Есептеулердің жылдамдығы операндалардың барлық қолдау көрсетілетін ұзындықтары үшін есептеледі, бұл ретте деректерді өңдеудің екі режимі де ағындағы да (егер қолдау көрсетілсе) және ағындық емесі де қаралады және мыналарға негізделген операндоның әрбір ұзындығы үшін ең тез командалар пайдаланылады:
1. Реттіліктегі операциялар немесе регистр-регистр операциялары. Алдын ала айқындалған операндоға немесе операндоларға арналған операциялар үшін генерацияланатын орындаудың аса қысқа уақытын болдырмайды. (мысалы, 0 немесе 1-ге көбейту). Егер регистр-регистр үлгісіндегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (2) тармақты басшылыққа алу керек.
2. Регистр-регистр немесе жады-регистр үлгісіндегі ең тез операциялар. Егер мұндай үлгідегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (3) тармақты басшылыққа алу керек.
3. Жады-жады үлгісіндегі операциялар.
Кез келген жағдайда жоғарыда санамаланғандардың ішінен дайындаушының паспорттық деректерінде көрсетілген операцияларды орындаудың ең қысқа уақытын пайдаланыңыз.
2-кезең: СҰ әрбір қолдау көрсетілетін операндоның ұзындығы үшін ТӨ
R (немесе R') есептеулерінің тиімді жылдамдығын L сөз ұзындығын түзете отырып мынадай түрде қайта есептеңіздер:
ТП= R х L
мұндағы L = (1/3 + ДС/96)
Ескерту: Осы есептеуде пайдаланылатын СҰ сөз ұзындығы - бұл биттегі операнданың ұзындығы. (Егер операцияда түрлі ұзындықтағы операндалар іске қосылған болса, ең жоғары СҰ-ны пайдаланыңыз.)
Жүзбелі үтірмен есептеу жүргізуге қабілетті процессордағы немесе функционалдық құрылғыдағы арифметикалық және логикалық құрылғының (АЛҚ) комбинациясы және АЛҚ экспоненттері ТЖӨ-ні есептеу кезінде сөз ұзындығы (СҰ) деректерді ұсынудағы биттердің (32 немесе 64 разрядтағы) санымен барабар бір «ЕЭ» ретінде қаралады.
Бұл есептеу ХОК операциясы пайдаланылмайтын мамандандырылған логикалық процессорларға қолданылмайды. Бұл жағдайда:
ТП=R.
Төмендегілер үшін ТҮ-нің ең жоғары нәтижелі мәнін таңдаңыз:
Тек Т (Rтү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Тек ЖҮ (Rжү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
ЖҮ-мен де, ТҮ (R)-мен де іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Көрсетілген арифметикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір қарапайым логикалық процессор үшін; және
Көрсетілген арифметикалық немесе логикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір мамандандырылған логикалық процессор.
3-кезең: ОП-ны қоса алғанда, «ЕЭ» конфигурациясы үшін «ТЖӨ» есебі.
Бір «ЕЭ»-лі ОП үшін
«ТЖӨ» = ТӨ
(ТҮ-мен де, сондай-ақ ЖҮ-мен де операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін
ТӨ = max (ТӨжү, ТӨтү)
Бір мезгілде жұмыс істейтін көп «ВЭ» конфигурациялары үшін «ТЖӨ» есебі:
1-ескерту: «ЕЭ»-нің мүмкін конфигурацияларының арасынан барлық «ВЭ»-нің бір мезгілде жұмыс істеуіне жол бермейтін конфигурациялар үшін ең көп «ТЖӨ» конфигурацияны таңдап алынады. «ЕЭ»-нің әрбір мүмкін конфигурациялары үшін «ТЖӨ»-ні есептегенде ТӨ-нің мәні үшін оның ең мүмкін теориялық мәні таңдап алынады.
Ерекше ескерту: «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін мүмкін конфигурациялар ең баяу «ЕЭ»-ден бастап (операцияларды орындау кезінде циклдардың ең көп саны орындалатын) және ең тез «ВЭ»-мен аяқтағанда командаларды барлық «ВЭ»-нің орындауымен айқындалады. Машиналық цикл командаларының белгілі бір ретінің ішінде орнатылатын есептеу элементтерінің конфигурациясы мүмкін конфигурация болып та табылады. Командалардың ретін айқындау кезінде жауып тастайтын операцияларға арналған аппараттық және/немесе архитектуралық жіктеулерді назарға алу керек.
2-ескерту: Бір интегралды микросхемада немесе бір баспа палатасында көптеген «ЕЭ» бола алады.
3-ескерту: Егер дайындаушы осы жүйелерді басқару жөніндегі нұсқаулықта немесе кітапшада біріктірілген, орны ауыстырылған, қатарлас немесе бір мезгілдік операциялардың немесе іс-қимылының болуы туралы мәлімдесе, «ЕЭ»-нің бір мезгілдегі жұмыс істеуі орын алады деп есептеледі.
4-ескерту: «ТЖӨ»-нің мәні «жергілікті есептеу желілеріне», кең ауқымды есептеу желілеріне, ортақ кірме-шығару құрылғыларына, кірме-шығару бақылаушылары мен «бағдарламалық құралдармен» іске асырылған кез келген басқа да коммуникациялық қосылыстарға байланыстырылған «ВЭ» комбинациялары үшін қосындыланбайды.
5-ескерту: «ЕЭ» арнайы әзірленген аппараттық құралдарды пайдалану жолымен біртұтас конфигурацияға біріктірілген жағдайда, «ТЖӨ»-нің мәні «ЕЭ»-ні біріктіру, олардың бір мезгілдегі жұмысы мен жад бөлу (немесе көбейту) есебінен олардың сипаттамаларын арттыру үшін арнайы әзірленген көптеген «ЕЭ» үшін қосындылануы тиіс.
Мұндай біріктірілу 4А003.С тармағында сипатталған «электрондық жинақтауларға» жатпайды.
«ТЖӨ» = ТӨ1 + С2 х ТӨ2 +... + Сn х ТӨn,
мұнда ТӨ мәні оның шамасы бойынша ретке келтірілген, яғни ТӨ1 мейлінше үлкен шамаға ие, ТӨ2 шамасы бойынша екінші маңызға ие, солай кете береді, сөйтіп ақырында, ТӨn ең аз шамаға ие болады. Сі коэффициенттері мынадай түрде «ЕЭ» арасындағы өзара байланыс күшімен айқындалады:
Жалпы жадтағы бір мезгілде жұмыс істейтін ЕЭ көп болған жағдайда:
С2 = С3 = С4=...= Сn = 0,75
1-ескерту: Егер жоғарыда аталған әдіс бойынша есептелген «ТЖӨ» шамасы 194 Мтопс-тен аспаса, онда Сі былай айқындалына алады:
0,75
Ci=------------ (і=2,...,n)
Vm
мұндағы m = әрбір «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары, мынадай шартта:
1. Әрбір «ЕЭ»-тің немесе «ЕЭ» топтарының ТРі -і 30 Мтопс-тен аспайды.
2. «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары негізгі жадқа бір арна бойынша жүзеге асырылады (кэш-жадты қоспағанда); және
3. Тек бір «ЕЭ» немесе «ЕЭ» тобы осы арнаны кез келген уақытта пайдалана алады.
Ерекше ескерту: мұның 3-санат бойынша бақыланатын бұйымдарға қатысы жоқ.
2-ескерту: Егер олар қатты денелі жадтың жалпы блогына бағытталатын болса «ЕЭ» жалпы жадқа ие деп есептелінеді. Бұл жад кэш-жадты, жедел жадты немесе ішкі жадты қамти алады. Диск енгізгіш, магнит таспасындағы жинақтаушылар немесе еркін қол жеткізілетін дискілер түріндегі сыртқы жад мұнда кірмейді.
Жалпы жадқа ие емес, деректер берудің бір немесе одан көп арналарымен өзара байланысты көптеген «ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары жағдайы үшін:
Сі = 0,75х kі (і = 2,...,32) (Төмендегі ескертуді қараңыз)
= 0,60 x ki (і = 33,...,64)
= 0,45 x ki (і = 65,...,256)
= 0,30 х ki (і > 256),
Сі мәні «ЕЭ» санына байланысты және байланыстардың санына қатысты емес.
мұндағы
ki = min (Si/Kr, 1), және
Кr = 20 МБайт/с-ға тең нормалаушы көбейткіш
Si = жалпы жадқа ие, «ЕЭ»-нің немесе «ЕЭ» топтарының і-не жататын деректер берудің барлық арналары үшін деректер берудің ең жоғары жылдамдығының жиынтығы.
«ЕЭ» тобы үшін есептеу кезінде топтағы бірінші «ЕЭ»-нің нөмірін Сі үшін өзінің шегі айқындайды. Мысалы, әрқайсысы үш «ВЭ»-ден тұратын топтар конфигурациясында 22-топ «ЕЭ»64, «ЕЭ»65 және «ЕЭ»66-ны қамтитын болады. Осы топтағы Сі -дің өзінің шегі 0,60-қа тең.
Конфигурацияларды («ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары) ең тезінен ең баяуына қарай анықтау керек, яғни:
ТӨ1>= ТӨ2>=...>= ТӨn, және
ТӨі = ТӨі+1, жағдайында ең үлкен мәнінен ең төмен мәніне қарай анықтау керек, яғни:
Ci < Ci+1
Ескерту: егер ТПі »ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары 50Мтопс-тен үлкен болса, кі көбейткіші 2-ден 12-ге дейінгі «ЕЭ»-ге қолданылуы тиіс емес; яғни «ЕЭ» үшін Сi: 2-ден 12-ге дейін 0,75-ке тең.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.14.05. № 266 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-санат өзгертілді
5-Санат
Телекоммуникациялар және «ақпарат қорғау»
1-Бөлім
Телекоммуникациялар
1-ескерту: Телекоммуникациялық жабдық немесе жүйелер үшін арнайы әзірленген компоненттердің «лазерлік», сынақ және «өндірістік» жабдықтың, материалдар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» жабдығының бақылаулық мәртебесі 5-санаттың 1-бөлімінде айқындалады.
2-ескерту: Телекоммуникациялық жабдықтың жұмыс істеуі немесе қолдау үшін қажетті «цифрлық ЭЕМ», онымен байланысты жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» бұл санатта олар өндіруші беретін стандартты моделдер болып табылатын жағдайда арнайы жобаланған компоненттер ретінде қаралады. Бұл жерде әңгіме компьютерлік жүйелердің жұмыс істеуі, әкімшіліктендірілуі, пайдаланылуы, жобалану немесе құқықтық мәселелері жөнінде болып отыр.
5А1 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А001 а. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие телекоммуникациялық жабдық:
1. Ядролық жарылыс кезінде туындайтын қысқа уақыттық электрондық немесе электромагниттік импульстердің әсерінен қорғау үшін арнайы әзірленген;
2. Гаммалық, нейтрондық немесе иондық сәулеленуге жоғары төзімділігі бар; немесе
3. 218 К (-55 o С)-тен 397 К (124 o С)-ке дейінгі температуралы аралық шектерінде жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген.
Ескертпе: 5А001.а.3 тармақ тек электронды аппаратураға қолданылады.
Ескертпе: 5А001.а.2 және 5А001.а.3 тармақтар спутниктердің борттық аппаратурасына қолданылмайды.
b. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие, телекоммуникациялық қабылдау-беру жүйелері мен аппаратура және арнайы әзірленген компоненттер мен ілеспелі жабдық:
1. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты байланысының жүйелері:
а. 20 Гц-ден 60 кГц-ке дейінгі интервал шектеріндегі жиіліктегі акустикалық;
b. 30 кГц-ден төмен жиіліктегі электромагнитті пайдаланатындар;
с. Сәулені электронды сканерлеу әдістерін пайдаланушылар;
2. 1,5 МГц-ден 87,5 МГц-ге дейінгі жиіліктер диапазонында жұмыс істейтін, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. 15 децибел кедергі сигналын басуды қамтамасыз ететін адаптивті әдістерді қамтитын; немесе
b. Мынадай құрауыштары бар:
1. Жиіліктердің мәнін және беруді оңтайландыруға арналған арнаға «цифрлық берудің жалпы жылдамдығын» автоматты болжайтын және таңдайтын; және
2. 1,5 МГц немесе одан жоғары жиілік диапазонында 1 кВт немесе одан артық шығу қуатымен бірақ 30 МГц-дан аз 250 Вт немесе одан жоғары шығу қуатымен 30 МГц немесе одан жоғары жиілік диапазонында, бірақ 87,5 МГц-дан артық емес, бір октавада «өткізудің шекті белдеуінен» жоғары немесе одан артық және шығуында 80 дБ-дан жақсы үйлестірмемен және бұрмалаулармен арақатынастағы көптеген сигналдарды бір мезгілде қолдауға қабілетті қондырылған қуатты сызықты күшейткіш;
3. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, «жиіліктердің секірмелі қайта реттелуін» қоса алғанда, «спектрдің кеңею» әдісін пайдаланатын радиоаппаратура:
а. Пайдаланушы бағдарламалайтын кеңею кодтары; немесе
b. Жиіліктерді беру белдеуінің жиынтық ені кез келген бір ақпараттық арнаның белдеуінен 100 немесе одан көп рет асатын және 50 кГц-ден астам құрауыштары бар:
Ескертпе: 5А001.3.b тармақ бойынша азаматтық ұялы байланыс жүйелерінде пайдалану үшін арнайы әзірленген жабдық бақыланбайды.
