Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 89 Қаулысы
(2009.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
№ 89 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 246-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі» деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:
«2008 жылғы ақпан» деген сөздер «2008 жылғы сәуір» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008 жылғы сәуір» деген сөздер «2009 жылғы маусым» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:
«2008 жылғы қазан» деген сөздер «2009 жылғы қаңтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008 жылғы желтоқсан» деген сөздер «2009 жылғы наурыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында «2008 жылғы қаңтар» деген сөздер «2008 жылғы ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы» деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы «Өңірлік» деген сөз алынып тасталсын.