3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық білім деңгейін арттыру арқылы агробизнесті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқаруды дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 057 | | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету | 161 ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталықтары арқылы кемінде 50 мың шаруа (фермер) қожалықтарына және тағы да басқа агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, бағалық ақпарат беру. | Наурыз- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 50 мың шаруа (фермер) қожалықтарына және тағы да басқа агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде ақпаратты-маркетингтік, анықтамалық, бағалық ақпарат беру.
Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ақпараттық қызметке қол жеткізу аясын кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің бір субъектісіне орташа алғанда 2200 теңгеге ақпараттық қызмет көрсетілген жағдайда аграрлық бизнес жүргізу тиімділігі артып, түсетін таза пайда көлемі шамамен 0,5-1% көбейетін болады.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: 30% кем емес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
142-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі
жобаға кредит беру»
деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 125 мың теңге (бір жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) Шарт жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жерлердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 5-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық жерлерді қатысушы шағын қаржылық мекемелердің қызмет көрсетулерімен қамтуды барынша арттыру, олардың шағын қаржы операцияларын жүргізудің барынша жоғары деңгейіне өтуіне жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Екінші деңгейдегі банк комиссияларын төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 7-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2009 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына кредиттер және шағын кредиттер, лизинг негізінде кредиттер беруге қатысушы қарыз беруші банктермен ішкі кредиттік келісімге қол қою.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығына коммерциялық кредит беру жүйесін дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл халқына, шаруа қожалықтарына, өңдеуші кәсіпорындарға, шағын және орта кәсіпорындарға және бизнестің басқа өкілдеріне екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар беретін кредиттердің жиынтық көлемін арттыру.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: ауылды қаржыландыру жүйесі нығаяды және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықтылығы артады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
143-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 401435 мың теңге (төрт жүз бір миллион төрт жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқарушылық шешім қабылдау және бизнесті дамыту үшін қазіргі заманғы, біріктірілген және жоғары тиімді ақпаратты ортаны ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның барлық аумағын қамтитын саланың ауқымды желісін құру және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны енгізу есебінен, агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйін сипаттайтын жедел ақпарат іс жинаудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
- мемлекеттік электронды қызметке және агроөнеркәсіп кешеннің ақпараттық инфрақұрылымына ауыл тұрғындарының қолы жетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласының бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін қолданушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында ақпарат алудың және пайдалану жүйесі ретінде мақсатты топтарын ақпараттық ресурстарын ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
- аграрлық нарықтың дамуын талдау және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқару органдары, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері және ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «E-Agriculture» агроонеркәсіптік кешені салаларын басқарудың Бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру: «E-Agriculture» агроөнеркәсіп кешенін салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің 2 кезектегі кіші жүйесін әзірлеу және дамыту; жүйені енгізу мен көбейтіп тарату; жүйенің пайдаланушылары мен әкімшілерін оқыту; қойылған міндеттерді шешу үшін есептеуіш техника құралдарын, желілік және телекомуникациялық құралдарды, пайдаланушылар лицензиясын және бағдарламамен қамтамасыз ету үшін сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларында - «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің 2 кезектегі кіші жүйесінің енгізілуі.
Түпкілікті нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2007 жылмен салыстырғанда азық-түлік нарығында тауар айналымының оңтайлы өсу динамикасы; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімді тасымалдау кезінде жұмсайтын жалпы шығынының 1,5-2%-ға төмендеуі.
Уақыттылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында Іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде орындалуы.
Сапасы: агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ басқару барысында қабылданатын шешімдердің сапалылығы және жеделдігі.
144-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)