№ 1224 қаулысына
153-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65 618 мың теңге (алпыс бес миллион алты жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 8 , 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулер мына бағыттар бойынша жүргізу: - Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларын және зиянды өндірістік факторларды зерттеу және талдау; - Қызметкердің денсаулығына кауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, зиянды өнді- рістік факторлар мен қатерлердің әсерін азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және ғылыми негіздеу және ұйғарымдар жасау; - кәсіптік ауруларды және өндірістік жарақаттарды ілестіру үшін есепке алу және талдау жөніндегі республикалық жүйені әзірлеу, ғылыми негіздеу және ілесу; - еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеналық талаптарына жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауру мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 4 бағыт бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: Қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды 0,5 пайыз, санитария-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер санын 1 пайыз, жұмыс уақытының жоғалуын 0,8 пайыз төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 8,2 млн. теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
154-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 9298074 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз тоқсан сегіз миллион жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу; зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу; әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;
Орталықтандырылған деректер қорының (Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры) жұмыс істеуін қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету | Зейнетақылардың; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің; мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың зейнет- ақыларына үстемеақылардың; жерлеуге берілетін жәрдемақылардың; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің; радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеу- меттік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақ- тарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға зейнеткерлерге бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылардың; бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың; бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақылардың; ақталған азаматтар - саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін ақшалай өтемақылардың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі мен босануы бойынша жәрдемақылардың төленуін қамтамасыз ету. Зейнетақылар мен жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі мен босануы бойынша жәрдемақыларды тағайындау үшін алушылардың іс-қағаздар макетін калыптастыру. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу мен жұмыс берушілерге қате төлемдерді қайтару. Жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды және оларды жинақ- таушы зейнетақы қорларына аударуды жүзеге асыру. Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген есебін жүргізу, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді уақытында аудару. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерден жүргізілген ұстап қалулар туралы алушыларды хабарландыру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына қате аудар- ылған төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Деректерді беретін корпоративтік желілерді қолдау үшін байланыстың жоғарғы жылдамдықты арналарын жалдау, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер үшін Sky Edge серіктік терминалдарды инсталляциялау және жалдау мақсатында. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметтер шегінде компьютерлік, серверлік, телекоммуникациялық, шалғай жабдықтар, техника, резервтік орталық үшін жабдықтар, антивирустық бағдарламалар, кондиционерлер, электр жабдықтар, жиһаздар, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді сатып алу. | Күн сайын | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық, қалалық, аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын автоматтандыру. Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер деректер базасының тиімді жұмыс істеуі.
Орталықтандырылған деректер қоры және Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын қолданушылар (Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың филиалдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттері, Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары, жергілікті атқарушы органдары) арасындағы деректер берудің корпоративтік желілерінің жұмыс жағдайын қолдау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақылардың, жәрдемақылардың және әлеуметтік төлемдердің толық, дұрыс және уақытылы төленуін қамтамасыз ету;
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік жарналардың және Қордан әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын және толық есепке алуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың шоттары арқылы өткізілетін қаржылық ағымдарға әкімшілік ету шығындарының үлесі "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынан төлейтін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатысты 1,32 пайыздан 1,21 пайызға дейін төмендейді.
Уақтылығы: бір жыл ішінде күн сайын.
Сапасы: зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы және толық төленуін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
155-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 66 226 мың теңге (алпыс алты миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тіркелген еңбек рыногы мониторингін, еңбек рыногының жағдайы және республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық- талдамалық қамтамасыз ету | Жұмыспен қамту базасы бойынша бағдарламалық- қолданбалы шағын жүйе- ге ілесу, қолдау: - өңірлердің ақпарат базалары негізінде жұмыспен қамту дерекқорларын өзектендіру; - республикадағы еңбек рыногының жай-күйі бойынша ақпараттық- талдау материалдарын дайындау. Шетелдік жұмыс күшін әкелу мониторингін жүргізу: - өңірлер, қызмет түрлері бойынша басқа елдердің мамандарын тартатын жұмыс берушілердің дерекқорларын қолдау; - өтініштер мен олар бойынша берілген рұқсаттар дерекқоры; - шетелдік мамандардың дербес есебінің базасы; - шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда қайта оқытылған Қазақстан Республикасының азаматтарының санының ішінде ашылған қосымша жұмыс орындары туралы деректер қоры. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемакқылар бойынша бағдарламалық-қолданбалы шағын жүйеге ілесу, қолдау: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың өңірлік базасына ілесу. Өзге де активтерді сатып алу: (платформа ретінде қолданатын серверлік қосымшаларға арналған операциялық жүйе, қосымша модульдері бар кәсіби кеңселік пакет, сканерлеу және мәтінді анықтау бағдарламасы, сайтты сүйемелдеуге арналған әзірлеме құралдары, деректерді резервтік көшірмелеу және деректерді қалпына келтіру, вирусқа қарсы және т.б. құралдар). | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімдеріне ілесу. Қолданыстағы деректер базасын ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. «Соцкарта» ақпаратты жүйенің енгізілуін ескере отырып «Атаулы әлеуметтік көмек» ақпараттық-есептеу жүйесін дамыту. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар» ақпараттық жүйесін облыстарда, Астана, Алматы қалаларында әзірлеу және енгізу.
Соңғы нәтиже: орталық және өңірлік атқару органдарын ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; www.enbek.kz сайтында елдің еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс жағдайы туралы халықты ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені енгізу пайдаланушылардың еңбек өнімділігін орта есеппен 10 пайызға арттырады.
Уақытылылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: қабылданған шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып кедейлікті төмендетуге бағытталған қарқынды саясатты іске асыру әсер етеді. Халықтың елдегі еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы халықтың хабардар болуы халықтың еңбек ұтқырлығына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
156-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1500000 мың теңге (бір миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 945-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зиянды өтеу жөніндегі мерзімді төлемдерді капиталдандыру бөлігінде таратылған заңды тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторларының алдындағы берешекті өтеу;
- заң актілерінде қарастырылған тәртіппен зардап шеккендерге тиесілі сомаларды мемлекеттің уақтылы төлеуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген, адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу | Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүзеге асыру және ұйымдастыру. | Сот шешімдерінің түсуінебайланысты жыл бойы. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізу.
Соңғы нәтиже: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемдердің капиталдандыру көлеміне байланысты орташа мөлшері 150 000 теңгеден 989 000 теңгеге дейін.
Уақтылығы: сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: сот шешімдерінің уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоксандағы
№1224 қаулысына
157-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 4406540 мың теңге (төрт миллиард терт жүз алты миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламанын нормативтік құқықтық негізі: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жүмыстарда немесе зиянды және ауыр жүмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалык бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламанын мақсаты: 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламанын міндеттері: мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды ұйымдастыру және уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар | Жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға берілетін ай сайынғы төлемдерді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- № 1 тізім бойынша: 2008 ж. - 25,2 мың адам, 2009 ж. - 27,8 мың адам, 2010 ж. - 30,4 мың адам;
- № 2 тізім бойынша: 2008 ж. - 8,4 мың адам, 2009 ж. - 17,4 мың адам, 2010 ж. - 19,7 мың адам.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерін арттыру.
Қаржылық-экономикалык нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері:
- № 1 тізім бойынша (9 АЕК): 2008 ж. - 10 512 теңге, 2009 ж. - 11 250 теңге, 2010 ж. - 12 042 теңге;
- № 2 тізім бойынша (8 АЕК): 2008 ж. - 9 344 теңге, 2009 ж. - 10 000 теңге, 2010 ж. - 10 704 теңге.
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе зиянды және ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоксандағы
№ 1224 қаулысына
158-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 15243 мың теңге (он бес миллион екі жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 18-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 40-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламанын мақсаты: мүгедектерді, және қарттарды оңалту және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін ұлғайту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының жұмыс істеуі үшін Атырау облысының бюджетін қаржылық қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қаласының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінің уақтылы іске қосылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атырау облысының әкімі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау және Маңғыстау облыстарында:
Атырау облысының Атырау қаласында оңалту орталығы пайдалануға берілетін болады.
- Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 210 орындық ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі пайдалануға берілетін болады.
Соңғы нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылы пайдалануға беріледі деп болжанған объектінің қызмет етуіне арналған шығындар: Атырау қаласындағы оңалту орталығына - 15 243 мың теңге.
Уақтылылығы: әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінің уақтылы пайдалануға берілуі және қызмет етуі.
Сапа: Аталған аймақтардың халқына көрсетілетін әлеуметтік қызмет көлемін және сапасын ұлғайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
159-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі