Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 89 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
№ 89 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 44-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 246-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі» деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында «Мемлекеттік активтерді басқару туралы» деген сөздер «Мемлекеттік активтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 38-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттік нөмірі 3-жолда:
2-бағандағы «Өңірлік» деген сөз алынып тасталсын;
6-бағанда «1-тоқсан» деген сөздер «2-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 4, 5, 6, 11, 14, 17, 25, 26 және 31-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдардың 6-бағанында «2-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанында «3-тоқсан» деген сөздер «2-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меценаттық және демеушілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
5-бағанда «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
5-бағанда «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. | Мемлекеттік активтер туралы | ЭБЖМ | 2008 жылғы 3-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан |
16. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭБЖМ | 2008 жылғы 3-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан |
»; |
реттік нөмірі 18-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
4-бағанда «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлер 5-1, 14-3, 20-1, 20-2, 20-3, 21-1, 21-2, 21-3, 27-1, 27-2 және 27-3-жолдармен толықтырылсын:
«15-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2008 жылғы 1-тоқсан | 2008 жылғы 2-тоқсан | 2008 жылғы 2-тоқсан |
14-3. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы (жаңа редакция) | ИСМ | 2008 жылғы 3-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 жылғы 4-тоқсан |
20-1. | Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндік- тері туралы | Әділет- мині | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 1-тоқсан |
20-2. | Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 1-тоқсан |
20-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік есеп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | СА | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 2-тоқсан |
21-1. | Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі (жаңа редакция) | Әділет- мині | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 2-тоқсан | 2009 жылғы 3-тоқсан |
21-2. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі | Әділет- мині | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 2-тоқсан | 2009 жылғы 3-тоқсан |
21-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2009 жылғы 1-тоқсан | 2009 жылғы 2-тоқсан | 2009 жылғы 3-тоқсан |
27-1. | «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Еңбек- мині | 2009 жылғы 3-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан |
27-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғаларды сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан |
27-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бітімгерлік рәсімдер (медиация) институтын енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 жылғы 4-тоқсан |
»; |
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі».
4. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:
«2008 жылғы ақпан» деген сөздер «2008 жылғы сәуір» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008 жылғы сәуір» деген сөздер «2009 жылғы маусым» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:
«2008 жылғы қазан» деген сөздер «2009 жылғы қаңтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008 жылғы желтоқсан» деген сөздер «2009 жылғы наурыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында «2008 жылғы қаңтар» деген сөздер «2008 жылғы ақпан» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы» деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы «Өңірлік» деген сөз алынып тасталсын.