2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
373, 374, 375, 375-1, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 587067 мың теңге (бес жүз сексен жеті миллион алпыс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 22-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21, 24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың) пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс салаларының кезеңмен дамуы және жетілуі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық тәжірибені зерттеуге және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген байланыс және ақпараттандыру салаларының нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;
өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Байланыс және ақпараттандыру саласының нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру; өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялау; байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы; мемлекеттік органдардың Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін техникалық қолдау; деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдерді қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін сүйемелдеу; 1 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу: 1) ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2) радиожиілік спектрін пайдалануды үйлестіру бойынша зерттеуді аяқтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Байланыс және ақпараттандыру саласының нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру; өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялау; байланыс және ақпараттандыру саласындағы радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы; компьютерлік және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдерді қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту жөніндегі қызметтерді сатып алу. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Стационарлық пелен- гациялық кешенін; жылжымалы өлшепелен- гациялық кешендерін; байланыс жүйелерін; өріс анализаторларын; аумақтық органдардың жабдықтарын Радиожиілік өрісінің мониторинг орталығының орталық серверімен түйістіру үшін жүйелік жабдықтар жинағын; бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алу. Орталық және аумақтық органдардың қызметін материалды-техникалық қамту. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпараттық жүйелерді техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету; интернетке кіру қызметтері; компьютерлік техниканы сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: байланыс қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының тиімді қызмет етуі үшін ақпараттық-коммуникациялық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, байланыс операторларының қызметін реттеу және бақылау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заң мүдделерін, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау; мемлекеттік тілге орташа есеппен 47 адамды оқыту, ағылшын тіліне орташа есеппен 55 адамды оқыту.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық секторының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: радиожиілік өрісін пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетті түсімдермен толтыру.
Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны - 16,1 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны - 13,7 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді уақытылы орындау.
Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 60%-ды құрайды;
ағылшын тілге оқыту курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі орташа есеппен 30%-ды құрайды;
радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдарды заңсыз қолданушыларды, лицензиялық заңды бұзуларды кесіп өту және оперативті ашу, байланыс саласының қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының мемлекеттік реттеуін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық
құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 153389 мың теңге (бір жүз елу үш миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы; «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайы көлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу | Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін техникалық қамтамасыз етуін жүргізу: тұрақты радиобақылау пунктілерінің (бұдан әрі - ТРБП) жайларын қорғау; ТРБП үшін жайларды жалға алу; арнайы көліктер үшін бокстарды жалға алу; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; коммуналды қызметтерді төлеу; электрлік энергияны төлеу; жылуды төлеу; ЖМЗ, өзге шығын заттарын сатып алу; байланыс қызметтері; штаттан тыс қызметкерлерге төлеу; өлшеу құралдарын тексеруден өткізумен байланысты іссапарлық шығындарды төлеу; өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету; радиожиілік спектрімен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін қоғаммен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамымен 12 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 12 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 23 692 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 1 116 мың теңге, жылына мониторингтеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 128 581 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес.
Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2794359 мың теңге (екі миллиард жеті жүз тоқсан төрт миллион үш жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы« 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» ақпараттық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында ықпалдасқан мемлекеттік ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және бағдарламалы-аппараттық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы мен бірыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу. 2. Жабдықтарға, жүйелер мен желілерге жүйелі-техникалық қызмет көрсету, оның ішінде алаңдарды жалға алу. 3. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету оның ішінде жөндеу, диагностика, алдын алу. 4. Телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу. 5. Сервер орталығының пайдаланушылық шығындары. 6. Мемлекеттік органдарда АТ-бөлімшелерінің қызмет етуі. 7. Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 8. Техникалық құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Электрондық үкімет шеңберінде құрылған ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ АТ-бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың Серверлік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.03.10. № 911 қаулысымен 375-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
375-1 қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 672 436 мың теңге (терт миллиард алты жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы; «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы үшін төмендегідей жолдармен жағдайлар жасау: еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және барлық азаматтарға, олардың әлеуметтік жағдайына, жасына және ақпаратқа бейімділігіне, ақпараттық-коммуникациялық-қызмет көрсетуіне қарамастан тең пайдалануына мүмкіндік беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының барлық аймақтарын қамтитын, облыстық және аудандық орталықтарын есепке ала отырып, сондай-ақ облыс қарамағындағы қалаларда ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымдар құру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | «Зерде» ұлттық инфокомму- никация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | Ұлттық масштабтың ақпараттық-коммуникация- лық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ еншілес ұйымының жарғылық капиталын толықтыру үшін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ақпарат- тандыру және байланыс агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыру арқылы «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын толықтыру; Қазақстан Республикасы аумағының мемлекеттік органдарында спутниктік мультисервистік желіні пайдалануды ұйымдастыру және енгізу. Порталдар құру. Серверлік интернет-платформаларды құруға арналған жабдықтар сатып алу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Соңғы нәтиже: Аумақтық бөлімшелерімен бірге орталық атқару органдардың ақпараттық жүйелердің біріктіруі. Орталық атқару органдардың және олардың аумақтық бөлімшелері арасында ведомствоаралық электрондық құжат айналымының іс-қимылы. Үш порталдың болуы және үзіліссіз орнықты жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалана отырып, халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну.
Қаржылық—экономикалық нәтиже:
Деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы жабдық және персонал бойынша нығаюға тиімді болады. Мемлекеттік органдар үшін жабдықтарды сатып алу және аппараттық-бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу қаражатты үнемдейді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар өзінің жеке меншік серверлік үй-жайларын құруға шығынданбайды.
Уақыттылығы: өндірістік жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ құрамына кірген компаниялардың қызметінің тиімділігін арттыру; е-үкіметі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті телекоммуникациялық ресурстарда мұқтаждықтарды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3882786 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз сексен екі миллион жеті жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы; «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерде, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2008 жылы телефондандыру бойынша қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы | Субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының залалдарына өтемақы. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3 882 786 мың теңге көлемінде.
Соңғы нәтиже: барлық 7 305 ауылдық елді мекендерде (100%) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне ауыл тұрғындардың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауылда телефон тығыздығы көрсеткіштерін 9,45%-дан 10,3% жеткізу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 5 928 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу.
Сапасы: ауылдық абоненттердің телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2919005 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз он тоғыз миллион бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2007 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Қазақстан Республикасы сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы; «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік электрондық қызметтерге халықтың жедел және сапалы қол жеткізілімін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: е-үкімет инфрақұрылымының құрауыштарын қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;