Техникалық ескертпе:
1. Жеке басты немесе цифрлық қолды куәландыру функциялары оларға байланысты кілттерді басқару функцияларын қамтиды;
2. Жеке басты куәландыру қол жеткізудің барлық аспектілерін қамтиды және файлдарды шифрлауды немесе рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау үшін парольдерді, дербес сәйкестендіру нөмірлерін (ДСН-кодтары) немесе осыған ұқсас деректерді қорғаумен тікелей байланыстылардан басқа мәтіндерді қамтымайды;
3. «Криптография» деректердің «белгіленген» компреccияларын немесе кодтауды қамтымайды:
Ескертпе: 5А002.а.1. тармақ цифрлық әдістердің көмегімен іске асырылған аналогты алгоритмдерді қолданумен, «криптографияларды» пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған жабдықты қамтиды.
а. Ұзындығы 56 бит-тен астам кілтті пайдаланумен «симметриялық алгоритм», немесе
b. Алгоритмнің қауіпсіздігі мынадай белгілердің біреуіне негізделген «аccиметриялық алгоритм»:
1. Бүтін сандарды факторлау 512 бит-тен жоғары (мысалы, RSА);
2. 512 бит-тен астам мөлшердегі түпкі өрістің мультипликативтік тобындағы дискретті логарифмдерді есептеу (мысалы, Z/рZ тобындағы Диффи-Неллман әдісі);
3. 5А002.а.1.b.2. тармақта көрсетілгеннен өзге 112 бит-тен жоғары топтағы дискретті логарифмдерді есептеу (мысалы, эллиптикалық қисықтағы Диффи-Неллман әдісі);
Ескертпе: 5А002 тармақ бойынша мынадай жабдық бақыланбайды:
а. «Қондырылған компьютері бар дербес карточкалар»:
1. Криптографиялық мүмкіндіктері осы ескертпенің b немесе f тармақтарына сәйкес бақыланбайтын аппаратурада немесе жүйелерде ғана пайдаланылумен шектелген; немесе
2. Криптографиялық мүмкіндіктері пайдаланушы үшін қолжетімсіз, жалпы қолжетімді қолдануға арналған. Карточка арнайы әзірленген және қондырылған компьютерге енгізілген жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе: Егер «қондырылған процессоры бар дербес карточканың» көптеген функциялары болса, онда әрбір функцияның бақылау мәртебесі жеке-дара айқындалады:
b. Цифрлық шифрлаусыз және шифрлау бейне немесе аудиоарналардың төлем және басқару функцияларымен шектелген, шектеулі арналған радиохабар, ақылы теледидар немесе телехабардың қабылдау аппаратурасы;
с. Криптографиялық мүмкіндігі пайдаланушы үшін қолжетімсіз және мынадай функцияларды орындау үшін арнайы жобаланған және шектелген аппаратура:
1. Көшіруден қорғалған «бағдарламалық қамтылымды» пайдалану;
2. Мынадай тізбенің кез келгеніне қол жеткізу:
а. көшіруден қорғалған, тек оқуға ғана қолжетімді ақпарат тасығыш; немесе
b. тасығышта сақталатын ақпарат, тасығыш бірдей жинақтарында ашық сатылымға қойылған кезде қорғалған күйде болады (мысалы, зияткерлік меншік құқығын қорғауға байланысты);
3. Патенттермен қорғалған аудио/бейне деректерді бір мезгілде көшіру;
d. Банк операцияларын немесе «ақша транзакцияларын» орындау үшін арнайы әзірленген және шектелген криптографиялық жабдық;
Техникалық ескертпе:
5А002 тармақта. «ақша транзакциясы» d ескертпесі төлемдерді жинау мен реттеуді және кредиттік функцияларды қамтиды.
е. Азаматтық пайдалануға арналған (мысалы, ұялы радиобайланыстың коммерциялық азаматтық жүйелерінде пайдалану үшін), абоненттер үшін шифрлау функциясы жоқ портативті немесе ұтқыр радиотелефондар;
f. Абоненттер үшін шифрлау функциясы жоқ және дайындаушының ерекшелігіне сәйкес күшейтілмеген сымсыз байланыстың ең жоғары тиімді қашықтығы (яғни, алып жүрмелі аппараттың үй телефонымен релесіз байланысы) 400 м.-ден кем сымсыз телефон аппаратурасы.
5А002 а. 1. 8471
8543
5А002 а. 2. 8471
8543
5А002 а.3 8471
5А002 а. 4. 8471
8543
5А002 а. 5. 8471
8543
5А002 а. 6. 8471
8543
5А002 а. 7. 8471
5А002 а. 8. 8471
8517 50
8543
5В2 Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
5В002 А Мыналар үшін арнайы әзірленген жабдық:
1. Өлшеулерге немесе сынақтарға арналған аппаратураны қоса алғанда 5А002, 5В002, 5D002 немесе 5Е002 тармақтар бойынша бақыланатын аппаратураларды немесе функцияларды «әзірлеу»;
2. Өлшеулерге, сынақтарға, жөндеуге немесе өндіруге арналған аппаратураны қоса алғанда 5А002, 5В002, 5D002 немесе 5Е002 тармақтар бойынша бақыланатын аппаратураларды немесе функцияларды «өндіру»;
f. 5А002 немесе 5D002 тармақ бойынша бақыланатын «ақпаратты қорғау» функцияларын бағалау және қолдау үшін арнайы әзірленген өлшеу аппаратурасы.
5В002 а. 5В002 b. | 8543 89 950 0 8543 89 950 0 |
5С2 Материалдар
Жоқ.
5D2 Бағдарламалық қамтамасыз ету
5D002 а. 5А002, 5В002 немесе 5D002 тармақтар бойынша бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 5Т002 тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдауға арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету;
с. Мына секілді арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. 5А002 немесе 5В002 тармақтар бойынша аппаратураның функциясын моделдейтін немесе қайта жаңғыртатын сипаттамаларға ие «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
5D002.c.1. тармақ бойынша бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» сертификаттау үшін қажетті «бағдарламалық қамтамасыз ету»
Ескерту: 5D002 тармақ бойынша:
а. 5А002 тармаққа Ескертуге сәйкес бақылауға жатпайтын аппаратурада «пайдалану» үшін қажетті «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. 5А002 тармаққа Ескертуге сәйкес бақылауға жатпайтын аппаратураның кез келген функциясын іске асыратын «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
5D002
5E2 Технологиялар
5Е002 Жалпы технологиялардың ескертуіне сәйкес, 5А002, 5В002 немесе 5D002 тармақтар бойынша жабдықты ие «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған «технологиялар».
5D002
5Е002
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.14.05. № 266 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-санат өзгертілді
6-Санат
Бергіштер және лазерлер
6А Жүйелер, жабдық және компоненттер
6А001 Акустика:
а. Мыналар секілді теңіз акустикалық жүйелері, олар үшін арнайы әзірленген жабдық және компоненттер, олар мына:
1. Мыналар секілді белсенді (беретін және қабылдайтын-беретін) жүйелер, жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер:
Ескерту: 6А001.а.1 тармақ бойынша мыналар бақыланбайды:
а. +/-20o-тен жоғары сәулені сканирлеу функциясына ие емес және суға түсірілген немесе тұңғиыққа тереңдетілген объектілерге немесе балық үйірлеріне дейінгі қашықтықтағы су тереңдігін өлшеу үшін шектеулі қолданылатын вертикалды іс-әрекет тереңдігінің гидролокаторлары;
b. Мыналар секілді акустикалық бүйірлер:
1. Авариялық акустикалық бүйлер;
2. Ультрадыбыстық импульстерді су астына түсіру немесе қайтару үшін арнайы әзірленген сәулелендіргіштер.
а. Теңіз түбін картографиялауға арналған, барлық келесі сипаттамаларға ие кең шолмалы батиметрикалық суретке түсіру жүйелері:
1. Вертикалдан 20o-тан астам ауытқу бұрышында өлшеу жүргізуге арналғандар;
2. Судың бетінен алғанда 6000 м-ден астам тереңдікті өлшеуге арналғандар; және
3. Келесі сипаттамалардың кез келгенін қамтамасыз етуге арналғандар:
а. Кез келгені 1,9oС-ге жеткен бірнеше сәулені біріктіру; немесе
b. Судың тереңдігін белдеу шектеріндегі жекелеген өлшеулердің орташа есебі жолымен алынған, 0,3%-тен жақсы өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету;
b. Мынадай сипаттамаларға ие орналасқан жерін табу жүйелері:
1. Беру жиілігі 10 кГц төмен;
2. 10 кГц-ден бастап 24 кГц-ті қоса алғандағы диапазондағы жұмыс жиілігі бар жабдық үшін дыбыстық қысым деңгейі 224 дБ (1 м-ге 1 мкПа);
3. 24 кГц мен 30 кГц аралығындағы диапазондағы жұмыс жиілігі бар жабдық үшін дыбыстық қысым деңгейі 235 дБ (1 м-ге 1 мкПа);
4. Кез келген білік бойынша сәуле қалыптастыру 1oС-қа жеткен және жұмыс жиілігі 100 кГц-тен төмен;
5. 5120 м астам нысаналарды шешу қашықтығында жұмыс істеу мүмкіндігі; немесе
6. 1000 м астам тереңдікте қалыпты жұмыс істеуге арналғандар және кез келген мынадай сипаттамаларға ие түрлендіргіштері бар:
а. Қысыммен динамикалық қайта құрылатындар; немесе
b. Цирконаттың қорғасын титанатынан дайындалатындарға қарағанда басқа түрлендіруші элементтері барлар;
с. Түрлендіргіштерді қамтитын, пьезоэлектрлік, магнитті-стрикциондық, электр-стрикциондық, электр-динамикалық немесе гидравликалық элементтерді біріктіретін, жеке немесе белгілі бір комбинацияда жұмыс істейтін, келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие акустикалық прожекторлар:
1-ескерту: Басқа жабдық үшін арнайы әзірленген түрлендіргіштерді қамтитын акустикалық прожекторлардың бақылаулық мәртебесі осы басқа жабдықтың бақылаулық мәртебесімен айқындалады.
2-ескерту: 6001А.1 тармақ бойынша Тек вертикалды зондтауды жүзеге асыратын электронды көздер механикалық (мысалы, пневматикалық мылтықтар немесе бу-соққылық мылтықтар) немесе химиялық (мысалы, жарғыш) көздер.
1. 10 кГц-тен төмен жиіліктерде жұмыс істейтін аспаптар үшін 0,01 мВт/шаршы мм/Гц-тен асатын акустикалық қуатта қас қағымдық сәулеленетін тығыздық;
2. 10 кГц-тен төмен жиіліктерде жұмыс істейтін аспаптар үшін 0,01 мВт/шаршы мм/Гц-тен асатын акустикалық қуатта үздіксіз сәулеленетін тығыздық;
Техникалық ескерту:
«Акустикалық қуаттың тығыздығы» шығу акустикалық қуатын сәулеленетін үстіңгі бет пен жұмыс жиілігі алаңының қосындысына бөлудің нәтижесінде алынады.
3. 22 дБ-дан астам бүйірлік жапырақшаларды басып тастау;
d. 1000 метрден астам дистанцияда орналасуы 10 метрден кем дәлдікпен өлшеу кезіндегі орташа шаршылық ауытқуы - ОША) су үстіндегі және су астындағы аппараттардың күйін айқындауға арналған, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие акустикалық жүйелер, жабдық пен олар үшін арнайы әзірленген компоненттер:
Ескерту: 6А001.А.1.а тармақ мыналарды қамтиды:
а. Екі немесе одан көп буйдың арасындағы когорентті «сигналдардың өңделуін» пайдаланатын жабдық және су үстіндегі кемелер мен су астындағы аппараттардың гидрофондық құрылғысы;
b. Орналасқан жерін анықтау үшін дыбыстық таралуының ақаулығын автотүзетуге ие жабдық.
2. Мыналар секілді паccивті (белсенді аппаратурамен байланысқа қарамастан штаттық режимде қабылдайтындар) жабдық және арнайы әзірленген компоненттер:
а. Келесі сипаттамалардың кез келгені бар гидрофондар (түрлендіргіштер):
Ескерту: Басқа жабдық үшін арнайы әзірленген гидрофондардың бақылау мәртебесі осы жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады.
1. Диаметрі немесе ұзындығы 20 мм-ден кем және элементтердің арасындағы қашықтығы 20 мм-ден аз үздіксіз жұмыс істейтін икемді бергіштер қосқыштары немесе дискретті әрекет ететін бергіштер жинамалары;
2. Кез келген келесі сезімтал элементтерге ие:
а. Талшықты-оптикалық; немесе
b. Керамикалық материалдардан жасалған икемді пьезоэлектрлік;
3. Жеделдетуді өтеусіз кез келген тереңдікке арналған 180 дБ-ден жақсы гидрофондық сезімталдығы барлар;
4. 35 м-ден аспайтын тереңдіктегі іске арналған, жеделдетуді өтеумен 186 дБ-ден жақсы гидрофонды сезімталдықтағы; немесе
5. 1000 м астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленгендер;
Техникалық ескерту:
«Гидрофондық сезімталдық» гидрофонды бергіш күшейткішсіз 1 мкПа орташа квадраттық қысымдағы тегіс толқынның акустикалық өрісіне орналастырылған кездегі орташа шаршылық шығу кернеуінің 1В тірек кернеуіне (ОША) қатынасының жиырма еселенген ондық логарифмі ретінде айқындалады. Мысалы, 180 дБ сезімталдықтағы гидрофон шығуында тек 10-9 В ғана берсе, 160 дБ (мкПп-ға тірек кернеуі 1В) гидрофон мұндай өрісте 10-8 В шығу кернеуін береді. Осылайша, 160 дБ 180 дБ-ге қарағанда жақсырақ.
b. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие тіркемелетін акустикалық гидрофондық торлар:
1. 12,5 м және одан кем қадаммен орналасқан немесе 12,5 мден кем немесе модификациялануға қабілетті гидрофондық топтарды орналастыру үшін «модификациялануға қабілетті» гидрофондық топтар;
2. 35 м-ден астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленген немесе «модификациялануға қабілетті» гидрофондық топтар;
Техникалық ескерту:
6А0001а.2.b.2 тармақшада көрсетілген «модификацияға қабілеттілік» гидрофондық топтардың орналасқан жерін немесе жұмыс тереңдіктерінің шектерін өзгертуге арналған орамалардың немесе ішкі қосылыстардың болу мүмкіндігін білдіреді. Мұндай мүмкіндіктер ораманың жұмыс жіптері санының 10%-тен астам қосалқы жіптерінің, гидрофондық топтың конфигурациясын реттейтін блоктардың немесе біреуден астам гидрофондық топтарды реттеу мен бақылауды қамтамасыз ететін бату тереңдігін шектеу құрылғыларының болуын болып табылады.
3. 6А001А2d тармақ бойынша бақыланатын, басқарылатын бергіштері барлар;
4. Торлардың ұзына бойы бекітілген қосқышты кабелдері барлар;
5. Диаметрі 40 мм кем жиналған торлары барлар;
6. 35 м астам тереңдіктегі жұмыс үшін әзірленген немесе 35 м асатын тереңдікте жұмыс істеуге арналған реттелетін не ауысымды тереңдікті сезімтал құрылғысы барлар; немесе
7. 6А001 а.2.а тармақта көрсетілген гидрофондардың сипаттамалары;
с. Тіркеуге алынатын акустикалық гидрофондық торларда қолдануға арнайы әзірленген, спектралдық талдауды, цифрлық сүзгіден өткізуді және Фурье тез түрлендіргішін немесе басқа да түрлендіргіштерді немесе процеcтерді пайдалана отырып сәулені қалыптастыруды қоса алғанда, пайдаланушының бағдарламаланушылығына, уақыттық немесе жиілік саласында өңдеуге және корреляцияға ие деректерді өңдеу аппаратурасы;
d. Мынадай барлық сипаттарға ие басқарылатын бергіштер:
1. Дәлдігі -/+ 0,5-ден жақсы; және
2. 35 м асатын тереңдікте жұмыс істейтін не 35 м асатын тереңдікте жұмыс істеуге арналған реттелетін немесе ауысымды тереңдікті сезімтал құрылғысы бар;
e. Мынадай құрайтындардың кез келгеніне ие су түбілік немесе суға батырылған кабелдік жүйелер:
1. 6А001.а.2.а. тармақта көрсетілген біріктіруші гидрофондар; немесе
2. Гидрофондық топтар мультиплектілік сигналды модулдерін біріктіретін, келесі сипаттамалардың бәріне ие;
а. 35 м-ден асатын тереңдікте жұмыс істеу үшін әзірленген не 35 м-ден асатын тереңдікте жұмыс істеуге арналған реттелетін немесе ауысымды тереңдікті сезімтал құрылғысы бар; немесе
b. Тіркеуге алынатын акустикалық гидрофондық торлар модулдерімен жұмыс режимінде ауыстыруға жол берілетін;
f. Түбілік немесе суға батырылған кабелдік жүйелер үшін арнайы әзірленген, спектралдық талдауды, цифрлық сүзгіден өткізуді және Фурье тез түрлендіргішін немесе басқа да түрлендіргіштерді немесе процестерді пайдалана отырып, сәулені қалыптастыруды қоса алғанда, «пайдаланушының бағдарламалауына», уақыттық немесе жиілік саласында өңдеуге және корреляцияға ие деректерді өңдеу аппаратурасы;
b. Аппаратураны алып жүруші жылдамдығының теңіз түбіне қатысты көлденең құрауышын корреляциялық өлшеу үшін алып жүруші мен теңіз түбінің 500 м астам арақашықтығындағы лагтардағы аппаратура.
6А001 а. 1. а. 6А001 а. 1. b. 6А001 а. 1. c. 6А001 а. 1. d. 6А001 а. 2. а. 1. 6А001 а. 2. а. 2. 6А001 а. 2. а. 3. 6А001 а. 2. а. 4. 6А001 а. 2. а. 5. 6А001 а. 2. b. 6А001 а. 2. с. 6А001 а. 2. d. 6А001 а. 2. е. 6А001 а. 2. f. 6А001 b. | 9015 80 910 0 9014 80 000 0; 9015 80 910 0 9014 80 000 0; 9015 80 910 0 9014 80 000 0 9015 80 110 0 9014 80 000 0 9015 80 110 0 9015 80 930 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9015 80 990 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9015 80 990 0 9014 80 000 0 9014 90 900 0 9015 80 110 0 9015 80 930 0 8907 90 000 0 9014 80 000 0 9014 90 000 0 9015 80 930 0 9015 80 990 0 8907 90 000 0 9014 80 000 0 9014 90 000 0 9015 80 930 0 9015 80 990 0 9014 80 000 0 9015 80 930 0 9015 80 990 0 |
6А002 Оптикалық бергіштер
Ерекше ескерту: сондай-ақ 6А102-ні қараңыз:
а. Мыналар секілді оптикалық детекторлар:
Ескерту: 6А002 тармақ бойынша германийлі немесе кремнийлі фотоқұрылғылар бақыланбайды.
1. «Ғарышта қолдану үшін жарамды», мыналар секілді қатты денелі детекторлар:
а. Барлық келесі сипаттамаларға ие, «ғарышта қолдану үшін жарамды» қатты денелі детекторлар:
1. Толқындардың 10 нм-нен 300 нм-ге дейінгі ұзындық диапазонындағы барынша сезімталдығы; және
2. Толқындардың 400 нм-нен астам ұзындығындағы сезімталдық барынша жоғары сезімталдыққа қатысты 0,1%-тен кем;
b. Барлық келесі сипаттарға ие, «ғарышта қолдану үшін жарамды» қатты денелі детекторлар:
1. Толқындардың 900 нм-нен 1200 нм-ге дейінгі диапазонындағы ең жоғары сезімталдық; және
2. Жаңғырықтың «тұрақты уақыты» 95 нс немесе одан кем;
с. «Ғарышта қолдану үшін жарамды», толқындардың 1200 нм-нен 30000 нм-ге дейінгі ұзындық диапазонында ең жоғары сезімталдыққа ие қатты денелі детекторлар:
2. Бейне жарықтығының күшейткіштері (жарықтың электронды-оптикалық күшейіткіштері) және олар үшін арнайы әзірленген мыналар секілді компоненттер;
а. Барлық төменде санамаланғандар бар бейне жарықтығының күшейткіштері (жарықтың электронды-оптикалық күшейткіштері):
1. Толқындардың 400 нм-нен 1050 нм-ге дейінгі ұзындығының диапазонындағы ең барынша сезімталдығы;
2. 15 мкм немесе одан кем тесіктер қадамымен (орталықтардың арасындағы қашықтықпен) бейнені электрондық күшейтуге арналған микроканалды анод; және
3. Мына секілді фотокатодтар:
а. S-20, S-25 фотокатодтар немесе 240 мк А/лм-нан астам жарық сезімталдығымен көп саңылаулы фотокатодтар;
b. GаАs немесе GаLnАs-тағы фотокатодтар; немесе
с. III-V топтарының қосылыстарына арналған басқа да жартылай өткізгіш фотокатодтар;
Ескерту: 6А002.а.2.а.3.с. тармақтар бойынша 10 мА/Вм немесе одан кем ең жоғары сәулелену сезімталдығымен жартылай өткізгіштерге арналған фотокатодтар бақыланбайды.
а. Мыналар секілді арнайы әзірленген компоненттер:
1. 12 мкм немесе одан кем тесіктер қадамымен (орталықтардың арасындағы қашықтық) микроарналы платалар;
2. GаАs немесе GаLnАs-тағы фотокатодтар;
3. III-V топтарының қосылыстарына арналған басқа да жартылай өткізгіш фотокатодтар;
Ескерту: 6А002.а.2.b.3.с. тармақтар бойынша 10 мА/Вм немесе одан кем ең жоғары сәулелену сезімталдығымен жартылай өткізгіштерге арналған фотокатодтар бақыланбайды.
3. Мыналар секілді, «ғарышта қолдану үшін жарамсыз» «фокалды тегістік торлары»:
Техникалық ескерту:
1. Сызықтық немесе екі өлшемдік көп элементті детекторлық торлар «фокалды тегістік торларға» жатады.
2. 6А002.а.3. тармағы «қиылысты сканирлік бағытты» сызықтық көп элементті детекторлық торға параллель ось ретінде, ал «сканирлеу бағытын» сызықтық көп элементті детекторлық торға қатысты перпендикуляр ось ретінде айқындайды.
1-ескерту: 6А002.а.3. тармақ фотоөткізгіш және фотогальваникалық торларды қамтиды.
2-ескерту: 6А002.а.3. тармақ бойынша мыналар бақыланбайды:
а. фокалды тегістіктің кремнийлі торлары;
b. Қорғасын сульфиді немесе қорғасын селениді негізіндегі көп элементті (16 элементтен көп емес) герметизацияланған фотоөткізгіш элементтер;
с. Келесі материалдардың кез келгені негізіндегі пироэлектрлік детекторлар:
1. Триглицинсульфит және оның туындылары;
2. Қорғасын-ланцан-цирконийдің титанаты және оның туындылары;
3. Литийдің танталаты;
4. Поливинилиденфторид және оның туындылары; немесе
5. Барий-стронцийдің ниобаты және оның туындылары;
а. Барлық келесі сипаттамаларға ие, «ғарышта қолдануға жарамсыз» «фокалды тегістіктің торлары»:
1. Толқындардың 900 нм-нен 1050 нм-ға дейінгі ұзындықтарының диапазонындағы ең жоғары сезімталдықтағы жекелеген элементтер;
2. Тұрақты уақыт жаңғырығы 0,5 нс-тен кем;
b. Барлық мынадай сипаттамаларға ие, «ғарышта қолдануға жарамсыз» «фокалды тегістіктің торлары»:
1. Толқындардың 1050 нм-нен 1200 нм-ға дейінгі ұзындықтарының диапазонындағы ең жоғары сезімталдықтағы жекелеген элементтер;
2. Тұрақты уақыт жаңғырығы 95 нс немесе одан кем;
с. Толқындардың 1200 нм-нен 30000 нм-ге дейінгі ұзындықтары диапазонындағы ең жоғары сезімталдықтағы жекелеген элементтерге ие, «ғарышта қолдануға жарамсыз» «фокалды жазықтықтың сызықтық емес (2 өлшемді) торлары».
d. Келесі сипаттамаларға ие, «ғарышта қолдануға жарамсыз» «фокалды жазықтықтың сызықтық емес (1 өлшемді) торлары».
1. Толқындардың 1200 нм-нен 30000 нм-ге дейінгі және одан жоғары ұзындықтары диапазонындағы ең жоғары сезімталдықтағы жекелеген элементтерге, және
2. Сондай-ақ:
а. Детекторлық элементті жаймалау мөлшерінің детекторлық элемент жаймасының қиылысы мөлшері бағытындағы қатысы - 3,8-ден кем емес; және
b. Элементтегі сигналдарды өңдеу (SPRITE);
е. Толқындардың 2500 нм-нен 30000 нм-ге дейінгі және одан жоғары ұзындықтары диапазонындағы ең жоғары сезімталдықтағы жекелеген элементтерге ие, «ғарышта қолдануға жарамсыз» «фокалды жазықтықтың сызықтық (1 өлшемді) торлары».
b. Дистанциялық зондтау кезінде қолдануға арналған және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие «бейненің жалғыз спектралдық бергіштері» және «бейненің көп спектралды бергіштері»:
1. Шолудың қас қағым сәттік өрісі (ШҚС) 200 мкрд (микрорадиан) кем; немесе
2. Толқындардың 400 нм-нен 30000 нм-ге дейінгі ұзындықтары диапазонындағы жұмысқа арналған және келесі сипаттамалардың бәріне ие:
а. Бейненің шығу деректерін цифрлық форматта қамтамасыз ететіндер; және
b. Сондай-ақ:
1. «Ғарышта қолдануға жарамды болып табылатындар» немесе
2. 2,5 мкрд (микрорадиан) кем ШҚС-қа ие кремнийлі емес детекторларды пайдалану кезінде ұшу аппараттарының бортындағы жұмыс үшін әзірленген.
с. Көрінетін немесе ИК диапазондарында жұмыс істейтін және келесі құраушылардың кез келгені бар тікелей байқау жабдығы:
1. 6А002.а.2.а. тармақта көрсетілген сипаттамаларға ие электронды-оптикалық түрлендіргіштер; немесе
2. 6А002.а.3. тармақта көрсетілген сипаттамаларға ие «фокалды тегістік торлары».
Техникалық ескерту:
«Тікелей байқау», байқаушы адамға бейнені теледидарлық дисплей үшін электронды сигналға түрлендірусіз көріністі бейнені ұсынатын және бейнені фотографиялық, сондай-ақ электрондық немесе басқа тәсілмен тіркеп немесе сақтай алмайтын көрінімдік немесе ИК диапазондарында жұмыс істейтін бейнені алуға арналған жабдыққа жатады.
Ескерту: 6А002.С тармақ бойынша GаАS немесе GаіnАs ерекшелігі бар материалдарда фотокатодтары бар мынадай жабдық бақыланбайды:
а. Өндірістік немесе азаматтық сигналдық құрылғылар, көліктің қозғалысын немесе өндірістік қозғалысты басқару жүйелері не есеп жүйелері;
b. Медициналық жабдық;
с. Материалдың қасиетін инспекциялау, сорттау немесе талдау үшін пайдаланылатын технологиялық жабдық;
d. Өндірістік пештер үшін өрт сигнализаторлары;
е. Лабораториялық талдау үшін арнайы әзірленген жабдық.
d. Оптикалық бергіштер үшін қамтамасыз етудің арнайы компоненттері, мыналар секілді:
1. «Ғарышта қолдануға жарамды» криосалқындатқыштар;
2. Мыналар секілді 218 К (-55oС)-тен төмен көздің салқындату
температурасымен «ғарышта қолдануға жарамды» криосалқындатқыштар;
а. жұмыс істемей қалуға арналған істердің орташа уақытын немесе 2500 с астам жұмыс істемей қалуларының арасындағы істердің орташа уақытын айқындайтын тұйық цикл;
b. 8 мм-нен кем арнаның сыртқы диаметрімен Джоул-Томсон өзін-өзі реттейтін шағын салқындатқыштары;
3. Акустикалық, термикалық, инерциалды-электромагнитті-сезімтал немесе ядролық сәулеленуге сезімтал болуы үшін бүркеудің көмегімен арнайы композициялық немесе құрылымдық әзірленген не модификацияланған оптикалық сезімтал талшықтар.
е. Торға 2048-ден астам элементке және толқындардың 300 нм-нен 900 нм-ге дейінгі ұзындықтарының диапазонында ең жоғары сезімталдыққа ие «ғарышта қолдануға жарамды» «фокалды тегістік торлары».
6А002 а. 1. а. 6А002 а. 1. b. 6А002 а. 1. c. 6А002 а. 2. а. 6А002 а. 2. b. 1. 6А002 а. 2. b. 2 6А002 а. 2. b. 3 6А002 а. 3. а. 6А002 а. 3. b. 6А002 а. 3. с. 6А002 а. 3. d. 6А002 а. 3. е. 6А002 b. 6А002 с. 1. 6А002 с. 2. 6А002 d. 1 6А002 d. 2 6А002 d. 3. 6А002 е. | 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8514 40 000 0 9013 80 900 0 8540 20 800 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8541 40 900 0 8540 89 000 0 8540 20 800 0 8540 99 000 0 9005 8540 99 000 0 9005 9013 80 900 0 9013 90 900 0 8418 69 000 9 9013 80 900 0 9013 90 900 0 8418 69 000 9 9001 90 000 0 9001 10 900 9013 80 900 0 |
6А003 Камералар
Ерекше ескерту: сондай-ақ 6А203-ті қараңыз
Ерекше ескерту: су астында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған камераларға қатысты 8А002.е. және 8А002.е. тармақтарды қараңыз.
а. Мыналар секілді тіркеу кинотүсіру аппараттары және оларға арнайы әзірленген компоненттер, мыналар секілді:
Ескерту: 6А003.а.3. және 6А005.а.5. тармақтарында сипатталған, модульді құрылымды тіркеу кинотүсіру аппараттарының өлшемдері камераны өндірушінің ерекшеліктеріне сәйкес қол жетімді «қосу бағдарламалары» пайдалана отырып, олардың ең жоғары көрсеткішімен бағалануы тиіс.
1. 8-ден 16 мм-ге дейінгі таспаның кез келген форматын пайдаланатын, таспа жазудың бүкіл кезеңі бойы алға қозғалатын және секундына 13150 кадрдан астам жылдамдықпен жазуға қабілетті жоғары жылдамдықта жазатын кинокамералар;
Ескерту: 6А003.а.1 тармақ бойынша әдеттегі азаматтық мақсаттарға арналған жазатын кинокамералар бақыланбайды.
2. Таспа жылжымайтын және 35 мм таспаны кадрлаудың толық биіктігі үшін немесе кадрлардың аз биіктігі үшін жоғары жылдамдығынан астамға барабар немесе кадрлардың үлкен биіктігі үшін аз жылдамдыққа барабар кезінде секундына 1000000 кадрдан астам жылдамдықпен жазуға қабілетті механикалық жоғары жылдамдықтағы камералар;