6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
| № п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдар лама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 053 | | Мемлекеттік аннуитетті компания" АҚ жарғылық капиталын көбейту | «Валют Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ міндеттерді тапсырумен байланысты жарғылық капиталды көбейту жолымен «Мемлекеттік аннуитетті компания» АҚ Барабар сақтандыру резервтерін қалыптастыру | Ағымдағы жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Мемлекеттік аннуитетті компания» АҚ жарғылық капиталын 220 511 мың теңгеге көбейту.
Соңғы нәтиже: сақтандыру нарығының тұрақтандыруды қамтамасыз ету және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Уақытылылығы: Белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапа: «Валют Транзит Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру портфелін қабылдау кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» АҚ пруденциялық нормативтерінің сақталуын жарғылық қорды көбейту жолымен қамтамасыз ету.»