2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 163-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
145-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1829747 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма тоғыз миллион жеті жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы;»"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы« Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
- еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру;
- кәсіптік шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Әлеуметтік қызмет түрлері жүйесін, стандарттарды, медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтуды, еңбек заңдарын одан әрі жетілдіру; нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыры шеңберінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; ақпараттық қамсыздандыру және әлеуметтік статистиканы дамыту; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық және біржолғы төлемдердің төленуін қамтамасыз ету; шетелдік жұмыс күшін тартуға көші-қон квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жасау; халықты еңбек рыногының жайы туралы ақпараттандыру; ішкі рынокті қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттардың жобаларын қарау; Министрліктің Көші-қон жөніндегі комитетінің және аумақтық органдарының қызметін басқару және үйлестіру; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша әдістемелік басқару. Ұйымдармен еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелерін жетілдіру бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі келісім-шарттар жасау. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, анықтамалық әдебиеттер мен кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Мүгедектік тобын, еңбек ету қабілеті- нен айырылу дәрежесін белгілеу; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақылық және біржолғы төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау; еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдардың орындалуын бақылау, тексерулер жүргізу; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуына бақылау жасау; өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу және олардың есебін жүргізу; құрылысы немесе қайта құруы аяқталған өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат қағаздарда көрсетілген шарттардың орындалуын бақылау және тексеру; ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтау, қорытындылау, жүйелеу және талдау жасау; еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон мәселелері бойынша ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Төмендегідей тақырыптар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комитеттерінің аумақтық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет түрлерін сатып алу: 1. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау. 2. Зейнетақы және жәрдемақылармен мемлекеттік қамсыздандыру. 3. Медициналық- әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері. 4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері. 5. Бюджеттік процеске әдіснамалық көзқарастар. 6. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қолданыстағы заңнамаларды қолданудың заңгерлік тәжірибесі, талап-арыз жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Жүктелген функцияларды сапалы және тиімді орындау мақсатында Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық органдарын материалды-техникалық жабдықтау жарақтандыру. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарына және бағдарламалық өнімдерге техникалық қызмет көрсету, сүйемелдеу және әкімшілік ету қызметтерін төлеу. Шығыс және жинақтауыш материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу. Спутниктік байланыс арнасын жалдау және интернет қызметі. Техникалық құралдарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу және орнату. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету;
- 250 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату;
- 381 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 30 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Соңғы нәтиже: халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін, мемлекеттік қадағалау мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру, көші-қон саясатын дамыту, жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 19,0 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 14,8 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 30,0 мың теңге.
Уақтылығы: келісім - жыл бойы.
Сапасы: Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және қол жетімділігін кеңейту.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
146-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Зейнетақы бағдарламасы»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 363609000 мың теңге (үш жүз алпыс үш миллиард алты жүз тоғыз миллион теңге).
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы« Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 12-бабының 5-тармағы, 16-бабының 5-тармағы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2 , 5-баптары,»2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқықтарын іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу;
- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табысқа қойылатын шектеуді 15-тен 25-еселенген айлық есептік көрсеткішке арттыру;
- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламалардың)атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Зейнетақы бағдарламасы | | | |
2 | | 100 | Ортақ зейнетақыларды төлеу | Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға ынтымақты зейнетақылардың ай сайын төлемдерін, тиісті мүгедектік тобы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне дейін және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілген зейнетақы төлемдеріне қосымша ақы төлемдерін қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар | Радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайын үстемеақылардың төленуін қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері | Зейнеткерлерге және зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге ай сайынғы базалық зейнетақы төлемдері қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақыларды және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық зейнетақы төлемдерін төлеу, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу.
Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- Ынтымақты зейнетақы: 2008 ж. - 1633,8 мың адам, 2009 ж. - 1648,9 мың адам, 2010 ж. - 1664,9 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін алушылар: 2008 ж. - 1664,2 мың адам, 2009 ж. - 1671,7 мың адам, 2010 ж. - 1688,5 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,06 мың адам.
Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 9 пайызға көбейту, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табысқа қойылатын шектеуді 15-тен 25-мәрте айлық есептік көрсеткішке арттыру және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге 4210 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері: 2008 ж. - 7900 теңге, 2009 ж. - 8769 теңге, 2010 ж. - 9646 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері: 2008 ж. - 13 647 теңге, 2009 ж. - 17075 теңге, 2010 ж. - 21344 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4210 теңге, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап - 4810 теңге, 2009 ж. - 5243 теңге, 2010 ж. - 5662 теңге;
- 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 2008 жылдың 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемін алушыларға ай сайынғы өтемақы - 600 теңге;
- зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге.
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
147-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 92246990 мың теңге (тоқсан екі миллиард екі жүз қырық алты миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жасына байланысты;
- мүгедектігі бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету;
- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар | | | |
2 | | 100 | Мүгедектігі бойынша | Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Асыраушысынан айрылуына байланысты | Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | Жасы бойынша | Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 414,7 мың. адам, 2009 ж. - 416,5 мың. адам, 2010 ж. - 419,9 мың. адам;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 211,3 мың адам, 2009 ж. - 232,3 мың адам, 2010 ж. - 233,0 мың адам;
- жасына байланысты: 2008 ж. - 13,9 мың адам, 2009 ж. - 16,3 мың адам, 2010 ж. - 18,9 мың адам.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірісін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері:
- мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 12 542 теңге, 2009 ж. - 13450 теңге, 2010 ж. - 14526 теңге;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 11 349 теңге, 2009 ж. - 11680 теңге, 2010 ж. - 12614 теңге;
- жасына байланысты: 2008 ж. - 6 348 теңге, 2009 ж. - 6554 теңге, 2010 ж. - 7078 теңге.
- 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында белгіленген мөлшерде 2008 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін ай сайынғы өтемақы;
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
148-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі