6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ауыл шаруашылық өндірісін агрометеорологиялық қамтамасыз ету | Ауыл шаруашылығы өндірісін мынадай ақпаратпен қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жүргізу: онкүндік агрометеорологиялық бюллетень; онкүндік ішіндегі топырақтағы пайдалы ылғал қорларының қосылып отыру қорытындысы; жаздық дәнді дақылдардың онкүндік ішіндегі жай-күйі (даму кезеңі басталған күн, биіктігі, қалыңдығы, жай-күйін бағалау) және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен дамуына агрометеорологиялық жағдайлардың әсер етуі; дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың облыстағы орташа өнімділігі мен жалпы өнімін болжау, көктемгі-егіс жұмыстары басталуы алдына топырақтағы ылғал қорларын болжау; тұқым себудің оңтайлы мерзімдерін болжау; күздік дақылдардың қыстап шығуын болжау; бидайдың пісу мерзімдерін болжау; қар жиналу жағдайы туралы кеңес; дәнді дақылдарды жинаудың агрометеорологиялық жағдайларын болжау; күздік дәнді дақылдардың қыс келер алдындағы жағдайын талдау; күздік дәнді дақылдардың өсу жаңаруы кезеңіндегі жағдайын талдау; топырақтың күзде қатып қалуы алдындағы және көктемгі-егіс жұмыстары алдындағы пайдалы ылғалдың нақты қорларын талдау; дәнді дақылдарды жинау жағдайларын талдау; агрометеорологиялық көрсеткіштерді орташа көпжылдық көрсеткіштермен, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырмалы сипаттама; еліміздің аумағы бойынша ауа райы жағдайына байланысты аурулар мен ауыл шаруашылығы зиянкестерінің дамуы жағдайын талдау; станциялар бойынша метеорологиялық кесте; көктемгі егісті өткізудің мерзімі мен шарттары туралы кеңес; қар ерігеннен кейін күздік дәнді дақылдардың жай-күйін талдау (бағыттық зерттеулер қорытындысы бойынша); Қазақстан аумағы бойынша маусымға арналған ауа-райы болжамы туралы анықтама; Қазақстанның астықты аймағының 21 ауданы үшін өсу кезеңінің ортасындағы және бүкіл өсу кезеңіндегі жағдай бойынша онкүндік бойынша өсімді нәтижемен сөткелік орташа температура 0 градустан жоғары болған кезеңдегі ауаның белсенді оң температуралары сомаларының кестесі; Қазақстанның астықты аймағының 21 ауданы үшін өсу кезеңінің ортасындағы және бүкіл өсу кезеңіндегі жағдай бойынша онкүндік бойынша өсімді нәтижемен сөткелік орташа температура 5 градустан жоғары болған кезеңдегі ауаның тиімді температуралары сомаларының кестесі. Мына бағыттар бойынша ғарыштық мониторингтің мәліметтерін алу: жаздық дәнді дақылдардың егістік алқаптарының көлемдерін бағалау; дәнді дақылдар егістіктерінің жағдайын айқындау; жаздық дәнді дақылдар егістіктерінің арамшөп басуын бағалау; таза сүрі жерлердің алқаптарын анықтау, жаздық дәнді дақылдардың өнімділігін және жалпы өнімін болжау; биылғы жылы өңделген егістіктерді анықтау және күріш егістігі алқаптарының көлемдерін бағалау; күріштің өнімділігін және жалпы өнімін болжау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті |
3 | | 101 | Республикалық ғылымиәдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы | Құрамына топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне байланысты өңірлер және республика бойынша минералдық тыңайтқыштардың қажеттілігі есебі енетін Қазақстан Республикасының жыртпалы топырағының агрохимиялық жағдайы мониторингін жүргізетін; басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін қазіргі заманғы ГИС-технологиялар негізінде топырақтың қарашірікпен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі жөніндегі электрондық және қағаз жүзіндегі агрохимиялық картограммаларын құрастыратын; республиканың жыртпалы жерлерінің агрохимиялық мәліметтері банкін қалыптастыратын және толықтыратын; жер пайдалану аумағының агроландшафттық жағдайын ескере отырып минералдық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми-өндірістік тәжірибелер жүргізетін; микротыңайтқыштардың жаңа түрлерін сынайтын; минералдық тыңайтқыштардың үлкен мөлшерлері пайдаланылатын суармалы жерлерде топырақта, өсімдіктерде және өнімде ауыр металдардың жылжуы мен жиналуы мәселелерін зерттейтін; топырақта және ауыл шаруашылығы өнімінде пестицидтердің қалдықты көлемінің жиналуы жөнінде зерттеулер жүргізетін; уәкілетті органның аумақтық инспекциялары бақылау жүргізгенде топырақтың агрохимиялық құрамы туралы шынайы мәліметтерді алу үшін бақылау топырақ үлгілерін іріктейтін және талдайтын; топырақ құнарлылығының жағдайы мен өзгеруін бақылайтын, топырақты химиялық талдау және агрохимиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі әдістеме мен әдістемелік нұсқауларды жетілдіретін штат саны 150 адамдық Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесін ұстау. Автокөлік, зертханалық жабдық, зертханалық жиһаз және басқа да жабдық сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жөнінде 191 дана және ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөнінде 7 дана ақпарат алу. «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «УАЗ» микроавтобусымен - 1 бірлік, зертханалық жабдықпен - 9 бірлік, зертханалық жиһазбен - 2 бірлік, АА-6200 (хром, темір элементтеріне арналған атомдық-абсорбциондық спектрометр) арналған катодты шамдармен - 2 бірлік, жарақтау. Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы анық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен бірлесе отырып 20-30 мың бақылаулық топырақ үлгілерін алу және талдау, 1,8 миллион гектар жалпы алқапта жыртылатын топырақтың тиімді құнарлылығының мониторингін және топырақ-агрохимиялық жұмыстардың сапасына ғылыми-әдістемелік басшылық жүргізу. Агрохимиялық мәліметтер банкін 200,0 мың банк бірліктерімен және 4 000,0 мың гектар көлемдегі алқаптарға электрондық карталарын әзірлеу және басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін қазіргі заманғы ГИС-технологиялар негізінде топырақтың гумуспен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі жөніндегі 5,0 мың агрохимиялық картограммаларын дайындау. Жер пайдалану аумағының агроландшафттық жағдайын ескере отырып минералдық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми-өндірістік тәжірибелер, микротыңайтқыштардың жаңа түрлерін сынау жүргізу. 2 500 топырақ және 2 000 өсімдіктер үлгілерінде ауыр металлдардың түзілуіне химиялық талдау жүргізу. Минералдық тыңайтқыштарды тиімді қолдану жөніндегі ұсынымдар дайындау.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша келемін агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдерін, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін есептерін болжау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерін ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету, агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін агрохимиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: IRS спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 80,0 мың теңге, канадалық RADARSAT-1 барлық ауа-райылық спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 130,0 мың теңге.
Уақыттылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті және агрохимиялық мониторингті белгіленген мерзімдерде жүргізу.
Сапасы: агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85 % шынайылығы мен дәлдігін, егістік алқаптар мен егістіктердің жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамсыз ету. Агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және агроөнеркәсіп кешені ұйымдарын агрохимиялық ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
119-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 341883 мың теңге (үш жүз қырық бір миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46, 57, 59-баптары; «Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономика саласымен халықтың суға деген перспективалық қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; Өленті өзені бассейінің су қорын айқындау, экономика салаларын су ресурстары мен олардың пайдалануы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; 50 миллион куб метр көлемде су өткізу жолымен Шідерті өзенінің төменгі жайылмасының табиғи көктемгі гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану | | | |
2 | | 100 | Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы схемаларды, су шаруашылығы баланстарын және нормативтерін әзірлеу | Сырдария өзені ағысымен және Іле өзені ағысымен бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын әзірлеуді аяқтау: су ресурстарын пайдалануды реттеу және сумен қамтамасыз ету жөніндегі, су көздерін қорғау жөніндегі және сулардың зиянды әсер етуін жою жөніндегі перспективалы және шұғыл су шаруашылығы іс-шараларының кешенін әзірлеу. Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын әзірлеуді бастау: экономика саласы және меншік нысаны бойынша су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың құрылымдары, су ресурстарының және олардың сапасының көлемін нақтылау; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың бөліну су ресурстарын пайдалану деңгейінің қазіргі уақыттағы бағасы және олардың жақын арадағы және болашақтағы өзгеру болжамы; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан су ресурстарының сапалы жағдайына баға беру және олардың өзгеру болжамы. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас сызбасын әзірлеуді бастау: экономика саласы және меншік формасы бойынша су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың құрылымы, орналасқан су ресурстарының көлемі және олардың сапасын нақтылау; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың су ресурстарын пайдалану деңгейінің қазіргі уақыттағы бағасы және олардың болашақтағы өзгеру болжамы; су тұтынушылардың және су пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан су ресурстарының сапалы жағдайына баға беру және олардың өзгеру болжамы. Өленті өзенінің келешегі бар су шаруашылығы балансын әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | Мемлекеттік су кадастрын жасау | Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту, Мемлекеттік су кадастрын құрастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасы мен облыстарында, экономика салаларында, су шаруашылық учаскелерінде, теңіз және өзен кесінділе- ріндегі белгіленген су жинау лимиттері, нақты судың жиналуы, суды қайталап, өтеусіз пайдалану, жер үсті, жер асты, коллекторлық-дренаждық және теңіз суларын тастау бойынша ақпараттар базасына енгізу және жинау, өңдеу, жаңарту, сондай-ақ су пайдалану құрылымы мен көлемі бойынша материалдар әзірлеу; қорытынды су кадастрын құру әдістемесін әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
4 | | 102 | Табиғат қорғау су жіберу | Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін қамтамасыз ету: «Қаныш Сәтпаев» атындағы каналдан Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін жүргізу; табиғат қорғау су жіберу өтемақысының нәтижелерін тексеру үшін Шідерті өзенінің жайылмасын зерттеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Іле өзені және Сырдария өзені ағысы бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың екі сызбасын әзірлеуді аяқтау; Балқаш-Алакөл бассейндерінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларының негізгі жағдайларын әзірлеуді бастау; су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбасын әзірлеуді бастау; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 миллион текше метр су жіберу.
Түпкілікті нәтиже: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сызбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 90% және Қазақстан Республикасы аумағында 33 % су ресурстарын кешенді пайдаланудың бас сызбаларын қамту; Өленті өзенінің перспективалық су шаруашылығы балансын әзірлеу; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, халықтың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; Шідерті өзенінің жайылмасын табиғи гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Іле өзені бассейнінде - 32 589 мың теңгені, Сырдария өзені - 32 189 мың теңге, Балқаш-Алакөл бассейні - 26 000 мың теңге, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың Бас сызбаның құны - 54 000 мың теңге; Өленті өзенінің су шаруашылығы балансын әзірлеу - 13 500 мың теңге; Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны - 1 050 мың теңгені құрайды; Шідерті өзенінің жайылмасындағы»Қаныш Сәтпаев атындағы арнадан берілетін судың бір текше метрі қосымша құн салу қоса алғанда - 3,42 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сызбаларын құрастыру және Өленті өзені перспективалық су шаруашылық балансын әзірлеу; мемлекеттік су кадастрын құруды 2008 жылғы желтоқсанда аяқтау; Шідерті өзені жайылмасына су жіберу 2008 жылғы сәуір-мамыр айларына арналған жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сапасы: су ресурстарын-қорғау және кешенді пайдалану сызбаларын су шаруашылығы баланстары мен су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану бас және бассейндік пайдалану сызбаларын бекіту және әзірлеу Ережесіне сәйкес құру; су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу Ережелеріне сәйкес су кадастрын құру; табиғатты қорғау мақсатында су жіберу негіздемесіне сәйкес Шідерті өзені жайылмасының табиғи жағдайын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
120-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 325881 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион сегіз жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 кезең) жобасы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы;»«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1-кезең) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Қайта құру және Даму Банкін тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру, Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы Арал өңірінде орналасқан елді мекендерді су басу мүмкіндігін төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын орындау, оның ішінде келісім шарт бойынша: «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзенінің арнасын реттеу 003 «Шардара бөгеті»; «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзенінің арнасын реттеу 001 «Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі бөгет/Ақлақ имараты»; Балық тоғандарын салу және қайта жаңғырту, қосымша сорғыштар, электро өткізгіш желілерін орнату. Айырбастауына және төлемдер жүргізгеніне банктік комиссияларды төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар төлеу. Жобаны басқарушы топтың операциялық шығындарына төлеу. Кеңселік материалдар сатып алу. 2 автокөлікке жанар-жағар май сатып алу. Кезекті басылымға жазылу. Байланыс қызметтерін төлеу, соның ішінде: - қалалық телефон номерлерін қолданғаны үшін абоненттік төлемдер; - халықаралық және қалааралық байланыс, электронды пошта қызметтеріне, курьерлік қызмет көрсетуге арналған шығындар. Астана қаласында көлікті жалға алу (бензин және қосалқы бөлшектерді қоса алғанда). Ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсетуіне төлеу және автокөліктерге қосалқы бөлшектер сатып алу. Жобаны басқарушы топты ұстап тұру, оның ішінде: 8 жергілікті кеңесшілердің жалақысы; әлеуметтік аударымдар; іссапар шығындары; 2 жүргізушінің жалақысы; аудармашы; Құрылыс жұмыстарын бөлшекті жобалау және қадағалау үшін кеңесші компанияның қызметтеріне төлеу. Балық су тоғандарының құрылысын жобалауды және қадағалауды іске асыру үшін кеңесшілердің қызметтеріне төлеу. Конвертациялау және төлемдер жүргізгені үшін банк комиссиясын төлеу. Қосымша құнға салық төлеу. Келісім шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Солтүстік Арал теңізінің бөлігінде бөгет салу, Ақлақ гидроқұрылысын салу, Шардара бөгеттерін қайта жаңарту, балық тоғандары үшін сораптарды және электр өткізу желілерін орнату.
Түпкілікті нәтиже: Сырдария өзенінің өтімділік қабілетін жақсарту. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1 000 адамға шаққанда - 2 462 мың теңге.
Уақыттылығы жүргізілуі: құрылыс жұмыстарын 100% орындау.
Сапасы: жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың сапасына тұрғындардың 90% қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
121-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 73906 мың теңге (жетпіс үш миллион тоғыз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізінің аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын сапасына кепілдігі бар және қажетті мөлшердегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерін жақсарту арқылы Арал ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау көлемін барынша ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Келісім шарт бойынша Арал қаласын сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын төлеу. Кеңестік техникалық қызметтер: келісім-шарты бойынша нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу. | Шілде- қараша | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Құрылыс жұмыстары құнының жартысын төлеу. Құрылыс жұмыстарына келісім-шарт бойынша салықты төлеу. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: құрылыс жұмыстары бойынша төлем.
Түпкілікті нәтиже: ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін пайдалануды енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 адамға шаққанда бір ауыз сумен жабдықтау объектісін салу - 390 мың теңге тұрады.
Уақыттылығы: жұмыстар жоспар-график және келісім шарттарға сәйкес орындалады.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
122-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі