ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Ауылдық қаржылық қызмет жүйесін құру компоненті бойынша техникалық көмек беру, облыстық және аудандық деңгейдегі консультанттарды оқыту үшін консалтингтік компаниясының, 3 ұлттық консультанттардың консультациялық қызмет көрсетуіне арналған шығыстар; Ауылдық инвестициялық жобаларды кредиттеу мәселелері бойынша 2-ші деңгейдегі банктердің облыстық және аудандық бөлімшелерінің кредиттік қызметшілерін оқыту үшін консалтингтік компанияның және 2 халықаралық консультанттың консультациялық қызмет көрсетуіне арналған шығыстар. Шағын қаржыландыру компоненті: шеңбері аясында іріктеп алынатын шағын қаржылық ұйымдардың функционалдық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында 2 халықаралық консультанттың қызметтеріне; жаңа өнімдерді дамытуға халықаралық консультанттың қызметтеріне; банктермен байланысты дамытуға 1 халықаралық консультанттың қызметтеріне; Қазақстан Шағын Қаражаттық Ұйымдар Қауымдастығының консультациялық қызметтерін сатып алуға. Жобаны іске асыру тобының 5 жергілікті адамнан тұратын консультанттарының қызмет көрсетулеріне қоса операциялық шығыстарын төлеу (5 консультанттың жалақысы, әлеуметтік салық, кеңсе тауарларын сатып алу, байланыс, электрондық почта қызметтеріне ақы төлеу, интернет, көлікті жалға алу, Астана қаласында үй-жайларды жалға алу, ұйымдастыру техникаларын ұстап тұру және техникалық қызмет көрсету, іссапар шығындары). Кредиттік желілерге қызмет көрсету бойынша банк қызметтеріне төлеу. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді сатып алу жөнінде конкурстар өткізу туралы хабарландыруларға ақы төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1000-нан астам фермерлерді жергілікті консультанттардың ауылдық жерде бизнес жасау мәселесі, қаржылық өнім, салық және құқық мәселелеріне оқытуы; консалтингтік компания мен халықаралық жеке консультанттар оқытқан жобаға қатысушы банктер мен лизингтік компаниялардың кредит беру бөлімдерінің 280 қызметкері, филиалдардың басшыларын; жобаға қатысушы шағын қаржылық ұйымдардың функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, ауылдағы шағын қаржыландыру жүйесіне жаңа өнімдер әзірлеу, шағын қаржылық ұйымдардың коммерциялық банктермен агенттік қатынастарын орнату.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің бизнес-жоспар жасау, кредиттік құжаттарды рәсімдеу бойынша мүмкіндіктері ұлғаяды; шағын қаржылық ұйымдардың әлеуеті ұлғаяды, банктердің аграрлық секторға сенімділігі молайып, ауыл бизнесіне несие ресурстарының келуі артады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қысқа мерзімді отандық консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 256,0 мың теңгеден аспайды, халықаралық консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 3648,0 мың теңгеден аспайды.
Уақыттылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортында көзделген мерзімдерде орындалады.
Сапасы: ауылдық қаржылық консультациялық қызметпен қанағаттанған фермерлердің санын арттыру, микроқаржылық ұйымдардың және екінші деңгейдегі банктердің ауылдағы қызмет көрсету сапасы жақсарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
115-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 19158848 мың теңге (он тоғыз миллиард бір жүз елу сегіз миллион сегіз жүз қырық сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «2002-2010 жылдарға арналған»«Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерді, қалалар мен кіші қалаларды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерді, қалалар мен кіші қалаларды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетн нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес, тізбе бойынша және сомалар шегінде ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен облыс бюджеттеріне, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін трансферттер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес бекітілген, мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес іс-шараларға 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2 892 256 теңге, Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 16 266 592 теңге. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғырту және салу бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.
Түпкі нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жасалынған шарттар бойынша жұмыс жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
116-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 7849741 мың теңге (жеті миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион жеті жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 , 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 9 , 13-баптары;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы;»«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан азаматтарын және жануарлар әлемін адамдар, жануарлар және құстар үшін ортақ аурулардан диагностика жасау, алдын алу және жою іс-шараларын жүргізу арқылы қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикада жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу; ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез және/немесе туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру; жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою; шекаралас мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы аурулары енуіне тосқауыл қою; уақтылы диагноз қою.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы | Мына жұмыстарды орындау мақсатында штат саны 84 адамдық мемлекеттік мекеме ұстау: жануарлардың ауруларына диагноз қоюды әдістемелік қамтамасыз ету; жабайы фаунаның эпизоотиялық мониторингін жүргізу; жануарлардың ауруларына диагноз қою кезіндегі референттік функция (даулы жағдайларда немесе басқа зертханаларда диагноз қою қиын болған кезде түпкілікті диагноз қою); ветеринарияда пайдаланатын микроорганизмдердің депондалған штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу; малдардың организмдеріндегі малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттардағы өте улы немесе радиоактивті заттарды анықтау; малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттардың, жемдердің, жем қоспаларының, ветеринариялық препараттарды импорттау, экспорттау және транзиттеу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптамадағы даулы жағдайларда зертханалық зерттеулер; жұмысшылардың біліктілігін көтеру жөніндегі алыс және жақын шет елдердің және халықаралық референттік орталықтардың ғылыми зерттеу мекемелерінің қызметін пайдалану; Ұйымдастыру техникасы мен лабораториялық жабдықтар сатып алу. Құбыр жүйесін күрделі жөндеуден өткізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
3 | | 101 | Жануарлар ауруларының диагностикасы | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстардың аурулары бойынша 16-26 миллион диагностикалық зерттеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу, оның ішінде серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулер. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
4 | | 102 | Эпизоотияға қарсы шаралар | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құрылыстардың ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету: жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын толтыру үшін ветеринариялық препараттардың 110,0-160,0 миллион дозасын сатып алу; сатып алған препараттарды соның ішінде республикалық ветеринариялық препараттар қорын белгіленген орнына дейін жеткізу; ветеринариялық препараттарды қолданғанға дейін сақтау; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау; ветеринариялық препараттарды жергілікті жерлерде қолдану, оған қоса: серологиялық зерттеу үшін қанның сынамаларын алу және жеткізу - 16-26 миллион сынама; 90,0-130,0 миллион ветеринариялық препараттардың дозасын жануарларға егу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
5 | | 103 | Жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруы шығады деп күтілген табиғи ошақтарын оқшаулау және жою бойынша 100% іс-шараларды ұйымдастыруға кіретіндері: ветеринариялық препараттар мен дезинфекциялық құралдарды жеткізу; өлген малдар мен құстардың өлекселерін өртеп жіберу арқылы жою; ауру жануарларды қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу; алынып қойылған, жойылған малдың, азықтың, азық қоспаларының және ветеринариялық препараттардың құнын өтеу; эпизоотологиялық ошақта және қатерлі аймақта малдар мен құстарды мәжбүрлеп егу; ауру малдар мен құстар ұсталған жайларды дезинфекциялау; зертханалық зерттеу үшін паталогиялық материалды немесе қанның сынамаларын алу және жеткізу; созылмалы ауруларға бақылаулық зерттеу жүргізу (екі реттік кері нәтиже алғанға дейін жануарларды зерттеу); карантин кезінде карантиндік бекеттер, дезинфекциялық кедергілер орнату және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Шекаралас мемлекеттерде жануарлар мен құстардың аса қауіпті инфекциялық аурулары шыққан кезде республикаға инфекцияны енуіне жол бермеу жөнінде шекаралық карантиндік уақытша бекет ұйымдастыру жүзеге асырылады, онда мыналар қамтылады: дезинфекциялық заттарды республикалық қордан осы бекеттерге дейін жеткізу; көлік құралдарын дезинфекциялау үшін дезинфекциялық уақытша кедергілер орнату немесе бар дезинфекциялық кедергілерді жөндеу және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары шекаралас мемлекеттерде эпизоотиялық қалыпты жағдай қалыптасқанынша ұйымдастырылады. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мал мен құс аурулары диагностикасының қолданыстағы әдістерін жетілдіру; «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдістеме ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін: лабораториялық құралдармен: жануарлар үшін изоляторлар - ұсақ (ауру жұқтырған жануарларға) арналған ауа алмастыратыны бар шкаф - 2 бірлік, жуатын машина - жалпы зертханалық ыдыстарды жуу үшін қондырмалар жинақтары бар - 1 жинақ, фармацевтикалық мұздатқыш - қалыпты температурасы + 2 градус С төмен емес шамасын ұстайтын - 1 бірлік, құрғатып, қыздыратын шкаф - температурасы 300 градус С дейін, жұмыстық камерасының көлемі 110 литрден төмен емес - 1 бірлік, зертханалық шайқағыштардың жинақтары: микро түтікшелер үшін вортекс; 10 миллилитрден кем емес көлемдегі түтікшелер үшін вортекс; қыздыратыны бар, магнитті шайқағыш; жай магнитті шайқағыш; колбаға арналған шейкер; 96 ұяшықты планшета үшін шейкер - 2 жиынтық, су моншасы - қалыпты температурасы 100 градус С дейін, көлемі 20-дан кем емес - 1 бірлік, принтері бар компьютер - 4 бірлік; сынаманы талдамаға дайындайтын жүйе (белок/азот, ауыр металдар) - 1 бірлік, ПТР талдау үшін плашектарды шамалы уақыт ішінде мықтап жабатын қондырғы жинақтары, шығын материалдарымен - 2 жиынтық, құрал жабдықтарымен проектор - 2 дана; лабораториялық жануарлармен қамтамасыз ету. Мал өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу үшін мамандарды соңғы сынақ әдістеріне үйрету. Жануарлар мен құстардың ауруларын диагноз қою бойынша 16-26 миллион зерттеулер, 90,0-130,0 миллион бас жануарлар мен құстарды иммунизациялау, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын 100 % жою, Қазақстан Республикасы аумағына жануарлар мен құстардың ауруларының шекаралас мемлекеттерден енуіне жол бермеу.
Түпкілікті нәтиже: лабораториялық диагностиканың мемлекеттік жүйесін халықараралық стандартқа сәйкестендіру; Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, жануарлар әлемі және құстары үшін эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 диагностикалық зерттеуге орташа шығын - 129,45 теңге, бір алдын алу іс-шарасына - 24,03 теңге, Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың ауруларының ошағын жоюға және жануарлар және құстардың жіті инфекциялық ауруларының таралуының алдын алуға - 827 029 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы: аталған бағдарламада қаралған іс-шаралар жоспарын көрсетілген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында 100 % эпизоотиялық қолайлылыққа қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12660382 мың теңге (он екі миллиард алты жүз алпыс миллион үш жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 3 , 4 , 6 , 9 , 10, 11, 12-баптары; «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3 , 9 ,12-баптары; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ішкі астық нарығын реттеу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және орнын ауыстыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Азықтүлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік ресурстарға астықты сатып алу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 517 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті |
3 | | 101 | Азықтүлік астығы мемлекеттік резервінің астығын сақтау және ауыстыру | 500 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау, сондай-ақ 17 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік резерві астығының орнын ауыстыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астық көлемі 517 мың тоннаға дейін;
республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаудағы мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің көлемі 500 мың тонна;
жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орны ауыстырылған мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің көлемі 17 мың тоннаға дейін.
Түпкілікті нәтиже:
есеп беру кезеңінің соңына мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастырылған ағымдағы жылғы егін астығының көлемі 30 % шамасында (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);
астық резервінің үлесі республика тұрғындарын азық-түліктік қамтамасыз етудің жылдық қажеттілігінің шамамен 16,0-17,0%;
ішкі астық нарығын реттеу үшін мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының көлемі 517 мың тонна шамасында болуы;
астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны 1 500 бірліктен кем емес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы 30,4 мың теңге;
мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны 130-140 теңге;
мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру құны 1200-1300 теңге.
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің астығын сақтау және орнын ауыстыру.
Сапасы: жоғарғы сапалы астықты 100% сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің астығын 100%-дық сандық-сапалық сақтау және мемлекеттік резервке сатып алынған астықтың 3,5% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
118-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 161983 мың теңге (бір жүз алпыс бір миллион тоғыз жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 159-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себу, жинау мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін, жалпы өнімі мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, танаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.