Ескертпе: 5А001.b.3. тармақ бойынша 1,0 Вт немесе одан кем шығу қуатымен жұмыс істейтін жабдық бақыланбайды.
4. «Кең алаңды жиілікті модуляция» (КЖМ) әдісін пайдаланатын, пайдаланушы бағдарламалайтын арна жасауы немесе код беруі (скремблирлеуші) бар радиожабдық;
5. Мынадай барлық сипаттамаларға ие цифрлық басқарылатын радиоқабылдағыштар:
а. 1000-нан астам арнасы бар;
b. «Жиілікті қосу уақыты» 1 мс-ден кем;
с. Электромагниті жиіліктер саласында автоматты іздеу немесе сканерлеу; және
d. Қабылданған сигналды бірдейлендіру немесе беруші түрінің мүмкіндігі; немесе
Ескертпе: 5А001.b.4 тармақ бойынша азаматтық ұялы байланыс жүйелерінде пайдалану үшін арнайы әзірленген радиожабдық бақыланбайды;
6. 2400 бит/с-тен кем жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз етуге арналған «сигналды цифрлық өңдеу» функциясын пайдаланады;
Техникалық ескертпе: Айнымалы жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз ету үшін 5А001.b.6. тармағы сөзді кодтау үшін үздіксіз сөздік шықпаны қолданады.
с. Мыналар сияқты оптоталшықты байланыс кабельдері, оптикалық талшықтар мен керек-жарақтар:
1. Ұзындығы 500 м-ден астам және дайындаушының ерекшелігіне сәйкес бақылаулық тестте 2 x 10 9 N/m 2 және одан жоғары созылу кернеуіне төзетін оптикалық талшықтар;
Техникалық ескертпе:
Бақылау тесті - бұл диаметрі шамамен 150 мм жетекші біліктердің арасынан өту кезінде 0,5-тен 3 м-ге дейінгі ұзындықтағы талшыққа 2-ден 5 м/с-ге дейінгі жүріс жылдамдығында берілген кернеу түсіру болып табылатын дайындау сатыларында немесе дайындаудан кейінгі тексеру. Бұл ретте қоршаған ортаның температурасы 293 К (20 0 С) тең және салыстырмалы ылғалдылығы 40%-ке тең. Бақылау тестін жүргізу кезінде тиісті ұлттық стандарттар пайдаланылуы мүмкін.
2. Су астында пайдалану үшін әзірленген оптоталшықты кабельдер мен керек-жарақтар.
Ескертпе: 5А001.c.2 тармақ бойынша азаматтық пайдалануға арналған стандартты телекоммуникациялық кабельдер мен керек-жарақтар бақыланбайды.
1-арнайы ескертпе: Су астындағы құбырлық кабельдер мен олардың ажыратпаларына қатысты 8А002.а.3 тармақты қараңыз.
2-арнайы ескертпе: Оптоталшықты корпустық ажыратпалар мен қосылыстарға қатысты 8А002.c тармақты қараңыз.
d. «Бағытталу диаграммасы электронды басқарылатын фазаланған антенналық торкөз» мынадай сипаттамаларға ие:
1. 31,8 ГГц-ден жоғары, бірақ 57 ГГц-ден аспайтын жиіліктегі жұмыс үшін айқындалған, тиімді сәулелену қуаты (ТСҚ) кем дегенде +20 дБм (22,15 дБм тиімді изотропты сәулелендірілген қуат) (ТИСҚ);
2. 57 ГГц-ден жоғары, бiрақ 66 ГГц-ден аспайтын жиiлiктегі жұмыс үшін айқындалған, тиімді сәулелену қуаты (ТСҚ) +24 дБм кем емес (26,15 дБм ТИСҚ);
3. 66 ГГц-ден жоғары, бірақ 90 ГГц-ден аспайтын жиiлiктегі жұмыс үшін айқындалған, кем дегенде +20 дБм (22,15 дБм ТИСҚ) тиімді сәулелену қуаты (ТСҚ);
4. 90 ГГц-ден жоғары жиілікте жұмыс үшін айқындалған;
Ескертпе: 5А001d тармақ бойынша СВЧ-диапазондағы қону жүйелерін жабатын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының стандартын (ИКАО) қанағаттандыратын аппаратурасы бар қону жүйелеріне арналған «антенналы фазаланған торкөздер» бақыланбайды.
5А001 а. 1. 8517
8525
8527
8543
5А001 а. 2. 8517
8525 50
8525 60
8527
8543
5А001 а. 3. 8517
8525
8525
8527
8543
5А001 b. 1. 9014 80 000 0
9015 80 910 0
5A001 b. 2. 8525
8525
5A001 b. 3. 8525
8525
5A001 b. 4. 8525
8525
5A001 b. 5. 8527
5A001 b. 6. 8525
8525
5A001 c. 1. 8544 70 000 0
9001 10 900
5A001 c. 2. 8544 70 000 0
9001 10 900
5A001 d. 8529
5А101 «Реактивті снарядтар» үшін әзірленген немесе модификацияланған жерүсті жабдығын қоса алғанда, телеметриялық және телебақылау жабдығы».
Техникалық ескертпе:
5А101-тармақта «реактивтік снаряд» ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.
Ескертпе: 5A101-тармақ бойынша мыналар бақылауға жатпайды:
a. басқарылатын ұшу аппараттары немесе спутниктерге арналған немесе модификацияланған жабдық;
b. жерде және теңізде қолдануға арналған немесе модификацияланған жерүсті жабдығы;
c. коммерциялық, азаматтық қолдану үшін әзірленген немесе ҒНЖЖ «қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған» жабдық (мысалы, деректердің толықтығы, ұшу қауіпсіздігі).
5A101 8525
8543 70 900 0
9030 40 000 0
5В1 Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
5В001 а. 5А001, 5В001, 5С001, 5D001 немесе 5Е001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, материалдарды, функцияларды немесе қасиеттерді «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер немесе керек-жарақтар.
Ескертпе: 5В001.а. тармақ бойынша оптикалық талшықтарды тестілеуге арналған жабдық бақыланбайды.
b. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың кез келген мынадай түрлерін «әзірлеуге» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер немесе керек-жарақтар:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескертпе: Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың жоғары жылдамдығымен немесе деректерді беру желісімен есептеледі.
2. «Лазерді» пайдаланатын және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. «Оптикалық күшейтуді» жүзеге асыратын;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детектрлеу техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдаланатын; немесе
d. Аналогты және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескертпе: 5D001.d.2.b тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтылым» бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. 1024 деңгейінен жоғары квадратуралық амплитудалық модуляцияны (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура»;
5. Келісілмеген режимде жүзеге асырылатын, «ортақ арна бойынша сигналды беруді» пайдаланатын аппаратура.
5С1 Материалдар
Жоқ
5D1 Бағдарламалық қамтамасыз ету
5D001 а. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, функцияларды немесе қасиеттерді «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтылым».
b. 5А001 тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтылым».
с. Мына сияқты арнайы «бағдарламалық қамтылым»:
1. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын аппаратуралардың сипаттамаларын, функцияларын немесе қасиеттерін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтылым»;
2. Пайдаланылмайды;
3. «Динамикалық адаптивті маршруттау» үшін арнайы әзірленген машина коды нысанындағы емес «бағдарламалық қамтылым».
d. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың мынадай түрлерінің кез келгенін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтылым»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескертпе:
Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 нм-нан астам;
b. Аналогты және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескертпе: 5D001.d.2.b. тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтылым» бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. 1024 деңгейден жоғары квадратуралық амплитудалық модуляцияны (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура.
5D101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «қолдану» үшін арнайы әзірленген модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету
5D101
5Е1 Технологиялар
5Е001 а. Жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес, 5А001, 5В001 немесе 5D001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, функцияларды, қасиеттерді немесе «бағдарламалық қамтылымды» «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» (орындалатын операциялар) арналған «технологиялар».
b. Мыналар сияқты «технологиялардың» арнайы түрлері:
1. Спутниктердің бортында пайдалану үшін арнайы әзірленген телекоммуникациялық жабдықты «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «қажетті» «технология»;
2. Сыртқы атмосфера арқылы немесе сұйықтықтың (судың) қабаты арқылы сигналды автоматты ұстау және қадағалау және байланысты қолдау қабілетімен «лазерлік» байланыстың әдістерін «әзірлеуге» немесе «пайдалануға» арналған «технология»;
3. БС қабылдау мүмкіндіктері көпалаңды, көпарналы, көпрежимді, көп кодты алгоритмді немесе көп хаттамалық маршруттауды қамтамасыз ете алатын, «бағдарламалық қамтылымға» өзгерістер енгізу арқылы модификациялана алатын БС цифрлық ұялы радиожүйелерді «әзірлеуге» арналған «технология»;
4. «Жиіліктерді секірмелі түрде қайта реттеу» әдістерін қоса алғанда, «спектрді кеңейту» әдісін пайдаланатын аппаратураны «әзірлеуге» арналған «технология».
с. Жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес, қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың, функциялардың немесе қасиеттердің мынадай түрлерінің кез келгенін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 1,5 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық әдістерді пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескертпе:
Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректерді беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындарының жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. Легирленген празеодимді фторидті талшықты күшейткіштерді пайдалана отырып «оптикалық күшейтуді» жүзеге асыру;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детекторлау техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдалану;
d. Бір оптикалық ұяда 8 оптикалық тасымалдаушыдан жоғары толқынның ұзындығын мультиплекстік бөлу техникасын пайдалану; немесе
е. Аналогты және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескертпе: 5Е001с.2.е. тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеуге» немесе «жасауға» арналған «технология» бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. Квадратуралық амплитудалық модуляциясы (КАМ) 1024 деңгейінен жоғары;
b. 31,8 ГГц-ден жоғары кіру немесе шығу сигналының жиілігінде жұмыс істейтін, немесе
Ескертпе: 5Е001.с.4.b. тармақ бойынша Халықаралық телекоммуникация одағы радиокоммуникациялық қызмет саласы үшін бөлген, бірақ радио табу қызметіне арналмаған стандартты жиілік диапазонындағы жұмыс үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған аппаратураны«әзірлеу»немесе «өндіруге» арналған «технология» бақыланбайды.
5. Келісілмеген режимде жүзеге асырылатын «сигналды ортақ арна бойынша беруді» пайдаланатын аппаратура.
5Е101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «қолдану» үшін жалпы техникалық ескертпелерге сәйкес «технологиялар.
5Е101
2-Бөлім
«Ақпарат қорғау»
1-ескерту: «Ақпаратты қорғаудың» «жабдыққа», «бағдарламалық қамтамасыз етуге», арнайы қолданудың жүйелеріне, «электронды жинауларына», модулдерге, интегралдық схемаларға, компоненттерге немесе функцияларға қатысты бақылау мәртебесі олар басқа аппаратураның компоненттері немесе «электронды жинамалары» болған күннің өзінде 5-санаттың 2-бөлімі бойынша айқындалады.
2-ескерту: 5-санаттың 2-бөлімі бойынша пайдаланушының жеке өзі пайдалануы мақсатында әкелетін өнімдері бақыланбайды.
3-ескерту: Криптография бойынша ескерту.
5 А002 және 5D002 тармақтар бойынша келесі сипаттамаларға ие тауарлар бақыланбайды:
а. Ашық бөлшек саудада шектеусіз сатылатын және мынадай жолмен сатып алынатын:
1. Тұрған жерінде сатып алу;
2. Почта арқылы тапсырыс беру;
3. Электрондық тапсырыс;
4. Телефон арқылы тапсырыс беру;
b. Криптографиялық қасиеттерін пайдаланушы оңай өзгерте алмайды;
с. Пайдаланушының беруші тарапынан одан әрі елеулі көмексіз орнату үшін жобаланған; және
d. Тауардың осы ескертудің а-дан бастап с-ға дейінгі тарауларына сәйкестігін растау үшін фирма-экспортер орналасқан мүше елдің құзыретті органының талап етуі бойынша қажет болғанда тауардың тәптіштемесіне қол жетімді болады және ұсыныла алады.
Техникалық ескерту: 5-санаттың 2-бөлімінде бит кілттің ұзындығына қосылмаған.
5А2 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А002 а. «Ақпаратты қорғау» үшін қолданылатын жүйелер,жабдық, арнайы қолданылатын «электронды жинамалар», модульдер немесе интегралды схемалар және осы үшін арнайы әзірленген басқа да компоненттер:
Арнайы ескертпе: Қабылдау аппаратурасы бар немесе дешифровканы пайдаланатын (GPS немесе ГЛОНАСС) кең ауқымды спутниктік жүйелерді бақылауға қатысты 7А005-ті қараңыз.
1. Жеке басын немесе цифрлық қолын куәландырудан басқа, кез келген криптографиялық функцияларды орындайтын, цифрлық әдістерді қолданумен «криптографияларды» пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие: