты немесе шығу қуаты 1 кВт-ден артық, келесі сипаттамаларымен;
2. Толқынның ұзындығы 150 нм-нен кем, бірақ 800 нм-нен артық емес:
а. Импульстегі шығу энергиясы 1,5 Дж-ден артық немесе импульстік «қуат шыңы» 30 Вт-ден артық; немесе
b. Үздіксіз режимдегі орташа қуаты немесе шығу қуаты 30 Вт-ден артық;
3. Толқынның ұзындығы 800 нм-нен артық, бірақ 1400 нм-нен артық емес, мыналар секілді:
а. «Беріктік модуляциясы бар лазерлер, мыналарға ие»:
1. Импульстегі шығу энергиясы 0,5 Дж-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 50 Вт, немесе
2. Орташа шығу энергиясы мыналардан асатын:
а. бір модолы «лазерлер» үшін 10 Вт;
b. көп модолы «лазерлер» үшін 30 Вт;
b. «Беріктік модуляциясынсыз лазерлер, мыналарға ие»:
1. Импульстегі шығу энергиясы 2 Дж-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 50 Вт, немесе
2. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 50 Вт-ден артық; немесе
4. Толқындардың ұзындығы 1400 нм-нен артық және мынадай сипаттамасы бар:
а. Импульстегі шығу энергиясы 100 мДж-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 1 Вт артық; немесе
b. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 1 Вт-ден артық;
d. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие бояғыштардағы және басқа да сұйықтардағы «лазерлер»:
1. Толқындардың ұзындығы 150 нм-нен кем және:
а. Импульстегі шығу энергиясы 50 мДж-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 1 Вт артық; немесе
b. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 1 Вт-ден артық;
2. Толқындардың ұзындығы 150 нм немесе артық, бірақ 800 нм-нен артық емес және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:
а. Импульстегі шығу энергиясы 1,5 мД-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 20 Вт-ден артық; немесе
b. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 20 Вт-ден артық; немесе
с. Егер «импульстің ұзақтығы» 100 нс-тен аз болса, 1 Вт-ден артық орташа шығу қуатындағы және импульстің қайталану жиілігі 1 кГц-ден артық бір бойлық модода жұмыс істейтін импульстік генератор;
3. Толқындардың ұзындығы 300, бірақ 1400 нм-нен артық емес және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
а. Импульстегі шығу энергиясы 0,5 мД-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 10 Вт-ден артық; немесе
b. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 10 Вт-ден артық; немесе
4. Толқындардың ұзындығы 1400 нм артық және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие:
а. Импульстегі шығу энергиясы 100 мДж-ден артық және импульстік «қуат шыңы» 1 Вт-ден артық; немесе
b. Орташа немесе шығу қуаты үздіксіз режимде 1 Вт-ден артық;
е. Мыналар секілді компоненттер:
1. Салқындатылатын не белсенді әдіспен, не түтікшелі салқындатылатын жүйесі бар айналар:
Техникалық ескерту:
Белсенді салқындату деп оптикадан жылу бөлуге арналған оптикалық компоненттің қосалқы беті бойынша сұйықтың ағысы пайдаланылатын (оптикалық үстіңгі беттен әдетте 1 мм-нен аз орналасқан) оптикалық компоненттерді салқындату әдісі танылады.
2. Бақыланатын «лазерлермен» пайдалану үшін арнайы әзірленген оптикалық айналар немесе мөлдір немесе ішінара мөлдір оптикалық немесе электроптикалық компоненттер;
f. Мына секілді оптикалық жабдық:
Ерекше ескерту: «Аса жоғары қуатты лазерлер» үшін қолданылуы мүмкін бөлек апертуралы оптикалық элементтерге қатысты Әскери Тізімді қараңыз
1. Сәуленің толқындық шебінде жоқ дегенде 50 позицияны пайдаланатын серпінді толқындық шепті (фазаны) өлшейтін, келесі барлық сипаттамаларға ие жабдық:
а. Кадрларының жиілігі 100 Гц-ге тең немесе артық және фазалық дискриминациясы жоқ дегенде сәуле толқынының ұзындығының 5%-і; немесе
b. Кадрларының жиілігі 1000 Гц-ге тең немесе артық және фазалық дискриминациясы жоқ дегенде сәуле толқынының ұзындығының 20%-і;
2. 10 мкрд-қа тең немесе кем «аса жоғары қуаттағы лазердің» сәуле күйінің бұрыштық басқарылуының ақаулығын өлшеуге қабілетті «лазерлік диагностика» жабдығы;
3. Толқындардың ұзындығының 1/10 дәлдігімен немесе 0,1 мкм, шамалардың қайсысының аздығына қарай, когерентті сәулелерді жиынтықтау үшін фазаланған торларымен «аса жоғары қуаттағы» жүйемен пайдалануға арнайы арналған оптикалық жабдық пен компоненттер;
4. «Аса жоғары қуаттағы лазерлер» жүйесімен пайдалануға арнайы арналған түсіру объективтері.
6А005 а. 1. 6А005 а. 2. 6А005 а. 3. 6А005 а. 4. 6А005 а. 4. 6А005 а. 4. 6А005 а. 6. 6А005 а. 7. 6А005 b. 1. 6А005 b. 2. 6А005 b. 3. 6А005 b. 4. 6А005 с. 1. 6А005 с. 2. 6А005 d. 6А005 е. 1 6А005 е. 2. 6A005 f. 1. 6А005 f. 2. 6А005 f. 3. 6А005 f. 4. | 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 8541 40 100 0 8541 40 100 0 8541 40 100 0 8541 40 100 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9013 20 000 0 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9013 90 900 0 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9002 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9001 90 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9031 49 9031 49 9013 90 900 0 9002 19 000 0 |
6А006 «Магнитометрлер», «магнитті грандиентометрлер», «ішкі магнитті грандиентометрлер» және компенсациялық жүйелер мен олар үшін арнайы әзірленген компоненттер, мыналар секілді:
Ескерту: 6А006 тармақ бойынша медициналық диагностиканың биомагнитті өлшеулері үшін арнайы әзірленген аспаптар бақыланбайды.
а. «Аса өткізгіштік» әсер негізіндегі технологияны пайдаланатын, оптикалық толтырмасы немесе процессиясы бар (протонды/Оверхаузер) «магнитометрлер» немесе 0,05 нТ кем (жақсы) герцтегі жиіліктердің квадрат түбіріне бөлінген «шуыл деңгейі» (сезімталдығы) үш ості индукция «технологиясы»;
b. Келесі көрсеткіштердің кез келгенінен аз (жақсы) «шуыл деңгейі» (сезімталдығы) индуктивтік катушкалы «магнитометрлер»:
1. 1 Гц-тен аз жиіліктегі герцтегі жиіліктің квадраттық түбіріне бөлінген 0,05 нТ;
2. 1 Гц немесе артық, бірақ 10 Гц-ден артық емес жиіліктегі герцтегі жиіліктің квадраттық түбіріне бөлінген 1 х 10-3 нТ;
3. 10 Гц-ден артық емес жиіліктегі герцтегі жиіліктің квадраттық түбіріне бөлінген 1 х 10-4 нТ;
с. Герцтегі жиіліктердің квадраттық түбіріне бөлінген 1 нТ-ден аз (жақсы) «шуылдың орташа» квадраттық деңгейіндегі (сезімталдығындағы) талшықты-оптикалық «манометрлер»;